Сабақтың аты §14. Реактивті қозғалыс. Сілтеме Жоспар Интернет материалдары



Дата25.08.2017
өлшемі161,92 Kb.
#27460
түріСабақ
«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: С.Жаңабаева

Күні: 14.12.2016ж

Сыныбы: 10 «а»

Пәні:физика

Сабақтың аты

§14. Реактивті қозғалыс.

Сілтеме

Жоспар

Интернет материалдары

Жалпы мақсаты

  • Реактивті қозғалыс жайлы мағлұмат беру

  • Реактивті қозғалысты күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Бірін-бірі бағалауға баулу

  • Зымыранның құрылысы мен жұмыс істеу принципімен таныстыру. Ғарышты игеру тарихынан мәліметтер бере отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту.Ғарышты игеру мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызын  білуге   тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Реактивті қозғалыс жайлы мағлұмат алады

  • Реактивті қозғалысты күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Бірін-бірі бағалай алатын болады

Көрнекілік

  • Зымыранның құрылысы, ракета моделі, шар  (үрлейтін), ғарышты игеру тарихынан материалдар, электронды оқулық.Слайд.

Топ ережелері:

  1. Тақырып айналасында ғана сөйлейміз.

  2. Өз ойларымызды ортаға саламыз.

  3. Өз пікірімізді қысылмай айтамыз.

  4. Бір-бірімізді мұқият тыңдаймыз.

Сабақтың құрылымы:

I - Білу,Түсіну II – Қолдану III –Талдау IV- Жинақтау

Сабақтың түрі:

Ашық сабақ,жаңа оқу материалын меңгерту.

Әдіс –тәсілдер:

СТО, АКТ, Конверттегі сұрақ әдісі.




Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ұйымдастыру (2 минут)

Сәлемдесу.Түгендеу

а)Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

ә) сабақтың мақсат- міндетін айту б) жасырылған сөздер арқылы сыныпты  топтарға  бөлу Ұраны: «Өте аз күш жұмсап, үлкен энергия алып, физика сабағын зор табыспен өткізейік»

Топқа бөлу: конверт ішіндегі жасырылған сөздер арқылы бөлінеді. І –топ «Зымыран» ІІ –топ «Ғарышкер»


Сәлемдеседі,кезекші келмеген оқушыны анықтайды

Сабақтың мақсатымен танысады

Жасырын сөздерді тауып 2 топқа бөлінеді


Үй тапсырмасы

Үйге берілген тапсырманы сұрау үшін «Жедел тест» әдісін қолдану.Жауаптарын «Шынайы баға» әдісі арқылы бағалату.
2. Жеке оқушылардың осы тақырып бойынша шығармашылық жұмыстарын тыңдау.
Тест сұрақтары.

1.Импульстің сақталу заңын қалай тұжырымдауға болады? А) дене импульсі В) дене импульсінің қосындысы күш импульсіне тең С) импульстерінің қосындысы нөлге тең       Д) күш импульсі 2.Дене импульсінің анықтамасына қай өрнек сәйкес келеді? А) a=F/m              B)F·t              C)  p=m·V                 Д) mV2 /2 3.Массасы 5 кг дене 7м/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Дене импульсі неге тең? А) 30кг·м/с         В) 2 кг·м/с                с) 35 кг·м/с               д)18 кг ·м/с 4.Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалыс? А) сақталу заңдары В) жасанды серіктердің қозғалысы С) реактивті қозғалыс Д) денелердің ауырлық  күші әрекеттерінен қозғалу 5.Импульстің сақталу заңы қандай жағдайда орындалады? А) реактивті қозғалыс кезінде В) денеге бірнеше күш әсер еткенде С) тұйық жүйелерде Д) механикалық энергияның сақталу заңы 6.Күш импульсінің өрнегін көрсетіңіз. А) F· t              B) F·V                    C) F·S                        Д)F/m 7.Қандай физикалық шамалар «Н·с» өлшем бірлігімен өлшенеді? А) күш импульсі                         В) күш моменті С) дене импульсі                              Д) күш 8.Импульсі 360 кгм/с тең, 6м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан адамның массасы қандай? А) 18 кг            В) 10 кг          С) 60кг           Д) 120кг 9.Қандай биіктікте массасы 2 т жүктің потенциялдық энергиясы 10 кДж тең? А) 0,5м             В) 10м                     С) 3 м             Д) 5м 10)Ньютонның екінші заңының импульстік түріне қай өрнек сәйкес келеді? А) F· t=   p         B) a=F/m        C) F=-kx         Д) kx2 /2 

Интербелсенді тақтада дұрыс жауаптары көрсетіледі.Осы кілт бойынша оқушылар бір – бірін бағалайды.



Жауаптары: 1. В 2.С 3. С  4.С  5.С  6.А  7.А  8.С   9.А   10.А

Оқушылар үй тапсырмасын таратпа қағаздар арқылы тест жұмысын орындайды Жауаптарын «Шынайы баға» әдісі арқылы бағалату.



Жаңа сабақ (10 минут)

I.Білу,Түсіну бағыты

2 кезең

Қолдану

Тәжірибе  жасау

Талдау бағыты

Есептер шығару

Жинақтау бағыты

Қорытынды

Үй тапсырмасы

1 мин


Бағалау 3 мин

Кері байланыс

5 мин

Оқушылар бүгінгі сабақтын тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Сұрақ қоя отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамыз. «Ой қозғау» Ракета туралы не білесіңдер?

Оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.



Жаңа сабақ: «Реактивті қозғалыс» Жаңа сабақтың бағыттары:

I - Білу,Түсіну

II - Қолдану

III -Талдау

IV- Жинақтау

Кіріспе:

Қазіргі уақытта ғарыштық ұшулар біздерді таң қалдырмайды.Ғарышта болып қайтқан көптеген ғарышкерлер ғарыштық ұшудың қиын сынақтарына төтеп берді және асқан ерлік пен қаhармандықтың үлгісін көрсетті.Қазіргі кездегі ғарыштық жаңалықтар – бұл ғарыш кеңестігін игерудің тек басы,әлемнің тілдесе бастауының бастамасы ғана деп айтуға болады.Ғарыш зымырандарының ұшуы реактивті қозғалыс принципіне негізделген.Ғарышты игеру үшін зымырандарды пайдалану идеясын ХХ ғасырдың басында орыс ғалымы Костантин Эдуардович Циолковский ұсынған.

Оқулықтағы теорияны топта меңгерту. Сыныптағы 2 топқа мәтіндерді тарату «Топтас. Ойлан. Бөліс» І топ. «Зымыран» Реактивті қозғалыс- импульстің сақталу заңының көрінісі ІІ топ. «Ғарышкер» «Ғарышкер қандай болуы керек?»

«Табандылық кез-келген кедергіні жеңеді, кез-келген адам ғарышкер бола алмайды. Ол үшін мықты денсаулық болып, ерік пен мінезді өз дегеніне бағындыра білу керек, білім жинақтау жолында да табандылық көрсету қажет, сонда ғана адам алға қойған мақсатына, аңсаған арманына жетеді».

Тарихи даталар:

1957ж 4 қазанда- ЖЖС ұшырылды.Жер серігімен Лайка атты ит ұшырылды.

1961ж. 12 сәуірдетұңғыш ғарышкер Ю.Гагарин  27 жасында ұшты.Ол 108 минут немесе 9 сағ 7 минут ұшты.

1963ж. 16 шілдеде әйел ғарышкер В.Терешкова ұшты.

1991ж. 2 сәуірде тұңғыш Қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ұшып, Арал теңізі аймағы бойынша жұмыстар жүргізіп келді,Қазақстанның 4 бұрышын түгелдей суретке түсіріп келді.

1994ж Т.Мұсабаев 135 тәулік бойы ұшты.

1998ж тағыды ұшып 7 ай жүріп келді.Ол 7 рет ашық космосқа шықты.

«Көз қорқақ,  қол батыр»

Оқушы білімін тиянақтау үшін, әр топқа үрленетін шар беріп, оны үрлеп, ұшуын бақылау арқылы  зымыран  газ арқылы қалай қозғалатын қолмен жасап, көз жеткізу. «Сен білесің бе?» 1.Неліктен космодром «Байқоңыр» деп аталған?

1961 жылы 12 сәуірде Ю.А. Гагарин қазақ жерінен космос әлеміне ұшып шығып, бірден бірнеше дүркін дүниежүзілік  рекордтар жасады. Сол күні халықаралық авиация және космонавтика ұйымдары Гагариннің рекордтарын ресми тіркеу үшін нақты қай жерден ұшып шыққанын айтыңыздар деп талап қойды. Сонда осы уақытқа дейін құпия болып келген Сырдария жағасындағы Төретам станциясынан ұшқанын білдірмеу үшін, сол жерден тура солтүстікке қарай орналасқан Жезқазған жеріндегі, Қарсақбай қасындағы Байқоңыр елді- мекені айтылды. Тұңғыш ғарышкер ұшып шыққан жер «Байқоңыр» деп аталып, қазақ сөзі әлемге тарап кетті.

2.Әлемдік рекордтарды тізетін Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ ғарышкері?

Т. Мұсабаев. 1994 ж. 126 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді. 1998 ж. Орбитада 7 ай бойы жүріп, 7 рет ашық аспан әлеміне шықты. Бас аяғы 30 сағатын космостың қара тұңғиығымен бетпе-бет өткізді.



«Есептей білгеннің есесі түгел» 1-топқа: Кішкене зымыранның массасы 200 г. Ондағы жанғыш заттың массасы 50 г. Газ зымыран соплосынан 100 м/с жылдамдықпен лезде шығады деп есептеп, зымыранның қозғалыс жылдамдығын анықтаңдар.

2-топқа: Массасы 1кг шар түзусызықты және ілгерілемелі қозғала отырып, өзінің жылдамдығын 10 м/с-қа дейін арттырды. Шар импульсінің өзгерісін анықтаңдар 5 жол өлең (Синквейн әдісі)

  1. Зат есім: Ғарышкер

  2. Анықтауыш: Батырсың, төзімдісің

  3. Етістік: Қызығасың, зерттейсің, ұшасың

  4. Сөз тіркесі: Ғарышқа мәңгі жол ашқан

  5. Синоним: Адам

«Ой толғаныс»

  1. Зымыран қалай қозғалады?

  2. Реактивті қозғалыс деген не?

  3. Ғарыш кемесін Жерге қалай қондырады?

  4. Зымыранның құрылысы, жұмыс істеу принциптері қандай?

  5. Зымыранның жылдамдығы неге байланысты?

  6. Ғарышты игеру тарихынан нені білеміз?

  7. Ғарышты игерудің Жер экологиясына, мемлекет экономикасына тигізетін маңызы қандай

  8. Ғарышта ғарыш кемесінің қозғалыс бағытын қалай тексереді

§14. Реактивті қозғалыс.Ғарыш жетістіктері. К.Э.Циолковский еңбектері. Ғарыш пен зымыран макеттерін салу Бағдаршам әдісін қолдану:Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған бағаларын қорытындылау. «Шығу картасы»

Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?

Мен топтағы сыныптастарымды ________________ мақтай аламын.

Менің ойымша ________ ___ орындай алмадым

Келесіде­____________________________ескеремін

Бүгінгі сабақ ____________________деңгейде өтті.


Сұраққа жауап беру арқылы оқушылар жаңа тақырыпты табады

Оқушылар флипчартка жазып, постер қорғайды

Жаңа тақырыппен танысады

Оқушылар тәжірибе жасау арқылы нәижесін көрсетеді



Оқушылар тәжірибе жасау арқылы нәижесін көрсетеді

2 топқа шар беріледі

Шығарып болғаннан кейін,оқушылар алдын ала таратпа қағаздарда дайындалған шығару жолы арқылы бір-бірін тексереді.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады

Қорытынды ұпайын шығарады.

Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта не ұнады, не қиын болғаны жайлы немесе қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға  іледі.





Каталог: uploads -> doc -> 06c1
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06c1 -> Сабақтың тақырыбы: Ф. Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
06c1 -> Сабақтың тақырыбы: «Модель. Модельдеу. Әртүрлы салалардың мысалдарында модельдерді зерттеу түсінігі»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет