Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық шеңбері



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі66,55 Kb.
#118221
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
шешен
Сабақ жоспары Трапеция, Ресурс 3.1.Ашық тапсырмалар PISA-2018, баяндама тапсырма, Физика. 7 класс. Механика. Ауырлық центрі.Презентация. (1)
ІV. Қортынды
Рефлексия

Тақырыбы: Мен оқырманмын
Мақсаты: Оқушыларға дауыс ырқағымен шығармаларды өз бетінше оқуға дағдыландыру.
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру, машықтық.
Көрнекілігі: журнал, кітаптар, суреттер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
Қуан кітап, қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
ІІ. Қызығушылығын ояту
Ө лең сөздерін қалай түсінесің?
Артық ғалым кітапта,
Ерінбей оқып көруге. Абай Құнанбаев
ІІІ. Жаңа сабақ
Кітап арабтың «жазу» деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады. «Оқымасан ой тоқырайды» деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз,санасы төмен,өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді.Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.
Дәптермен жұмыс
2- тапсырма
Анкетаның сұрақтарына жауап бер.


3- тапсырма
Анкетаның сұрағына жауап жаз.


4-тапсырма
Мақалалардың тақырыбынан мазмұнын анықта.


5- тапсырма
Есте сақтау қабілетіңді тексеріп көр. Кестедегі жазуларды 30-50 секунд шамасында мұқият ұарап, неше сөз бар екенін және сол сөздерді жаттап ал. Енді кестені жауып қойып, есіңде қалған сөзді ата.


*Сөздік жұмыс
Картотека- кітаптық мәліметтерін (кітаптың атығ авторы, шыққан жылы, басылымы, тіркелу номері т.б) жазған карточкалардың жүйесі және оларды сақтайтын жер.


Каталог- (тізімдеме) кітаптардың белгілі бір тәртіппен жасалған тізімі
6-тапсырма
Е.Шаймерденовтың «Кітап- өзін- өзі жетілдіру құралы, рухани баюдың бірден-бір жолы» деген мақаласының әр абзацының бірінші сөйлемін оқы. Осы сөйлемдер бойынша жазушының айтайын деген ойын анықта. Оны өз сөзіңмен ата.
7- тапсырма
Дауыстап оқы. Жылдамдығыңды тексер.
Кестені толтыру
ІV. Қортынды
Мақал-мәтелдер
1.Оқу - білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.
2.Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы
3.Кітап-ақыл ойдың айдыны
4.Кітапсыз үй-терезесіз бөлме
5.Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған мұрат
6.Көп жасаған білмейді,көп оқыған біледі
7. Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ.
8.Кітап - алтын қазына.
9.Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.
Кітап туралы ой-толғаныстар
**Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл тыңбайды.
**Оқырмандарға айтарым: көңіліңе ұнаған кітапты күн сайын оқу керек, тіпті жылына бір рет қайталап оқу керек, сонда одан бұрын аңғармаған көптеген пікірлерді табасың.
**Кітап алып күш қана емес, күркіреп-күрсініп жатқан өмірдің өзі.
**Кітапты көп оқыған кенже қалмайды.
**Адам өледі, кітап жасарып жасай береді.
**Кітаптың берер сабағы, ойы ғарыштан да шексіз, жарық, нұрлы, қуатты.
**Сезімтал, сергек жасқа ұлы ұстаз — кітап.


Рефлексия

  • Балалар, бүгін біз не үйрендік?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет