Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі



бет2/4
Дата17.03.2023
өлшемі76 Kb.
#172771
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстан Республикасының рәміздері (1)
Документ 2, бжб 5 сынып ғұндар, 1с 3т 3сабЖелідегі қажетсіз байланыстар, 1с 3т 5сабИнтернет.Қауіпсіздік. Жобалық жұмысы, 3 класс 3 четверть, Ranunculaceae
Жұлдыз Рымбек қызы: Қазір сіздерге Ғалия Әбілмәжі қызы Қазақстан Республикасының рәмізінің бірі ту жайында мағлұмат беріп өтеді.Мұқият тыңданыздар!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы 1:2.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттерге сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков.
Мырзаханова Ғалия: Қазір сіздерге Жұлдыз Рымбек қызы Қазақстан Республикасының рәмізінің бірі Елтаңба жайында мағлұмат беріп өтеді.Мұқият тыңданыздар!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ салынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет