Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,жаттығу, талдау. Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,математика



Дата08.09.2017
өлшемі308,58 Kb.
#31471
түріСабақ
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: и және йәріптері бар сөздерді дұрыс жазуға үйрету;олардың дауысты не дауыссыз екенін ажырата білу;

Дамытушылық:сауаттылықтарын арттыру; сауатты жазуға үйрету;

Тәрбиелік мәні:әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,жаттығу, талдау.

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу,математика.

Көрнекілік:суреттер.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

 

Сабақтың жоспары:



Қызығушылығын ояту.

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын түгелдей сабаққа аудару.

А)Психологиялық дайындық.

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш.

Қазақ тілін бастаймыз,

Білімнен біз қашпаймыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

45 жаттығу 18 бет.Ереже жаттау.

3.Қызығушылығын ояту.

«Кім шапшаң?» ойыны.

Ойын шарты: мұғалім сөз айтады да допты лақтырады, қағып алған оқушы сол сөзді буынға бөледі де доптықайтарады.

4.Мағынаны тану.

А)дәптермен жұмыс

Дәптерлеріне бүгінгі күнді және көркем жазу жолдарын жазғызу.

Дыбыс: И,й

Сол дыбысқа байланысты сөз жасау.

Киім


Ауызша сол сөзге дыбыстық талдау жасату.

47-жаттығуда өлеңді мәнерлеп оқып ,алдыңғы сабақта танысқан ережені талқылаймыз.

Ереже:

И-дауысты, й-дауыссыз дыбыс. И әрпі сөз басында және дауыссыздан соң жазылады: жиек, би, ит, Иса; й әрпі дауыстыдан кейін жазылады: мойын, мейіз, ай, қайыс.

Осы ережеге бағынбайтын бірқатар сөздер бар екен.Олар өлең жолындағы сыйымдық,сыйладық сөздері.



48-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз. Дауысты и-дің астын – бір, дауыссыз й-дің астын екі рет сыз. Иір мүйіз дегенді қалай түсінесің?

Ай, ай, Айдарбай,

Иір мүйіз сиырыңды

Үйіңе айдай бар.



Ә)оқулықпен жұмыс

49-жаттығу. Көп нүктенің орнына и, й әріптерінің тиістісін қойып, жұмбақтарды көшіріп жаз. Шешуін тап.

1.Ине бел, қылқа мойын қара батыр,

Қара тауды арқалап бара жатыр. /Айыр/

2.Жүз төрт түйме,

Он бір ине  /Есепшот/



Сергіту сәті.

51-жаттығу. «Тиіндер» тақырыбына әңгіме құра

5. Ой толғаныс.

Шие сөзіндегі дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беріңіздер.

Берілгені:Шие сөзінде қанша дыбыс бар,оның нешеуі дауысты ,нешеуі дауыссыз екенін

Бізден сұрайды?

а) Тілдің қатысына қарай екі дауысты дыбыстың екеуі де олар: и, е тіл алды немесе жіңішке дауысты дыбыс. Себебі бұл дыбысты айтқанда тілдің ұшы сәл ілгірі қарай созылып, үсті сәл төмендейді. Сөзде тіл арты немесе жуан дауысты дыбыстар жоқ.

ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай екі дауысты дыбыстың біреуі – ол: е жартылай ащық дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ жартылай ашылып, ауа еркін шығады. Біреуі – ол : и қысаң дауысты дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады.



Сәйкестендіру тесті:

 


1.

ти...н

Т

2.

и...

О

3.

киі... 

 

4.

...йнау

 

5.

Кіт...п

І

6.

...лгіш

Ы

7.

ад...м

М

8.

Ти...н

А

 

Қорытындылау

Үйге тапсырма: 50-жаттығу,20 бет. Ереже жаттау.

Сабақтың тақырыбы Тіл және сөйлеу


Сабақтың мақсаты Ауызша және жазбаша сөйлеуді қарым-қатынас тілінің құралы ретінде таныту. Ауызша және жазбаша тілді практикалық тұрғыда ажырата білуге үйрету. Қазақ тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру
Ресурстар Сызбалар, үлестірме материалдары, ақ қағаз, плакаттар, оқулық, маркерлер, жеке және сюжетті суреттер
Оқыту нәтижелері
Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады, өз бетімен жұмыс жасауға үйренеді.
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың барысы
1. Психологиялық дайындық 2. Ой қозғау Негеш- өздерің сияқиы 2-сынып оқушысы. Ол- көңілді, мейірімді, білімқұмар бала. Негеш үнемі «Кім?, Не?, Қайда?, Неге?» сұрақтарын көп қояды. Сол себепті оны Негеш деп атайды. Негеш мына сұрақтардың жауабын білгісі келеді.: 1. Сөйлеу не үшін қажет? 2. Сөйлеу арқылы не жүзеге асады?
Білгішбек: «Тіл мен сөйлеудің не үшін қажет екенін мына сызбадан байауға болады», дейді.Тіл арқылы: сөйлеседі,хабар береді, пікірлеседі, білмегенін сұрайды, кеңеседі.
Сендер бұған не дейсіңдер?
Оқушылар өз ойларын айтады. Плакат, маркер
ІІ. Мағынаны тану: 1. Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу. Суретпен жұмыс:
2. Жаңа сабақ: «Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды?» сұрағын қою арқылы алдыңғы сыныпта алған білімдері еске түсіріледі.

ІІІ. Сегіту сәті:


2-жаттығу. Мәнерлеп оқылып, өлең мазмұнына лайық сұрақтар қойылады.
ІҮ. Ойтолғаныс: «Ойлан, тап» ойыны
Жолдасымның даусын (Телефон) Оқушылар жұмбақтардың жауабын шешіп, сөйлеудің қай түріне жататынын табады. Жұмбақ жазылған бетше
Ү. Жаңа білімді түсінгенін тексеру Сөйлеу бізге керек, өйткені----------
Тілдің атқаратын қызметі ұшан-теңіз--------------- Бірінші топтан бір оқушы тезис айтады, екінші оқушы ойын жалғастырады. Оқушы, оқулық
ҮІ. Бекіту
Бүгінгі сабақта мен не үйрендім? Нені білгім келеді?

«Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?» деген кесте бойынша оқушылардың пікірі тыңдалады. Кесте


ҮІІ. Рефлексия Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады.Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. Осылайша оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады. Оқушылар берілген баспалдаққа өздеріне ұнаған суретті салады. Баспалдақ суреті.
ҮІІІ. Үйге тапсырма 5-жаттығу, ережелерді қайталау.
ІХ. Бағалау Оқушыларды мадақтап, бағалау

Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу

Сөйлеудің  адам  өміріндегі  маңызы  мен  оның  қажеттілігі



Сабақтың мақсаты:

тіл қарым-қатынас жасау құралы екендігін, сөйлеудің не үшін қажеттігін ұғындыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.



Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

ІІ.Жаңа сабақ

Әңгіме-ертегі: «Баяғыда Үсен деген бала болыпты. Бірде ол көршінің Қанат деген баласының ойыншығын тартып алып, бермей қояды. Қанат жылап, үйіне кетеді. Әжесін ертіп келеді. Ерегіскен Үсен ойыншықты шалшық суға лақтырып жібереді. Қанаттың әжесі ренжіген кейіп танытып, ішінен бір нәрсені күбір-күбір етіп айтып, Қанатты ертіп үйіне кетеді. Міне, қызық! Бағанадан бері батырсынып тұрған Үсеніміз лезде көзден ғайып болды. Мұны өзі де, қасындағы достары да байқамайды. Қасындағы достарының біреуі де Үсеннің сөйлеген сөзіне жауап қайтармайды. Ренжіген Үсен үйіне келіп, ешкімге ұстатпайтын тік ұшағын далаға алып шықты. Тік ұшақты Ұланға да, Серікке де ұсынды. Олар көрмегендей, естімегендей сыңай танытты. Үсен өзінің көзге көрінбейтін балаға айналғанын осы жерде бір-ақ түсінді. Отыра қалып жылады. «Мен енді кішілерге тиіспеймін. Үлкендерді тыңдаймын. Мен бәріңмен сөйлескім келеді. Ойнағым  келеді. Көзге көрінбейтін бала болған қандай жаман!» Есік алдына шыққан Қанаттың әжесі Үсеннің жылап отырғанын көріп, аяп кетті. Үсенді бұрынғы қалпына келтірді.



Пр.сұрақ:Үсен неге көзге көрінбейтін бала болып қалғысы келмеді?

1-жаттығу (сюжетті суретпен жұмыс)

Сөйлеседі

Хабар береді

ТІЛ АРҚЫЛЫ                                                 пікірлеседі

Білмегенін сұрайды

Кеңеседі

3-жаттығу (ауызша)

Адамдар сөйлесуді қашан бастаған?

Сөйлесу не үшін керек?

«Дүкенде» сюжетті ойын

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ   Шығармашылық тапсырма: ЫМ, ҚИМЫЛ АРҚЫЛЫ өз сыныбының жетістіктерін  жеткізу

Үйге тапсырма:

Сөйлеу не үшін қажет?  (ата-аналарынан сұхбат алу)

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және оның түрлері

Сабақтың мақсаты:Дауысты дыбыстардың жұп-жұбымен бірнеше топқа бөлінуін көрсету. Тілдің қатысына қарай бөлінуін аңғарту;


Оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыр, оқу - білімге деген ынталарын арттыру;
Бірлікке, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, жаттығу, талдау, ойын, топтастыру
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка
Көрнекіліктер: әліпби, сызба плакат, «Жасырынған әріптер», интерактивті тақта, слайдтар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
I Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
II Үй тапсырмасын тексеру
1. 238 - жаттығу. Оқыту арқылы тексеру. Бас әріппен жазылатын сөздерді бас әріппен бастап жазу.
Слайд №1 (Тексеру үшін) Ертеде. Бір. Жалғыз. Оны. Әй. Атқа. Өзін. Мұны. Бұл.
2. Әліпбиді жатқа 3 оқушыдан сұрау (әр топтан 1 оқушыдан).
3. «Жасырынған әріптер» ойыны. Әліпбидегі әріптердің ретін жатқа білуі тексеріледі.
Слайд №3
"Фонетика" топтастыру
(Тіл дыбыстары, әліпби, тіл білімінің бір саласы, буын, әріп)

Слайд №4
Тілдің қатысына қарай:


жуан: а, о, ы, ұ,(у)
жіңішке: ә, ө, і, ү, е, и, э, (у)
Слайд №5
М: Жуан дауыстылар тілдің кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалады.
Жіңішке дауыстылар тілдің ілгері сызылуы арқылы жасалады.
Мысалы: Астана – жуан буынды сөз.
Бәйтерек – жіңішке буынды сөз.
Кітап – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (араб сөзі).
Телефон – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (орыс тілінен енген сөз).
Ботагөз – аралас сөз, біріккен сөз.
Аз - кем – аралас буынды сөз, қос сөз.
У – ерекше дыбыс. Ол - бірде дауыссыз, бірде дауысты, бірде жуан, бірде жіңішке дауысты.
Мысалы: сұлу, тура (У дыбысы – жуан дыбысты дыбыс.)
куәлік, жүру (У дыбысы – жіңішке дыбысты дыбыс.)
жауын, қауын (У дыбысы – дауыссыз дыбыс.)
ә) Жаттығу жұмыстары

Слайд №6
I тапсырма. Берілген сөзге ассоциация құру. Жіңішке буынды сөздердің астын сызу.


Слайд №7
II тапсырма. Бейне материалмен жұмыс. Бейне материалдағы заттардың атын жазу. Жуан буынды сөздердің астын сызу. (Интерактивті тақтаның кітапханасын пайдалану)
Сергіту минуты «Кім тез табады?»
Слайд №8
4 - жаттығу. Жазбаша орындалады.
I топ. Жіңішке буынды сөздерді теріп жазу. (6 сөз)
Білу, сену, беру, ілу, кезу, көну.
II топ. Жуан буынды сөздерді теріп жазу. (8 сөз)
Ашу, қазу, қу, жолығу, сызушы, жу, қану.

IV. Бекіту.


V. Үйге. 242 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қойып көшіру.
VI. Бағалау. Бағалау парағы бойынша бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және оның түрлері.


Сабақтың мақсаты: білімділігі: оқушыларды дауыссыз дыбыстардың түрлерімен таныстыру, мәтінді түсініп оқуға, дыбыстарды ажырата білуге үйрету;
дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту, сабаққа ынта-ықыласын арттыру; тәрбиелілігі: оқушыларды жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, сауатты көркем жазуға, зейінді, ұқыпты болуға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, сергіту сәті, ребус шешу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, құстар суреттері, дауыссыз дыбыстар жазылған плакат, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сұрақ-жауап:
- Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар? (40 дыбыс, 42 әріп)
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? (дауысты және дауыссыз)
- Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (жуан және жіңішке)
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауысты дыбыстан кейін айтылғанда, у дыбысы дауыссыз болып келеді: бауыр, ауыр, жауын, әуре т. б. Дауысты дыбыстар буын кұрайды да, дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды. Сондықтан сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады. Берілген сөздер буынға былай бөлінеді: ба-уыр, а-уыр, жа-уын, әу-ре. Бұл сөздердегі у буын кұрай алмай тұр.
Дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі.
Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ. Қатаң дауыссыздарда ешбір үн болмайды тек салдырдан тұрады.
Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ұяң дауыссыздарда үн аз болады да, салдыр басым болады.
Үнді (сонор) дауыссыздар: р, л, м, н, ң, й, у. Үнді дауыссыздарда үн басым болса да, салдыр аз болып келеді.
Дәптермен жұмыс.
1-жаттығу. Құстардың атын көшіріп жазу. Дауыссыз дыбыстардың астын сызу.
Тырна, қырғауыл, бүркіт, бөдене, сұңқар, шүрегей, тауық, сауысқан.
Оқулықпен жұмыс.
2-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу.
Ұя – құстың жұмыртқалап, балапан басатын орны. Ұяның түрі көп. Әр құс ұясын өзінше салады. Қарға ұясын ұсақ бұтақтардан жасайды. Қарлығаш ұясын саз және шөп-шаламмен тұрғызады. Ал аққу еш уақытта ыстық жерде ұя тұрғызбайды.
Сергіту сәті.
Тақтамен жұмыс.3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Тапсырма: Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жаса.
4-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айту.
Ақ қыс, қағаз, аққу ақ,
Ақ тіс, ақ бу, ақ бұлақ.
Аппақ дейін, ақ дейін,
Ақ емес, бірақ ақтиін.

ІV. Сабақты қорытындылау.


Ребус шешу.
Сандарды өсу ретімен қойып, жасырынған сөйлемді оқу.
1------ 8 ------5 -----7 ------4 ------6 -----2 -----3
Құс -йық! -қор --ла ----қам ---бо ---тар ---ға
«Құстарға қамқор болайық!»
V. Үйге тапсырма. 63-бет 5-жаттығу.
VІ. Бағалау.
Құс атауларымен мадақтап, бағалау.
Аққудай-пәк бол, қарлығаштай-адал бол, бұлбұлдай сайрап жүр, бүркіттей алғыр бол.

Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты, дауыссыз болуы


Сабақтың мақсаты:а) білімділігі: у дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру, у дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
ә) дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын молайту, тілдегі сөз құрылымының сырларын меңгертуге бағыт беру. Ойлауын, еске түсіру, шығармашылық қабілеттерін, тілін дамыту. Өз пікірін сенімді айтуға, ортаға салуға үйрету.
б) оқушыларды ана тілін құрметтеуге, тіл тазалығын сақтауға, татулыққа, өнерді, еңбекті, сүюге тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
Сабақтың әдістері: зерттеушілік, ізденушілік, сұрақ-жауап, интерактивті, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, орман, құстар суреті
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Математикамен байланыс.
Мына филворд шешсеңдер біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.
Шешуі: У дыбысы.
ІІІ. Жаңа сабақ. Мақсаты мен міндетін хабарлау.
Сәйкестендіру.
Тауық------------у дыбысы дауыссыз
сауысқан
уық---------------у дыбысы дауысты
қоңырау
Уық сөзіне сөйлем құрастыру.
Ереже шығарып айту.
IV. «Ұйқасын тап» ойыны.
1. Өзінше ноян,
Қорқақ кім? ... (қоян)
2. Алмастан тыным,
Шабады ... (құлын)
V. Оқулықпен жұмыс.
Көріңдер, мен ... !
2-жаттығу. Мақалдарды түсініп оқу. У әрпі бар сөздерді көшіру. У дауысты ма,дауыссыз ба, ажырату.
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына ұ, ү, у әріптерінің бірін қойып, мәтінді көшіріп жазу.
Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген аққуға келеді. Оған да «ағаштарды емдей көр» деп өтініш айтады. Сонда аққу:
- Мен қасиетті, киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келеді, ақыл-кеңес сұрайды. Осы тоғайда үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, сен солардың біреуін тауып, өтініш айт. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп, ағаштарды емдеп қалар, - дейді. Кәне, көгершінге ілесіп, мына тапсырманы орындайық.
4-жаттығу. (ауызша)
Жұмбақтар шешу.

VІ. Семантикалық карта толтыру.


VІІ. Сабақты қорыту.
Жасыл ағаш, гүлденген өсімдіктердің пайдасы зор екенін күнде айтып жүрміз. Енді осы ертегі бойынша екі тоғай суретін салыстырайық.
VІІІ. Сабақты бекіту, пысықтау.
- Балалар, бүгінгі сабақта ертегі желісі бойынша қандай дыбыспен таныстық?
- У дыбысының басқа дыбыстардан қандай ерекшелігі бар екенін білдік!

ІХ. Үйге тапсырма.

Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты болуы.
Сабақтың мақсаты: У дыбысының қай кезде дауысты болатынын түсіндіру.
Білімділігі: У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Сауаттылықтарын арттыру.
Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайдтар)
Сабақтың түрі: Жаңа сабақІ. Қызығушылықты ояту:
- Шаттық шеңбері
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту:
Тіл

● Ауызекі тіл - Бір - бірін көріп, естіп адамдардың өзара қарыс қатынасы, әңгімелесуі
● Жазбаша тіл - Адамдардың хабарды жазып беруі
IV. Мағынаны тану
А) Жұмбақ шешу:
Уықта бар,
Жайықта жоқ.
Суықта бар,
Қайықта жоқ
(у дыбысы)
Ә) Есіңе сақта!
У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы
Ереже түсіндіру.
Дауыссыз дыбыстан кейін және сөздің басында дауыссыз дыбыстан бұрын келген у дыбысы дауысты болады: жусан, сусын, умаждау.
Дәптермен, тақтамен, кітаппен жұмыс.
1 - жаттығу.
Санау, тану, болу, сауатты, білу.
Бес жол өлең
1. У
2. дауысты, дауыссыз
3. айтылады, естіледі, жазылады.
4. У дыбысы дауысты дыбыс болады.
5. Әріп.
2 - жаттығу
Қу, ау - лау - дан, іс - теу, қу - лық, қу - а - на - ды, би - леу - ге, кеу - де - сі - не.
Семантикалық карта
Сөздер --------- Дауысты -------- Дауыссыз
Сусын ---------------+
Уыстау ----------------------------------+
Қауын -----------------------------------+
3 - жаттығу
Су - лау, қу - а - лау, гу - леу, шу - лау, бу - лау, а - ра - лау, У - һі - леу, у - ра - лау, жу - ық - тау.
ІV. Ой толғаныс:
«Адасқан әріптер» ойыны
(Сусын, оқтау, қалу, тану, білу).
VІ. Бағалау, мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Уәрпінің жазылуы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік — өткен дыбысты және әрпті қайталау, У әрпі қандай сөздерде кездесетінін, қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын пысықтау, сөздердің ішінен дұрыс тауып алуды үйрету.

Дамытушылық — оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың тіл белсенділігін, сөйлеу, жазу мәдениетін және логикалық ойлау дағдысын дамыту.

Тәрбиелік — сабақта әдепті отыруға, ұйымшылдыққа, шыдамды, қайсарлы болуға, оқу құралдарын күтіп ұстауға, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы.Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Саяхат.

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап, суреттер.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі-түсті борлар, сюжетті суреттер, құралдар, Қазақстанның картасы.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Өткен сабақты пысықтау


— Өткен қазақ тілі сабағында біз қандай әріппен таңыстық? (У)

— Қай кезде У дыбысы дауыссыз болады? (әуе, ауа — сөздің ортасында тұрса)

— Ал қай кезде У дауысты дыбыс болады? (дауыссыздан кейін тұрса: жазу, сусын, ту)

3. Жаңа сабақ. Саяхат. Ойын


— Балалар, біз бүгін сабағымызда Қазақстанның бірнеше қалаларына саяхат жасаймыз. Саяхатты өзіміздің көршілес қаламыздан бастаймыз, ол — Көкшетау қаласы. Бұл қалаға жету үшін мынадай тапсырманы орындауымыз керек.

Сергіту сәті

4. Дәптермен жұмыс


Сөздік диктант. Тақтаға бір-бірден шығып сөздерді жазады. Мысалы: ту, ауа, тау, әуе, шашу. Ту сөзімен сөйлем құрау. (бір бала тақтада жазады, қалғандары дәптерде). Біздің Қазақстанның туы көк. Менің елімде таулар бар. Менің Отаным — Қазақстан Республикасы.

5. Оқулықпен жұмыс


27 бет, 71 жаттығу(1,5).
Ал енді үйге — Петропавл қаласына қайтайык.

6. Қорытынды


— Бүгін сабақта не істедік? (саяхат)

— Қандай қалаларға? (Көкшетау, Бурабай, Атырау, Рудный, Ақтау)

— Қандай әріпті қайталадық? (У)

7. Бағалау


Сабақтың тақырыбы: И,й әрпінің жазылуы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: «И,й» әрпінің жазылуын ұғындыру, буын тақырыбымен байланыстыра түсіндіру, жаттығу жұмыстарын орындау.
ә) дамытушылығы: Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта алуға, көркем, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру, шығармашылық жұмыстар жүргізу.
б) тәрбиелігі: Сымбатты, шымыр, туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын жеке тұлғаны қазақтың салт - дәстүрін меңгерте отырып тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Ережелі плакаттар, сызбалар, суреттер, кесте.
Сабақтың барысы.I. Ұйымдастыру.
II. Жаңа сабақ: И әрпінің жазылуы. Сурет бойынша жұмыс.
1. Инелік, ай, жайма суреттері арқылы И, Й дыбыстарын шығарып алу.
2. И, Й дыбыстарының ережелерін оқып беру, түсіндіру.
3. Оқулықпен жұмыстар жүргізу
Тақтамен жұмыс.
73 - жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, И әрпінің астын сызу.
Тиін, инелік, сиыр, киік.
Сергіту сәті. Жаттығу гимнастика.
74 - жаттығу. Берілген сөздерді буынға бөліп, жиек сөзінің мағынасын түсіндіру.
а) жи - ыр - ма, жи - на - лыс, и - не, би - ші, си - рек.
ә) дәптердің жиегі – дәптердің шетіндегі қызыл сызық.
Жолдың жиегі – жол бойындағы ағаштар өсіп тұратын жер.

75 - жаттығу. (жазбаша) Өлеңді мәнерлеп оқыту. Екі сөйлемін жазғызу.


Жиен - ау,
- жиек қайда?
Шығармашылық тапсырма: «Ұйқасын тап» ойыны.
а) 12 ай өтті................. (Жаңа жыл жетті).
Пирамида салар......... (Оны таспен қалар).
Бәтеңкеңді ал да........ (қара майға майла).
ә) А
И Й
Т С
Ай, сай, ти, ит, тай.
76 - жаттығу (жазбаша). Берілген сөздерден сөйлем құраңдар.
Биік, тәрбиеші, қиық.
77 - жаттығу (жазбаша).
Иір мүйіз сөзіне түсінік беру.

78 - жаттығу (жазбаша). Тиын, тиін сөздеріне түсінік беру.


Тиын – ұсақ ақша.
Тиін - орман жануары
III. Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасы
Біз бүгін сабақта не білдік?
И дыбысы қандай дыбыс?
Й дыбысы қандай дыбыс? Топтастырып көрейік.
Сөз басында
Дауысты созылып айтылады
Сөз соңында
Дауыссыз дауыстыдан кейін келеді

IV. Оқушыларды, топты бағалау.


V. Үйге тапсырма. 79 - жаттығу, ережені жаттау

Сабақтың тақырыбы: и, й әрпінің жазылуы

Сабақтың мақсаты: И, й әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға үйрету.

Олардың дауысты немесе дауыссыз екенін ажырата білу. Сауттылыққа тәрбиелеу.



Түрі: Жаңа сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену

Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

 Сабақтың барысы:



I.Ұйымдастыру кезеңі:

 II. Жаңа сабақ.

Барлығымыз дәптерді ашамыз бүгінгі күнді жазамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылыуы.
Көркем жазу.

Ии                          

Йй


  • И әрпі сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін жазылады: икемді,киік,қиын. Дауысты дыбыстан кейінй әрпі жазылады: үй, айна, қаймақ, оймақ.

  • И – дауысты, й – дауыссыз дыбыс.



 Оқулықпен жұмыс.

2-жаттығу.

И,Й әрпі бар сөздерді теріп жаз. И,Й әрпінің сөздің қай жерінде жазылып тұрғанын айт. Сөздерді буынға бөліп оқы.  

Шығармашылық тапсырма.

Өлеңді құрастыр.

Абай атам.

Жатқа айтып беремін,

Абай ата өлеңін.

                           ,

                               .
Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз.

Хат жазды Назым. Бейсен көмктесті апасына. Пісірді тамақ Гүлнұр.Кесте Анар тікті. Сайрады бұлбұл. Қарқылдады қарға.


Көп нүктенің орнына и,й әріптерінің тиістісін қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.

  Ауыл шетіндегі Тастөбе алыстан көрінеді. Балалар осы жерде әртүрлі о...ындар

ойна...ды. Ақ шағалада... ү...лер алыстан көз тартады. Төбе баснан қызылша т...еген маш...налар анық көрінеді.
Осы сөздердге сөйлем құрап жаз.

Айна. Тиын. Ине. Биші.Алақай!

 

Қорытынды:

жазылады әрпі й кейін дыбыстан Дауысты. жазылады кейіни дыбыстан дауыссыз және басында сөз әрпі И


Үй тапсырмасы:

4-жаттығу. 49 бет. И дыбысы жуан естілетін сөздерді бір бөлек, и дыбысы жіңішке естілетін сөздерді бір бөлек жазу. И дыбысының кейде жуан кейін жіңішке естілу себебі.

Тақырыбы: Я әрпінің жазылуы.

Мақсаты: 1. Я әрпінің жазылу, айтылу ережелерін меңгерту.2. Оқушыларды Я әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру, сөздік қорларын дамыту.


3. Оқушыларды құстарды қорғауға, адамгершілік пен әдептілік қасиеттерін және достық пен үлкенді сыйлауға баулу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, іздену Көрнекілігі: суреттер, жұмбақ, мақал, ребус, рефлексиялық жаттығу және интерактивті тақта.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың қажетті құрал – жабдықтарын алып, түгендеу, сабаққа даярлық. Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн деп айтамыз, Бір болып кеште қайтамыз.
Отбасының гүліміз, Көңілді өтер күніміз – деп бүгінгі қазақ тілі сабағымызды көңілді бастайық.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа материалды түсіндіру. Сөзде йа дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына Я әрпі жазылады.
Мая, сая, таяқ
Негізгі бөлім Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу. Өлең оқылып, мазмұны ашылады.
Ережені пысықтау мақсатында төмендегідей жұмыс жүргізіледі:
Оқушылар я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіреді. Сол сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырады.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады. Оқулықтағы 3 - 5 жаттығулар орындатылады.
3 - жаттығу. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр. Сөздерге дыбыстық талдау жаса. Айтылуы Жазылуы Айан тайау байау Аян таяу баяу
5 - жаттығу
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқы. Өлең кім туралы?
Бұл кім? Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып..... Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік.... 2. Я әрпі қай дыбыстардың орнына жазылған?
Керекті сөздер: таянған, оянған. Сиқырлы сандарды оқу.
2 1 3
ұ қ с
3 - жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз.
Шығармашылық тапсырма:
”Ана” тақырыбына шығарма жазу Тірек сөздер: аяулы ана, ардақты ана, қымбатсың маған, ақ сүтіңді бердің, аялайсың.
Ребусты шеш.
Тауық‴ Қияр ′
т а қ и я
″ Арқар ′ пияз ′
қ а р и я
Осы сөздермен екі сөйлем құрастыр.
Сабақты қорытындылау.
а) Білімдерін бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Я дыбысы қандай дыбыс?
2. Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтір.
3. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасау. ә ) Сөздік диктант. Я әрпі кездесетін сөздердің астын сызу. Баспалдақ, баян, шытырман, шаян, сыбызғы, саяз, тобылғы, таяз, жапырақ, жая. Тапсырма.
1. Сөздерді буынға бөліп жаз.
Қияр, шаян ―――――――――――
2. Тиісті әріпті жаз
А... қ, ба... у қари... тұ... қ
Та... қ бо... у дари... са... бақ 3. Берілген сөздерден сөйлем құра. Сөйлемдегі сөздердің ретін цифрмен белгіле.
1 4 3 2
Әлия, болды, жайлауда, жазда. Әнуар, оянды, ерте. Баян, сурет, бояумен, салды. Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
4 - жаттығу 54 – бет

Сабақтың тақырыбы: Я әрпінің жазылуы


Сабақтың мақсаты: Я дыбысының қосарлы дауысты дыбыс екенін түсіндіру.
Білімділігі: Сөз ішінде йа дыбыстары естілгенімен жазуды дұрыс жазу үшін я әрпі жазылатындығын түсіндіру.
Тәрбиелігі: Көркем, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Дамыта оқыту әдістері.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту
Көрнекілігі: Интерактивті тақта (слайд)
Сабақтың жүру барысыІ. Қызығушылықты ояту:- Шаттық шеңбері
Оқушылар бір - біріне тілек тілейді.
Мысалы: Сабақта белсенділік таныт.
ІІ. Мағынаны тану: «Ой қозғау»
Жұмбақ
Қоянда бар,
Қайыңда жок.
Қиярда бар,
Қиында жоқ. (Я әрпі)
ІІІ. Есіңе сақта! Ережемен таныстыру.
Естілуі ---------- Жазылуы
Қыйар ---------- Қияр
Майа ----------- Мая
Йа --------------- Я
Я – қосарлы дауысты дыбыс. Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, олардың орнына я әрпі жазылады: аялдама, Аяулы, қоян.
Қоян – 2 буын, 4 әріп, 5дыбыс.
Қ – дауыссыз қатаң дыбыс
О – дауысты жуан дыбыс
Я – қосарлы дауысты дыбыс
Н – дауыссыз үнді дыбыс
ІІІ. Ой толғаныс.
Дәптермен, тақтамен, оқулықпен жұмыс.
1 – жаттығу. Тапсырмасы: Өлеңді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жаз, я әрпінің астын сыз. Аяулы, оянғаны, таянғаны.
Семантикалық карта
......
2 - жаттығу
Тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқы. Я әрпі бар сөйлемдерді көшіріп жаз.
Аян сабақ аяқталған соң өзен жағасына келді. Өзенге таяу жерде мал жайылып жүр. Өзен баяу ағып жатыр. Аян судың саяз жерін біраз кешті. Аяғы тоңып кетті.
Дыбыстық талдау жасау
Сая – 3 әріп, 4 дыбыс
С – дауыссыз, қатаң дыбыс
а - дауысты, жуан дыбыс
я - қосарлы, дауысты дыбыс.
3 - жаттығу
Тапсырмасы: Сөздерді көшіріп жаз.
Ұя, мая, саяхат, бояу, саят, оянды.
«Кубизм» әдісі
1. Я қандай дыбыс?
2. Сыныпта есімдерінде я әрпі бар ер балалардың есімін ата.
3. Тақия деген сөзде неше әріп, неше дыбыс бар?
4. Я әрпі қандай дыбыстардың орнына жазылады?
5. Йа естілгенімен жазыла ма?
6. И дыбысы қандай дыбыс?
IV. Ой толғаныс:
V. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалап, мадақтау.
VI. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың тақырыбы: Ю әрпінің жазылуы.


Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Ю әрпінің жазылуы және дыбысталу ерекшелігі туралы түсінік беру. Дамытушылық: Балалардың таным белсенділігін дамыту, ойларын қорытындылау, сұрақтарға жауап беру, ойлану жүйелілігін арттыру. Әдемі, көркем, қатесіз жазуға қалыптастыру.Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, оқулық , карточкалар, жұмбақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, халықтық педагогика.Түрі: аралас.
Әдісі: сұрақ-жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі, оқушылардың біліктілігін арттыру.
Үй тапсырмасын тексеру. 5-жаттығу
Ой қозғау
Жаздай қыдырады,
Қыстай тынығады. (Аю)
Қандай сөз шықты?
Аю қайда болады, ол нені жақсы көреді?
Оюдың суреті.
Оюды кімдер ояды, қандай ою түрлерін білесіңдер?
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
-Көп нүктенің орнына ю әрпін қойып жаз. Әр сөзде неше әріп, неше дыбыс бар?
А..., о..., ұ..., то..., көрке..., үлке..., шалқа... .
-Аю, ою, ұю сөздерінде екі әріп, үш дыбыс бар.
-Тою сөзінде үш әріп, төрт дыбыс бар.
-Үлкею сөзінде бес әріп, алты дыбыс бар.
-Көркею, шалқаю сөздерінде алты әріп, жеті дыбыс бар.

Топтық тапсырма жаттығу Суретпен жұмыс.


Аю орман аралап келе жатыр еді. Ол араның ұясын көрді. Аюдың бал жегісі келді. Аю араның ұясына қолын салды. Аралар аюды шағып алды.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп- теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз
“Сөз ойла, тез ойла” ойыны.
Берілген сөздерге у әрпін қосса, қандай өзгеріс болады.
Той, үй, есей, кеңей, қартай, сарғай.
Тақтамен жұмыс
4- жаттығу
Төмендегі сөздерді көшіріп жазып, жазылуын есте сақта.
Ю әрпінің астын сыз.

Ұю, жаю, күю, сою, жантаю,


еңкею, молаю, құю, түю.
Сабақты қорыту
1. Бұл не?
2. Бұл қандай дыбыс?
3. Йу дыбысы естілгенімен, орнына қандай әріп жазылады.
4. Ю әрпі бар сөз құра.
Үйге тапсырма
5 –жаттығу
Жаңылтпашты көшіріп жазып,
Ю әрпі бар сөздердің астын сыз.
Ю әрпі бар сөздерде неше әріп, неше дыбыс бар
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері.
Сабақтың мақсаты: Дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетінін білдіру, олардың айтылу ерекшеліктерін байқату. Сөзге саналы түрде дыбыстық талдау жасай білуге төсілдіру, сауатты, көркем жазуды жетілдіру.
Мәдениетті сөйлеуге, шыдамды болуға, іздемпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндір, сто тех
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа назарын аудару, керекті құралдарын алдыру.
- Психологиялық дайындық:
Үйге берген тапсырманы сұрау а) Сұрақ - жауап әдісі.
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
Дыбысты айтамыз, естиміз. Әріпті жазамыз, көреміз.
- Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?
42 әріп, 40 дыбыс.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Мұғалімнің түсіндірмесі:
Дыбыс түрлері:
Дауысты Дауыссыз
Жуан Жіңішке Қатаң Ұяң Үнді
Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда ауа
1) кедергіге ұшырайды
2) тосқауылдан өту кезінде, дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа лап етіп шығады
3) созып айтуға келмейді.
Үнді: л, м, н, ң, р, й, (у)
Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з,
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ,
Кі - тап, 5 дыбыс, 5 әріп, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын
К - дауыссыз, қатаң
І - дауысты, жіңішке
Т - дауыссыз, қатаң
А - дауысты, жуан
П - дауыссыз, қатаң
ә) Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс:
11 - жаттығу
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін (М. Жұмабаев)
Арыстандай - р, с, т, н, д, й.
Күшті - к, ш, т.
12 - жаттығу Жатқа жазу
б) 13 - жаттығу, Ребусты шешу:( қолшатыр)
ІІІ. Ойын«Дыбысқа саяхат»
Парта
дәптер
кеме
ІV. Венн диаграммасы
Дауысты Дауыссыз;
VІ. Үй тапсырмасы: 124 - жаттығу.
Дауысты дыбыстардың түрлері
VІІ. Қорытынды:
Біз бүгін қандай тақырып өттік?
Дауыссыз дыбыстар не?

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п.


Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға сөз соңында б дыбысы айтылғанымен п жазылатынын, п дыбысынан соң дауысты дыбыс келсе, ол ұяң б – ға айналатынын үйрету, тапсырмалар беру арқылы меңгерту2. Сөздік қорларын, ауызша, жазбаша сөйлеу тілін дамыту; шығармашылық жұмыстар, дидактикалық ойындар арқылы жан - жақты ойланып, алған білімдерін саналы түрде қолдана білу әрекетін жетілдіру; логикалық ой - өрісін дамыту.
3. Шапшаңдыққа, уақытпен жұмыс жасай білуге, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: дамытпалы аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік, жеке, топтық жұмыс -
тар, талдау - жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер, кесте, тірек сызбалар, оқу құралдары.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.
Сабақтың барысыI. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. а/ Жаттығуды оқыту. ә/ Сөздерге ауызша дыбыстық талдау жасату. б/ Өткенді қорыту.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
а/ Топпен жұмыс. Ауызша тест: «Иә, жоқ»
ә/ Мақсат қою.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – дауыссыз б мен п - ның айтылуы мен дұрыс жазылуының ережесін тапсырмалар орындай отырып меңгеру.
IV. Жаңа сабақ.
1. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу: Бб Пп
2. Оқулықпен жұмыс.
87 – жаттығу. Т. Молдағалиев. «Күзгі дала»
♦ Ереже. Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады: кітап, мектеп, доп.
- Күзгі еңбек түрлерін ата.
- Күз мезгілінің өзге мезгілдерден айырмашылығын айт. /Күн суыта бастайды, жапырақтар сарғаяды, жаңбыр жиі жауады, егін піседі, мал семіреді/.
- Күз туралы басқа қандай өлеңдер оқыдық? /Күз. Ұнатам күзді мен/.
Ақпараттық ізденіс.
88 – жаттығу.
Көп нүктенің орнына п, б әріптерінің тиістісін қойып сөздерді көшіріп жазады.
Әде..., тала..., жі..., шө..., қора....
Ой қорыту: Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады.
3. Сергіту сәті.
4. Тақтамен жұмыс.
89 – жаттығу. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге байланысты сөйлем құрастырып жазады.
Шешуі: Талапты.
90 – жаттығу.
Төмендегі суреттерден штаб, клуб сөздерін қалай оқуға болатындығын түсіндіреді.
Ой қорыту: Штаб, клуб сөздерінің сөздерінің соңында б әрпі жазылады.
Тірек сызбамен жұмыс. «Сызбаны сөйлет»
V. Сабақты бекіту:
Үлестірмемен жұмыс.
1. Мына сөздерге б, п әріптерінің тиістісін жаз.
Мекте..., до... ым, кіта..., шта..., тала..., клу....
2. Көп нүктенің орнына п, б әріптерінің тиістісін қойып жаз.
Тағамды асық...ай жайла... іш. Ұртыңды толтыры... алы... сөйлеме.
VI. Сабақты қорыту: - Бүгін не үйрендік? Не білдік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: 91 - жаттығу. «Мектеп» тақырыбына әңгіме құра

Тақырыбы: Дауыссыз б мен п.


Мақсаты: Дауыссыз дыбыс түрлері туралы түсіндіру. Өткен дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін қорытып, игерген білімдерін толықтыру. Дауыссыз б мен п жазылуы туралы тақырыпты меңгерту, жаттығулар орындау. Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Есте сақтау қабілетін дамыту. Ұқыпты,сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер, слайд, семантикалық карта, тест, бағалау картасы
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа әзірлік.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Білімді тексеру.
Өткен материалды еске түсіру.
І.«Ой қозғау»
-Дыбыс деген не?
-Әріп деген не?
-Дыбыс нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді, түрлерін ата?
-Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді, түрлерін ата?
ІІ.тест жұмысы.
1.У дыбысы жуан айтылған сөзді тап
а)таулар ә) уәде б)әуе
2.У дыбысы дауысты болып тұрған сөзді тап
а)бауырсақ ә) жауынгер б)қуыршақ
3.Алдынан ү дыбысы естілетін сөз
а)қарау ә)тігу б) санау
4.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.
...т, к...ім, т..ын,
а) й ә) у б) и
5. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап.
а) алм-а ә) ақ-қу б) а-ст-ық
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.Жұмбақ шешу.
Бармақта бар,
Саусақта жоқ.
Бақайда бар,
Тұяқта жоқ. (Б)
Арпада бар
Бидайда жоқ.
Аптада бар,
Айда жоқ. (п)
Оқулықтағы ережені оқыту.
Оқулықпен жұмыс:
126-жаттығу. Терме диктант.
«п» әрпінен аяқталған сөздерді көшіріп жаз, сол сөздерді буынға бөліп жаз.
Өлеңнің авторымен таныстыру. Т.Молдағалиев.
V. Деңгейлік тапсырма.
1 -деңгей (Суреттегі заттардың атын жаз)
2-деңгей 127-жаттығу «жіп» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
3-деңгей «Адасқан әріптер»
1.А, л, б,а2. а,р,п,а,т3. а,б,л,а,ғ4.ә,р,е,т,п,д
4 деңгей.
YІ. Шығармашылық жұмыс:
«Алтын күз» тақырыбына әңгіме құрау.
YІІ.Семантикалық карта.
YІІІ. Үйге тапсырма: Ереже. 130-жаттығу.

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ


Сабақтың мақсаты: а/ Оқушыларға қ мен ғ дыбыстарының өзгеріске енуінің себебін түсіндіру; алған білімдерін қолдана білуге үйрету.ә/Сауатты жазуға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа үйрету;
б/Ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз беттерімен шығармашылықпен топталып жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, суреттер, интерактивті тақта, слайд
Сабақтың өтілу барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі:
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
а/ қ - ның ғ - ға айналуына тоқталу. ә/ Мысалдар келтіру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Дауыссыз қ мен ғ туралы толықтырып айту.
Ғ әрпі сөз соңында жазылмайды. Қ - ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ - ға айналады. Қабақ - қабағы, сабақ - сабағы.
Оқулықпен жұмыс.
Дауыстап ережені оқыту.
103 - жаттығу. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздердегі ы әрпін алып тастап айтып көр. Сөз соңындағы өзгерістің себебін түсіндір.
Ақсары – бүркіт тұқымдасына жататын құс. (Мәлімет беріледі)
аяғы – аяқ
дағы - дақ
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. Қ – қ Ғ - ғ
104 - жаттығу. Соңындағы ы, і әрпін алып тастап, сөздерді өзгертіп жаз.
Жарығы – жарық, балығы - балық, қорығы -...,.....
Сергіту сәті.
Ормандағы аю, қонжық,
Ұялардан бал іздейді.
Мойындарын оңға бұрды,
Мойындарын солға бұрды.
Ағаштарды шайқап көрді,
Қуанғаннан билей берді.
105 - жаттығу. Қорық, жорық, қазық сөздерін қатыстырып сөйлем құра.
Шығармашылық тапсырма
1. Жаңылтпашты жатқа айт. Ы әрпін алып тастап оқы. Құлақ - құлағы.
Құлағы үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.
2. Жұмбақ өлеңді оқып шешуін тап.
Қ дыбысынан аяқталған сөзді тап.
3. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыру. Топтық жұмыс.
Емшісі, орман, тоқылдақ, болады.
Аяғынан, қарлығаш, жараланыпты.
Соң, кемпірқосақ, шығады, жаңбырдан.
Бетінде, жапырақ, шық, етеді, жылт - жылт.
Қ дыбысынан аяқталған сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Ү. Қорытынды. Сұрақтармен жұмыстану.
- Қ қандай дыбыс?
- Ғ қандай дыбыс?
- Ғ әрпі сөз соңында жазыла ма?
Анаграмма «Қ»
1. Ұлт (қазақ)
2. Сан (қырық)
3. Ыдыс (қасық)
4. Су көлігі (қайық)
5. Көзді лас нәрседен қорғайтын не? (қабық)
6. Пайдалы тағам айран немесе... (қатық)
Үйге тапсырма. 106 - 107 - жаттығу.
ҮІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: дауыссыз к мен г - нің жазылу емлесімен таныстыру, дауысты дыбыс қосылғанда қалай өзгеріске ұшырайтынын түсіндіре отырып, сауаттылыққа жетелеу, мысалдар арқылы дәлелдей алуға үйрету, сөз ішінен қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды ажыратып табуға дағдыландыру, ұлы адамдар өмірін үлгі ету.
Дамытушылық: пәнаралық байланысты, ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұраққа тиянақты жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: ұлттық тәлім - тәрбиенің асыл нәрін сіңіру, бауырмалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: бесік, қазақ үй, Абай, Мұхтар, Тазша бала суреттері слайды, үлестірмелі
парақ, қоржын, аквариум, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игерту, аралас сабақ.
Әдісі: оқу мен жазуда сын тұрғысынан ойлау техникасы, ой қозғау
стратегиясы, кубизм әдісі, тірек сөздер арқылы болжам жасау.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, математика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау
ІІІ. Жаңа білім:1) Ой қозғау: Дыбыстар туралы не білеміз?
Топтастыру жасау
Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінетінін дәлелдедік.
Графикалық жұмыс: К к К к К к Г г Г г Г г
Оқулықпен жұмыс. 147 - жаттығуды ауызша орындау. Ү - кі, Түл - кі, ке - ме, жү - рек, кө - рік, шең - гел, ү - зең - гі, сүр - гі, гүл - зар, гау - һар.
Сөздік жұмыс.
Көрік – металл өңдеуге қолданылатын құрал - жабдық, темір балқытатын пештің отын қыздырып тұратын теріден жасалған үрлеуіш.
Гауһар – бриллиант – қымбат асыл тас.
Гүлзар – қаланың орталық көшелерінде гүл өсіретін алаң.
148 – жаттығу. Жұмбақты жатқа жазу, шешуін табу.
Шешуі: Тігінші, өрнек – өрнегі, көйлек - көйлегі, сонда не байқадың өз тұжырымыңды төмендегі ережемен салыстыр. Сөз соңындағы К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол ұяң г дыбысына айналады. Қай әріпті жоғалттың деген ойын?
Шәйне... Күре... Бөлтірі...
Өрі... Еті... Белді...
Дәптермен жұмыс. 149 - жаттығу.
Сөздерді і дыбысын қосып, өзгертіп жазу.
Өрік – өрігі, белдік - белдігі, күрек - күрегі, серік - серігі, көк - көгі.
К дыбысының өзгеру себебін түсіндір.
Сергіту сәті
Тақтамен жұмыс. 151 - жаттығу. Алдымен бір оқушы оқу, 4 оқушы төрт жолын тақтаға жазып шығу. Дәптермен жұмыс.
Салыстыру: К - қатаң дауыссыз дыбыс, сөздің басында, ортасында, соңында келеді. Дауыссыз дыбыс, сөздерде жіңішке айтылады.
г - ұяң дауыссыз дыбыс, сөздің басында, ортасында келеді. К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, К Г - ге айналады.
Кубизм әдісі.
Б - П Қ - Ғ К - Г
Жіп – Лақ – Көк -
Доп – Сабақ - Бөбек -
Қап – Тамақ - Көмек -
Кітап – Орақ - Шелек -
Мектеп – Тарақ - Иек -
Шөп – Аяқ - Елік -
Тәртіп - Таяқ - Өрік –
Қорытынды. Бүгін қандай жаңа білім алдық.Мысал келтір, дәлелде.Сабақ ұнады ма? Несімен?
Үйге тапсырма: 150 – жаттығу:
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз К мен Г
Сабақтың мақсаты:а) Оқушыларға к мен гдыбыстарының қалай айтылаты-
ны,қай буындарда жазылатыны,к әрпінен кейін дауысты дыбыс келсе, өзгеретіні туралы түсіндіру. ә) Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың
танымдық,шығармашылық қабілеттерін байқау,дамыту.
б)Оқушыларға адамгершілік ақыл-ой тәрбиесін беру.
Көркем сауатты жазуға үйрету.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру.
Көрнекілігі:суреттер,топшама
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру
Дәптермен жұмыс
Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу. (ауызша) Сөздерді оқып,мағынасын түсіндір.К дыбысы қай буындарда кездесіп тұр? Г дыбысы ше? К,г қандай дыбыстар.
2-жаттығу Санамақты жатқа оқы.К дыбысына яқталған сөздерге і дыбысын қосып жаз.
Сергіту сәті
3-жаттығу.(өзіндік жұмыс) Суреттегі заттардың атын жаз.Сөздерге і дыбысын қосып айт.Сөз соңындағы к дыбысы қандай дыбысқа айналды?
Көршілес жұмыстарын тексеру.(өздеріне бағалату.)
4-жаттығу. Сөздердің аяғына у әрпін қосып жаз.Сөздерді үлгіде көрсетілгіндей түрлендіріп оқы.(3 қатардан ,3 оқушы орындайды.)
Үлгі:
1.Төк-төгу,төгілді,төгеді.
2.Ек-егу,егілді,егеді.
3.Тік-тігу,тігілді,тігеді.
4.Бүк-бүгу,бүгіледі,бүгеді.
5.Сөк-сөгу,сөгілді,сөгеді.
III.Ой толғаныс
1-қатар Анаграмма К
1.Кісінің аты.
2.Ұя салмайтын құс.
3.Жаңғыш пайдалы қазба.
4.Тағам түрі.
5.... білім бұлағы.
6.Жер қазатын құрал.
7.Қыста ұйықтайтын жануар.
8.Спорт түрі.
9.Жәрдем жасау.
10.Машина,автобус,трамвайдың жалпы атауы.
Жауабы:Күлән,көкек,көмір,кеспе,кітап,күрек,кірпі,күрес,көмек,көлік.
2- қатар «Көлік» сөзіне 5 жолды тұжырымдама жасау.
1.Бір зат есім.Көлік
2.Екі сын есім.Ақ,жеңіл
3.Үш етістік.Жүреді,зулайды,тұрады.
4.Төрт сөзді сөйлем.Біздің үйде көлік бар.
5.Бір синоним.Машина
3 -қатар
«Көбелек» тақырыбына эссе жазу.
-Сонымен балалар ,біз бүгінгі сабақта не үйрендік?
Дауыссыз к мен г
К мен г туралы қандай дыбыстар?
Өз ойларын айтқызу.
IV.Бағалау
V.Үйге тапсырма 5-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз.


Сабақтың тақырыбы:      Дауыссыз л мен р   
Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға дауыссыз л мен р әріптерінің  айтылуы мен жазылуы туралы түсінік беру, жаттығулар орындай отырып, сауаттылыққа  үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың  сөздік қорларын  ой  өрісін дамыту.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, сауатты  оқуға ,  көркем  жазуға  тәрбиелеу.

Сабақтың  типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру, топтастыру

Көрнекілігі: плакат, үлестірмелі  өағаз

Сабақтың барысы:       

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды  түгендеп  сабаққа  назар  аудару

 Үй тапсырмасын  тексеру. 

Үйге   берілген  118 – жаттығуды  тексеріп  оқытамын                                  


Семантикалық карта


      сұрақ

 

жауап



Құла…ы

Ла…тар

Есі…і

Көрі…..

Саба….ы

 

 



қ

 

 

 

 

 

ғ

 

 

 

 

 

к

 

 

 

 

 

г

 

 

 

 

 

 Ү. Жаңа сабақты  түсіндіру  кезеңі :


        Балалар  бүгін  біз   Дауыссыз л мен р  тақырыбымен  танысамыз

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді – ?   Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді.


Оқулықпен жұмыс

.    Ережені хормен оқу.

Сөз  басындадағы  л, р  әріптерінің  алдынан  ы, і  естілгенімен, олар  жазылмайды:    лақ,   лауазым,   рет,   рас 

119- жаттығу Сөздерді көшіріп жазу.

120- жаттығу.  Мақалды жатқа жазу.  Сөз  басындағы л , р  әріптерінің  астын  сыз.

 

ҮІ. Түсінгендерін тексеру  кезеңі:

121-жаттығу.   Л  дыбысынан  басталатын  сөздерді  бір бөлек,
122-жаттығу Екі бағандағы  сөздерді салыстыр. ауызша

Лашын ,  лауазым,  лебіз                               Іле,  ілгіш,  ілесу,  ірі

Рақмет,  рақат,  рең,  рақым                        ірімшік,  ылди,  ылғал

 

ҮІІ. Сабақты бекіту.



  1. Бүгін не өттік?

Л , Р  дыбысына сөздер  ойлап  айту,
ҮІІІ. Үйге тапсырма:    Ереже  жаттау  123-жаттығу.   Ребусты  шешу

 Бағалау.


Тақырыбы: Дауыссыз л мен р

Мақсаты:1. Оқушылардың л мен р дыбысы бойынша алған білімдерін жинақтау.

  1. Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  2. Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.

Көрнекілігі: үлестірмелер, суреттер.

Түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру:121- жаттығу

 Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырып, мақсатын хабарлау.



Жаңа сабақ.Күн ретін жазу.

Көркем жазу:Гг   Гг  Гг    Гүл

Үнді дауыссыздар л,м,н,ң,р,й (у).

Оқулықпен жұмыс.

124- жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу. Мағынасын түсіндір.

Іле, ілгіш, ілгек, ідгері, ілесу, ылди, ылғал, ырыс, ірімшік, ірі, ылғи.

119, 121-жаттығулардағы сөздермен салыстырып. Жазылу өзгешеліктерін есте ұста.

 125-жаттығу. Суреттегі сөздердің ішінен бір әріпін өзгерту арқылы л әріопінен асталатын сөздер жаса.

Бақ – лақ, бас – лас, жайық – лайық, тайым – лайым, кезде – лезде, жағыл – лағыл, жақтыру – лақтыру, тай – лай.

127- жаттығу. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

 Ырыс – 4 әріп, 4 дыбыс

ы (2) – дауысты, жуан

р – дауыссыз, үнді

с – дауыссыз, қатаң

 Бекіту. Суретпен жұмыс.128- жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.



Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуларына, қойылған сұрақтарға жауап берулеріне байланысты тиісті бағалармен бағалау.

Үйге тапсырма. 126 – жаттығу.
Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
uploaded files -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
uploaded files -> Тақырыптың туындау себептері
uploaded files -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
uploaded files -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
uploaded files -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
uploaded files -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
uploaded files -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп
uploaded files -> Атақты жазушы Біздің жерлесіміз
uploaded files -> Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет