Сабақтың әдіс-тәсілдері: таныстырылым, көрсетілім. Сабақтың барысы Ұйымдастыру



Дата04.01.2022
өлшемі19,9 Kb.
#109347
түріСабақ
Байланысты:
Біздің өлке әлеуметтік желілерде
Баяндама география, Бекжан Сұраныс, ответы 8, ответы 8, -1911428537, 2015 zharatyilyis, 8 doc, ОСНОВЫ ВОСПИТАНИЯ Каз.doc, 6-synyp-test-1, ОЖСБ 4-А сынып-1, циклограмма 19-20, Рухани жаңғыру мәлімет, эссе, құттықтаулар

Сыныбы: 10-11
Тақырыбы: «Біздің өлке әлеуметтік желілерде» (ақпараттық сағат)
Мақсаты: Қарағанды облысының өлкетану орындарына вертуальды саяхат жасау, интернет сайттарын оқушыларға таныстыру, пайдалы интернет ресурстары туралы ақпарат беру, ақпараттық сауаттылық бойынша білім беру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: таныстырылым, көрсетілім.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру

  2. Презентация арқылы ақпараттық таныстырылым жасау. Бейнематериалдар көрсету.

  3. Облыстық өлкетану бойынша пайдалы электронды сайттармен таныстыру.

  4. Қорытынды.


Қарағанды облысы
Қазір кезде Қарағанды облысы – бұл аумағы бойынша ең ірі облыс және қуатты индустриялық орталық. Өзінің экономикалық, мәдени, ғылыми әлеуеті мен инфрақұрылымының дамуы бойынша облыс Қазақстандағы жетекші орындардың бірінен орын алады.

Теміржолқатынастары ТМД елдерімен, Германиямен, Қытайменбайланыстырады. «Сарыарқа» халықаралықәуежайыРесейге, Германияға, Араб Әмірлігінежәнебасқа да елдергетікелейрейстердіжүзегеасырады.

Сарыарқаның кең даласында Қарағанды облысы қанатың жайып орналасқан. Облыс аумағы Қазақстанның ұсақ шоқылардан тұратын орталық бөлігін қамтиды. Шығыстағы Қарқаралы тауларынан батыстағы Теңіз өзеніне дейін, солтүстіктегі Есіл өзенінен, оңтүстіктегі Шерубай – Нұра су қоймасына дейінгі кең далаға қазақ халқы ертеден «Сарыарқа» деп поэтикалық ат берген.
Қарағанды облысының мұражайлары
Қарағанды облысының тарихи-өлкетану мұражайы

Қарағанды қ., Ербуаев к.,38 тел: 8 (7212) 56-48-62, 56-58-89 e-mail: museumkz@mail.ru


Облыста алғаш рет мұражай политехникалық деген атаумен 1932 жылы 7 қарашада ашылған. 1938 жылы облыстық өлкетану мұражайы деп аталып,тарих, табиғат бөлімдері ашылған. Жаңа заманға сай мұражай ғимараты 1979 жылы қолданысқа берілді. Жаңа экспозицияның архитектуралық-шығармашылық шешімімен Ленинградтық шығармашылық қоры айналысты.
Мұражай қорында 141 608 астам жәдігер қойылған. 4 бөлім жұмыс жасайды: жалпы тарих бөлімі, археология мен этногарфия, жаңа заман тарихы бөлімі, қорлар бөлімі, экскурсиялық-бұқаралық бөлімі, сондай –ақ ежелгі Қазақстан халқының «Бабалар бейнелері»атты компьютерлік реконструкциялық-анимациялық залы, «Dolby digital» тарихи фильмдер кинозалы бар.

Жезді с. балқыту ісі мен тарихы мұражайы
Жезды с., Ұлытау ауданы, Қожабай к., 4, тел: 8 (71034) 2-19-33, 2-19-91 e-mail: almash-60@mail.ru
Мұражай 1988 жылы ашылған. Жалпы ауданы 43 782 ш.м., оның 38595,59 ш.м. ашық аспан астындағы жәдігер. Бұл Орталық Қазақстандағы тау жынысының және металлургиялық өнеркәсібі тарихын зерттеу бағытындағы жалғыз мұражай. Мұражай қорында 14 835 астам жәдігер сақталған. Үш көрсетілім залы жұмыс жасайды, жез балқыту пештерінің макеттері қойылған, мыңға тарта сирек кездесетин және бағалы жәдігерлер мен тау жыныстарының үлгілері жиналып қойылған

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы
Теміртау қ., Металлургтар даңғ., 28/4 тел: 8 (7213) 93-30-07
e-mail: topmarine@rambler.ru
Мұражай 1972 жылы ашылған. Жалпы ауданы 1200 ш.м. Мұражайда10 экспозициондық зал, көрме залдары, шығармашылық салон бар. Қорда 19 367 жәдігер сақталған. Бөлімдері: «Палеонтология», «Археология», «туған өлке табиғаты», «Нумизматика» және т.б.

Балқаш тарихи-өлкетану мұражайы
Балқаш қ., Ш. Уәлиханов К.,12 тел: 8 (71036) 6-59-70, 6-59-30
e-mail: musey@mail.ru
Мұражайдың жалпы ауданы 1443,3 ш.м. Мұражай 1970 жылы ашылған. Мұражай тіркеу-сақтау, жинақтау, ғылыми-зерттеу, экспозициялық және ағарту жұмыстарымен айналысады. Мұражай қорында 41 284 астам жәдігер сақталған.

«Саяси қуғын-сүргін құрбандары рухына арналған Долинка селосындағы» мұражай
Долинка с., Школьная к.,15 тел: 8 (72156) 5-82-22
e-mail: museumdolinka@mail.ru
Қарлаг (Қарағанды еңбекпен түзеті лагері) один из крупнейших исправительно-трудовых лагерей в 1931-1959 жылдары КСРО –ның НКВД ГУЛАГ-ының қоластына қараған ең ірі еңбекпен түзету лагерлерінің бірі. 1940 жылы Карлаг территориясының аумағы солтүстіктен оңтүстікке дейін 300 шм, шығысынан батысына дейін 200 шм. құраған.
Мұражай Президенттің тапсырмасымен 2002 жылы Карлагтың бұрынғы «Ерікті жалдамалы жұмысшылары емханасы базасы аумағында құрылған. 2006 жылы мұражай балансына бас басқарма ғимараты қолданысқа берілді. Ғимараттың жалпы аумағы 166,9 ш.м. құрайды.

Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайы
Қарқаралы қ., Ленин к., 34 тел: 8 (72146) 3-22-29,
e-mail: karkarmusei@rambler.ru
Мұражай 1974 жылы ашылған. Жалпы ауданы – 590 ш.м. Қазіргі уақытта мұражай қорында 7 923астам жәдігер сақталған. Олардың ішінде атақты адамадар туралы тарихи материалдырдың түпнұсқалары – Қарқаралы ауданынан тумалары Мәди Бапиұлы, Н. Нұрмақов және т.б . бар. Мұражайдың екі бөлімшесі бар: Егіндібұлақ селосындағы өлкетану мұражайы мен М.Мамыраев атындағы шаруа қожалығындағы К.Қуанышбаев атындағы мұражай.

Қорытынды. Бейнематериалдан алған әсерлерің қандай? Өлкетану мұражайларында болғандарың бар ма? Алған құнды дүниелеріңмен бөлісіңдер. Жалпы, мұражай өткен тарихты жинақтап, бүгінгі күнге жас ұрпаққа жеткізуші алтын көп десек те болады. Әрбір заманның өзіндік ерекшеліктері болады. Сол замандардан қалған бейнені, ізді мұражайдан көріп, біліп танысу арқылы біз өзімізге арғы ат-бабаларымыздың қалай өмір сүріп, қандай дүниелер пайдаланғанын көруге болады. Материалдық байлықтың барылығы мұражай арқылы сақталып, ғасырдан ғасырға жетуде. Өткенді ұмытпай келешек ұрпаққа жеткізуде мұражай жұмысының рөлі өте жоғары деп айтуға болады. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет