Сабақтың әдістемелік әзірлемесі Пәні: Қазақ әдебиеті Тақырыбы: Жаяу Мұса Байжанұлы Әсет айтыскер ақын



Дата08.09.2017
өлшемі262,82 Kb.
#30153
түріСабақ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Алматы қаласы Білім басқармасының

«Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі» КМҚК






«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

________ Г.А. Нурмолданова



Сабақтың

әдістемелік әзірлемесі

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Жаяу Мұса Байжанұлы

Әсет – айтыскер ақын

Мамандығы: 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

Біліктілігі: 0508012«Аспаз»
Келісілді ЦӘК отырысында

Әдіскер қаралды және талқыланды

___________А.Капбасова ЦӘК төрайымы__________Г.Мырзаханова

Алматы, 2017ж.

Мазмұны


  1. Негізгі кезеңдері

  2. Адрестік категория

  3. Сабақтың жоспары

І. Сабаққа дейін

1.1.Мақсаттық аудитория;

1.2.Сабақтың мақсаттары;

1.3.Сабақтың типі, түрі және әдісі;

1.4.Алғышарт - білім, пәнаралық байланыс;

1.5.Бағалау

1.6.Қажетті материалдар, сабақты қамтамасыз ету;

ІІ. Сабақ кезінде – сабақ барысы

Ш. Сабақтан кейін – үй тапсырмасы


  1. Әдебиеттер

  2. Ұсыныстар


2. Адрестік категория

Оқу пәні: Қазақ әдебиеті

Мамандығы: 0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

Біліктілігі: 0508012«Аспаз»



Курс: 1курс

3.Сабақтың жоспары

І. Сабаққа дейін

1.1. Мақсаттық аудитория: білім алушылар

1.2. Сабақтың тақырыбы: Жаяу Мұса Байжанұлы

Әсет – айтыскер ақын

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: ХІХ ғасырдың әнші-сазгер ақындары Жаяу Мұса Байжанұлы мен Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру; сал-серілер поэзиясын терең ұғындыру; әндерінің шығу тарихымен таныстыру

Дамытушылық: студенттердің танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілі мен жазба тіл мәдениетін дамытуға мүмкіндік туғызу; шығармашылық қабілеттірін шыңдау

Тәрбиелік: эстетикалық талғамдарын қалыптастыру; әншілік өнерді құрметтеуге, дәстүрлі әндерді тыңдауға үйрету; ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу

1.3. Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың түрі: ізденіс сабақ

Әдістері және әдістемелік тәсілдері: топтық жұмыс, «Фрайер» моделі, «Екі жақты күнделік», «Буриме» әдісі

1.4. Алғышарт

Білім алушылар тақырып бойынша меңгеруі қажет

Пәнаралық байланыс:

1. Тарих


2. География

3. Музыка

4.Тағам даярлау технологиясы

5. Мәдениеттану



1.5. Бағалау

Білім алушылар тақырыптың мазмұнын біледі және тәжірибеде ойлау және таным тәсілдері мен дағдыны қолданып кластер жасайды.



1.6.Қажетті материалдар, сабақты қаматамасыз ету:

1.Интербелсенді тақта

2.Үлестірмелі қағаздар

3. Презентация

4. Оқулық

5. Постер, маркерлер, стикерлер


ІІ. Сабақ кезінде – сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Студенттерменмен амандасу, түгендеу

«Жүректен-жүрекке» әдісі, топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау кезеңі (15 мин)

«Ақсүйек» ойыны

«Қожанасыр қоржыны» ойыны

Поэзия минуты



ІІІ. Жаңа сабаққа дайындау кезеңі (5 мин)

Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін, Әсеттің «Інжу-маржан» әнін тыңдата отырып жаңа тақырыптың мақсатын хабарлау

IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі (45 мин)

«Фрайер моделі»

Өлеңдерін сатылай кешенді талдау

«Екі жақты күнделік»

«Ауылдың алты ауызы»

«Орамал тастау» ойыны

Пікірталас

V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі (5 мин)

«Қонаққа құрмет»

«Буриме» әдісі

VI. Бағалау кезеңі (5 мин )

VІI. Үйге тапсырма (5 мин)

VIII. Рефлексия (5 мин)

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру



Психологиялық ахуал

«Жүректен-жүрекке» – бір-біріне ыстық ықыластарын білдіре отырып, ынтымақтастық атмосфера құру

– Қазақ халқы әнге бай. «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» деп қазақ халқының әдебиеті мен өмірін зерттеген Г.Потанин айтқандай, қазақта әнсіз өмір жоқ. «Тойбастар» айтқан жігіт, кешкі ауыл сыртында алтыбақан тепкен қыз-бозбала, шілдехана күткен жас-кәрі, «Жар-жар» айтқан екі топ, елінен еріксіз ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын жоқтаған жесір, түйеге мініп әр үйдің сыртында қақсаған жарапазаншы, ақ киім киіп, өгізге мініп ауыл аралаған дуана, «жынын» шақырып, зікір салған бақсы – бәрі де әндетеді. Бәрі де жай сөзбен айтқанда жетпейтін сезім тасқынын ән арқылы шығарады. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып, халқымыздың өзімен бірге туғандай.

Сабақтың эпиграфы

Туғанда, дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы бос қақпай, елең-селең.

Абай.


ХІХ ғасырда қазақ әдебиеті мен өнерінің алтын ғасыры деп текке атамаса керек. Бұл кезең – қазақтың төл әдебиетінің көшбасшысы – жыраулар поэзиясының шырқау биікке көтерілген кезеңі. Бұл кезең – ақын, сал, сері, тал бойына өнер қонақтаған жандардың шығармашылығының өркендеген тұсы. ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында ақындық пен әншілік өнерді бойына тоғыстырған айрықша талант иелері пайда болды. Олар – әншілік пен ақындықтан басқа сазгершілік, актерлік, күйшілік, спорт өнерлерін де қоса меңгерген сегіз қырлы, бір сырлы жандар болған. Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған біртуар тұлғалардың(слайдта көрсетіледі) Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері, Мұхит, Жаяу Мұса, Мәди, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Әсет, Естайлардың сазгерлік, әншілік өнерлерінің алдында тұрғаны – өнер атаулының патшасы – сөз өнері, ақындық өнер.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау кезеңі

– Әнші-сазгер ақындарға халық «сал», «сері» деген атақ беріп, құрмет көрсеткен.

Жалпы, сал-сері дегеніміз кімдер? Сал мен серінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

– Сал-сері – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни, ақын, әнші, күйші, композитор, ойыншы, күлдіргіш, би, спортқа бейімі ерекше өнерпаз. Олар – халық мәдениетінің көрнекті қайраткерлері. «Сал» және «сері» – тектес, төркіндес, кіндіктес ұғымдар. Е.Ысмайылов «сері» сөзі араб халқының «сейір» немесе «серуен», «сайран салу» дегенінен туындады десе, «сал» ұғымын «салдырту», «салтанат» сөздерінен іздейді. Е.Тұрсыновтың пікірінше, «сері» – көне түрік тіліндегі «черік» сөзінен алынып, «әскер», «қол» деген мағынаны береді. Демек, «сері» сөзінің негізгі мағынасы «жасақ құрамындағы жауынгер», «жасақшы», «жорықтағы серік» дегенді танытады.

Әлбетте, «ақындық, әншілік, өнерпаздық дәстүр жағынан сал мен серілердің арасында айырма аз болмағанымен, сыртқы жүріс-тұрысында, киіну, сыпайылық әдетінде бірқыдыру айырма барлығы байқалады» (Е.Ысмайылов).

Алдымен, сал туралы баяндасақ, салдың қылығы қызық. Ауыл не үй сыртында аттан түсіп, жер бауырлап жатып алады. Оған қыз-қырқындар келіп, басын көтеріп, шаңыраққа кіргізеді. Тамақты өзі ішпейді, қыздар ішіп-жегізуді міндетіне алады. Бір сөзбен түйіндегеңде, сал не істесе де, қандай еркелік көрсетсе де, ел төзімділік танытатын салт, дәстүр болған. Бұлардың киім киісіне келер болсақ, «салдар жұрттың ортақ салтында жоқ, ерекше, күлкілі, көз тартарлық әлемішті киімдер киініп, жарқылдақ моншақтарды тағынған. Бас киімінің, шапан, шалбар, байпақтардың шүберегі ала-құла, қырық құрау болады екен. Бөрік, тымаққа үкі, неше түрлі моншақ қадаған. Сырт киімді кейде бірыңғай ақ, қызыл-жасылдан, кейде қым-қиғаш әр шүберектен араластырып тіктірген, оған тоқыған шекпен де, құрым киіз де қоса тігілген болады» (Е.Ысмайылов). Біржан салды көрген Ілияс Мейірбанұлы: «Кең жағалы ақ көйлек, дөңгелек етекті оқалы қамзол, сыртында көк ала қаптал шапан, басында үкілі құндыз бөрік, үкісі бұлғақ-бұлғақ етеді. Қалтасында күрең шұға тақиясы бар екен», – деп жазады.

Салдардан серілердің өзгешелігі мынау: серілерде өрескел мінез, оғаш қылық болмайды. Мейлінше сыпайы, орнықты, ибалы, сәнді киімге, бекзаттыққа үйір.

Сал-серілер – ойын-сауықтың, той-думанның гүлі. Елдің жуан ортасында, халық арасында қаздай қалқып, үйректей жүзіп, қасына жыршыларын, ақындарын, әншілерін, күйшілерін, өлеңшілерін, ойыншыларын, домбырашыларын, палуандарын ертіп, топ құрып жүреді.

Сөз құдіреті арқылы олар ел мен жерге, сүйген жарға деген махаббаттарын, сырлы сезімдерін, үстемдік жасап, жер аударып, түрмеге қамаған әкім-төрелерге өкпе-назын, ашуын да өлеңмен жеткізеді. Ән мен әуеннің, әншінің бірлігінің артықшылығы – оның аумақтық та, әлеуметтік те шегарасының болмауы, самғаған құстай ұшып барып, қонған жерінде шырқала берді. Әнді іліп алып, ел боп жырлады. Атадан бала үйреніп, өнер керуені бүгінгі күнге жетті.

Бүгінгідей «Халық әншісі», «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» деген атақтары болмаса да, халқымыз оларды еркелетіп, «Сал-сері» деп атаған. Артистерше жарқ-жарқ әшекейлену, ерекше көз тартатын кескінмен жүріп-тұру, халқына еркелеу – әнші-ақындардың негізгі салты болған.

– «Балқадиша» әнінің шығу тарихы

– «Ғалия» әнінің шығу тарихы

– Қазіргі өмірде сал-серілер деп кімдерді айтуға болады?

«Ақсүйек» ойыны-сұрақтарға жауап бергенде ақсүйек шығады

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындау кезеңі

Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін, Әсеттің «Інжу-маржан» әнін тыңдату

– Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл ән кімнің әні және қалай аталады?

– Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі сабағымыз Жаяу Мұса мен Әсет Найманбаевтың шығармашылығына арналады.



IV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

Жаяу Мұса 1835 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы «Ақшоқы деген жерде туған. Әкесі Байжан шағын дәулетті шаруа иесі ғана адам болған. Жасынан сергек, сезімтал Жаяу Мұса оқып білім алуға, ән салып, серлік құруға талаптанады. Ауылда қазақша оқып, хат танығаннан кейін енді орысша оқып, білім алуды үлкен арман етеді. Баласының бұл игі талабына Байжан да қарсы тұрмайды. Бірақ та, қысқа жіп күрмеуіне келмей, баласын басқа жерге жіберіп оқытуға Байжанның мүмкіндігі болмайды. Сөйтіп ойлаған мақсатына жете алмай, жабырқап, көңілсіздеу жүрген кезінде талантты жастың тілегіне қарай, бір жылы ел аралаған қызылжардық татар саудагері келеді. Татар саудагеріне жалданып Жаяу Мұса Қызылжар қаласына барады. Бір жағынан байға жұмыс істей жүріп, оқуға орналасады. Біраз тұрып, қала халқымен танысқаннан кейін әуелден ойын-сауық, той-думанға үйір Жаяу Мұса жастар бас қосқан кештерде ән айтып, гармон тартуға әуестенеді. Оның осындай өнеріне сүйсінген үй иесі де онша ауыр іске қоспай, жеңіл-желпі жұмыстарға ғана пайдаланады. Мұсаны көрші-қолаңдары да, өзімен бірге оқып жүрген таныс замандастары да өз араларындағы ойын-сауықтрға жиі шақыратын болады. Аздан соң-ақ ел аузына ілініп, әнші Мұса атанады. Жылдар өтті. Искусстволық адымын ең алғаш орындаушылық өнерден бастаған Жаяу Мұса енді өз ойынан ән шығару ісімен де шұғылданады. Оның бұл саладағы тырнақалдысы осы кезде ел аузында айтылып жүрген «Көк аршын» әні халыққа тез тарайды. Жаяу Мұса Қызылжар қаласында үш жылдай оқығаннан кейін Омбыға барып, онда тағы да төрт жылдай орысша оқу оқиды. Бұл Жаяу Мұсаның жиырма жастағы ғана кезі еді. Омбыда оқып жүріп, жазғы демалысқа еліне барған кездерінде ауыл адамдарынан аға сұлтан Мұсаның елге көрсеткен зорлық – зомбылығын естиді. Бұған Жаяу Мұса қатты қанжылады, халықтың жазықсыз жәбірленуіне жаны ашып, жауыздық іске жиіркене қарайды, оны әшкерелеу үшін Омбы газеттеріне бірнеше рет мақалалар жазады. Бұрын алдынан шығар жан жоқ, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып, мейманасы асқан сұлтанға Жаяу Мұсаның газет жүзінде жарияланған бұл сыны үлкен соққы болып тиеді. Сұлта Мұса осыдан былай Жаяу Мұсаның соңына түседі. Бірақ, жігерлі жас оған ешбір жасымайды, қолындағы қаламын қару етіп, Шормановтардың озбырлық мінез – құлықтарын әшкерелейтін өткір тілді өлеңдер мен әсерлі әндер жаза бастайды. Шорманов тұқымы соңынан қалмай, 1862 жылы 27 жасында Жаяу Мұсаы жала жауып, абақтыға қаматтырады. Сөйтіп Мұса 12 жылға сотталып, Тобылға жер аударылады. Жаяу Мұса Омбы түрмесіне Тобылға жөнелтілді деген хабарды естген жұрт оны көріп қалғысы келіп, көше бойы жолын тосады. Халықтың сүйікті әншісінің басына түскен бұл ауыр қайғыныкөрегн көпшіліктің қабырғасы қайысып, қатты қынжылады. Осы кезде аға сұлтан Мұса жинаған жұртты қақ жара, Жаяу Мұсаға жақынырақ келіп тұрады да: «Еу, қу кедей! Қолыңнан келмесі бар, несіне құр арам тер болдың? «Әлін білмес әлек» деген міне осы. Мен сияқты сұлтанға соқтығу сен сияқты сорлыға оңай сауда еместігі енді есіңде болсын. Ал, жылы орныңа бар да жат. Мұнан бұлай жолама менің жаныма, — деп тұтқын жанды тым қатты табалайды.

Айтқанына жетіп, әмірі орындалғанына соншалық масаттанған сұлтаның сөзіне орай Жаяу Мұса тілін тартпай, табанда өлеңмен жауап береді.

Мен айтсам, параңды айттым тілім ұзын,

Татармын бұйырған жер дәмі-тұзын.

Жыласың екі басты ел жалмаған,

Қоймаймын неғылсаң да айтар сөзім-

Деп, жиын топтың алдында аға сұлтанның айыбын бетіне басады. Сонымен қатар:

Тобылға он екі жыл мен айдалдым,

Артымда елі – жұртым бәрің қалдың.

Сұлтанға еш жазығым жоқ – ақ еді,

Жазықсыз жаза көріп, көп сандалдым.

Сәлем айт көп Қаржастың баласына,

Кез болдым хан – сұлтанның жаласына.

Шорманды кім өлтірді мен білмеймін,

Сонда да менен құнын аласы ма? - деп анталанған халыққа мұңын шаға хош айтысады. Жаяу Мұсаның жан тебрентерлік бұл бағалы сөздері жиналған жұрттың сай – сүйегін сырқыратады. Олар жазықсыз жанның тұтқыннан босап, тез оралуына тілектестік білдіреді, дуан басы сұлтанның сорақы қаталдығына қарғыс айтып тарасады.

Жаяу Мұса полицейскийдің айдауында айдан аса жаяу жүріп, Тобылға әрең жетеді. Мұсаға «Жаяу» деген ат тағылуының себебі осында болса керек. Ал, біреулер дуан басы Шорманның Мұсасы Байжанның жалғыз атты жарлы Мұсасымен аттас болуға арланып, оған «жаяу» деген сөзді өзі қосыпты деседі. Бірақ Жаяу Мұсаның «Ақсиса» дейтін әнінде:

Шорманның Мұстафасы атымды алып,

Атандым сол себептен Жаяу Мұса.-

Деуіне қарағанда, алғашқы айтылған сөздің дұрысты бар сияқты.

Жаяу Мұса Тобыл түрмесінде ұзақ уақыт жатып, қатты күйзеледі, сондықтан да жанындағы кейбір достарының кеңестері бойынша кесімді күндерінің қалғанын кең далада жүріп өтеуді ұнатады да, өз еркімен солдаттық қызметіне баруды сұрап, жоғарғы орындарға арыз береді. Соның нәтижесінде ол 1869 жылы, 34 жасында Петербургке шақыртылып, солдаттық қызметіне алынады. Сол кезде литвалықтардың патшаға қарсы көтерілісін басу үшін жіберігелі жатқан Черняев отрядына қосылады.

Литвалықтардың көтерілісін басқанна кейін ол отряд Орта Азия елдерін аралап, Әулиеатаға келеді, мұнда да көтерілісшілерге қатты соққы беріп, жаны түршіккен Жаяу Мұса онан әрі бұл отрядпен бірге болғысы келмей, бір түнде қашып шығады. Арада айлап жүріп, жүдеп – жадап, туған жеріне келеді.

Жаяу Мұсаның елге келгендігін естіген Шормановтар оны тағы да қуғынға ұшыратпақ болады қашқын деп елге лақап таратады.

Ұзақ уақыт тұтқында, еріксіз солдаттық қызметінде жүріп, жаңа ғана келген Жаяу Мұса сағынған ел – жұртының ішінде еркіме бой жазып жүре алмай, тағы да қашып – пысып, қатал жаудың қолына түспеу қамын қарастырады.

Бірақ арамза жау тіміскілеп қоймаған соң, алыстау жерге барып, бой тасалау үшін Ақмола жаққа қарай жол тартады. Барған сәтте Жолаба Қыпшақ дейтін елді аралап , әр жерде қонақтайды да жүреді.

Жалғыз атты жолаушының мақсатсыз жай ғана жа емес екендігін аңғарға ауыл адамдары танысқылары келіп, жөн сұрастырғанда өзінің қандай жайда жүргендігін Жаяу Мұса да жасырмай айтып береді. Оның басынан кешірген хал – жағдайына толық түсіген жұрт «Бұтаға қорғалаған торғайдың да жаны қалды», енді еліне қайтпай –ақ біздің ортамызда бол, — деп мейірімділік көрсетеді.

Осыдай ел құрметіне бөленген Жаяу Мұса ән салып, өлең айтып, жүрген жерін ойын – сауыққа кенелдіреді. Бір күні сол елдегі Құлбай дейтін байдың үйіне келіп қонады. Құлбайдың баласы Сүйімбайдың Сапар дейтін қызымен танысып, соған үйленбек болады. Бірақ, қызы жақсы болғанымен Құлбайдың сараңдығын ұнатпай, оны келемеждеп «Құлбай бай» деген күлдіргі ән шығарады. Бұл оны осы уақытқа дейін ескірмей ел аузында айтылып келеді.

Сапарға үйленіп, сол Құлбай аулында біраз тұрғаннан кейін Жаяу Мұса еліне бір көңілсіз хабар естиді. Жаяу Мұсаны қолға түсіре алмаған Шормаовтардың оған деген қастығы бұрынғыда да күшейе түседі. Ауылын ата қонысынан қыс ішінде көшіріп жіберіп, барлық жер – суын Жаяу Мұсамен ағайындас Поштаев Хұсайын дегенге алып береді.

Міне, осы хабарды естісімен хан – сұлтандардың мұндай айуандық әрекеттеріне қатты ызаланған Жаяу Мұса жоғарғы ұлықтарға арыз жазып, олардың жолсыздық жұмыстарын әшкерелейді. Сөйтіп, біраз айтыс – тартыстан кейін істің ақыры Жаяу Мұсаың пайдасына шешіледі де, бұрынғы ата қонысын айып – анжысымен қоса өзіне қайтарып алады.

Үш жүзге алтым мәлім Жаяу Мұса,

Көрермін жанның бәрі мендей туса.

Аттыда жаяу жүріп кек аламын,

Жігіттер, шамаң келсе, маған ұса! - дейтін әні осы кезде жарыққа шыққан көрінеді. Сондай – ақ Шормановтардың айдап салуымен өзінің төл мекенін тартып алып, аулын қатты күйзелушілікке ұшыратқан опасыз Хұсайын Поштаевқа:

Поштаев бір Айдабол баласы едік,

Екеуміз бір қыстауға талас едік.

Жыртысын Шормановтың жыртамын деп,

Салдың ғой аулымызға мұнша бүлік. – деп әділетсіздігін айтып, өлең шығарады.

Айтысқан жауын жеңіп, көңлі жайланған Жаяу Мұса Сапарды еліне алып келіп, ауыл ішіде ойын-сауығын өткізіп, серілік құру жолыа түседі. Бірақ, бұл жағдай оның белгілі қас жауларына жақпайды, сондықтан ебін тауып, тағы да тұтқынға алдыру әрекетін жасайды. Ол үші әр жерден аңдушылар қойып, қалайда қолға түсіру қамын ойлайды.

Бір күні Жаяу Мұсаның өз аулында екенін анықтағаннан кейін Павлодардан бір топ солдаттар жібертіп, ұйықтап жатқан жерінде ұстатады, оның қол – аяғын байлап, оңаша үйге қамап тастайды да өздері қой сойдырып, ойын – сауық жасап, қаннен – қаперсіз отыра береді. Осы кезде ауыл жігіттері Жаяу Мұсаның ақылымен әйелдерше киініп келеді де, қамсыз отырған солдаттардың қаруларын тартып алып, өздерін түп – түгел байлап салады. Жандарынан шошынған солдаттар жалынып – жалпайып, өз бастарын әрең дегенде босатып алады да, алды – артына қарамастан қаша жөнеледі.

Алайда, істің ақыры насырға шабатынып білген Жаяу Мұса тыныш жата алмай , Шорман тұқымдарынан тасалана тұрғысы келеді.

Бірақ, қайда барарын білмейді. Бұрынғыдан ауыл маңыдағы тоғай арасы пана болмайтынын сезеді.

Ақыры тәуекелге бел байлап, қашық жерге қоныс аудара тұруға бел байлайды.

Сөйтіп алыс жолға сапар шеккен Жаяу Мұса Қазан қаласына барады. Онда татар халқының музыка мәдениетімен танысады. Қала халқымен біраз үйреніскеннен кейін ойын – сауықтарға қатнасып, өзінің әншілік қабілетін танытады. Творчестволық еңбектерін көптің алдында тартады.

Осы кезде Жаяу Мұса :

Қыздары Қазан сипатын,

Қызықтым сүйіп сымбатын.

Көрдім талай арудың

Жақсы, жаман келбетін.

Алты ай тұрып Қазанда,

Байқадым қыздар әлпетін, - деп, Қазан қыздары атты күлдіргі ән шығарады. Қазанда алты ай тұрып, ел-жұртын әбден сағынған Жаяу Мұса бұлайша қашып-пысып жүріп бассауғалағанша елге барғаным жөн болар деген тоқтамға келеді.

Жаяу Мұса Еліне келсе, аулы орнында жоқ, Шорман тұқымдары мал-мүліктерін талан-таражға салып, таратып алыпты, туған-туысқандарын тоз – тозғып жіберіпті.

Хан-сұлтандардың бұл зорлығы Жаяу Мұсаға бұрынғысыннан да қаттырақ батады.

Қарсылық көрсетуге шамасы келмеге Жаяу Мұса жаяу жалпылап жүріп, Омбыға барып, губернаторға шағым жасайды. Губернатор : Шормановтың жолсыздық ісіне тез тыйм салынсын, Жаяу Мұсаның ата қонысы, талауға түскен мал – мүлік түгелдей өзіне қайтарылсын деп, Павлодар оязына қағаз жазып береді.

Бұл барған сапары сәтті болып, үлкен қуаышпен қайтқан Жаяу Мұса арада бірнеше күн жүріп, Павлодарға келеді де, оязға кіріп, губернатордың жазған бұйрығын ұсынады.

Бірақ ол тағы бір қолайсыздық жағдайға кездеседі. Ата жауы, аға сұлтан Мұсаның оязбе бірге отырғанын көріп, жүрегі қатты шошынады. Олар губератордың бұйрығын оқып, екі жақтан зіркілдеп қоя береді. Неге өтірік арыз жазасың, деп жер – жебіріне жетеді. Жаяу Мұса да олардан тілі тартпай, Мұсаның әділетсіздігін айтып, айыбын бетіне басады.

Омбыға шошынғаннан жаяу бардым,

Арада күн – күн жүріп, шаршап талдым,

Бұйрығың губератор әкелсем де,

Пәлеге ашылмастай еді қалдым, - деп басталатын Жаяу Мұсаның бір өлеңі осы кезде жарыққа шыққан көрінеді.


Ояз Мұсаны жақтағысы келіп, қашама жан таласқанымен де, губернатордың бұйрығын орындамай отыра алмады. Жаяу Мұсаның арызында көрсетілген талаптары түгелімен жүзеге асады.

Алайда, Мұса Шорманов Жаяу Мұсаға деген қастық әрекетін үдете береді.

Бір жылы маңайдағы ауылдың шабындығын жеді деген жаламе Жаяу Мұсаның бір топ бұзауын қырғызып тастайды.

Бұл сияқты шектен асқан қаскүнемдікке арнап Жаяу Мұса мынандай өлең шығарады:

Ей, Мұса, мен не жаздым саған жарқын,

Күшпенен тоздырдың ғой ауыл халқын.

Бұзауын ауылымның қырып салдың,

Көрерсің не болғанын істің артын.

Мақтанба басыңдағы бағыңызға,

Қартаймақ қиын болар тағыңызда.

Сізге де сорлы болу қиын емес,

Басыңнан бағың тайған шағыңызда.

Бұдан бірақ уақыт өткеннен кейін аға сұлтан Мұса атақты Арап ұрысы бастаған бір топ адамдарды жіберіп, Жаяу Мұса ауылының тағы да барлық жылқысын айдатып алады.

Сөйтіп, Шорман балаларымен Жаяу Мұсаның арасындағы өшпенділік өрті өрши түседі.

Жаяу Мұса тағы да Омбы губернаторына арыз беріп, ұрланған жылқыларын орынан салдырады да, Арапты тұтқыға алдырады. Соның артынан көп кешікпей – ақ Мұса да аға сұлтандық қызметінен босатылады.

Алысқан жауын жеңіп, көңілі жайлаған Жаяу Мұса да жанынан өнерлі жігіт – желеңдерді жинап алады да, серлік құрып ел аралайды. Жаяу Мұсаның ел арасында беделі артып, салдықпен еркін өміржасай бастауын көре алмай, қатты күйінген Мұса оған соқтығу үшін сылтау тапқысы келеді. Сол мақсатпен оның қыран бүркітін сұратып кісі жібереді. Оған ызаланған Жаяу Мұса:

Ей,Мұса, құс сатпаймын дүние малға,

Болсам да өзім кедей жүрмен жалға.

Арам мал елден алған жиындыны

Алмақ түгіл, ұстаман сірә қолға, - деп хат жазады.


Жаяу Мұсаның бұл жауабы жанына мірдің оғындай қадалған ол не істерін білмей, іштен тынады. Бұрынғыдай айдатып, байлататын әкімшілік әмірі енді жүрмейтініне үлкен өкінеді. Сөйтіп көрнеу күш жұмсау қолынан келе қоймаған соң, жасырын қастық жасау жолы қарастырады. Бір арамзаны ақшаға жалдап Жаяу Мұсаға у бергізеді. Бірақ, дер кезінде емделіп, ауруханада үш ай жатқаннан кейін Жаяу Мұса аман – есен жазылып шығады. Бұл кезде Жаяу Мұсаның өнерпаздық даңқы өз ортасынан асып, көршілес отырған Қарқаралы, Көкшетау, Ақмола елдеріне түгел жайылады. Өйткені осы елдерде бір кездерде ол өзі де аралап, шарықтата ән салып, күмбірлете күй шерткен болатын.

Әуелден мал жинамаған ол жасы ұлғайып қалған кезде кедейліктің зардабын тартады. Осыған байланысты:

Жігітке кедейшілік бір сергелдең,

Жоқ болса жалғыз атың өлгенмен тең.

Үйіңнен тату құрбың құр аттанса,

Немене бұл дүниеден үміттенген, - деп басталатын «Қоңыр» дейтін әнін шығарған көрінеді.Тегіде Жаяу Мұсаның шығармалары кейбір кездейсоқ жағдайларда ғана емес, үнемі кезеңді бір уақиғаларға жазылғандағы байқалады. Оның ішінде осы жинаққа кіріп отырған қырыққа жуық әндерінің көпшілігі ілгеріде айтылған өзінің ата жауы аға сұлтан Мұсаме арадағы талас-тартыстан туған. Мәселен: «Шорманға», «Бұзау жыры», «Арап батыр», «Боз торғай», «Сұрша қыз», «Гауһар қыз», «Кедейлер», «Ұлы тау», «Баян ауыл» сияқты бірсыпыра әндері осы айтылғандардың айғағы бола алады.

Айта кететін бір жай Жаяу Мұсаның кейбір әндерін әркім әртүрлі айтады. Мысалы: «Ақ сиса» , «Аулау» , «Көк аршын», «Күлбай бай» , «Сапар» сияқты әндерін нотаға жаздырып Ақмолалық әші – кешегі Қосымжан Бабаков мархұмның орындауынын Қарқаралы әншілері : Қуан Лекров пе Жүсіпбек Елебековтың айтуларында біраз өзгешеліктері брлығы байқалады. Осыған қарағанда, әр жердің әншілері өздерінің үйренуінше айтып кеткенге ұқсайды. Бірақ, бұл жинаққа сол әндердің түрлі варианттары беріліп отыр.

Ән мелодияларының өзгешеліктері сияқты оның өлеңдерінің сөздерінде де өзгерістер кездеседі. Мысалы «Ақ сиса» әнін біреулер :

Үш жүзге атым мәлім Жаяу Мұса,

Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса.

Аттыдан жаяу жүріп кек аламын.

Жігіттер, шамаң келсе маған ұста, - десе, біреулері:

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса – сиса,

Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса,

Шорманның Мұстафасы атымды алып,

Атандым сол себептен Жаяу Мұса, - деп айтып жүр. Сондай – ақ:

Дариға, іш күйеді зорлығына

Сенді ғой мал басының молдығына.

Қорқамын тағы дүре соға ма деп.

Сонда да шыдамаймын қорлығына, - дейтін өлеңі «Ақ сиса» әнінде де, «Хаулоу» әнінде де айтылып келеді. Сондықтан бұл жинақта осы әндердің мазмұнына қарай сөздері де екшелеп алынады.

Ал , енді ән текстерінің ұқсастық жағына келсек, мынандай жайды көреміз:

Жаяу Мұсаның «Әндижан» дейтін әнінің 1 – шумағында:

Ішуге осы жақтан шай таппадым,

Қайтейін, шіркін көңіл жай таппадың

Жұлдызға аспандағы қолым сермеп,

Торыдай жауыр болған қайқақтадым, - дейтін төрт жол «Гауһар қыз» атты әнінде айтылады. Ал, осы әндердің қайырмасындағы сөздер де өте ұқсас келеді. Міне бұл жағдайлардың бәрі де әнді орындаушылардың әуелде шала-шарпы үйренулері салдарынан туған кемшіліктер болуға тиіс.

Жаяу Мұса ән текстірінен басқа да көптеген өлеңдер жазған көрінеді. Оның 1880 жылдар қарсаңында жазған 60 беттей қолжазбасын Қазақ ССР Ғылым академиясының экспедициясы 1955 жылы Қазақ университетінің архивінен тапқан. Бұл еңбектерін ол өзі Қазанға барып тұрған кезінде тапсырған болу керек.

Сондай – ақ тағы да. Бірсыпыра өлеңдерін өзінің басалы Салық 1955 жылы Қазақстанның Ғылым академиясына әкеліп тапсырған болатын. Оның ішіде ақынның Қытай елінің болашағын болжағандай «Қытай еліне сәлем» дейтін өлеңі бар. Үстем таппен араларындағы өшпенділік өмір бойына созылған. Жаяу Мұса Октябрь таңы атқаннан кейін – ақ белдескен ата жауынан аяусыз кетіп, аңсаған арманынан жетеді. Бұрынғы хан-сұлтандардан көрген қыспақтарын еді олардың өз алдарына келтіреді.

1928 жылы ел ішіндегі ірі байларды конфесқациялап, мал – мүліктерін қазнаға алу жұмысына басшылық етеді. Күрескер композитор, дарынды әнші, жыршы Жаяу Мұса 1929 жылы 94 жасында өзінің туып – өскен жерінде қайтыс болады.

Оның өзінен соңғы ұрпақтарына қалдырып кеткен музыкалық асыл мұралары осы күнге дейін ескірмей ел аузыда айтылып келеді және айтыла бермек.



Әсет Найманбаев – асқақ үнді, әсем ырғақты әндер шығарған сазгерлігіне қоса әдеби қорымызға көркемдігі жоғары мол мұра қосқан ақындығымен де оқшауланатын тұлға. Бұл тұрғыда ол – әлеуметтік ойларын, демократиялық-ағартушылық идеяларын өлеңмен, әнмен таратқан Абайдың бағытындағы ақын және оның алдын көрген талантты шәкірттерінің бірі. Әсет Найманбаев 1867 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Мақанша ауданындағы Бақты ауылында дүниеге келген. Әсеттің ән мен өлеңге әуестігі медреседе оқып жүргенде-ақ байқалады. Жаттау, есту қабілеті аса жоғары болған ол ауылға келген әншінің әнін, жыршының мақамын бір естігеннен қағып алатын болған. Әлімғазы деген болыс оның әншілігін, ақындығын білген соң өзінің жанына тартады. Ол Әсетті ер жетіп, айналаға әншілік даңқы щығып, әбден атақты өнерпаз болғанша көз жазбай қадағалайды. Қоянды жәрмеңкесіне барып, Арқаның ән мектебінен сусындап, оның әсем әндерін Жетісу мен Тарбағатай өңіріне жеткізуші, Біржанның, Ақанның, Құлтуманың әндерін шығыс аймаққа таратушы болады. Әсеттің ақындық мұрасын, яғни поэзиялық шығармаларын үш топқа бөліп қарауға болады. Олар: 1) өлеңдері 2) айтыстары 3) қисса-дастандары. Әсет өлеңдерінің ішінде халыққа айрықша танымал бөлігі – оның ән-өлеңдері. Барша халық оның басқа өлеңдерін, айтыстары мен қисса-дастандарын көп білмесе де, «Інжу-маржан», «Қысмет», «Мақпал», «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Қоңыр қаз» тәрізді әндері жақсы біледі. Ақынның ән-өлеңдерінің дені жастық шақ, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбына арналған. Сазгер Ахмет Жұбанов «Әсет шығармашылығының шыңы» деп баға берген «Інжу-маржан» әні – сөзі мен әуені шебер ұштасқан, өзіндік өрнегі, мәнерімен ерекшеленетін қазақ әндерінің ғажап дүниесі. Өлеңдегі ақынның өзі жайында мағлұмат беруі, өз ерекшелігі, өнердегі, өмірдегі жолы, ата тегі жайлы баяндау ежелгі дәстүрдегі суырыпсалма ақындарға, сал-серілерге тән әдіс. Бұл дәстүрді Әсет те жалғастырған. Әсеттің сөзден бал тамызар шешендігін, суреткерлігін, маржан сөзді нөсерлете төгетін асқақ шабыты мен ақындық қуатын танытатын өлеңдерінің бірі – «Арғынмын, атым Әсет арындаған» деп басталатын өлеңі. Бұл өлеңде төкпе ақындарға тән шалқар шабыт та, сұлу үйлесімділік те орын тепкен. Әсеттің айтыскерлігіне тоқталсақ, Әсет пен Ырысжанның айтысы – сипаты жағынан қыз бен жігіт айтысы түріне де, жұмбақ айтыс түріне де жатқызуға болатын айтыс. Айтыстағы қалыптасқан дәстүр бойынша, әр ақын өз руының атақты адамдарын, бай-мырзаларын, жер, суын, елін айтып мақтанатын, сол арқылы өздерінің артықшылықтарын көрсеткісі келетін. Әсет пен Ырысжанның айтысы бұндай көзбояушылыққа жол бермеді. Ақынның мол мұраларының бірі – қисса-дастандар. Бұл салада әдеби қауымға оның тұңғыш белгілі болған шығармасы - «Евгений Онегин». Абайдан кейін Евгений Онегинді қазақ халқына жеткізу – Әсеттің әдебиет тарихынан үлкен орын алатын еңбегі, қазақ және орыс әдебиетіне қосқан үлесі десек болады. Біраз дастандарын Шығыс әңгіме-аңыздарының оқиғасынан алып жырлаған Әсет Найманбаев бірінші рет өз дастанының оқиға желісін орыс өмірінен алып жырлаған. Сертке беріктік, уәдеге адалдық – Әсет шығармаларында ең көп жырланған тақырып. Әсет дастандарында махаббат, байлық, мансап, зұлымдық, адамгершілік бірдей қатар орын алып, шытырман оқиғалардың дамуы да, шешілуі де қызықтырып отырады. Әсет шығармашылығының қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихынан алатын орны ерекше. Оның әуен саздары да, өлеңі де өнерімізге қосылған зор үлес. Өлең сөздерінен Әсеттің арманы, өнер жолындағы өмірі, өкініші мен қуанышы – бәрі, бүкіл жан дүниесі сезіледі. Оның әдеби және музыкалық мол мұрасы халықтың рухани игілігіне айналған, эстетикалық және тәрбиелік мәні зор ұлттық қазына.

І. «Жаяу Мұса ауылы» Жаяу Мұса туралы

ІІ. «Ә.Найманбаев ауылы» Ә.Найманбаев туралы

Өлеңдерін сатылай кешенді талдау

1.Авторы –

2.Тақырыбы ­–

3.Жанр түрі –

4.Идеясы ­–

5.Шумақ –

6.Тармақ –

7.Бунақ –

8.Буын саны –

9.Ұйқас түрі –



«Екі жақты күнделік»

Өлеңдері

Шығармаларының ерекше әсер еткен тұсы туралы өз пікірін жазу







– «Ауылдың алты ауызы» болмайтын бе еді? Ал қайсысың ән айтасыңдар?

«Орамал тастау» ойыны бойынша қарсы топқа сұрақтар қою

Пікірталас

V. Жаңа сабақты бекіту

Сал-серілердің ізін жалғаушы – Сәкен Майғазиевтың АСҚКК қонаққа келетінен хабардар шығарсыңдар? Сіздерге қонаққа арнап дастархан мәзірін дайындауды тапсырды делік. Сендер не ұсынар едіңдер және қалай әзірлейсіңдер?



«Буриме» әдісі

Ұйқас түріне қарай өлең шығару

Қорыта айтар болсақ, қазақ елі мәдениетінің даму тарихы өзгеше. Қазақ халқының тарихы небір оқиғаларға толы. Ондай оқиғалар сол ортада өмір сүрген адамдардың жүрегінде өшпес із қалдырып, мәңгі есте сақталып қалады. Әсіресе, қоғамдық өмірдің сан алуан сыры күмбірлеген күй мен шырқалған әндерден өз көріністерін тауып отырған. Әнші-ақындар көбінесе тарихи оқиғалар жайында толғаса, ол жырлар өз заманының шежіресі болып қалғандығы белгілі. Ал аңыз, өлең, музыка ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалатыны сөзсіз...Сондықтан халықтың жоғын жоқтайтын, халыққа қызмет ететін өнер өлмесін, өз жалғасын тапсын! «Өнерліге өріс кең» дейді халық. Өнерлі өрге жүзсін!

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма: Реферат

«Ән – көңілдің ажары» деген тақырыпта эссе жазу



VIII. Рефлексия

«+; -» Білім алушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін сараптау


Әзірлеген оқытушы:



_______Ж.Ермаханова

Сал-сері — дәстүрлі қазақ қоғамында ерекше өнерпаздықпен байланысты ұғым. Сал сөзінің этимологиясы серіктес жігіттерімен ауылға таяғанда әдейі аттан құлап, ауыл қыздары үйге көтеріп алып кіргенше сал болған адамша тырп етпей жата беретін іс-әрекеттен туындаған. Сал айрықша киімдерімен ерекшеленген. Зерттеуші Ә.Диваев “Салдың үстіне киген киімі халық кимеген түрден болады. Егер ол киген киімді халық кисе, оны кимей, қарақұрым киізден киім қылып киеді екен” дейді. Ел аузында салдардың паң жүрісі, тәкаппар мінездері, киім киістері, сән-салтанаты туралы аңыз-әңгімелер көп. Мысалы, Жетісу өңірінде “Дәурен салдың белбеуіндей” деген теңеу қалыптасқан. Ол Ілені кешіп өткенде белбеуінің бір ұшы арғы жағада екінші ұшы бергі жағада қалады екен деген аңыз бар. Арқадан шыққан Қаспақ сал атын шәйі шүберекпен тұсаса, кей салдардың аттарына шөп орнына мейіз, су орнына бие сүтін беретінін ел аңыз қылып айтады. Қазақ халқының ежелгі салттарының бірі — салдық салыстыру. Бәсекеге түскен салдардың іс-әрекет, қылықтары басқа адамдар үшін ақылға сыйымсыз, ерсі көрінуі мүмкін. Бәсеке кезінде астындағы атын әп-сәтте бауыздап тастау, т.б. іс-әрекеттер орындалған. Салдық салыстыру кезінде кісілік, жомарттық, мәрттік, т.б. өнер түрлері сыналған. Мысалы, К.Әзірбаевтан жазып алынған Дәурен мен Қырмызы салдардың бәсекесін айтуға болады. Салдар сайқымазақ, қу-әзілкештер секілді елді күлдіріп, думандатып жүрген. Салдар сияқты серілер де қымбат матадан киім киіп, арғымақ ат мініп, бүркіт баптап, құс салып, қасындағы жігіт-желеңімен ел аралаған. Бірақ салдарға тән ерсі мінез, аттан құлау, елден ерекше күлкілі киімдер кию тәрізді іс-әрекеттер жасамаған. Серілер таза, етек-жеңі жинақы киінген, кербез, паң мінездерімен оқшауланып, жомарттық, алғырлық, білімдарлық қасиеттерімен ерекшеленген, өнер жолына беріліп, сауық құрып, аңшылық-саятшылықпен айналысқан. Серілер репертуары салдардікінен едәуір аз болған, олар лирикалық әндер, мақтау өлеңдер шығарып, айтыстарға түскен. Серілерді сал типінің негізінде өткен ғасырда қалыптасқан өнер иелерінің жаңа түрі деуге болады. Сал-серілер топтаса жүріп, ауыл-ауылды аралаған, ақын, әнші, балуан, т.б. өнерпаз серіктері қатар жүрген. Серілердің бірдей ат мінуі, біртектес киім киюі, салдардың елден ерек, алабажақ киімі, басындағы үкісі де көшпелі дала әртістеріндей әсер қалдырған. Сал-серілердің іс-қимылы халықтық драма өнеріндегі ойын-сауықтың бір түрі қызметін атқарды. Сал-серілер ақын, композитор, әнші болумен қатар әртістік, бишілік, сиқыршылық, т.б. қасиеттерді бойына жинақтаған өнерпаздар еді. А.Жұбановтың, Ә.Тәжібаевтың естеліктерінде Шашубай Қошқарбайұлы туралы “ат үстінде тұрып баянмен ән салғанда бет-аузын адам танымастай өзгертіп, бас терісін жүгіртіп ойнатқанда қалпағы төбесінде мөңкитін, таяғын сиқыршыдай ойнататын” дейді. Аяғына үлкен сырық байлап өнер көрсеткені үшін “ағашаяқ” деген атқа ие болған Берікбол 6 — 7 түйені қатар қойып, бір жағынан екінші жағына секіріп түсетін болған. Ол қолына ағаш алып, керулі арқанның үстімен жүгірген, шапқан аттың үстінде төбесімен тұрып билеу, шалқалап жерден аузымен тақия алу сияқты цирк ойындарын шебер орындаған.
СЛАЙДҚА

Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И.Левшин былай деп тура айтқан: «Қазақтар адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А.Эйгхорнның қазақтар музыкасы туралы өз еңбегінде жазғаны: «Қазақтың әндері көкке көтеріліп бара жатқан бүркіттей өктем де, ерікті. Олар кішкентай баладан қария шалдарға дейін, бойжеткен қыздардан үлкен апаларға шейін барлығы айтатын мызғымайтын халық игілігі».




Ф 06.2-19 Издание1


Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет