Сабақтың әдістемелік өңдеуі Пән: Қазақ әдебиеті Тақырыбы



бет1/3
Дата25.05.2022
өлшемі60,75 Kb.
#144987
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
кеш абай
164445

Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжі

Келісілді
Колледж әдіскері _______
«____» ______ 20__ ж

Бекітемін
Басшының ОІжөніндегі орынбасары УМР_______________ТашекеноваА.У.
"____"_____ 20__ ж/г.

сабақтың
әдістемелік өңдеуі


Пән: Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: «Абай мұрасы - халық ұлағаты» (тағылымды кеш)


Құрастырған: Нуртазина Ф.Ж.

Қазақ тілі мен әдебиет пәндері ЦМК - нің


мәжілісінде талқыланды және мақұлданды.
Хаттама №_____«___»_____ 20___ж
ЦМК төрайымы ___________


Павлодар, 2022ж

«Абай мұрасы - халық ұлағаты» (тағылымды кеш)
Өткізілетін күні: 25.05.2022ж
Топ: Фс-121, КиЛ-111

Мақсаты:
- Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;
- «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
- Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау

1 - Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, әдебиет сүйер қауым,
білім нәріне құмар студенттер!

2 - Жүргізуші: Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға А. Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай мұрасы - халық ұлағаты» атты тағылымды кешке қош келдіңіздер!
(Слайдтта Эпиграф сөз көрсетіледі)
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс».

1 - Жүргізуші: Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі - бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет