Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Бұйрық рай+айын,(-ейін)+деп едім. Мезгіл үстеу


-тапсырма. Жауаптарға сұрақ қойыңыз



бет5/5
Дата03.02.2023
өлшемі2,66 Mb.
#167352
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Саба ты грамматикалы та ырыбы Б йры рай айын,(-ейін) деп еді

8-тапсырма. Жауаптарға сұрақ қойыңыз.

1

Керемет шипажай




2

Емдік бұлақ суы




3

Емдік бұлақ суын Рахман аңшы тауыпты.




4

Төрт елдің шекарасымен іргелес жатыр.






АЙТЫЛЫМ
9-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстандық демалыс орындарын, шипажайларын білесіз бе?

  2. Қазақстанның демалыс орындарына барып көрдіңіз бе? Қай жерге бардыңыз? Қашан бардыңыз?

  3. Қазақстанда өзіңіз көрмеген табиғат орындары бар ма?



ТЫҢДАЛЫМ В1 11-тапсырма 243 б.
10-тапсырма. Сұхбатты тыңдаңыз. Әр сөйлемді кім айтқанын жазыңыз.

1

Сөйлеушінің аттары кім?

№1 Сәния

№2 Жанболат

№3 Рабиға

2

Мен демалысымды әйеліммен бірге жоспарлаймын.










3

Мәндетті түрде










4

Демалысым емтихан тапсыруыма байланысты.










5

Құрбыммен бірге барар едім.










6

Жалғыз.










7

Әкеммен бірге барар едім.










8

Ақпарат жинау керек.










9

Мен ақша жинаймын.










10

Жан-жақты дайындалу керек.












ЖАҒДАЯТТЫҚ ТАПСЫРМА

  • Сіз жазғы еңбек демалысыңызды шетелде өткізейін деп жолдама алдыңыз,сіздің бастығыңыз өндірістік қажеттілігі бойынша жұмысқа шығыңыз дейді? Сіздің жауабыңыз?

  • Сіз досыңызбен саяхатқа шығамын дегенде, досыңызды жұмыс бабымен жібермеді. Сіздің шешіміңіз?



АРТЫҚ БОЛМАС БІЛГЕНІҢ...
Әлемнің қандай керемет жерлерін араласаң да туған жерге жетпейді, әрине. Қай кезде де туған елімізде халқымызбен біргеміз. Бірақ анда-санда демалғанда шетелге шығып тұрамыз. Өйткені бізде тамаша демалыс орындарымыз бар болғанымен ондағы қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде деп айта алмаймын. Сондай-ақ демалған кезде ешкімнің мазаламағын қалайсың. Өздеріңізге белгілі өнер адамдары жыл бойы концерт, той-томалақта халықтың арасында жүретін болғандықтан бір уақыт көпшіліктің көзінен таса жерде демалғысы келеді. Өз басым Түркияда, теңіз жағасында демалғанды ұнатамын.
Шыны керек, менде демалатын уақыт бола бермейді, болса да өте аз. Уақытымның көбі ұшақта өтеді десем де болады. Гастрольдік сапарлармен жүремін. Бос уақытым бола қалса, фазендаға барамын, табиғат аясында демалғанды, атқа мінгенді жақсы көремін. Өзіме сыйға тартқан керемет атым бар. Мен тыныштықта демалғанды ұнатамын. Ал шетелдерге демалу үшін емес, көбінесе жұмыс барысымен барамын. Айталық осы жылдың қазан айында АҚШ-тың Майами штатына баруды жоспарлап отырмын.
Роза Әлқожа:
Биыл бірінші рет бала-шағамызбен Түркияға барып демалып қайтуды жоспарлап отырмыз. Әрине, өзіміздің елімізде де табиғаты тамаша, көрікті жерлер, демалыс орындары бар. Дегенмен шетелге де барып, көріп, демалып қайтқан жақсы ғой. Жазғы демалысты есте қаларлықтай қызық өткізгенге не жетсін? Алла бұйырса, шілде айында отбасымызбен Түркияға аттанбақпыз.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ: Саяхат туралы қанатты сөздер жазып келу
Сабақты қорытындылау

  • Қандай жаңа ақпарат алдым?

  • Не қызықты болды?

  • Қандай қиыншылықтар болды?

  • Өзім үшін не білдім , не алдым?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет