Кальций IV период, II топтың негізгі топшасының элементі, реттік нөмірі 20, ядросында 20 протон мен 20 нейтроны бар.Ar =40. Электрондарының жалпы саны да 20.Кальцийдің электрондық формуласы 1s22s2 2p6 3s23p64s2, валенттілік электрондары 4s2 болғандықтан кальций қосылыстарында тұрақты II валентті.
Мәрмәр,Мрамор
Әктас,Известняк
Бор,Мел
Физикалық қасиеттері.
Кальций ақ түсті, жеңіл (р=1,55 г/см3), сілтілік металдардан қаттырақ зат, t°балқу = 851°С, керосиннің астында сақталады.
Ат. н. 20; ат. м. 40,08; балқу t 842°С; қайнау
t 1495°С тығыздығы 1,55 г/см2. Кальцийді 1808 жылы ағылшын ғалымы Г.Дэви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл металл, белгілі изотоптары 14, табиғи изотоптары 6. Негізгі минералдары: кальцит , ангидрит, гипс, флюорит, апатит.
Кальций оксиді — ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны "сөндірілмеген әк" деп атайды. Оны әктасты жоғары температурада (1000 C0 шамасында) қыздырып, ыдырату арқылы алады:
СаС03 =t= СаО + СО2↑- 180кДж
Кальций оксиді — нағыз негіздік оксид. Кальций сілтілікжер металл болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін, яғни сілтісін түзеді:
СаО + Н20 = Са(ОН)2 + 70 кДж
Лабороторияда көмірқышқыл газын анықтау үшін қолданады. Әк суына көмір қышқыл газын жібергенде, ол алдымен ерімейтін карбонат түзіп, лайлана бастайды:
Са(ОН)2 + CO2 = СаСО3↓ + Н2О
Газды одан әрі жібере берсе, лай көрінбей кетеді, өйткені суда ерімейтін орта тұз ерімтал қышқыл тұзға айналады:
СаСО3 + Н2О + СО2 = Са(НСО3)2
Жаңбыр және басқа да табиғи сулар ауадағы көмірқышкыл газын ерітіп, көмір қышқылын түзеді:
H2O + CO2 ↔ H2CO3
Кальций гидрокарбонатының ерітіндісі баяу ыдырайды, ал кыздырғанда, бұл процесс күшейе түседі: Са(НС03)2 =t= CaCO3↓ + Н20 + C02↑
Табиғатта гипсті CaS04 • 2Н20 өртегенде, өзінің кристалдық суының біразын жоғалтып, алебастрға айналады:
CaS04 • 2Н2О = CaS04 • 0,5Н20 + 1,5Н20
Ca
Көкөністердің құрамына Ca кіреді.
Құрамында кальцийі бар тағамдар.
Қорытынды
Кальций-белсенді сілтілікжер металы. Ол оттекпен, бейметалдармен, сумен, қышқылдармен әрекеттеседі. Маңызды қосылыстары: сөндірілген әк CaO, сөндірілген немесе әк суы, әк сүті Са(OH)2, әктас немесе бор, мәрмәр, СаСО3, ғаныш СаSO4·2H2O, фосфорит Ca3(PO4)2 және т.б