Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы


Қарым-қатынастың түрлері мен формалары



бет5/22
Дата05.10.2022
өлшемі95,03 Kb.
#151829
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Дәрістер (2)
буклет-Eurasiascience-48.docx
Қарым-қатынастың түрлері мен формалары
Фатикалық қарым-қатынас – коммуникативті құралдарды тек қана қарым-қатынас процесін қолдап, қуат беру мақсатында қолданатын мазмұнсыз қарым-қатынас. Оған ақсүйектер қарым-қа-тынасы жеке мысал бола алады. Мәні жағынан бұл қарым-қатынас заттық емес, мақсаты жоқ, оны жүзеге асыру процесінде адамдар бұл тұрғыда өздерінің не ойлайтындықтарын емес, осындай жағ-дайларда не айтылу керек, соны айтады. Бұл қарым-қатынас жабық, өйткені, адамдардың қандай-да бір мәселеге байланысты көзқарас-тары ешқандай мәнге ие болмайды және коммуникация сипатын анықтамайды.
Құралдық қарым-қатынас, бұл – өзіндік мақсат болып та-былмайтын, өзіндік жеке қажеттіліктен туындамайтын, алайда, қа-рым-қатынас актісінен ләззат алудан басқа қандай-да бір өзге мақ-сатты көздейтін қарым-қатынас. Мысалы, бұған кездесуге тиіс бол-ғандықтан кездесетін туысқандар арасындағы қарым-қатынасты жатқызуға болады. Мұндай кездесулерден кейін адамдар әдетте жеңіл күрсінеді де, қарым-қатынастың іске асырылғанын есептеп қояды.
Мақсаттық қарым-қатынас – өз-өзіне спецификалық қа-жеттілікті, аталмыш жағдайда қарым-қатынасқа деген қажеттілікті қанағаттандыру құралы болатын қарым-қатынас.
Коммуникацияның қосымша құралдарын қолдану немесе қолданбау негізі бойынша тікелей және жанамаланған, тура және жанама қарым-қатынасты бөліп көрсетуге болады.
Тікелей қарым-қатынас, бұл - тіршілік иесіне табиғатынан берілген табиғи мүшелердің: дауыс үні мен екпіні, ым-ишара, бас, дене, қол қимылдары және т.б. көмегімен жүзеге асырылатын қа-рым-қатынас.
Жанамаланған (тікелей емес) қарым-қатынас ақпарат ал-масудың арнайы құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Бұл табиғи (таяқ, тас лақтыру, жерде, құзда, ағашта қалған іздер және т.с.с.) немесе мәдени құралдар (таңбалық жүйелер, әртүрлі символ-дар, телефон, мөр, радио, теледидар және т.б.).
Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ., Жалпы психология: Оқулық / Қ. Жарықбаев.- Өнделіп, бесінші басылуы.- Алматы: Эверо, 2004.- 378 б.

  2. Намазбаева Ж.И., Жалпы психология: Оқулық / Ж.И. Намазбаева.- Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006. - 296 с.

  3. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы / Жауапты ред. С.М. Жақыпов.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2007. - 230 б.

  4. Жарықбаев Қ., Қазақ психологиясының тарихы / Қ. Жарықбаев.- Алматы: Қазақтан, 1996. - 160 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет