Сабақтың жоспары


Мектеп бағдарламасындағы өлкетану курсы



бет22/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
лекция тезистері
Сортировка массивов
Мектеп бағдарламасындағы өлкетану курсы
Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында тәрбие үдерісінде жаңа жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Нәтижеге бағытталған бұл жобалар арқылы таяу жылдары жалпыхалықтық қоғамдық сананы жаңғырту – тәрбие жұмыстарының басты бағдарына айналды. Мақсат – жаһандану үдерісіне жұтылып кетпейтін, ұлттық бірегейлік пен дәстүрімізді сақтаған, бәсекеге қабілетті саналы азамат тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан, бүгінгі білім беру жүйесінде өлкетануды оқу мен оқытуды ғылыми және әдістемелік деңгейін жетілдіру маңызды мәселе болғандықтан Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы осы бағытта бірқатар әдістемелік ұсынымдамалар әзірледі. Аталған әдістемелік ұсыныстар жарық көрді және облыстық өлкетану курсын дайындауда басшылыққа алды.
1. Орта мектепте «Өлкетану» курсын оқытудың әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал - 2013 жыл.
2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы білім беретінұйымдарда өлкетанулық жұмыстарды жетілдіру. Әдістемелік ұсынымдамалар -2017 жыл.
3. «Ұлттық қазына»: Мұражайлардағы «жанды» сабақтар. Әдістемелік ұсынымдамалар -2018 жыл.
Бұл әдістемелер мектептегі тәлімгерлерге, тәрбиешілерге, педагог-псхихологтарға, сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне жас ұрпақты талапқа сай тәрбиелеуге мүмкіндік беретін көмекші құрал болып табылады. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әзірлеген әдістемесінің негізінде төмендегідей бағдарлама жарыққа шықты. Бағдарламаның түп нұсқасы 2013 жылы жарық көрді.Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-7-сыныптарына арналған "Өлкетану" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. Бағдарлама екі тараудан тұрады.
1-тарау. Жалпы ережелер
 1. "Өлкетану" – "Қазақстан тарихы", "Қазақ әдебиеті" (қазақ тілді емес мектептерге "Қазақ тілі мен әдебиеті"), "География", "Музыка" жалпы білім беретін оқу пәндерін толықтыратын кіріктірілген оқу курсы және туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін оқуға ықпал етеді.
2. Курстың мақсаты – туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, мәдени, табиғи және басқа да факторлар туралы білім қалыптастыру; туған елге деген сүйіспеншілік сезімге, қоршаған табиғи ортаны аялауға тәрбиелеу болып табылады.

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет