Сабақтың жоспары


лекция География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар



бет20/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
лекция тезистері
Сортировка массивов
10 лекция
География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар
_____________________________________________________________
1 Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарының мақсаты мен міндеттері
2. География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру әдістері
3. Мектеп географиясы пәнінен жүйелі жүргізілетін сыныртан тыс жұмыстардың жеке түрлеріне шолу
______________________________________________________________
Оқушының сыныптан тыс жұмысы – бұл сыныптағы сабақтан бос кездегі мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқушылардң оқу мәселелерін шешуге, зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған әрекеті.
Сыныптан тыс жұмыстар географиялық білімнің жалпы мақсаты оқушының жеке тұлға нетінде қалыптасуына қолжеткіуге ықпал ету міндетін атқарады. Оның мазмұнының негізгі бағыттарыоқушылардың білімдерін толықтыру мен тереңдету, географиялық және зерттеу сипатындағы іскерлік-дағдыларды қалыптастыруды қамтиды.
География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктеріне оқушылардың өз беттерімен іздену дағдыларын күшейту, өлкетану бағыты айқын байқалатын жобалау әрекеті технологиясын пайдалану, кәсіби және эстетикалық бағытталуы, географиялық білімге деген қызығушылық уәжін күшейту жатады.
Сыныптан тыс жұмыстарды өткізу төменде көрсетілген бірқатар дидактикалық талаптармен анықталады:
-педагогикалық басшылықтың оқушылардың өз беттерімен және еркімен қатысуымен үйлесуі;
-оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеруді қажет етуі; оны өткізудің жүйелілігі мен үздіксіздігі.
География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарда үш деңгей айқын байқалады. Олар оқушылардың біліміндегі түйткілді мәселелердің жойылуы, оқу бағдарламасының шығатын қосымша білімнің алынуы, зерттеу жобаларының тапсырмаларын орындау барысында оқушылардың іс-әрекетін басқару. Сыныпта жүргізілетін оқу жұмыстары оқулық немесе оның жеке тараулары оқушылардың танымдық қызығушылықтарын толық қанағаттандыруы мүмкін емес. Шектеулі уақыт ішінде география сабақтарында оқушылар бар күш жігерілерін география ғылымдарының негізгі білімдерін оқып-үйренуге жұмсайды. Олар әр түрлі дерек көздерінен геология, топрақтану, геоморфология, мұхиттану, гляциология, жанартатану, картография, геоурбанистика т.б. ғылымдары туралы біледі. Танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыра отырып географиялық білімді тереңдетіу, оқу бағдарламасын нақтылау арқылы мұғалім география ғылымдарына аса қызығатын оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тартады.
Білімалушыларды география ғылымының заманауи зерттеу әдістерімен таныстыру, әр түрлі приборлармен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруі олардың
ізденіс пен зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттырады.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты жас ұрпақтың жан-жақты және
үйлесімді дамып жеке тұлға ретінде қалыптасуларын қамтамасыз ету. Бұл талап адамды тәрбиелеу, өз бойында барлық рукхани байлықтардың үйлесуін қамтамасыз етуді. Ар-ожданы таза, физикалық жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруды көздейтін отан сүйгіштік тәрбие ойына сәйкес келеді.
География пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асырудың басты міндеттері:
- оқушыларды табиғатты түсініп оған сүйіңспеншілікпен қарауға үйрету;
-өзі тұратын өлкенің табиғаты, халқы, шаруашылығы, экономикасы, мәдениеті туралы білімдерін тереңдету;
- оқушылардың табиғи орта және елдің шаруашылығының орналасуы туралы түсініктерін дамыту;
- географияны оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын қалыптастыру;

  • оқушылардың білімі мен іскерлік-дағдыларын дамытып, оқу іс-

әрекетінде белсенділіктерін арттыруға, оқу бағдарламасы бойынша
берілген материалдарды тез меңгеруіне көмектесу;

  • сыныптан тыс жұмыстарды өткізу және оған дайындық барысыда оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер қоя білуіне, белгіленген әдебиеттерді оқуына мүмкіндік беру;

География пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың оқушыларда бір-біріне өзара көмектесу, достық, ұжымда жұмыс істеу дағдылары сыяқты т.б. сапалық қасиеттерін қалыптастыруды көздейтін білімдік және тәрбиелік міндеттерін пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері анықтайды.
Сыныптан тыс жұмыстар барысында жиналатын қызықты деректермен, ғылымның маңызды жетістіктермен танысу, табиғи наысандар мен өндіріс орындарына жорықтан ұйымдастыру оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын арттырумен қатар, шығармашылық қабілеттерін ынталандырады.
Туған өлкенің табиғатын, шаруашылығын, экономикасын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін оқыпүйрену географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мүмкіндіктерін арттырып, оқушылардың отан сүйгіштік сезімдерін дамытады. Табиғаттың көркін бақылай отырып шәкірттердің эстетикалық көзқарастары жетіледі, қоршаған ортаны аялауға, тарихи-мәдени ескерткіштерін сақтауға дағдылары қалыптасады.
Білімді тереңдетіп іскерлік-дағдыларды қалыптастыратындыдықтан география пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісімен тығыз байланысты. Бірақ қазіргі кезеңде онымен айналысатын оқушылар санының аздығын тек география пәніне қызығатын балалар ғана тартылуымен түсіндіруге болады. Сыныптан тысм жұмыстар оқушылардың шығармашылық үйлері, жас туристер бекеті сыяқты мекемелер ұйымдастыратын мектептен тыс жұмыстармен де тығыз байланысты. Онда жүргізілетін жұмыстарғса әр түрлі жастағы және әр түрлі мектептердің оқушылары тартылған.
Мектептен тыс мекемелер өз үйірмелерінің, клубтарының, қоғамдары мен
секцияларының жұмыстарын Қазақстан Республикасының білім және ғылым
министрлігі бекіткен оқу бағдарламасына сәйкес құрады.
Педагогтар жүргізген зерттеулері оқушылардың география пәніндегі жаңа деректерді тануға ұмтылуы танымдық қызығушылықтарын дамытатынын көрсетті. Оқу және сыныптан тыс жұмыстарың өзара байланысында жетекші орын біріншісіне беріледі.
Қоғам мен табиғат тың өзара қарым-қатынастары бойынша дүниетанымдарын қалыптастырумен қатар, теориялық білімді өмірмен байланыстырып, оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын қалыптастыратындықтан қазіргі кезеңде жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі сыныптан тыс жұмыстардың маңызы күннен-күнге артуда. Сыныптан тыс жұмыстардың алуан түрлі нышандары арқылы ғылымды терең оқып-үйренуді жүзегеасыру жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз беттерімен білім алуға ұмтылуға, әр түрлі географиялық ақпарат көздерін қолдану дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.



1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет