Сабақтың жоспары


Жаратылыстану пәнінің құрылымы. Ғылым әлемі «Ғалам. Жер. Адам», «Заттар мер материалдар» бөлімдерін оқыту әдістері



бет25/31
Дата03.11.2022
өлшемі478,88 Kb.
#156430
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
лекция тезистері
Сортировка массивов
2. Жаратылыстану пәнінің құрылымы. Ғылым әлемі «Ғалам. Жер. Адам», «Заттар мер материалдар» бөлімдерін оқыту әдістері
3. Зат және материалдар. Тірі және өлі табиғаттағы үрдістер бөлімін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
______________________________________________________________
Мектеп географиясының бастауыш курстарын оқытудың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының Өкіметінің 2012 жылдға 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жалпыға міндетті орта білім беру стандартына, Білім және ғылым мистрлігінің 2013 жылғы № 115 бұйрығына сәйкес бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына (ұзақ мерзімді оқу жоспарына) сәйкес жазылған 2017 және 2018 жылдары «Атамұра» ( Б.Ш.Абдиманапов, А.У Абулгазиев, А.Нүркенова, Г. Ауезова), «Алматы кітап» ( Р.Ә. Қаратабанов Л.А. Верховцева, О.А. Костюченко, М.В. Ушакова), «Мектеп» (Е.А.Очкур, Т.Г.Белоусова, Н.А.Панмцева, В.М.Ударова) баспаларынан шығарған 5-6 сыныптың жаңартылған мазмұндағы жаратылыстану пәні оқулықтары қолданылады.
Пәнді оқытудың мақсаты ұзақ мерзімді оқу жоспарының әр бөлімде белгіленген оқу мақсаттарына сәйкес оқушыларға теориялық білім негіздерін, оқу ақпараттарын талдау, жинақтау бағалау зерттеу, үлгілеу дағдыларын, ғылыми әдіске қатысты бастапқы дағдыларды меңгерту.
Жаратылыстану пәнін төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:
-бізді қоршаған әлемнің табиғи-ғылыми бейнесі, негіздері туралы түсініктерін, ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру;
-оқушылардың танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- адамдармен нәтижелі сұхбаттасу, өз ой пікірлерін негіздеу, болжамдар жасау және оларды дәлелдеу жолдарын ұсыну, зерттеу мәселелерін тұжырымдау және оның жоспарын құру, бақылаулар мен эксперименттер барысында алынған деректерді жинау, сипаттау және бағалау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту;
- интернет-ресурстарда, ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі ғылыми-жаратылыстану ақпараттарымен жұмыс істеу, іздеу, талдау жинақтау және алынған мәліметтердің шынайылығын бағалау негізінде өз беттерімен білім алуға дағдыландыру;
-зерттеу нәтижелерін әртүрлі нышанда ұсыну жаратылыстану ғылымдары саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы маңызын түсіндіру.
Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру стандарты мен үлгілік оқу бағдарламасына (ұзақ мерзімді оқу жоспарына) сәйкес жаратылыстану пәнін оқытудың білім беру нәтижелері жеке, метапәндік және пәндік болып үш түрге бөлінеді. Осы нәтижелерге қол жеткізу жалпы негізгі білім беру, таңдау пәндерінің (авторлық бағдарламалармен) және жаратылыстану пәнінің бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, бағдарламаны игерудің жеке және метапәндік нәтижелері әрдайым пәндік мазмұнды зерттеу және пәнаралық міндеттерді шешу барысында қалыптасады. Сондықтан жаратылыстану ғылымын зерттеудің жеке және метапәндік білім беру нәтижелеріне жаратылыстану пәндерінің мазмұндарын игеруде және оған тән оқу тапсырмаларын орындауда қалыптасатын іскерліктер, қабілеттер мен дағдылар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет