Сабақтың көрнекілігі: Карта,суреттер,сызбалар, слайдтар, интерактивті тақта,суреттер



Дата19.07.2020
өлшемі81,39 Kb.
#74834
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Нарықтық экономика . Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға нарықтық жүйеге көшудің қиыншылықтары мен нарықтық экономиканың қалыптасуын түсіндіру. Дамытушылық: Тақырыптың басты мәселесін және өз ойларын еркін айтып, қоытынды жасай білуге қалыптастыру. Тәрбиелік : Оқушылардың патриоттыққа, қазақ жеріндегі саяси өзгерістер жайында ұлттық сезімдерін ояту. Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ .(Аралас) (АКТ) Сабақтың әдісі: Тірек сызба арқылы түсіндіру,оқулықпен жұмыс,баяндау . Сабақтың көрнекілігі: Карта,суреттер,сызбалар, слайдтар, интерактивті тақта ,суреттер.

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Сыныпты топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау :



Жаңа сабақ :

* Республика Президенті Жоғарғы Кеңес Президиумымен келісе отырып, республика аумағында1992 жылы 6 қаңтардан бастап бағаны босату туралы Жарлық қабылдады. * Алғашқы кезеңінде (1992 жылғы қаңтар) ол 186,4 есе, ал сәуірдегі (1991) реформадан кейін 554, 6 есе өсті. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы бірінші Конституциясы бойынша жекеменшік ресмилендірілді.


Нарықтық экономиканың қалыптасуы
Қазақстан экономикасындағы өзгерістер.


Бір мезгілде

Жекешелендіру

Заң шығарушылық база :

  • меншік туралы

  • шетел инвестициясы туралы

  • шаруашылық қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы

  • банк және банк қызметі туралы

  • монополияны шектеу туралы



Салық реформасы



Баға реформасы

Еңбекақы жөніндегі реформа

Жаңа банктік саясат

Шағын бизнестің дамуы

Монополияларды бөлшектеу

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру мақсатында 1993 жылы маңызды деген екі шешім қабылданды :



1. Республикадағы жекеменшік түрлерін бір қалыпқа түсіру мақсатында 1993 жылдың сәуірінен бастап мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.


Жекешелендіру
2. 1993 жылдың 15 қарашасында республиканың өз ұлттық валютасы теңге айналымға енді.

Термин сөздердің мағынасын табу, айту.



  • Инфляция .......................

  • Жекешелендіру ................................

  • Аукцион ............................

  • Акция ...................................

  • Экономикалық дағдарыс ...........................

Сабақты бекіту :

1. Ауыл шаруашылығын реформалау қалай жүргізілді ?

2. Нарықтық экономикаға өтудің құқықтық негізін қалау үшін Парламент қандай заңдар қабылдады ?

3. Жұмыссыздық пен оның өсуінің себебі неде ?

4. Ұлттық валюта айналымға қашан енгізілді ?

Сабақты қорытындылау.

Нарықтық экономиканың қалыптасуы меншік пен шаруашылық жүргізудің әр түрлі тәсілдеріне негізделген көпқырлы экономиканы орнықтырумен тікелей байланысты екені белгілі. Алайда жүргізілген реформалар өз жемісін де бере бастады. Ол, әсіресе, 90- жылдардың соңында айқынырақ байқалды, ал ХХІ ғасырдың басында түбегейлі өзгеріс орын алды. Тауар рыногы молайып, кезекке тұру жоғалды, жәрдемақы, еңбекақы уақытында берілетін болды. Теңге едәуір нығайды. Совхоздар мен колхоздар меншігі келмеске кетті. Жекешеге берілген мыңдаған орташа және ірі кәсіпорындар жұмыс істей бастады.



Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма : Нарықтық экономика.
Каталог: uploads -> doc -> 0c83
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c83 -> «Реалии быта казахского и русского народов в образных фразеологизмах»
0c83 -> Нурфазылова Салтанат Гайнуллинаның орта мерзімді сабақ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет