Сабақтың мақсаты : Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту және өз өмірін сақтауға үйрету



бет1/5
Дата18.12.2021
өлшемі40,5 Kb.
#102788
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Денсаулық-өмір негізі
сурак конферт, 24- сабақ - Кездесу қозғалысына берілген есептер, Көркем еңбек 2-т ҚМЖ 130 бұйрық 4-сынып, хеее, Диктант 1-4.2022

Сабақтың тақырыбы:  Денсаулық-өмір негізі

Сабақтың мақсаты :Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту  және өз өмірін сақтауға үйрету.

Міндеттері:

  • салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;

  • салауатты өмір сүруіне ықпал ету;

  • денсаулығын бағалауға, салауатты өмір ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекілік:компьютер,интерактивті тақта,үнтаспа

Күтілетін нәтиже:зиянды әдеттерден аулақ жүріп,салауаттылық өмір салтын ұстануды үйрету.

  Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Қазір біз, балалар бүгінгі күнімізге, өзімізге жақсылық , жарасымды көңіл күй тілей отырып ортада тұрған «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық. Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.


2.Тыныштық сәті:

-Балалар, жақсылап жайғасып отырыңдар, енді көздеріңді жұмып, әркім өзін адамға денсаулық сыйлайтын, балаларды аурудан қорғайтын қорғаныш қасиеті бар нұр ретінде сезініңдер. Сендер нұрларыңда шашқан сайын айнала нұрланып, нұры тиген адамдар аурудан сауығады. Көзі көрмейтіндер әлемді көріп куанса, есту қабілетінен айырылғандар барша дауыстарды ести алады, қатерлі аурумен ауыратындар жазылып, бәрі де сауыққандарына қуанып, шаттықтың нұрына бөленді. Сен де сол адамдарға жақсылық сыйлағаныңа риза болдың. Енді көздеріңді ашыңдар.Рахмет

Адамдарға денсаулық сыйлағанда қандай сезімде болдыңдар?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет