Сабақтың мақсаты 2 1- сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме) Ойлан



Дата14.04.2020
өлшемі16,55 Mb.
#62460
түріСабақ
Байланысты:
Сілтемелер

    Бұл бет үшін навигация:
  • Ойлан

Сабақтың тақырыбы: Сілтемелер

Класс: 6

Сабақтың мақсаты

6.2.2.1- сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме)

Ойлан

Жаңа білім


Мәтіндік құжаттарда  реферат, ғылыми жоба, мақалалар жазған кезде сілтеме қолданған өте қолайлы. Сілтеме түсіндірме, түсініктеме, алынған деректің ақпарат көздерін көрсету үшін керек. Мәтіндік редакторларда сілтемелерді автоматты түрде беруге болады. Сол сияқты Word мәтіндік редакторында сілтемелерді автоматты түрде қосуға болады. Программа автоматты түрде сілтемені беттің төменгі жағында  орналастырады, оған қажетті қаріп өлшемін таңдайды. Егер құжатта қандай да бір өзгерістер болса, нөмірлерін сақтауға болады.

Сілтеме

Сөз немесе сөйлемге берілген түсіндірме мәтін  тұрған бетте орналасатын кәдімгі сілтеме. Әдетте, олар әдеби шығарма, эссе жазу кезінде қолданылады.

Түсіндірме мәтін құжаттың, тараудың  соңындағы сілтеме. Сілтемелердің бұл түрі реферат, мақала, курстық, және т.б құжаттарды жазуда қолданылады.

Сілтемелер (Ссылки)  қосымшасында Сілтемелер (Сноски) тақтасы орналасқан (1-сурет). Сілтемені кірістіру үшін құжаттағы сілтеме берілетін объектіні (сөз немесе сөйлем) тінтуірмен ерекшелеп алу керек. Сілтемелер (Сноски) тақтасындағы Сілтемені кірістіру (Вставить сноску) батырмасын шертсек, ерекшеленген объектіде сілтеме нөмірі пайда болады. Сонымен бірге сол беттің соңында көлденең шегара сызық пен нөмірленген түсіндірме жазу аймағы пайда болады. Қажетті түсіндірмені сілтеме нөмірі бойынша сол аймаққа қоямыз.

Жаңа білім

Ойлануға берілген сұрақтар
  • Құжатқа сілтемелер қою қажеттілігі неден туындаған?
  • Вставить ссылку (Сілтемені қою) мен Вставить концевую сноску (Соңғы сілтемені кірістіру) командалар қызметінің қандай айырмашылықтары бар?
  • Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі қандай мақсатта  қолданылады?
  • Вставить концевую сноску (Соңғы сілтемені кірістіру) және Ссылки и список литературы (Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі) командаларының қызметіндегі ерекшелікті қалай түсіндіресің?


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет