Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



бет12/15
Дата01.12.2016
өлшемі2,9 Mb.
#2934
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

  • Сабақтың тақырыбы: § 47. 1920-1930 жылдардағы өнеркәсіптің дамуы.

  • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік: XX ғасырдың басындағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы, басты ерекшеліктері туралы мәлімет беру, сол кездегі экономикалық даму жағдайы туралы білімді игеру үшін жағдай жасау.

    • Дамытушылық: социалистік экономика туралы түсінік қалыптастыра отырып, оны әр қырынан талдай білуге үйрету, олардың ойлау дағдыларын, қабілетін жан-жақты дамыту.

    • Тәрбиелік: еліміздің өткеніне құрметпен қарауға үйрету, тақырыптың маңызды мәселелерін оқыту арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.

    • Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

    • Әдісі: интерактивті

    • Пәнаралық байланыс: география

    • Көрнекілік: әр түрлі өнеркәсіп құрылыстарының суреттері. Мысалы, Түрксіб құрылысы.

    • Сабақтың барысы:

    • I. Ұйымдастыру кезеңі.

    • Оқушыларды сынып ішінде үш топқа бөліп, әр топтың жұмыс істеу тәсілін түсіндіріп беремін.

    • II. Үй тапсырмасын тексеру.

    • Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға карточкалық сұрақтар беремін. Карточка бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

    • «Алаш» қозғалысының алдына қойған мақсаттарын атаңдар.

    • Әлихан Бөкейханов туралы айт.

    • «Алаш» партиясының мүшелері туралы не білесің?

    • А.Байтұрсыновтың қызметі туралы не білесің?

    • «Алаш» партиясына қандай топ карсы болды? Неліктен?

    • Бұдан әрі оқушылардың үйге берілген сұрақтар мен тапсырмаларын тексеріп шығып, кейбір оқушыларды бағалаймын.

    • Соңында Алаш қозғалысының жалпы мақсаттары мен міндеттерін көрсетіп, Алаш қайраткерлерінің қызметтері мен тағдырларына, аталған қозғалыстың тарихи маңызына, Қазақстан тарихынан алатын орнына қысқаша тоқтала отырып үй тапсырмасын қорытындылаймын.

    • III. Жаңа сабақ.

    • Жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспары алдын ала тақтаға жазылып қойылады. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып беремін.

    • Сабақ жоспары:

    • 1. Қазақстанның әлеуметтік-экономиқалық жағдайы.

    • 2. Қазақстан индустрияландыру жылдарында,

    • 3. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Алдымен оқушылардың назарын жоспарға аударамынжәне мынадай бағытта жаңа сабақты түсіндіріп өтемін.

    • Азамат соғысынан кейінгі Қазақстанның экономиқалық жағдайы:

    • Өнеркәсіптегі хал.

    • Ауыл шаруашылығы.

    • Ашаршылық. Индустрияландыру жылдары:

    • Жаңадан салынған өнеркәсіп орындары.

    • Түркістан-Сібір темір жол құрылысы.

    • Қазақстан КСРО-ның шикізат базасы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру:

    • Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты.

    • Байлардың мал-мүлкін тәркілеу.

    • Күштеп ұжымдастыру.

    • Ұжымдастыру зардабы.

    • а) Мал шығыны. ә) Ашаршылық. б) Демографиялық өзгеріс.

    • Ұжымдастыру саясатына қарсылық.

    • Тұлғалар: Т.Рысқұлов, С. Сәдуақасов, М.Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев, Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин.

    • Сабақты түсіндірген кезде көрнекі құралдарды ретіне қарай пайдаланып отырамын. Және әңгімемнің арасында әр топтың оқушыларына сұрақ қойып, оларды да сабаққа қатыстырып отырамын.

    • Оқулықпен жұмыс

    • Оқушыларға топпен бірігіп отырып мәтінді оқып шығуға, керекті мәліметтерді, оның ішінде хронологиялық даталарды, терминдерді дәптер бетіне түсіріп отыруды тапсырамын. Бұған оқушыларға бес минуттай уақыт беремін.

    • Топқа берілетін тапсырмалар.

    • I. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономиқалық жағдайына талдау жаса.

    • Бұл тапсырманы әр топ өзара ақылдаса отырып орындап шығады. Топтан бір оқушыдан шығып ортақ пікірлерін айтады. Оны толықтырып отыруға болады.

    • Алғашқы тапсырманы орындап болғаннан кейін, топ мүшелерін бағалай отыра келесі тапсырма беріледі.

    • II. Әр топ алдарындағы кестені салыстыра отырып бірігіп толтырады.



      • Индустрияландыру

      • Ұжымдастыру

      • Уақыты





      • Пайдасы





      • Зардабы





      • Тарихи маңызы





    • Толтырылған кестені тексеріп шығамын.

    • Осыдан кейін үш топты жарыстыру мақсатында әр топқа тест сұрақтарын таратамын. Тест сұрақтарының саны 7-8 болады.

    • 1. Кеңес Одағында индустрияландыру бағыты қабылданған жыл.

    • 2. Түрксіб темір жолының ұзындығы т.б.

    • Қорытынды кезең:

    • Сабақты бекіту мақсатында топтарға карточкалық сұрақтар таратамын. Бұған жауап алғаннан кейін өткен тақырыптың негізгі мәселелеріне тоқтала қорытындылаймын.

    • Бағалау: Үй тапсырмасы:. 47-параграфты оқу.

    • 5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

    • Сабақтың тақырыбы: §48. 1920-1930 жж білім мен мәдениеттің дамуы.

    • Сабақтыңмақсаты:

    • Білімділік: ХХғасырдың 1-жартысындағы Қазақстандағы білім беру мен мәдениеттің жалпы дамуы, ерекшелігі туралы мәлімет беру, мәдени құрылысты жан-жақты түсінуге жағдай туғызу.

    • Дамытушылық: мәдени құрылыс үрдісін түсіндіре отырып, оның басты ерекшеліктерін анықтай білу дағдыларын қалыптастыру, өз беттерінше шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.

    • Тәрбиелік: мәдени құрылыстың дамуының басты ерекшеліктерін түсіндіре отырып, ұлтымыздың мәдени құндылықтарын құрметтеу сезімін оятуға жағдай жасау, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін жете тануға көмектесу, қызығушылықтарын ояту.

    • Сабақтың түрі: аралас

    • Әдісі: интерактивті

    • Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т.б.

    • Көрнекілік: ақын-жазушылардың суреттері (М. Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин т.б.).

    • Сабақтың барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңі.

    2. Үй тапсырмасын тексеру.

    • Оқушылардан үйге қандай тапсырма бергенін сұраймын. Оқушылар жауап бергеннен кейін, өткен сабаққа аздап кіріспе жасап, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:

    • 1. Индустрияландыру дегеніміз не?

    • 2. Индустрияландыру жылдары Қазақстанда қандай өнеркәсіп орындары салынды?

    • 3. Индустрияландырудың маңызы қандай болды?

    • 4. Түркістан-Сібір темір жолының тарихи маңызын керсет.

    • 5. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру Қазақстанда қалай жүзеге асырылды?

    • 6. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың зардаптарын көрсет.

    • 7. Т. Рысқұловтың және «Бесеудің хаты» не туралы болды?

    • 8. Ф.И. Голощекиннің «Кіші Қазан» саясатының мәні.

    • Бұдан әрі оқушылардың жауабын толықтырып, өткен сабаққа шолу жасаймын. Қазақстандағы индустрияландыру мен күштеп ұжымдастыру саясатын салыстыра отырып, үй тапсырмасына қысқаша қорытынды жасаймын.

    • III. Жаңа сабақ.

    • Сабақтың тақырыбын тақтаға жазып қоямын. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып өткен соң, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

    • Сабақты түсіндіру үшін төмендегідей жоспар құрамын.

    • 1. Сауатсыздықты жою.

    • 2. Халық ағарту ісі.

    • 3. Ғылым мен мәдениет.

    • 4. Қазақ өнерінің қалыптасуы.

    • Алдымен қысқаша кіріспе әңгіме ретінде білім мен мәдениеттің тарихтағы орны, маңызы туралы әңгімелеп беремін.

    • Жоспардың бірінші бөлімін оқулықтан бір оқушыға дауыстатып оқытқаннан кейін әңгімелесу арқылы түсіндіремін. «Сауат ашу», «сауатсыздық» сөздеріне бірлесе отырып түсінік беріп өтемін. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін барлық елде сауатсыздықты жою мақсаты қойылды. Себебі жаңа қоғам орнату, сауатсыздықты жою бірінші міндет еді. 1924 жылы «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Алдымен ересектер арасында сауатсыздықты жою мақсатында мектептер ашылып, хат таныту ісі жүргізіле бастады. Бұл әрекеттер біршама нәтиже берді. 1930 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру жөнінде қаулы қабылданды.

    • Екінші бөлім бойынша да қыскаша түсінік беріп өтемін.

    • Ағарту - білім беру ісі. Кеңес өкіметі 20-30-жылдары ағарту ісіне көбірек көңіл бөле бастады. Қаражат бөлініп мектептер мен интернаттар салынды. Ұлт зиялылары Қ. Сәтбаев, Ә. Бөкейханов, М. Әуезов, А.Байтұрсыновтар мектептерге арналған оқулықтар жазуда өлшеусіз үлес қосты.

    • Жоғары оқу орындары да көптеп ашыла бастады.

    • Дәптерлеріне хронологиялық кесте түрінде жаздырамын.

    • Ғылым мен мәдениеттің дамуын мына бағытпен түсіндіремін.

    • Ғылыми-зерттеу істері.

    • Ғалымдар.

    • Әдебиеттің дамуы.

    • Сталиндік қуғындау.

    • Атаулар мен есімдер: М. Дулатов, М. Тынышбаев, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Б.Майлин, I. Жансугіров, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ғ. Мүсірепов, Қ. Сәтбаев.

    • «Өнер» сөзіне түсінік беріп өтеміз.

    • Қазақ өнерінің дамуы қарқынды жүрді. Белгілі этнограф А.В. Затаевич қазақтың ән-күйлерін жинастырып «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты жинақтар шығарады. Атақты әнші Ә.Қашаубаев Еуропа сахналарында ән салып, қазақ әнінің құдіретін танытады. Қазақ өнерінің дамуын 1926 жылы ашылған ұлттык театр жеделдетеді. Оны Ж. Шанин басқарды.

    • Қорытынды кезең:

    • Жалпы қорытынды кезеңінде сабақты бекіту мақсатында тест тапсырмаларын қолданамын. Тест тапсырмалары жаңа өтілетін тақырып бойынша құрастырылады. Тапсырмалардың саны 10 болады.

    • 1. «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы қай жылы құрылды?

    • 2. Алғаш Қазақ, тіліндегі алгебра оқулығын құрастырған ғалым.

    • 3. 1928 жылы ашылған жоғары оқу орны т.б.

    • Тапсырмаларды жалпылама тексере отырып, жоспар бойынша тақырыпқа шолу жасап қорытындылаймын.

    • Тест сұрақтарға берген жауаптары бойынша оқушыларды бағалаймын.

    • Бағалау:

    • Үй тапсырмасы: 48-параграфты оқу.

    • 5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

    • Сабақтың тақырыбы: § 49. Ұлы Отан соғысының басталуы

    • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік: оқушыларға Ұлы Отан соғысы жайлы мағлұмат беру, Қазақстандағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жағдай, жеңіске қосқан Қазақстандықтардың үлесі жайлы және Ұлы жеңістің тарихи маңызы туралы білім алуға көмектесу.

    • Дамытушылық: тақырыпты меңгерте отырып Ұлы жеңіс жайлы білімдерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, нақты мәліметтерді қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

    • Тәрбиелік: жеңістің маңызын түсіндіру арқылы Отанға деген сүйішпеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру.

    • Сабақтың түрі: аралас

    • Әдісі: интерактивті

    • Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т.б.

    • Көрнекілік: соғыс туралы картиналар, КСРО батырларының суреттері, бұрынғы КСРО және Еуропа картасы.

    • Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

    • II. Үй тапсырмасын сұрау.

    • Өткен сабақты қайталау мақсатында және оқушылардың білімін тексеру үшін төмендегідей сұрақтар қоямын.

    • 1. «Сауатсыздықты жою» дегенді қалай түсінесің?

    • 2. 20-30-жылдары халық ағарту ісінде қандай өзгерістер жүзеге асты?

    • 3. Қазақстандағы ғылымның дамуы қандай дәрежеде еді?

    • 4. Қазақстанда 20-30-жылдары ғылым, білім, мәдениеттің дамуына қандай кедергілер әсер етті?

    • 5. Қазақстанда өнер саласында қандай жетістіктерге қол жетті?

    • 6. 20-30-жылдардағы мәдени құрылыстың дамуы қандай дәрежеде болды деп ойлайсың?

    • Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін үйге берілген сөзжұмбақтарды тексеріп шығып бағалаймын.

    • Бұдан әрі үй тапсырмасына берілген өткен тақырыпты қорытындылаймын.

    • III. Жаңа сабақ.

    • Жаңа сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады. Оқушыларға сабақтың негізгі мақсаттарын айтып беремін.

    • Сабакты төмендегідей жоспар бойынша түсіндіремін:

    • 1. Фашистік Германияның соғыс жоспары.

    • 2. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

    • Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?

    • Оқушылардың берген жауабын толықтыра отырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

    • Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар аралығында болды.

    • Еуропада орналасқан Германияда 1933 жылы ұлтшыл-фашистік тәртіп орнады. Жетекшісі Адольф Гитлер болды. 1939 жылы фашистік Германия әлемге иелік ету мақсатында соғыс бастады. 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жеріне басып кірді. 1941 жылы Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Енді тек оған қарсы шығатын КСРО ғана қалды. Фашистік Германия КСРО-ны 3-4 ай-дың ішінде басып алу жоспарын жасады. Ол жоспар «Барбаросса» деп аталды.

    • 1941 жылы 22 маусымда неміс өскерлері КСРО шека-расына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.

    • Мәтінді оқушыларға оқыта отырып талдатамын.

    • Қазақстан халқы да Отан қорғау ісіне алғашқы күндерден бастап өз үлестерін қосты. Қазақстан халқының бестен бірі майданға аттанды.

    • Ең алдымен Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру жүргізілді. Көптеген өнеркәсіптер соғысқа қажетті заттар шығаратын кәсіпорын етіліп қайта құрылды. Сонымен қатар майдан өңірі болып саналатын Ресей, Украина, Белоруссиядан көптеген кәсіпорындар Қазақстанға көшірілді. Ондай кәсіпорындардың саны 220-ға жетті.

    • Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі базаға айналды. Майданда қолданылған барлық оқтың 90%-ы Қазақстан жерінде өндірілген қорғасыннан жасалды. Қазақстан жерінде яғни тылда негізінен кәрі адамдар, әйелдер және балалар жұмыс істеді.

    • Мәтінді оқытып оқушылармен бірге талдаймыз.

    • Бұдан кейін КСРО және Еуропа картасын пайдалана отырып, тақырыпты толықтырып шығамын. Картаға оқушыларды шығарып, олардың білімдерін тексеремін.

    • Қорытынды кезең:

    • Сабақты қорытындылау үшін карточкалық тапсырмаларды пайдаланамын.

    • 1. «Барбаросса» жоспарының мәні неде?

    • 2. Фашистік Германияның мақсаты.

    • 3. Қазақстан майданды негізгі қамтамасыз етуші.

    • 4. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру.

    • 5. Тыл еңбегі жайында не білеміз?

    • 6. Қазақстан - майдан арсеналы дегенді қалай түсінесің?

    • Аталған тапсырмаларға жауап ала отырып Ұлы Отан соғысы жайлы оқушылардың пікірін, көзкарасын білемін. Онда негізінен проблемалық сұрақтар қоямын. Сонымен қатар оқушылар білімін КСРО және Еуропа картасын пайдалана отырып емінөн. Соңында бүгінгі тақырыпқа шолу жасап картаны пайдалана отырып сабақты қорытындылаймын.

    • Бағалау:

    • Үй тапсырмасы:

    • 1. 49-параграфты оқу.















    • 5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

    • Сабақтың тақырыбы: § 50. Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда.

    • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік: оқушыларға қазақстандыктардың Мәскеу және Ленинград қалаларын фашистерден қорғауда қоскан үлесі жайлы мағлұмат беру. Майдандағы Қазақстандықтардың ерлік істері жайында білім алуға жан-жакты жағдай жасау.

    • Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып Ұлы Отан соғысы жайлы білімдерін одан әрі дамытуға жағдай жасау. Тарихи оқиғаларға баға бере білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, ойлау қабілеттері мен шығармашылық әрекеттерін дамыту.

    • Тәрбиелік: Қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград үшін шайқастардағы ерлік істерін үлгі ете отырып ерлікке, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, батырларға, отан қорғаушыларға деген құрмет сезімін ояту, өз елінің өткенін мақтан тұтуға үйрету.

    • Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

    • Әдісі: интерактивті

    • Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т.б.

    • Көрнекілік: КСРО және Ұлы Отан соғысының картасы. Қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының суреті, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларының суреттері.

    • Сабақтың барысы:

    • I. Ұйымдастыру кезеңі.

    • II. Үй тапсырмасын тексеру.

    • Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болған соң өткен сабақты пысықтау мақсатында оқушылардан үй тапсырмасын сұраймын. Үй тапсырмасы екі түрлі бағытпен сұралады.

    • Алдымен бір-екі оқушыдан өткен сабақты карта арқылы сұраймын. Картадан фашистік Германияның Еуропадағы соғыс қимылы, КСРО-ға басып кірген өңірі сұралады. Оқушылар жауабын толықтырып өтемін.

    • Ары қарай үй тапсырмасын тексеру үшін негізінен өткен тақырыпқа байланысты салыстырмалы және проблемалық сұрақтар қоямын. Мұндай сұрақты алдын-ала дайындаймын.

    • Сұрақ мынадай бағытта қойылады:

    • 1. Фашистік Германияның жаулап алу саясаты.

    • 2. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру.

    • 3. Қазақстан майдан тылы.

    • Үй тапсырмасын сұрап болған соң өткен сабақты мұғалім өзі қорытындылап шығады. Онда Гитлерлік Германияның басқыншылық саясатына, КСРО-ны жаулап алудағы негізгі мақсатына шолу жасай отырып, оқушылармен бірлесіп тарихи тұрғыда баға бере кетуі керек. Сонымен қатар мұғалім өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыра кетуді ұмытпағаны жөн.

    • III. Жаңа сабақ.

    • Жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарын тақтаға жазамын. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып беремін.

    • Сабақты баяндау жоспары:

    • 1. Қазақстандыктар Мәскеу үшін шайқаста.

    • 2. Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста.

    • Тақырыпқа кіріспес бұрын оқушылардың назарын тақтадағы Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының суретіне аударамын. Аздап кіріспе жасап осы екі қала туралы оқушылардан не білетінін сұраймын. Әрі қарай оны өзім толықтырып қысқаша мағлұмат бере кетемін.

    • Оқулықта берілген екі тақырыпшаны оқушыларға кезекпен оқытып, мазмұнын сұраймын. Осыдан кейін түсіндіремін.

    • Түсіндіру бағыты

    • Бірінші бөлім:

    • - Мәскеу маңына жаулардың жақындауы.

    • - Мәскеуді қорғау.

    • - Панфиловшылар.

    • Екінші белім:

    • - Ленинград қоршауы.

    • - «Өмір жолы».

    • - Ленинградты қорғау.

    • Жаңа есімдер: Б. Момышұлы, И.В. Панфилов, В.Г. Клочков, М. Ғабдуллин, Т. Тоқтаров, Ә. Молдағулова, М. Мәметова, С. Баймағамбетов.

    • Бұдан кейін оқушыларға оқулықты пайдалана отырып кесте толтыртамын:



      • Мәскеу үшін шайқас

      • Ленинград үшін шайқас

      • Уақыты





      • Құрамалар





      • Ерлік көрсеткен қазақстандықтар





      • Тарихи маңызы





    • Қорытынды кезең:

    • Сабақты қорытындылау мақсатында карточкалық тапсырмаларды пайдаланамын.

    • Сұрақ үлгісі:

    • 1. Панфиловшылар ерлігі жайлы айт.

    • 2. «Өмір жолының» маңызы.

    • Оқушылар жауабын тыңдаған соң карта және суреттерді пайдалана отырып бүгінгі тақырыпқа қорытынды жасаймын.

    • Бағалау:

    • Үй тапсырмасы: 1. 50-параграфты оқу.













    • 5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

    • Сабақтың тақырыбы: § 51 Ұлы жеңіске қосылған үлес

    • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік: Қазақстандықтардың Ұлы жеңіске қосқан үлесі жайлы оқушыларға мағлұмат беру. Отан соғысының батырларының ерліктерімен таныстыру, сонымен қатар жеңістің тарихи маңызы жайлы білім алуға көмектесу.

    • Дамытушылық: нақты мәліметтерді анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасай отырып, өз беттерінше шығармашылық ізденіске дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

    • Тәрбиелік: Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен батырларды үлгі өте отырып ерлік істерге, патриоттыққа тәрбиелеу, батырлардың ерлігін құрметтеуге үйрету.

    • Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

    • Әдісі: интерактивті

    • Пәнаралық баланыс: география

    • Көрнекілік: Қазақстандық Ұлы Отан соғысы батырларының суреттері, КСРО картасы.

    • Сабақтың барысы:

    • I. Ұйымдастыру кезеңі.

    • II. Үй тапсырмасын тексеру.

    • Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болған соң өткен сабақты оқушылардың естеріне сала отырып, үй тапсырмасын тексеруге кірісемін. Үйге берілген тапсырмаларды тексеру мақсатында мынадай сұрақтар қоямын:

    • 1. Мәскеуді қорғаудағы қазақстандақтардың рөлі қандай болды деп ойлайсың?

    • 2. Мәскеу түбіндегі жеңістің маңызы қандай?

    • 3. Мәскеу түбіндегі шайқаста ерлік көрсеткен қазақстандықтардан кімдерді білесіңдер?

    • 4. Панфиловшылар жайлы не білесіңдер?

    • 5. Қоршаудағы Ленинград жайлы айт.

    • 6. Ленинград қаласын қорғаудағы қазақстандыктардың үлесі.

    • 7. «Өмір жолының» қандай маңызы болды?

    • Үй тапсырмасын тексеруде картаны, қалалардың суреттері сияқты көрнекі құралдарды пайдаланамын. Сонымен қатар оқушылардың үйде құрастырған сұрақтар мен басқа да тапсырмаларын тексеріп, оны өткен сабақты қайталау үшін басқа оқушыларға орындатамын. Ең соңында үй тапсырмасын қыскаша қорытындылап, жаңа сабаққа кірісемін.

    • III. Жаңа сабақ.

    • Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазып қоямыз. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстырып өту керек.

    • Жаңа оқу материалын түсіндіру.

    • Сабақ жоспары:

    • 1. Әлия Молдағүлова.

    • 2. Мәншүк Мәметова.

    • 3. Бауыржан Момышұлы.

    • 4. Талғат Бигелдинов.

    • 5. Ұлы Жеңіс.

    • Сабақ алдымен ауызша баяндау түрінде әңгімелесу арқылы өтіледі. Жоспардағы 1-4 бөлімге қысқаша тоқталамын. Баяндау бағыты:

      • Туып-өскен өлкесі.

      • Соғысқа кіріскен майданы.

      • Ерлік істері.

    • Сабақты түсіндіргенде барлық көрнекі құралдарды пайдаланамын (батырлардың портреттері, соғыс қимылдарының суреттері, КСРО картасы).

    • Кесте толтыру



      • Әлия Молдағұлова

      • Мәншүк Мәметова

      • Бауыржан Момышұлы

      • Талғат Бигелдинов

      • Өмір сүрген жылдары









      • Туып-өскен жері









      • Соғысқан майданы









      • Ерлік істері









    • Жоспардың бесінші бөлімін төмендегіше түсіндіремін.

    • Түсіндіру бағыты.

    • Қазақстандық батырлар.

    • Ұлы жеңіс.

    • Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы.

    • Соғыстың зардабы.

    • Ұлы жеңістің тарихи маңызы.
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет