Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



бет7/15
Дата01.12.2016
өлшемі2,9 Mb.
#2934
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

  • Сабақтың тақырыбы: §26. Отырар-қаһарман қала

  • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік: Өз тарихында қилы оқиғаларды басынан кешірген ортағасырлық қаһарман қала - Отырардың қалыптасуы мен монғол шапқыншылығы кезіндегі ерлікпен қорғанысы туралы білім беру.

    • Дамытушылық: Отырардағы қала мәдениетінің монғол шапқыншылығына дейінгі және монғол шапқыншылығынан кейінгі жағдайын салыстыра отырып оқушыларды ой қорыта білуге дағдыландыру.

    • Тәрбиелік: Отырарлық азаматтардың, Қадырханның ерлігі негізінде оқушыларды адалдыққа, туған жерін сүюге, басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәрбиелеу.

    • Сабақтың түрі: аралас

    • Әдісі: интерактивті

    • Пәнаралық байланыс: география

    • Көрнекілік: 1. «Отырар» альбомы.

    • 2. Шыңғысханның суреті.

    • 3. Отырардың күйреуін суреттейтін суреттер.

    • 4. Ортағасырлық Қазақстан картасы.

    • 5. «Шыңғысхан» - бейнефильмі.

    • Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

    • II. Үй тапсырмасы.

    • Төмендегі сұрақ-тапсырмалар бойынша сұрақ-жауап ойынын өткізу.

    • 1. Қазақстанның ортағасырлық қалаларын картадан көрсетіңдер.

    • 2. Ортағасырлық қалалардың бөліктері мен олардың қызметін атаңдар.

    • 3. Қазақстанның ортағасырлық қалалары туралы не білесіңдер.

    • 4. Түркістан қаласы мен Қожа Ахмет Йасауи кесенесі туралы әңгімелеп айтып беріңдер.

    • Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылар, өткен сабақта біз сендермен ортағасырлық Қазақстан қалаларына жеке-жеке қысқаша тоқталып өтсек, бүгін ортағасырлық Қазакстан қалалары ішінде өзіндік ерекше тарихы бар, маңызы зор Отырар қаласына жеке тоқталамыз. Себебі, бұл қаһарман қала Отырардың тарихы қазақ жерін жаулап алушы Шыңғысхан басқарған монғолдармен тығыз байланысты деп, бүгінгі сабақтың жоспарына тоқталамын. Қазақ шежіресінде Отырар Дешті Қыпшақ жерінде бас қалалардың бірі делінген.

    • Сабақтың жоспары:

    • 1. Отырардың қалыптасу тарихы.

    • 2. Отырар сауда орталығы.

    • 3. Шыңғысхан баскарған монғол империясының құрылуы.

    • 4. Монғолдардың Қазақ жеріне және Орта Азияға шапқыншылығы.

    • 5. Отырар қорғанысы.

    • 6. Қарашаның сатқындығы.

    • 7. Қайырханның өлімі.

    • 8. Хорезм шахы және Отырар.

    • 9. Әмір Темір тұсындағы Отырар.

    • Оқу материалы көп болғанымен, өте қызықты тақырыптардың бірі. Оқушыларға төмендегі кестені пайдалана отырып, Отырар қаласының калыптасу тарихына сипаттама беремін.

    • Отырар

    • Ертеде Шығыс әлеміне танымал болған қала.

    • Мұнда алғашқы қоныстар осыдан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған.

    • VI-VIII ғ. Отырар түркі ұлыстарына астана қызметін атқарған.

    • ІХ-Х ғ. Сырдың бойындағы басты қала.

    • Қазақ хандығының сауда жөне экономикалық орталығы болған.

    • Ойрантөбе, Фараб деген атпен тарихта белгілі.

    • Ұлы Жібек жолының бойында орналаскан қала.

    • Жоғарыдағы кестенің көмегімен оқушылармен бірге Отырардың калыптасу, гүлдену тарихына тоқталамын. Одан кейін Отырар қаласын сипаттау оқушылардың өздеріне тапсырылады. 1-2 оқушыға оны мәтіннен тауып оқытқызамын. Қалған оқушылар оны мазмұндап, Отырар қаласын сипаттап әңгімелеп береді.

    • Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген деп, оның себеп-салдарын ашып көрсетемін. XII ғасырда қазіргі Монғолияда Шыңғысханның басқаруымен монғол тайпаларының мемлекеті құрылды. Оқушыларға қызықты болу үшін төмендегі әдебиеттерден қосымша деректер келтіремін. Пайдаланылатын әдебиет:

    • Әбілгазы. Турікшежіресі. - Алматпы: Анатілі, 1991.

    • Шыңғысханның портретіне оқушылардың назарын аудару. Монғол әскері сол заманда аса қуатты еді және мықты тәртібімен ерекшеленді. Қажет болған жағдайда әскер тез жиналып, олардың саны 200 мыңға жететін болған. Әскери тәртіптің күштілігі сондай, бір жауынгер үшін он жауынгер жазаланатын еді. Осыған дәлел ретінде бейнефильмнен үзінді келтіремін. Әрине, бейнефильмді толық көріп шығуға мүмкіндік бола бермейді, сондықтан монғолдардың әскери қару-жарағын, киімдерін, әскери өнерін сипаттайтын эпизодтарынан үзінді көрсетемін. Бұл оқушыларға монғолдардың дүниені дүр сілкіндіріп, өздеріне бағындырып алуының себебін ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

    • Одан әрі монғолдардың Қазақ жеріне басқыншылығын сипаттайтын төмендегі негізгі даталарды оқушыларға дәптерлеріне жазғызып қоямын.

    • 1218 жыл Шыңғысхан басқарған монғолдардың Жетісу өңіріне аттануы.

    • 1219 жылы 150 мыңға жуық монғол қалың қолының Отырарға шабуылы.

    • 1220 жыл монғолдардың Отырарды алуы.

    • Монғолдардың Отырар қаласына шабуылы мен Отырардың қорғанысы туралы аңыз әңгімелерді оқушыларға өздеріне кезек-кезек оқытып, айтып беруін сұраймын. Оның мазмұнын жоғарыда келтірілген жаңа сабақтың жоспарына сүйене отырып сұраймын. Бұл оқушылардың өз ойларын жүйелілікпен баяндауға кемектеседі. Оқушылардың жауабы тыңдалған соң, «Отырардың қорғанысын» сипаттайтын бейнефильмнен үзінді керсетемін. Бейнефильмді көрсетпес бұрын оқушыларға төмендегі үлгідегідей сұрақтар тізімін алдын ала ұсынамын.

    • Сұрақ-жауапты сабақты бекітуге пайдаланамын

    • 1. Отырар қаласы күрылысынан қандай өзіндік ерек-шелік көрдіңдер? Нені тағы қоса аласыңдар?

    • 2. Отырарлықтар кандай қорғаныс кару тұрлерін пай-даланған?

    • 3. Монғолдардың қару - жарактарын отырарлықтардың қару – жарақтарымен салыстырыңдар.

    • Осылайша Отырар қаласының Қазақстан тарихындағы алатын орнын көрсете отырып, сабақты корытындылаймын.

    • Бағалау:

    • Үйге тапсырма: 26-параграфты оқу. Оқушыларға бейнефильмді толық көріп, келесі сабақта қосымша дерек ретінде әңгімелеп беруді тапсырамын.





































































    • 5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

    • Сабақтың тақырыбы: §27. Қазақ халқының қалыптасуы.

    • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік: Этнос, алаш пен қазақ ұғымдары, Қазақ елінің жеке халық болып, ұлттық этникалық және антропологиялық негізін қалаған тайпалар туралы түсінік беру.

    • Дамытушылық: Этнос, халық ұғымдарын айыра білуге, ұлт болып қалыптасудың тарихи даму заңдылықтарын түсіне білуге үйрету.

    • Тәрбиелік: Ру, ата-баба, әулет шежіресінің түпкі мәнін түсіне білу.

    • Сабақтың түрі: аралас

    • Әдісі: интерактивті

    • Пәнаралық байланыс: география

    • Көрнекілік: Қола дәуірі, түркі дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген тайпалардың мәдениеті, этникалық тарихы, монғол дәуіріндегі Шыңғысханның портреті (осы дәуірлердегі адамдардың антропологиялық типін сипаттайтын салыстырмалы суреттер).

    • Ежелгі Қазақстан картасы. Монғол дәуіріндегі Қазақстан картасы.

    • Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасы.

    • «Шыңғысханға тарихи тұлға» ретінде мінездеме берілген жазбаша жұмысты 2-3 оқушыға ауызша оқытып, қалған оқушылармен үйде көріп келген бейнефильм бойынша талдаймын.

    • Жаңа тақырыптың жоспары.

    • 1. Қазақ халқының арғы ата-бабалары.

    • 2. Энеолит дәуірінің жылқышы тайпалары.

    • 3. Қола дәуірінен қалған мұра.

    • 4. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар.

    • 5. Олардың антропологиялық, тілдік ерекшелігі. Жаңа тақырыпты этнос және халық ұғымдарын түсіндіруден бастаймын.

    • Этнос деп өз тілі, дәстүрлі мәдениеті, өзіндік ұлттык мінез-құлқы бар, өзара туыс және бір аумақта қалыптасып өмір сүретін халықты, ұлтты атайды.

    • Халық деп, тілі, тұрмысы, рухани мәдениеті ортақ, өзін елдес, жерлес тұрғыдан ұғынған белгілері бар, қалыптасқан қауымдастықты атаймыз. Халық белгілі бір әлеуметтік-экономикалық ортада құралады.

    • Қазақ этносы халық болып өз ұлттық мемлекетін ХҮ-ХҮІ ғасырларда құрды деп, төмендегі кестенің көмегімен түсіндіремін. Қазақ этносының халық болып қалыптасу тарихы сонау энеолит (мысты тас) дәуіріне барып тіреледі. Ол дәуірде Қазақстан даласында жылқышы тайпалар өмір сүрген. Б.з.б. II мыңжылдықтың басында тастан жасалған құралдарды металдан жасалған құралдар біртіндеп ығыстырып шығара бастады. Адамдар күнделікті өздеріне қажетті құралдарды мыс сияқты металдардан жасай бастады деп, өткенді қайталап, оқушылардың естеріне түсіріп кетемін.









    • Қазақ халқының калыптасуы

    • Дәуір

    • Энеолит деуірі Қола дәуірі

    • Сақ дәуірі

    • Ерте көшпелілер дәуірі

    • Монғол дәуірі

      • Тайпалар

      • Жылқышы тайпалар Арий, тур, қиян

      • Сактар

      • Ғұндар, үйсіндер, каңлылар

      • Қарлұктар, кыпшактар, тұркештер

    • Антропологиялық типі

    • еуропеоид кескінді, бірак

    • еуропеоид кескінді, орта бойлы адамдар

    • еуропеоид пен

    • монголоидтық нәсілдер араласа бастаган

    • еуропеоидтык-монғолоидтық аралас нәсіл

    • монролоидтық белгілердің үлесі күшейе түседі

    • Бекіту:

    • Тақтаға қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар: арий, тур, киян, сақтар, ғұндар, үйсівдер, қаңлылар, қимақ, оғыз, қыпшақтар, түріктер, түргештер, арғын, жалайыр, найман, алшын, керей, дулат т.б. деп жазып қоямын. Оқушылар тақтадағы сөйлемді дәптерлеріне жазып алады.

    • Бағалау:

    • Үйге тапсырма. 27-параграфты окып, тақырыптың соңындағы сұрак-тапсырмаларды орындап келу.





































    • 5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

    • Сабақтың тақырыбы: §28. Қазақ хандығының құрылуы.

    • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік. ХІV-ХV ғ-да қазақ жерінде қалыптасқан этносаяси қауымдастықтардың Қазақ хандығының құрылуына негіз болғандығы және қазақ, жүз, алты алаш ұғымдары жөнінде білім беру.

    • Дамытушылық. Қазақ, алаш атаулары жөніндегі пікірлер мен болжамдармен таныстыра отырып, оқушы-лардың танымдық кабілеттерін дамыту.

    • Тәрбиелік. Ел тарихын, жер тарихын, әулет тарихын білуге, құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеу.

    • Сабақтың түрі: аралас

    • Әдісі: интерактивті

    • Пәнаралық байланыс: география

    • Көрнекілік:

    • 1. Жошы хан күмбезінің суреті.

    • 2. Алаша хан күмбезі.

    • 3. Таңбалыжардағы тас бетіндегі рутайпалардың таңбалары.

    • 4. ХҮ-ХҮІІІ ғ. Қазақстан картасы.

    • Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.

    • ІI. Үй тапсырмасы.

    • Үй тапсырмасын өткен сабақтағы параграфтың соңындағы сұрақ-тапсырмалар негізінде сұрап шығады. 4-тап-сырма бойынша оқушылардың ата-аналарының көмегімен жазып алып келген «Алаш» ұғымы туралы шағын әңгімелерін тексеріп, 2-3 оқушының үй тапсырмасы ауызша оқылып, талданады.

    • Жаңа сабақтың жоспары:

    • 1. «Қазақ» атауының шығуы туралы болжамдар мен пікірлер.

    • 2. Алтын Орданың қазақ мемлекеттінің құрылуында атқарған рөлі.

    • 3. Қазақ хандығының күрылуы.

    • 4. Қазақ жүздерінің пайда болуы.

    • Жаңа тақырыпты меңгеруде сыныпты №1,М2,№3,№4 нөмірленген оқушыларға бөлемін. Сонда бір топ, яғни үй тобы №1,№2,№3,№4 нөмірленген 4 оқушыдан кұралады. Жаңа сабақты меңгеруде мұғалім осы нөмірленген бірдей санды оқушыларды бір топтарға біріктіреді. Әр №-ге төмендегі үлгідегідей тапсырма беріледі. Ол үшін оқушылар дәптерлерін 4-ке бөледі.

      • 1 «Қазақ» атауының шығуы.

      • 3 Қазақ жүздерінің пайда болуы.

      • 4 Қазақ хандығының құрылуы.



    • Нөмірленген оқушылар бірігіп өздеріне берілген тапсырманы мұқият орындап, өз үй тобында түсіндіріп беруі керек. Есте сақтау үшін жазып алуға болады. Оқушылардың тапсырмамен жұмысты жеңілдетуі үшін төмендегі сұрақтар тізімін құрамын

    • 1.

    • 1. Алғашқыда әлеуметтік мағына берген «Қазақ» ұғымын қалай түсінесің?

    • 2. Қазақ атауы қалыптасқанға дейін Алтын Орда мемлекетінің құрамында өмір сүрген және қазақ халқына негіз болған тайпаларды қалай атады?

    • 3. Алаш тайпалары кімдерден бөлініп, Шу өзені бойына көшіп барды? Оларды бастап барған кімдер?

    • 4. Моғолстанға көшіп келген алаш көшпелілері, енді қалай атала бастады?

    • Ол сөз қандай мағынаны білдіреді?

    • 5. «Қазақ» термині тараған аумақты атап, картадан көрсетіңдер.

    • 6. «Қазақ» терминінің толық орнығуы кай ғасырларда аяқталды?

    • 2

    • 1. Қазақ хандығы тарихында ерекше орын алған мемлекет. Оның негізін салған кім?

    • 2. Жошы хан туралы кандай ертегіні білесіңдер? Жошы хан күмбезі қайда орналасқан?

    • 3. Жошы хан каза болғаннан кейін, оның иелігін кім иеленді?

    • 4. Алтын Орда халқын қалай атады?

    • 5. Алтын Орда қай ғасырда дағдарысқа ұшырап, нәтижесінде не болды?

    • 6. Ақ Орда мемлекеті қалай пайда болды? Онда кімнің ұрпақтары билік етті?

    • 3

    • 1. Әбілқайыр мемлекетінің қүрамында кандай Ұлыс, рулар мекендеді? Оларды қалай атады?

    • 2. Әбілкайыр кім?

    • 3. Қай жерде Әбілқайыр хандығынан бөлінген қазақ рулары ел боламыз деп, тасқа ез руларының таңбасын қашап белгіледі?

    • 4.Үйсін бастаған Ұлы жүздің мекендеген аумағы.

    • 5. Орта жүзді қүраған ірі рулар.

    • 6. Кіші жүз Қазақ жерінің қай аумағын мекендеді?

    • 4

    • 1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін, оның құрамындағы ру-тайпалардың жағдайы қандай болды?

    • 2. Қазақ хандығы қашан құрылды?

    • 3. Қазақ хандығы қалай пайда болды? Оның құрамындағы тайпалар бұрынғы қай мемлекеттің құрамына енген еді?

    • 4. Қазақ хандығының негізін салған хандар кімдер?

    • 5. Алғашқы казақ хандығы пайда болған аумақты картадан көрсетіңдер.

    • 6. Қазақ хандығының орнығуы кай кезеңде жүзеге асты? Осылайша оқушыларға кестені толтыруды жеңілдетуге болады.

    • Бекіту:

    • Нөмірленген оқушылар тапсырманы орындап болған соң өз үй тобына қайтады. Онда олар кезек-кезек өздерінің реті бойынша басқа оқушыларға түсіндіріп, жазғызады. Жалпы сыныптың бұл тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап, жаңа тақырыпты бекіту үшін «Ішіне» және «Сыртына» кестесін толтыртқызамын.

    • Бағалау:

    • Үйге тапсырма.28-параграфты окып келу. Қазақ хандығы пайда болған аумакты контур картаға түсіру.

    • 5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

    • Сабақтың тақырыбы: §29. Қазақ хандарының тарихынан.

    • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік. Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және Қазақ хандығының коғамдык саяси құрылысымен таныстыра отырып, аты аңызға айналған Кенесарыға дейінгі қазақ хандарының қызметіне баға беру.

    • Дамытушылық. Қазіргі Қазақстан Республикасы мен Қазақ хандығының мемлекеттік басқару жүйесін салыстырып, ерекшеліктерін таба білуге үйрету.

    • Тәрбиелік. Қазақ хандарының ұлт мемлекеттігінің негізін салуы мен нығайту жолындағы ерлікке толы еңбектеріне баға бере отырып, олардың Қазақ хандығын жауға бермей, ұлан-ғайыр жерді ұрпаққа мұра етіп қалдыруда атқарған қызметін үлгі етіп, жастардың бойларына сіңіру.

    • Сабақтың түрі: аралас

    • Әдісі: интерактивті

    • Пәнаралық байланыс: география

    • Көрнекілік:

    • 1. Қазақ хандары. Абылай хан, Кенесары хандардың портреттері.

    • 2. Қазақ хандығы құылғаннан Қазақстанда хандық биліктің жойылғанға дейінгі кезеңдері сипатталған жеке карталар. Кесте.

    • Сабақтың барысы. I.Ұйымдастыру кезеңі. II.Үй тапсырмасы.

    • Үйге берілген тапсырмаларды төмендегі сұрақтар негізінде тексеремін. Сұрақтарды сыныпты екі нұсқаға бөліп таратамын.

    • І-нұсқа.

    • 1. «Қазақ» деп алғашқыда кімдерді атады?

    • 2. Алтын Орда мемлекетінің негізін салушы хан.

    • 3. Жошы хан күмбезі кайда орналасқан?

    • 4.1227 жылы Жошы өлгеннен кейін, оның Ұлысын кай балалары иеленді?

    • 5. Алтын Орда мемлекетінің халқын қалай атады? Ал-тын Орданың ыдырауы кай ғасырда жүрді?

    • 6. Қазақ хандығының негізін құрған хандарды атаңдар.

    • 7. М. Ж. Көпеев Қазақ халқының және мемлекетінің пайда болуын аты аңызға айналған қай ханның есімімен байланыстырады?

    • ІІ-нұска.

    • 1. Ақ Орда мемлекеті қалай пайда болды?

    • 2. Орда Ежен ұрпақтарынан Ақ Ордадағы билікті 1428 жылы кім тартып алды?

    • 3. Әбілқайырдың билігін мойындамаған рулар Шу өзені бойына көшіп болашақ қай мемлекеттің негізін салды?

    • 4. Ұлы жүз тайпалары қай аймақты мекендеді?

    • 5. Алаш тайпалары бұрын қай мемлекеттің құрамында өмір сүрген?

    • 6. Ш. Құдайбердиевтің «Шежіресі» бойынша Алтын Орда мемлекетінің өзбек, Қазақ, ноғай болып бөлінуінің себебі неде?

    • 7. Қазақ хандығының орнығуы ңай ханның есімімен байланысты?

    • Жаңа сабақтың жоспары:

    • 1. Хан-ел билеушісі.

    • 2. Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.

    • 3. Аты аңызға айналған қазақ хандары. Алаша хан.

    • 4. Уыз хан.

    • 5. Жошы хан.

    • 6. Орда Еженнен тарайтың қазақтың Ұлы хандары. Қазіргі кезде дүние жүзінде 200-ден аса мемлекет бар.

    • Республика - мемлекет басшысы белгілі бір мерзімге сайланатын халықтық басқару түрі.

    • Монархиялық - әкеден балаға мұра ретінде берілетін, мемлекетті бір әулеттің басқару түрі.

    • Бүгінде монархиялық тәртіп сақтаған мемлекеттер әлі де бар. Сол сияқты XIX ғ-ға дейін қазақ елінде монархиялық жүйе сақталып мемлекетті Шыңғысханнан тарайтын төре ұрпақтары басқарды. Қазақ билік жүйесін кестенің көмегімен түсіндіремін.

    • ХАН

    • СҰЛТАН

    • БИ

    • АҚСАҚАЛ

    • АУЫЛБАСЫ

    • БАТЫРЛАР

    • ТӨЛЕҢГІТТЕР

    • Осы кестенің негізінде олардың қызметіне қысқаша тоқталып өтемін немесе өздеріне тапсырма беремін.

    • Сабақтың келесі сатысында қазақ хандарының тарихына тоқталамын. Алаша хан, Уыз хан, Жошы хандардың билік еткен жылдарын дәптеріне жазғызып қояды. Оларды қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, әңгімелеп беремін. Оқушыларға Алаша ханға, Жошы ханға арналып салынған күмбездердің суреті көрсетіледі.

    • Одан кейінгі Қазақ хандары тақырыпшасын оқушыларға кезек-кезек оқытып, қалған оқушылардан мазмұнын сұраймын. Дәптерге оқушылар «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «өз Тәукенің «Жеті жарғысы» деп жазып қояды.

    • Қорытындылау: Қазақ дәстүрінде ірі ұлыстарға билік жүргізген сұлтандарды да хан деп дәріптеді. Дегенмен алтын тақта отырған ұлы хандардың орны жоғары болған. Қазақ халқы хандарын сыйлап ак киізге кетеріп отырған, сонымен бірге Қазақтың хандары караша елін, туған жерін құрметтеген, игі жақсыларын сыйлаған, елге жау келгенде алдымен қарсы тұрған. Хандардың ішінде жауымен жағаласып соғыста қайтыс болғандары да аз емес.

    • Бекіту үшін мына сұрақтарды қоямын:

    • 1. Ханның атқаратын қызметіне баға беріңдер.

    • 2. Хан болу үшін қандай басты талап қойылды?

    • 3. Қазақтың қандай хандарымен, олардың ерлік істерімен таныстыңдар?

    • Бағалау: Үйге тапсырма. 29-параграфты оқу.

    • 5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер

    • Сабақтың тақырыбы: § 30. Қазақ билері

    • Сабақтың мақсаты:

    • Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының бұрынғы сот төрелігі, билік айту жүйесімен таныстыру, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, өнегелі істері жайында мәлімет беру.

    • Дамытушылық: Өткен ғасырлардағы қазақ елінін сот жүйесі төрелік ету дәстұрімен таныстыра отырып мемлекет, билік жайында мәліметтерін кеңейту, құқықтық түсініктерін дамыту.

    • Тәрбиелік: Қара қылды қақ жарған әділ билік айтқан билер өмірін мысалға келтіре отырып әділдікке, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу, құкықтык тәрбие беру.

    • Әдісі: интерактивті

    • Пәнаралық байланыс: география

    • Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

    • Сабақтың көрнекілігі: Қазыбек, Төле, Әйтеке билердің суреті.

    • Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын сүрау.

    • Алдымен оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұрайды. Осыдан кейін өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар жазылған карточкалар таратамын. Сұрақтың үлгісі:

    • Хан дегеніміз кім?

    • Қандай атақты хандарды білесіңдер?

    • Ңазақ хандарының әулеті туралы айт.

    • Оқушылар жауап беріп болғаннан кейін өткен сабақты толықтырып, тақырыпты қорытындылаймын. Сонымен қатар өткен такырыпты жаңа тақырыппен байланыстырамын.

    • Жаңа сабақ

    • Жаңа сабақтың тақырыбы айтылады, сонымен қатар тақырып пен жоспар тақтаға жазылып қойылады. Алдымен сабақтың негізгі мақсатын айтып жоспарды түсіндіремін

    • Сабақтың жоспары:

    • а) Қазыбек би

    • ә) Төле би

    • б) Әйтеке би

    • в) Тәуке хан

    • Жоспардан бұрын оқушылардан билер жайлы не білетінін сұраймын. Содан кейін жалпы билер туралы, қазақ халқының өміріндегі билік айту жүйесі жайында қысқаша түсінік беріп өтемін. Билер қызметін қазіргі кездегі еліміздің сот жүйесімен салыстыра отырып, құқықтық тарихтағы билердің алатын орнын көрсету керек.

    • Жоспар бойынша сабақты түсіндіремін Ең алдымен қабырғаға Қазыбек, Төле, Әйтеке билердің суреттері ілінеді. Осы үш бидің өмірі туралы қысқаша оқушыларға баяндап беремін. Үш бидің Қазақтың үш жүзінен шыққаны, жастайынан билік айту жүйесіне қатысканы жайында, құқықтык жүйесіне сіңірген еңбегі туралы айтылады. Билердің жастық шағы, өмірлерінің барлығы дерлік соғыс, шапқыншылыққа толы жылдарда өткені, бұл жағдай олардың жас кезінен бастап билікке араласуына ықпал еткені белгілі.

    • Бұдан кейін оқушыларды үш топқа бөліп, үш бидің шешендік сөздері жазылған қағаздарды таратамын. Оны 5-7 минуттай оқып, ой қорытуға уақыт береміз. Осыдан кейін олардан не түсінгенін сұрау керек. Оқушылардың өз беттерінше талдау жасауына бағыт беріп, ойларын тыңдаймыз. Осы аркылы қара қылды қак жарған билердің шешендік өнеріне оқушылардың көздерін жеткізу.

    • Билер туралы негізгі мәліметтерді оқыта отырып қысқаша конспект жазғызамын

    • Сабақтың негізгі жоспарына сәйкес әр Ұлы билерге жеке тоқталамын.

    • Төле би Әлібекұлы қазақтың Ұлы жүзінің үйсін тайпасынан шыққан ірі мемлекет қайраткері. Жастайынан ел билеу ісіне араласкан Төле жоңғар шапкыншылығы кезінде елшілік қызметті де аткарды. Бұл оның халқын шапқыншылықтан, жаугершіліктен аман сақтап қалуына септігін тигізді.

    • Төле би қазақтың атақты «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаушылардың бірі.

    • Қазыбек би Келдібекұлы Орта жүздің арғын тайпасының Қаракесек руынан шыкқан. Оның шешендігі мен саңқылдаған дауысына қарап халық Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен. Тәуке хан бір кездері Орта жүздің билігін осы Қазыбекке сеніп тапсырған. Қаз дауысты Қазыбек би Тәуке ханның басшылығымен жасаған «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі.

    • Әйтеке би Байбекұлы Кіші жүздің биі және белгілі мемлекет қайраткері. Әйтеке жастайынан мемлекеттік істерге араласып, ел арасында билік айта бастайды. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батыс өлкесінде Әйтекенің аты ертеден белгілі болады. Төле, Қазыбек билермен қатар Әйтеке де Тәуке ханның бастауымен құрастырылған XVIII ғасырдағы Қазақ халқының әдет-ғұрыптық жинағы болып табылатын «Жеті жарғыны» жасауға қатысады.

    • Бұдан кейін жоғарыда сөз болған «Жеті жарғы» заңдар жинағы туралы оқушыларға түсіндіремін. Мұнда мұғалімде аталған заңдар жинағының қағазға жазылған нұсқасы болуы керек.

    • «Жеті жарғы» ХҮІІ-ХVIII ғасырдағы Қазақ халқының тұрмыстық әдет-ғұрыптық ережелерінің негізгі жиынтығы болып табылады.

    • «Жеті жарғы» заңдар жинағы Тәуке ханның кезінде өмірге келген. Әуелден бастап ханның жанындағы Ұлы билердің кеңесі «Жеті жарғы» атанған. Оның құрамында жоғарыда аталған Ұлы билерден басқа да беделді адамдар болған. Бұл қазіргі парламент деңгейіндегі билік жүйесі. Аталған заңдар жинағьш құрастыруға Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты казақтың белгілі билері қатысқан.

    • Қорытынды кезең.

    • Сабақтың қорытынды кезеңінде тақырыпты қысқаша қорытындылап, оқушылар бекітуге арналған 3-4 сұрақтар беремін.

    • Бағалау:

    • Үй тапсырмасына тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап жазып келу жүктеледі.





    • Каталог: uploads -> doc -> 00c7
      doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
      doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
      doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
      doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
      doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
      doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
      doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
      doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
      doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
      00c7 -> Сабақтың мақсаты: білімдік


      Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет