Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с.
Система оценивания знаний: Дэн Пинк об удивительной науке мотивации //Электронный ресурс. – Режим доступа: http://ru.wikipedia.org/w/.
Р.Х. Шакиров, А.А. Буркитова, О.И. Дудкина. Оценивание учебных достижений учащихся. Методическое руководство. – Б.: Билим, 2012. - 80с.
11-ПРАКТИКАЛЫҚ Жұмыс Тақырыбы: : Кері байланысты орнату.
Сабақтың мақсаты: орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыруды үйрету. Блум таксономиясына сабақ жоспарын салу туралы түсінік беру, маңыздылығын ұғындыру, бағалау критерийлері, дескрипторларды құру арқылы іс-тәжірибеде қолдануға көмектесу.
Әдістемелік нұсқаулық:. Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. (1,37-б) Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда reflexio- кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген. «Рефлексия- адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі.
Орта мерзімді жоспарды жоспарлауда:
·Жұмыс кезеңдері дәйекті болады;
·Жеті модуль ықпалдаса алады;
·Әр сабақ үшін оқу мен оқыту мақсаты анықталады;
·Оқыту және оқу нәтижесі айқындалады;
·Сабақтың әр кезеңінде алға ілгерлеу жоспарланады;
·Барлық оқушыларды қамту жүзеге асады.
Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, оқушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, Қысқа мерзіміді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады