Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін



Дата20.02.2023
өлшемі0,78 Mb.
#169426
түріСабақ
Байланысты:
Полигибрид прези
лаб, работа ксп, Тулга теориясы, Балаға ат қою қмж (копия) (копия) (копия) (копия) (копия)

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушылар үшін:
  • генетиканың дамуы мен қалыптасуындағы Менделдің зерттеулерінің үлесін бағалау;
  • Көпшілік оқушылар үшін:
  • полигибридті будандастырудың цитологиялық негізін сипаттау.
  • Кейбір оқушылар үшін:
  • полигибридті будандастыруға арналған есептерді шығарғанда генетикалық символдарды қолдану.
  • Гендердің өзара әрекеттесуі
  • Аллельді гендердің әрекеттесуі
  • Толық доминанттылық
  • Толымсыз доминанттылық
  • Эпистаз
  • Көп аллельділік (плейотропия)
  • Полимерия
  • Комплементарлы
  • Аллельді гендердің өзара әсері. Мендель ашқан заңдылықтардың дұрыс екендігі 1900 жылдан кейін өсімдіктер мен жануарлардың түрлі белгілері мен қасиеттерінің тұқым қуалауына жүргізілген көптеген зерттеулердің нәтижесінде дәлелденді. Мендель анықтаған будан ұрпақтағы белгілердің ажырауының ара қатынасы әрбір ген тек бір белгілердің тұқым қуалауын қуаттаған жағдайда дұрыс болып есептеледі.
  • Пеннет торы
  • Полигибридті будандастыру.Бір-бірінен үш немесе одан да көп белгілерінде айырмашылығы бар особьтарды будандастыруды полигибридті будандастыру деп атайды. Оларда белгілердің ажырау сипаты дигибридті будандастырумен салыстырғанда біршама күрделірек болады
  • Мысалы, егер тұқымы сары, тегіс, қызыл гүлді бүршақ өсімдігін тұқымы жасыл, бұдырлы ақ гүлді бұршақпен будандастырса, доминанттылық заңына сәйкес Ғ1-де алынған будан ұрпақтың барлығы да біркелкі, яғни аналық өсімдікке ұқсас болып шығады, ал Ғ2-де күрделі ажырау жүреді. Тұқымның пішінін анықтайтын гендерді (А-а), түсін (В-в), ал гүлдің түсін (С-с) деп белгілесек, сонда ата-аналық формалардың біреуінің генотипі ААВВСС, ал екіншісінікі ааввсс, ал Ғ2-де алынатын будан организмдікі АаВвСс болып келеді. Мұндай будан өсімдік сегіз түрлі гамета түзеді: ABC, АВс, АвС, Авс, аВс, аВС, авС, авс.
  • Сегіз типті жұмыртқа клеткалары сегіз типті сперматозоидтармен кездейсоқ кездесіп, өздігінен тозаңданудың нәтижесінде Ғ2-де зиготалардың 64 түрлі комбинациясы түзіледі. Ғ2-дегі особьтар фенотип бойынша 8 түрлі топқа бөлінеді. Олардың арақатынасы 27(А-В-С-):9(А-В-сс):9(А-ввС-;):9(ааВ-С-):3(А-ввсс):3(ааВ-сс):3(ааввС-): І(ааввсс). Сон­да фенотип бойынша 27:9:9:9:3:3:3:1 арақатынасындай болып келуі тригибридті будандастыру кезінде гендердің тәуелсіз ажырауы себепті болады.
  • Альтернативті белгілердің әр жұбының фенотип бойынша ажырауы 3:1 қатынасына тең. Бастапқы осы қатынасты мейоз кезінде гомологиялық хромосомалардың цитологиялық дәл механизмі қамтамасыз етеді.
  • Моногибридті шағылыстыру кезінде Ғ1 буданында аналық және аталық гаметалардың екі сорты түзілетіндіктен, мұнда 4 комбинация болуы мүмкін, ол комбинациялардың арақатынасы мынадай болады: 1АА:2Аа:1аа, яғни 41. Дигибридті шағылыстыру кезінде мұндай үйлесудің саны 42=16, тригибридті шағылыстыруда үйлесу саны 43=64 болады, яғни гаметалардың комбинациялану мүмкіндігін 4n формуласымен көрсетеді. Мұндағы 4 саны моногибридті шағылыстыру кезінде аталық және аналық гаметалардың комбинациялану мүмкіндігінің, n - аллельдер жұбының санын керсетеді.Моногибрид ұрпағындағы генотиптік кластар саны 3, дигибридті шағылыстыруда Ғ2 кезіндегі генотиптік кластар саны 9, яғни 32, тригибридті шағылыстыруда - 33

Сонымен, генотиптік кластар санын 3

ЕСЕП: Қарбыздың сырты жасыл және жолақ-жолақ болады, ал формасы жағынан – сопақша және домалақ болып келеді. Сопақша келген жасыл гомозиготалы қарбызды, домалақ жолақ – жолақ гомозиготалы қарбызбен будандастырған. F1 – та домалақ жасыл қарбыздар пайда болған. F2 қандай?

ШЫҒАРЫЛУЫ: Есептің мазмұнына қарай түсі жағынан жасыл, ал формасы жағынан домалақ белгілердің доминантты екенін байқадық.

  • ШЫҒАРЫЛУЫ: Есептің мазмұнына қарай түсі жағынан жасыл, ал формасы жағынан домалақ белгілердің доминантты екенін байқадық.
  • I. Жасыл түс – А
  • Жолақ – жолақ түс – а
  • II. Домалақ форма – В
  • Сопақша форма – в 
  • P ♀ AА вв x ♂ аaВВ
  • G Ав аВ
  • F1 Аа Вв
  • II. P ♀ Aа Вв x ♂ АaВв 

ЖАУАБЫ: Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы 9:3:3:1 қатынасында жүреді. Демек, 9 A – B – жасыл түсті, домалақ формалы. 3A – вв жасыл түсті, сопақша формалы, 3 ааВ – жолақ – жолақ, домалақ формалы, 1аавв жолақ – жолақ, сопақша формалы.

  • ЖАУАБЫ: Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы 9:3:3:1 қатынасында жүреді. Демек, 9 A – B – жасыл түсті, домалақ формалы. 3A – вв жасыл түсті, сопақша формалы, 3 ааВ – жолақ – жолақ, домалақ формалы, 1аавв жолақ – жолақ, сопақша формалы.

Рефлексия

  • Үй тапсырмасы: Полигибридті будандастыру жайлы оқып келу.


Достарыңызбен бөлісу:





©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет