Сабақтың тақырыбы: Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылығы. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата10.06.2017
өлшемі0,61 Mb.
#18552
түріСабақ
  1   2

Қызылорда облысы, Арал ауданы,


Арал қаласы
Арал қалалық №83 мектебі
Жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі
Әбдіхалықова Достықкүл Сәдірқызы
Арал қаласы

83 мектеп




Биология пәнінің мұғалімі:

Әбдіхалықова Достықкүл


2010 жыл
Биология 10 б сынып

(Жаратылыстану – математикалық бағыт)



Сабақтың тақырыбы: Дигибридті будандастыру және белгілердің

тәуелсіз ажырау заңдылығы.
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Моногибридті будандастыру бойынша алған білімдерін тиянақтап, әрі қарай дигибридті буданды шағылыстыру заңдылықтарын оқушыларға меңгерту;

  2. Дамытушылық: Балалардың ой – өрісін, есте сақтау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасай білуге, ізденуге, салт – дәстүрді сақтай білуге, өзін – өзі бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сипатта жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі. Проблемалық ізденіс сабақ.

Сабақтың әдісі: Жеке жұмыс, ынтаны дамыту, әңгімелеу, тест жұмысы,

тірек сызба, түсіндірмелі, салыстыру.



Оқыту технологиясы: Ақпаратты компьютерлік технология.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, арнайы құрастырылған слайдтар, тірек –

сызба.


Пәнаралық байланыс: Математика, информатика.

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (15 мин.)

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту (10 мин.)

ІV. Бекіту (10 мин.)

V. Шығармашылық жұмыс. Тест (6 мин.)

VІ. Үйге тапсырма беру (1 мин.)

VІІ. Сабақты қорытындылау. (Бағалау, қорытынды жасау. 2 мин.)



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин.)

Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа әзірлеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (15 мин.)

Оқушылардың сабаққа зейінін аудару үшін ең алдымен ауызша сұрақ

қою.


  1. Қаратпа сұрақ (ауызша сұрау)

А. Генетика ғылымының негізін салушы кім?

Ә. Зерттеу объектісіне неге асбұршақты алды?

Б. Г. Мендельдің неше заңы бар?


  1. Жеке жұмыс. (Оқушы – мұғалім роліне ене отырып, тапсырманы орындаушы – тексеруші болады. Әр оқушы өзін – өзі бағалайды)

1 тапсырма. (1 минут)

Таңбалар аттарын атау.

А. Р –


Ә. Г –

Б. ♂ -


В. ♀ -

Г. Х –


Д. Ғ1

  1. 2 тапсырма. (1,5 минут) Сәйкестерін табу.

  1. Доминантты – сыртқы белгілердің жиынтығы

  2. Рецессивті – ата-анасының бір белгісі бойынша шағылыстыру

  3. Фенотип – 2 аллель (әр түрлі)

  4. Генотип – бірдей аллель

  5. Гомозиготалы – гендер жиынтығы(АА, Аа, аа)

  6. Гетерозиготалы – басылыңқы ( 1-ші ұрпақта көрінбей қалуы)

  7. Моногибридті – басымдылық қасиет көрсетуі



  1. 3 тапсырма. (2 минут) Есеп.

Гомозиготалы ақ қоянды қара қоянмен шағылыстырғанда ұрпағында тек ақ қоянның пайда болуы. Бұл қай заңға негізделген?

  1. 4 тапсырма. (2 минут)

Гетерозиготалы ақ қоянды өзі сияқты қоянмен шағылыстырғанда, қандай ұрпақ алуға болады? Бұл қай заңға негізделген?

  1. 5 тапсырма. (2 минут)

Шешесінің қаны І топ, әкесінің қаны ІV топ болса, балаларының қан тобы қандай? Тұқым қуалай ма?

Жеке жұмыс.

Шарты: 1. Берілген уақытта орындалып болу керек.

2. Тапсырма жазылған бетке орындалады.

3. Компьютердегі дұрыс жауабы арқылы өзін – өзі тексереді.

4. Өзін – өзі бағалайды.

5. Тапсырманы жинап алып, бағалау парағына түсіреді.



  1. Сергіту сәті. Балалар компьютерден қан тобына байланысты болатын адамдардың мінезін оқып танысады.

Қанының тобы О. Мұндай адамдар мәңгілік қозғалыста болады. Күш-қуаты, ерік-жігері өте мол, қай жерде болсын жарып шығады, елмен тез тіл табысқыш, жұмысты жанын салып істейді.

Қанының тобы А. Бұл адамдар адал және тындырымды, өз мамандығы бойынша өнімді түрде жоғарылайды. Қалғанының бәрі маңызды емес деп есептейді. Егер бір нәрсені қолға алса тындырмай қоймайды. Олар “иә” деп келсе, оған толық сенуге болады.

Қанының тобы В. Бұл топтағы адамдар өте сезімтал, сырбаз және кез-келген нәрсені тез үйреніп алуға бейім. Жұмыста өзіне де, өзгеге де қатаң талап қояды. Олар сабырлы, бірақ сол сабырлылықтың астында сезімтал жүректерін “жасырып” ұстайды.

Қанының тобы АВ. Мұндай адамдар мүлдем сезімге ерігіш. Олардың бойындағы құштарлық жандарына маза бермей, күдік пен үрейдің жетекшісі болады да жүреді. Алайда барлық қиындықты ешкімге айтпай, жалғыз жеңгенді қалайды.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Дигибридті будандастыру дегеніміз не?

  • Дигибридті будандастыру қарама – қарсы белгілері бар дараларды будандастыру.

  • Екі белгілердің тұқым қуалауы қандай заңдылықтарға бағынады және қалай жүреді?

Г.Мендель жасаған тәжірибе арқылы дәлелдеу.

(Интерактивті тақтамен жұмыс)



  1. Гамета табуды үйренейік. (Дигибридті буданда гамета 4 – еу болады)

Мысалы: ААВВ = АВ,АВ,АВ,АВ = АВ(қысқарады)

АаВв = АВ,АваВ,ав (қысқармайды)



ааВв = аВ,ав,аВ,ав = аВ,ав

2.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет