Сабақтың мақсаты: Білімділігі



Дата19.02.2017
өлшемі87,45 Kb.
#11049
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты: 
Білімділігі: сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы,лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып,сұраулы сөйлем туралы алған білімдерін бекіту; Сұраулы сөйлем жасайтын сұраулық шылаулардың бөлек жазылатынын меңгерту:
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып,білім сапасын арттыру. Сөздер арқылы сөз байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-бірі сыйлауға елін сүюге, Елбасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Қолданылатын әдістер: түсіндіру, миға шабуыл, анализ жасау, сұрақ-жауап, рефлексия.
Көрнекі құралдар: тақта,суреттер, үнтаспа, үлестірмелі парақшалар.
Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. 
-Балалар, бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Алдымен барлығымыз орнымыздан тұрып амандасайық.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім.


Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім

ІІ.Ой ашар. 

Үй тарпсырмасы тексеріледі. 4-5 оқушыдан үйге берілген жаттығу сұралады. 
- Миға шабуыл. Өткенді қайталау.
Ерте-ерте ертеде, бір-бірінен өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтау екен. Бір күні оларға сонау алыстан сәлемдеме келеді. Сәлемдемені олар «Сен ал, сен ал» деп біріне-бірі сілтейді. Сендердің жалқауларға келген сәлемдемені алғыларың келе ме?
- Иә, алғымыз келеді.
- Ендеше бұл сәлемдемені алу үшін алдымен қазір мен оқитын сұрақтарға жауап берулерің қажет.
- Дайынсыңдар ма?
- Дайынбыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Мен бастаймын, сен жалғастыройыны

1. Сөйлем аяқталған …………… (ойды білдіреді).
2. Сөйлем сөзден ………… (құралады).
3. Сөйлемдегі сөздер ……… (бөлек жазылады).
4. Сөйлемнің бірінші ……… (сөзі бас әріппен басталып жазылады).
5. Сөйлемнің соңына ………(нүкте қойылады).
6. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады).
7. Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады).

ІV. Жаңа оқу материалын пысықтау. (Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс)
- Балалар біз өткен сабағымызда сұраулы сөйлеммен таныстық. Ал бүгін ,біздер сол алған білімімізді тиянақтау мақсатында жұмыс жасаймыз.
- Бүгінгі сабағымызда сұраулы сөйлемге байланысты жаттығулар жүргіземіз.
- Ендеше сұраулы сөйлемге байланысты таза әдемі етіп жазамыз
Көркем жазу минуты.

Жазып болсақ, тақтаға назар аударамыз. 180- жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Сұраулық мағына беріп тұрған сөздерді тап. (2 оқушы оқиды)


Неге?

Бұлттар неге ауады?


Жаңбыр неге жауады?
Шағыл неге көшеді?
Жарық неге өшеді?
Маса неге шағады?
Жұлдыз неге ағады?
Орман неге шулайды?
Теңіз неге тулайды?

Өлеңнің авторы Қадыр Мырза Әли атамыз. Ендеше автор туралы қысқаша мәлімет алайық.



Ереже. Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, ба,бе, па,пе бөлек жазылады.
Мысалы: Олар қаладан келді ме? Тапсырманы жаздың ба?
ендеше жаттығу орындаймыз.(тақтаға)

181 жаттығу. Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып жазу.
Толқын кітап алды. – Толқын кітап алды ма?

Ол көп оқиды. – Ол көп оқиды ма?

Әжем ауылдан келді. – Әжем ауылдан келді ме?

Сергіту сәті:


182 – жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып әңгіме құра. (ауызша)

Кітапхана

(2 оқушының жауабы тыңдалады)

Дәптермен жұмыс.

183-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерді салыстыр.

Сабақтан кешікпе. Айдос ауылдан келіп пе? Ешқашан өтірік айтушы болма. Қар қалың жауды ма?



Қарамен жазылған сөздердің жазылуына назар аударып, өзің қорытынды жаса.

Шығармашылық тапсырма.

Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдыру.

Қасқыр ұлыды.

Қар қалың жауды.

Анар қалада тұрады



VІІ. Рефлексия-бағалау кезеңі.
«Венн диаграммасы»

Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем

Бірдеңенін жайын хабарлайды. Жауап алу мақсатында айтылады.

Ұқсастығы: екеуі де сөйлем.

VІІІ. Қорытындылау. 
- Сабағымызды қорытындылау үшін қазір мен сендерге, суреттер таратып беремін. Соған қарап қандай баға алғандарыңызды білесіздер.
Бағалау. Үйге тапсырма.184 - жаттығу. Ереже жаттау.




Каталог: uploads -> doc -> 095a
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
095a -> Сабақтың тақырыбы: Жиын. Жиындарға амалдар қолдану Сабақтың масаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет