Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер



Дата23.08.2017
өлшемі64,89 Kb.
#25660
түріСабақ




08.04.2017ж. Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер.
Сабақтың мақсаты: 1. Сөз тіркестері, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер туралы білім бере отырып, олардың сыртқы құрылысына қарай ұқсастығын, мағынасына қарай өзгешеліктерін ұғындыру. 2. Жаттығу жұмыстары арқылы білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Түрлі әдістер арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту. 3. Адамгершілік, ақыл - ой тәрбиесін беру. Тілдің байлығын, қадірін біліп құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, жазу,талдау, сұрақ – жауап, ой жинақтау, ой қорыту.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта. Слайд, кітап, тақта,бор.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу. Топты ұйымдастырып, жұмыс жасату мақсатында топ басшыларын сайлап алу. Оқушыларды 3 топқа бөлем.

ІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабаққа байланысты сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркестерді көрсетіп, сұрақ қою барысында қандай өзгешелік байқағандарын сұрау.
І. «Білу» бөлімі. «Ой қозғау»
1. Кеше келді, шұбар ат, күле берді, шуақты көктем, әдемі көйлек, таза дәптер. 2. Қара торы, Қазақстан Республикасы, жалт - жұлт, Алматы қаласы, Алпамыс батыр.
3. Қой аузынан шөп алмас, тайға таңба басқандай, үріп ауызға салғандай.

Жаңа сабақты түсіндіру. Негізгі түсінік.
ІІ. Синтаксис -гректің «құрау,біріктіру,рет» деген мағынадағы сөзі.Тіліміздегі сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылымын, құрылысын, басқа да ерекшеліктерін қарастыратын грамматиканың бір саласы. Қазақ тілінде сөз тіркесі-лексикалық сөз тіркесі, синтаксистік сөз тіркесі болып келеді. Синтаксистік сөз тіркесі-толық мағыналы екі я одан да көп сөзден жасалады.

ІІІ. Сөз тіркесі.
Кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық байланысы. Мысалы: жеті нәрсе, екінші басылым, күрең ат, әдемі қыз, кішкентай бауыры
Тұрақты тіркес.
Тұрақты тіркестер кемінде екі сөзден тұрғанымен, бір мағынаны білдіреді. Бірінен екіншісіне сұрақ қоя алмайсың, бір ғана сұраққа жауап береді. Бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Тұрақты тіркестер сөз тіркесінің бір сыңары ғана болады. Мысалы: Қоян жүрек – қорқақ, таяқ тастам жер – жақын.


ІҮ. Күрделі сөз
Күрделі сөздер екі сөзден тұрғанымен, бір мағынаны білдіреді. Олар да бір сұраққа жауап береді. Күрделі сөздер сөз тіркесінің бір сыңары ғана болады. Мысалы: қара ала, он алты, ала жаздай.
Мыс: Қызыл ала көйлек киген көршінің кішкентай қызы үріп ауызға салғандай екен.
Сөз тіркесі: кішкентай қыз, қызыл ала көйлек, көршінің қызы.
Күрделі сөз: қызыл ала.
Тұрақты тіркес: үріп ауызға салғандай.

Әр сөзге сұрақ қоюға болатынын бақылату арқылы сөз тіркесінің ерекшелігіне көңіл бөлу. Сөз тіркесінің әр сөзіне сұрақ қоюға болатыны түсіндіріледі. Күрделі сөз бен тұрақты тіркестердің жасалу ерекшелігіне назар аударту.

Ү. «Түсіну» бөлімі. «Кітап – білімнің қазынасы»

213- жаттығу. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздер тіркесінің күрделі сөз, тұрақты тіркес не сөз тіркесі екенін анықтаңдар. Бөлек-бөлек жазыңдар. (Тақтамен жұмыс. Әр топтан бір оқушы шығып орындайды)

І топ: Сөз тіркестері: Үрімжіге шығар, даласын сағынып, сиырдың жүнін, ойнауға әуеспіз, астымызда тай;

ІІ топ: Күрделі сөздер: Сайрамкөл жайлауы, Жұмахан текшесі, салқар көш, тырс етіп, ақсүйек, алтыбақан, орамал тастамақ;

ІІІ топ: Тұрақты тіркестер: Шөбі шүйгін, отты жер - , өзін-өзі іштей жұбатып, ауып барады, жалғыз аяқ жол, жіті қадағалап тұрады, тыйым салады, сабақ еді ғой;

ҮІ. Семантикалық картамен жұмыс.



Мысалдар

Сөз тіркесі

Тұрақты тіркестер

Күрделі сөздер

1.

Қара торы.

 

 

 

2.

Кетіп қалды.

 

 

 

3.

Үйде қалды.

 

 

 

4.

Сары ала қой.

 

 

 

5.

Жұмған аузын ашпау.

 

 

 

6.

Он сегіз.

 

 

 

7.

Жетпіс жыл.

 

 

 

8.

Асығып-үсігіп келді.

 

 

 

9.

Сіркесі су көтермейді.

 

 

 

10.

Мөлдір су.

 

 

 


ҮІІ. Сергіту сәті. «Кім жылдам» ойыны
Сұрақтар:
1. Көктемнің үшінші айында қандай ұлы мейрам тойланбақшы? (Ұлы Жеңіс)
2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (Тоғыз)
3. А дыбысына сипаттама бер (дауысты, ашық, жуан, езулік)
4. Шығыс септігінің сұрағы (Кімнен? Неден?)
5. Ілік септігінің сұрақтары (Кімнің? Ненің?)
6. Берілген сөйлемде «Айгүл» сөзі қай сөйлем мүшесі болып тұр. Мұғалім Айгүлден сабақ сұрады. (Толықтауыш)
7. Айнұр сабақ оқып отыр. Етістік қай шақта тұр? (Нақ осы шақ)
8. Берілген сөйлемде сын есім қай сөйлем мүшесі болып тұр? Мұны көрмегені жақсы. (Баяндауыш)
9. Етістіктің категориялары (шақ, рай, жақ).

ҮІІІ. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»
Шығармашылық тапсырма. Сурет бойынша тіркес түрлерін пайдалана отырып, әр топ мәтін құрау. Тақырып қою.

ХІХ. Білімді бекіту. Сөз тіркесі дегеніміз не?
Күрделі сөз деген не?
Тұрақты тіркес деген не?

Х. Рефлекция. «Менің пікірім» стикермен жұмыс.



ХI. Бағалау. Саб. белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
ХІІ. Үйге тапсырма. Ережені оқу.215 - жаттығу.

ЖББОМ КММ №65



Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер.

(Ашық сабақ)
Өткізген: қазақ тілі мен

әдебиетінің мұғалімі

Ілияс Самал Бекенқызы

Қарағанды қаласы-2017ж.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет