Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жас ұрпаққа зиянды заттардың (темекі, ішімдік, анаша) адам өміріне қауіпті екенін түсіндіру



Дата04.07.2018
өлшемі39 Kb.
түріСабақ
Тақырыбы: Жасөспірім нені білуі керек?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жас ұрпаққа зиянды заттардың (темекі, ішімдік, анаша) адам өміріне қауіпті екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту,сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелеу: Жастарды дені сау, саналы, тазалыққа бейім, зиянды заттардан аулақ тұлға етіп қалыптастыру.

Сабақтың түрі: топтық, ұжымдық

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау- жинақтау, пікірталас.

Пәндік байланысы: валеология, дене шынықтыру, психология

Көрнекілік: плакат,карточкалар;

Жоспар


1.СПИД- XXI ғасыр кеселі.

2.Шылым шегу-зиянды әдет.

3.У-есірткі, естен айырар.

4.Ішімдік ішу ессіздік.


Сабақтың жүру барысы.Сәлемдесу. Саламатсыздарма оқушылар.Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жас өспірім нені білу керек?».Оқушылар біз бұл сабағымызда жасөспірімге және оның болашағына зиян келтіретін улы заттардан қалай сақтануға болатыны және олардың адам өміріне әсеріне жөнінде сөз қозғаймыз.

СПИД қоздырғыш немесе адамда иммунитет жетіспеушілік вирусты(ВИЧ-1)1983ж франсуз ғалымы виросолог Л.Монтанье ,ал 1984ж американдық ғалым Д.Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады.Адам организміне енген вирус қанның лимфоцит жасушаларының ішіне кіріп, жасушаның генетикалық аппаратына жабысып, тез көбейеді.Осының әсерінен жасуша жарылып өледі.Одан шыққан вирустар жаңа жасушаларға жабысып өткен процесті қайталайды.Осы жасырын кезде адам өзін аурумын деп санамайды бірақ ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы ауру көзі ретінде СПИД ті жұқтырады.

СПИД ауруымене ауратын адамдар санына келсек 2004ж 1-ші шілдесінде

1122 адам тіркелді.Оның 151-і Алматы қаласының тұрғындары.Ал одан қайтқан адамдар 85 адам болса екеуі 14 жасқа толмаған.ВИЧ жұқпасының ішінде мектеп жасындағы балалар саны 17.Олардың 9-ы белгісіз себептермен мектепке бармай жүр,6-ы кәсіптік техникалық мектепте білім алуда, 2-і мектеп жасына дейінгі балалар.Жазылмас дерттің ошағы болып Теміртау қаласы табылады.Бұл қалада ауру адам 828.Бұл жалпы көрсеткіштің 74℅ құ-райды.Қайтыс болғандардың көпшілігі Қарағанды облысында .Олардың саны 73 адам,олардың көбі 10-29жас аралықтағы жастар болып саналады.СПИД ауруы саны бойынша ТМД ішінде біздің ел 5-ші орында екен.

Шылым шегу немесе ішімдікті қолдану зиянын біле тұра, оны қолдану кесірінен ағза никотиннің түсуіне үйрене бастайды.Никотин енді ерекше биологиялық роль атқаратын қызметті жүйе қалыптастырады.Балалық және жеткіншек жаста сырттан енгізілген никотин бұл процестерге араласып, адамның өсуі,дамуы және жетілуіне кері келіп соғады.Темекі түтіні -әртүрлі ауруларды шақыратын зиянды заттардың жиынтығы.темекі тартқан адамда даыс қатайып , қырылдайды.Тістер өте жылдам сарғаяды, ал шыққан дам жағымсыз болады.Жанып тұрған темекі 4000-нан астам әр түрлі қосылыстар шығаратыны белгілі.Соның ішінде 40-тан астам концорегенді заттар болып табылады.

Темекі шегі кезінде темекі түтінінде болатын зиянды заттардың 20℅ жанып кетеді, 25℅ темекі шегушілердің өкпесінде ұсталып қалады.Ал 5℅темекі тұқылында қалады.Ал қалған 50℅ темекі тартпайтындардың үлесіне тиеді.

Енді оқүшылар осы адам ағзасына зиян заттар туралы ойлы сөздерді талқылайық.

1.Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір.

2.Таңдамасаң жастай жолдың дұрысын, жас болыпта көрген күнің құрысын.

3.Темекіден түтін сорсаң улайсың, өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың.

4.У-есірткі, естен айырады.

5. Көз көрмейтін сиқырым бар, еліктірер адамды.

Нашақорлық –бұл есірткі заттарға еріксіз еліктіріп тұратын ағза қызметін қайтымсыз бұзылуларға алып келумен сипатталатын ауру.Есіркіні бір рет те болса қабылдап көрген адамдар, мұны бірнеше себептермен істейді:

жай әшейін

рахаттану үшін

болған жайтты ұмыту үшін

жаңа сезімдер үшін

Жастардың арасында әлі қабылдап көрмегендер не қабылдап көргендер,тәуелділер және тастағандар бар.Оның кесірінен адамда әр түрлі психикалық бұзылыстар, жеке тұлға ретінде ақыл-естің кемуі өршиді.Өлім сааны өте жоғарлайды.Оның ішінде ерте өлімде аз болмайды, яғни жас кезінде инфарктан, дозаның көптігінен, тамырда қан ұйуынан,СПИД пен ВИЧ вирусының гепатитінен.

Есірткі алынатын көкнар өсімдігінің жойылмау себебі балалар оның қоғамда пайдасы да болады екен!

Көкнардың пайдалы жағы; Көкнәрдің зиянды жағы;

-теңізге қажетті мықты арқан -жүйке жүйесін улайды;

алынады; - тәбетті кетіреді,

-Левиз джинсиі алынады; - буынды ауыртады

- тері ауруына қолданады; - ақыл-естен айырады;

- жүйке жүйесін тыныштандырады; - үрей пайда болады;

- өкпе қабынуын емдейді; - ішкі ағзалардың жұмысы бұзылады;

- ұйқы бұзылғанда қолданылады; - теріні құрғатады;

Сонымен балалар біз бұл заттар жөнінде біле отырып, мына ситуациялық сұрақтарға жауап беріп көрейік!

1.Егер сенің досың шылым шексе және саған ұсынса, сен не істер едің?

2.Сен досыңның туған күніне келдің.Мерекелік дастарханда бір бөтелке шарап ұсынса не істейсің?

3.Сен мейрамдарды ішімдікпен қарсы алу қажетті деп санайсың ба?Неліктен?

4.Сен жақсы араласатын досынның анаша құрбаны болғанын бірде білесің.Ал ол болса оның бұл қылығын өз ата-анасына айтпауға сурайды.Досыңның өтінешіне сенің әрекетің қандай болады?


Қорытынды:Оқушылар бүгінгі сабағымызды қортындылау мақсатында сөзжұмбақ шешіп көрейік.(сөзжұмбақ тақтаға ілінеді)

Міне осымен оқушылар біздің назарымызда «Адамдар есіркткілердің, темекінің және алкагольдің қаупі туралы біледі, онда не себепті әуестенуін жалғастыруда »?деген үлкен сауал орын алады және ойландырады.Сау болыңыздар! Сабақ аяқталды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет