Сабақтың мақсаты: хордалылар типін сипаттап, 7 класты біріктіретін ортақ белгілермен танысу. Хордалылар типін жіктеу



Pdf көрінісі
бет3/92
Дата10.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#184506
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
Лекция ОЗ 509 23-24
Ясауитану 1апта, Дүйсембек Алина Психпрактика, Реферат Қазақ хандығының батырлары2, Док тима
желбезек саңылаулары
(жаберные щели) болады. 
Сондықтан да, жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшесінің қызметін бірдей атқарады. Суда 
тіршілік ететін дөңгелекауыздыларда, балықтарда және қосмекенділердің дернәсілдерінде 
(личинкаларында) желбезек саңылаулары желбезек аппаратының қызметін атқарып, суда еріген 
оттекпен тыныс алады. Ал, құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалыларда желбезек 
аппаратының орнына өкпе пайда болады.
4.
Хордалылардың көпшілік түрлерінің қанайналым жүйесі тұйық, яғни қан тек қантамырлардың 
бойымен ағады және хордалылардың жүрегі денесінің құрсақ жағында орналасады. Ал, 
омыртқасыздардың жүрегі денесінің арқа жағында орналасатынын естен шығармау керек.
Хордалылар мен омыртқасыз жануарлардың бір-біріне ұқсас белгілері де бар. Ондай 
белгілерге көпклеткалы болуы, денесінің екі жақты симметриялы болуы, дене мүшелерінің үш 
ұрық жапырақшаларынан түзілуі, екінші реттік ауыз қуысы мен екінші реттік дене қуысының 
(целом қуысы) пайда болуы, кейбір мүшелерінің сегменттік құрылысының болуы, қанайналым 
жүйесінің буылтық құрттарға ұқсас тұйық болуы және т.б. белгілерді атап айтуға болады. 
XVII ғасырдың соңында Ресейде арнайы ғылыми зерттеу экспедияциялары ұйымдастырылып 
Ресейдің көп өңірлеріне және онымен көршілес елдердің табиғат байлықтары кеңінен зерттеле 
бастағаны белгілі. Сондай экпедициясының бірін сол кездегі Петербург академиясының жас 
ғалымы (ұлта неміс) 
Петр Симон Паллас
(1741-1811) Қара теңізде жүргізген зерттеулері кезінде 
бұрын ғылымға белгісіз болып келген жануарды тауып, оны ұлулардың бір түрі деп есептеді. 
Бірақ та оның жалпы құрылысының балыққа ұқсастығы таң қалдырды. Осыдан 60 жыл өткеннен 
кейін көрнекті орыс ғалымы 
Александр Онуфриевич Ковалевский
(1840-1901) қандауыршаның 
ұрығының дамуын мұқият зерттей отырып оның омыртқасыз жануарлар мен омыртқалы 
жануарларды бір-бірімен байланыстыратын зоологиялық жаңа түрі екенін анықтады. Сонымен 
қатар, ол омыртқалы жануарлардың ұрықтарының даму кезеңдеріндегі байқалатын анатомиялық 
құрылысымен ұқсас екендігіне зор мән берді. Өйткені, қандауыршаның құрылысында хордалы 
жаруарларға тән белгілер өмір бойы сақталатындығы да анықталды. 
Қорыта айтқанда, қандауырша біздің заманымызға дейін сақталған ең қарапайым хордалы 
жануар. Сондықтан да, қандауыршаны көне замандардан сақталған «тарихи ескерткіш» жануар 
деп те атауға болады. Палеозой заманының бас кезінде қандауыршалардан басқа омыртқалы 
жануарлар пайда болып таралған деген тұжырым жасауға да болады.
Омыртқасыздар мен хордалылардың ұқсастық және айырмашылық белгілерін анықтауға 
арналған кестені толтыру. Тән белгілердің тұсындағы сандарды кестенің екі бағанасының тұсына 
жазып толтырыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет