Сабақтың мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата16.05.2022
өлшемі202,18 Kb.
#143419
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
15 семинар
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ


Ф-ӘД-001/046 

15- Тақырып: Тарих философиясы. «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» - жаңа 
Қазақстан философиясы 
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: :
Тарих философиясы туралы және Елбасы, ҚР тұңғыш 
президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын 
философиялық тұрғыда талдау 
Сабақтың жоспары: 
1. Тарих философиясы пәні 
2. Қазіргі Қазақстандағы жаңғырту үдерістері
 
3. Еуразияшылдық және Қазақстанның дамуы 
Сабақтың мазмұны: 
Тарих философиясы – жүйелік философияның маңызды бір бөлігі. Оның тараулары 
бірінен соң бірі келетіндей және сондықтан бірін бірі алдын ала ұйғаратындай болып 
құрастырылған. Бірақ сол уақытта әрбір тарауға оның басқа тараулары кірігіп өтетіндей болып 
шығады. Тұтастық ретіндегі философияның тараулары сол мезгілде, оларда өзара қиысынды 
үйлескен, ерекше триадаларға үштіктерге біріктірілген. Бірінші үштікке мыналар енеді: 
1) онтология (тұтастық әлем туралы ілім), 
2) антропология (адам туралы ілім), 
3) гносеология (таным туралы ілім). 
Екінші триадаға енетіндер: 
1) тарих философиясы,
2) мәдениет философиясы, 
3) әлеуметтік философия.
Сондықтан, тарих философиясы қисынды түрде онтологияны, антропологияны, 
гносеологияны ұйғарады және өзінің дүниетанымдық пен методологиялық негіздері ретінде 
атап айтқанда олардың жалпылама принциптерін, категорияларын және ұғымдарын алады. 
Философияның кез келген тарауы және жалпы философия ретінде, тарих философиясы өз 
пәніні – тарихты жалпылық деңгейінде алады және зерттейді, сондықтан ол қандай жағдайда 
болмасын ғылым бөлімі ретіндегі тарихқа редукцияланбайды. 
Тарих философиясының пәні – тарихи процестің мағынасы мен жалпылама мазмұны, оның 
жалпылама заңдылықтары, ал сонымен бірге тарихи зерттеудің методологиясы. 
«Философия тарихы» термині дегенмен тек XVIII ғ. енгізілгенімен ( оны Ф.М. Вольтер, 
1765 ж. жарияланған өзінің «Тарих философиясы» еңбегінде енгізді), философиялық тарихи 
идеялар тіпті көне заманда туындай бастайды. Солай, белгілі философ А.Ф.Лосев грек 
антигіндегі бұл идеялардың жалпылама суреттемесін берді. Нақтылы тарих философиясының 
негізінде қашанда уақыттың белгілі бір үлгісі жатады. Антик тарих философиясы уақыттың 
қайталанбалы моделіне бағдарланған, сондықтан оның сол немесе басқа түрлеріне мәңгі 
қайтып келу идеясы тән болды. Батысеуропалық ортағасырлық тарих философиясы 
христиандық негізде тура сызықтық, бірақ түпкі уақыт моделіне сүйенді. Жаңа және қазіргі 
дәуірлердегі тарих философиясы тура сызықтық шексіз уақыт моделіне бағдарланды. 
Антикалық та, ортағасырлық та тарих философиясы философияның дербес тарауы болып 
бөлінбеді, бірақ, айтпақшы, соңғының басқа тарауларында таратылып жіберілді. 
Ортағасырлық дәуірде оның үстіне тарихи философияның мәселелері қатоликтік теология 
шектерінде шешілді. Философиялық жүйенің дербес саласы ретінде оның қалыптасуы, қашан 
философия көпті немесе азды дін мен теологиядан эмансипацияланған, Жаіа дәуірде басталды. 
Ол Ф.М. Вольтердің, М.Ж. де Кондорсенің, Дж. Виконың, И.Г. Гердердің және әсіресе Г.В.Ф. 
Гегель мен К. Маркстің шығармашылығымен байланысты. Гегель «Тарих философиясы 
бойынша дәрістер» деп аталған еңбегін қалдырды, ал Маркстің бүкіл философиясы , 
Н.А.Бердяевтің дұрыс ескертуі бойынша, жүйе түрінде баяндалмағанына қарамай, ең алдымен 


Ф-ӘД-001//046 

тарих философиясы болып табылады». XX ғ. тарих философияның тұтас қатардағы 
баламалары пайда болды, олардың кейбіреулері осы томда көрініс тапқан. 
Жеке адамның қоғамда өмір сүре отырып жететін сапасы нәтижесінде олардың өндірісте, 
қоғамдық еңбекте қалыптасатын күрделі және көпсалалы қатынастары анықталады. Ел болу 
мәселесі, ұлтты сақтау, жерді, туған атамекенді қорғау мәселесі қазақ халқы үшін қашанда 
тарихи даму тұрғысынан маңызды болып келе жатқаны белгілі. Осы аталған мәселелер 
ешқашан да күн тәртібінен түскен емес. Олар әр түрлі тарихи кезеңдерге байланысты 
көкейкестіленіп, қоғамдық ой-сананың өзегіне айналып отырған. Бүгінде осы мәселелер 
тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алдында тұр. Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған 
кезекті Жолдауында да «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи астарына тоқтап өтті. 
Ал «Мәңгілік Ел» идеясын философиялық тұрғыдан талдаудың өзіндік ерекшелігі бар 
екендігін айта кеткен жөн. Біздіңше, ең басты философиялық ұстаным - ол қазақ халқының 
осы идеямен бірге өмір сүріп келе жатқандығында, оған үнемі оралып, оны сана мен ойдың 
пәні ретінде сезінуінде, тіршіліктің басты бағыты ретінде қабылдап, оны үнемі білім және 
рухани құндылықтармен толықтырып, өмір сүру философиясының өзегі деп қабылдауында 
болса керек. «Мәңгілік Ел» - ұлттық дүниетанымның басты бағыты және қайнар көзі. Оның 
ішкі мазмұны үнемі даму, өзгеру, жаңғыру арқылы жүріп отырады. «Мәңгілік Ел» идеясында 
қазақ халқының сығымдалған, жүйеленген өмір сүру тәжірибесінің әлеуметтік-мәдени коды 
бар. Демек, «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттың тарихи даму үрдісінен тысқары қарау мүмкін емес 
және қолдан немесе ойдан шығарылған мәселе еместігі тағы белгілі. Себебі, бұл мәселе қазақ 
қоғамы үшін қашанда өзекті. Екіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясы, кейбіреулер айтқандай, 
«утопия» немесе ойдан шыққан адам қиялы жетпейтін, абстрактылы ұғымдар жиынтығы емес. 
Ол - Қазақстанның онтологиялық болмысын анықтайтын ұлттық идеяның темірқазығы, қоғам 
дамуына бағыт-бағдар беретін, сан ғасырлар бойғы ата-бабаларымыздың арманын жүзеге 
асырудағы рухани-саяси ұстаным.
Басқаша айтқанда, ол - ұлттық идеологияға пара-пар нәрсе. Кешегі тоталитарлық жүйе 
кезінде бір идеология болғаны белгілі. Ол идеология социализм жүйесінің күйреуімен бірге 
тарих саханасынан келмеске кетті. Қайта құру дәуірі кезінде радикалдық тұрпаттағы 
«реформаторлар», Қазақстан мемлекеттік идеологияға мұқтаж емес, мемлекет идеологиядан 
тысқары болуы керек, тоталитарлық идеология мен демократия ұғымдары өзара сәйкес 
келмейді деген ойларды айтқаны белгілі. Тоталитарлық идеология мен демократиялық 
құндылықтар арасында қайшылық бар екені және олар бір-бірімен келіспейтіні, тіпті, 
антогонистік сипатта екені белгілі. Бірақ, бұдан жалпы қоғам, мемлекет дамуына идеология 
керек емес деген ой тумаса керек. Кешегі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 
«идеологиясыздандыру» үдерісі және тәуелсіз ел идеологиясын қалыптастыру мен дамыту 
қатар жүргені белгілі. Идеология туралы нақты айтылмаса да тәуелсіз мемлекет құрудағы 
идеологиялық ұстанымдарды мемлекеттік деңгейде жүзеге асыру іс-әрекеті болғанын 
мойындауымыз керек. Бүгінгі күнге келер болсақ, ұлттық идеология туралы еркін айтуға 
мүмкіндік бар. Бұл жолдағы ең басты ұстаным ұлттық идеологияны қазақстандықтардың 
дүниетанымдық бағытына айналдыру болуы тиіс.
«Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идеологияның негізгі факторы ретінде қарай отырып, оны 
барлық қазақстандықтар қолдайтын ортақ, әлеуметтік, этностық, діни бірегейлікті қамтамасыз 
ететін басты ұстанымға айналдыру қазіргі кезеңнің басты міндеті болмақшы. Сонымен бірге, 
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. 
Бірлік - ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген 
бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық 
идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс. Сондықтан да «Мәңгілік Ел» идеясын 
жүзеге асырудың тұжырымдамалық негізін философиялық тұрғыдан талдау қажеттілігі 
туындайды. Біздіңше, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған 


Ф-ӘД-001//046 

күннен бері жүзеге асырып келеді. Ол қазақ халқының тарихи санасын қалыптастырып 
дамытуға бағытталған. Осындай бір алғашқы қадамдардың қатарына «Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік шекара туралы» Заңын жатқызуға болады. Мұны «Мәңгілік 
Ел» идеясын жүзеге асырудағы басты нық қадам деп қабылдауымыз керек.
Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау 
тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның 
жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты 
қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды 
құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, 
оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-
мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта 
түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға 
ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық 
сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет