Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру


Қимылды ойын: «Бағдаршам»



бет2/2
Дата03.12.2022
өлшемі20,96 Kb.
#161081
түріСабақ
1   2
Байланысты:
docx1544020310
расписание 2020-1., қыз ұлдармен жұмыс
Қимылды ойын: «Бағдаршам»
Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткеде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақтаймыз.
— Балаларға алдын-ала дайындалған дөңгелек, шеңбер, үшбұрыш және басқа да белгілерді көрсете отырып, олардың жол бойларында, көшелерде ілініп тұратын белгілерді барлықтарын көрдіңдер. Бұлар — жол белгілері.бұл белгілердің арнайы
жарқырап тұратын, белгілердің тиімділігі — жол бойының нағыз хабарландырушысы екендігінде.
Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:
— Ескерту белгілері, ұшбұрышты қызыл болумен көмкерілген бұл белгілер жол бойындажайсыз, қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.
— Тыйым салу белгілері дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.
— Көрсеткіш белгілер, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.
Есіңе сақта.
• Көшеден өткенде арнаулы жерден, жасыл жанғанда ғана немесе реттеушінің белгісін күт.
• Жол қиылысында аса абай бол.
• Көшеден тек жаяу адамдар өтпелері бойынша жүр.
• Көшелер мен жолдарда шанамен сырғанап ойнама.
• Бағдаршамға қарауды ұмытпа.
• Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына содан соң оң жағына қарап, арнайы жаяу жүру жолымен өт.
• Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілісіп кетпе.
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса, солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететінінің салдарынан бұзылады.Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Ал кейбіреулер өмірлік мүгедек болып қалады.
Қорытындылау:
Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет