Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ тілінің морфология саласынан білімдерін дамыту. Сабақтың міндеті



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі0,91 Mb.
#27887
түріСабақ
  1   2
Султанова Гулмира Мынбаевна,

ОҚО, Шардара ауданы

Cабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ тілінің морфология саласынан білімдерін дамыту.

Сабақтың міндеті:

Білімділік:Зат есімнің сұрағы, лексика-грамматикалық мағыналары, ұғымдары, құрамы мен құрылысы, түрленуі туралы теориялық білімдерін арттыру.

Дамытушылық:Тақырып бойынша берілген материалдарды жүйелі орындауға   үйрету,  тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін практикалық дағдымен ұштастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды ана тілінің қадір-қасиетін жете түсінуге үйретіп, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, деңгейлеп оқыту, ойын әдісі, хабарлау, сұрақ-жауап.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру,

қортындылау, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, суреттер.

Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі, орыс тілі.

I.Ұйымдастыру.

«Оймақтай ой»

«Ана тілін білмеген-

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Қайталау - білім анасы»

1.Сөзжасам. Сұрақ-жауап әдісі.

1.Сөзжасам дегеніміз не?

2.Сөздерді қалай талдаймыз?

3.Сөздер тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

4.Түбір сөз дегеніміз не?

5.Туынды сөз дегеніміз не?

6.Қосымша дегеніміз не?

7.Сөз бен сөзді не байланыстырады?

8.Сөзге не үстеме мағына береді?

9.Қандай қосымша жаңа сөз жасайды?

10.Сөздер құрамына қарай нешеге бөлінеді?

11.Дара сөз дегеніміз не?

12.Күрделі сөз дегеніміз не?

13.Күрделі сөздің түрлері?

2.Күрделі сөздер. Топпен жұмыс.

Төрт топ күрделі сөздің төрт түрін кеспе қағаздан таңдап алады. Тақтадағы жаттығудан теріп жазады.


Ұлболсын, алыс-жақын, тату-тәтті, АҚШ, ақсүйек, бидай өңді, қырықаяқ, Әсемпаз, БҰҰ, қолма-қол, төсек-орын, ҚазМИ, бозторғай, жетіқарақшы, МАИ, Есенкелді, тұлпар, тасбақа, кітапхана, ақ сары, кеше, ақ жүрек, Ал МУ, бүгін, қырық тоғыз, Алатау, саяси-көпшілік, педколледжге, апалы-сіңлілі, Қазақстан, тоғыз құмалақ, аткомге, алмұрт, дәріхана, ақ көйлек, медколледж, бір асым ет, қаһарман, аунап-қунап, дәріхана, мәдениет сарайы, сөз таптары, апалаң-топалаң, қара торы, ақ тайлақ, он үш, ақсақалдар, әрқашан.

Біріккен сөздер

Қос сөздер

Қысқарған сөздер

Тіркесті сөздер



Логикалық тапсырма.

3.Сөз таптары. Суреттегі түймедақ гүлінің сөз таптарына қандай қатысы бар деп ойласыңдар? Жақсы балалар, сөзжасам, сөз табы, атауыш сөздер  жайында жалпы білімдеріңнің қаншалықты екенін көрсете білдіңдер.


Бүгінгі жаңа сабағымыз осы сөз табына тікелей байланысты.

III. Жаңа сабақ.





Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет