Сабақтың мақсаты: Оқушыларға оқудың адам өміріндегі маңызын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу



Дата14.10.2019
өлшемі19,67 Kb.
#49858
түріСабақ
Байланысты:
1540142373, 1540142373, 1540142373, Тұңғыш Президент, тест
Мерзімі: 22.10.2018 жыл Мектеп: Құрманғазы Сағырбайұлы ат жом №8. Тақырыбы: Оқу – менің еңбегім Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: өнер-білімге қызығушылық Мұғалім: Абуева Гулбану Егизбаевна Сыныбы: 3 а,ә,б,в

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға оқудың адам өміріндегі маңызын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Білімділік: Оқушыларға оқудың қажырлы еңбек еткенін ұғындыра отырып, ізденімпаздылық қасиеттеріне түсінік беру; Дамытушылық:Оқушыларды оқуға құштарлыққа арқылы еңбекқорлық қасиеттеріне үйрету; Тәрбиелік: Оқушыларды өнер-білімге қызуғушылыққа тәрбиелеу.



Ресурстар

Дәйексөз, суреттер, өлең сөзі, оқулық, дәптер



Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті.  Т – ережесі:

 Тәртіп.

 Талап.

 Тыныштық.

 Тазалық.

 Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.



Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.




Үй тапсырмасын тексеру. Кел, балалар, оқылық! 30 бет жаттап келу.




Дәйексөз     «Оқу - инемен құдық қазғандай»   Нақыл сөз деп тақтаға жазып, мәніне тереңірек тоқтау. Дәйексөзді дәптерге жазып алу.




Мұғалім сыйы Маңдай тер

Б. Досымов

Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жылдар бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.



  • Ата, «маңдай тер» деген не? – деп сұрады бірде Хамит.

Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді. Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді. Қолына күрек ұстатты:

  • Қане, екі-үш рет қазып ал!

Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты. Хамит пора-пора болып терледі. Үйге келген соң да атасы жақ ашпады.

Жылдар өтіп жатты. Көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс салды. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп қолына ұстатты. Сондай дәмді!



  • Маңдай тер деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі!

Хамит атасын құшақтай алды.


  • Атасы Хамитке қандай өнегелі іс көрсетті?

  • «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

  • Еңбекққор адамның бойында қандай құндылықтар болады?

  • Өздерің қандай істі маңдай термен атқарып жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.




Шығармашылық жұмыс 4 тапсырма: « Білімдіге дүние жарық» - деп дұрыс айтылған. Өлеңдегі қате сөздерді табыңдар. Ол сөздерді түзетіп оқыңдар. 5 тапсырма: «Оқығағаныңды айтпа, тоқығаныңды айт» ,- деген нақыл сөз бар.Ертегілерді оқыңдар. Ондағы оқиғалардың шешімін тауып, айтып беріңдер. 6 тапсырма: Мәтінді оқып, сахналап көрсетіңдер.




Жаңаны білеміз

Адам өмір бойы білім алумен айналысады. Білім – ол мол байлық, сарқылмас қазына, таусылмайтын кен. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген нақыл сөз бекер айтылмаған.

Білім алу – талмай оқумен, үнемі ізденіспен, қажырлы еңбекпен келеді. Оқып – білген сайын адамға дүние сыры ашыла түседі. Білімді болсаң, өзіңді, айналаңды, әлемді тани аласың. Ең бастысы – біліміңді жақсылыққа жұмсау керек.





Дәптермен жұмыс. Тест тапсырмаларын орындайды.




Топпен ән айту. Біз көңілді ұланбыз




Үй тапсырмасы «Мейірім тамшылары» жобасы

Қалай ойлайсыңдар, қандай әндерді «мейірімді әндер» деп айтуға болады? Ондағы басты нәрсе не ? Осындай әндерді іздеуді бастаңдар.



«Бала Шоқан» әңгімесінен түсінік айту 33 бет

Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл - күйін есітеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен білім аламын, мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын. Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп, жақсы адамға айналамын». Рахмет!

Оқушылар көздерін жұмып демалады.

Оқу ісінің меңгерушісі: Л.Қалиева

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет