Сабақтың мақсаты: папилломавирустар тудыратын ауруларды балау қағидаларын үйрену Сабақтың мазмұны. Тарихи деректер



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата19.03.2022
өлшемі477,05 Kb.
#136220
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
№ 9 Тәжірибелік сабақ
8 БӨЖ, Синергетикалық парадигманың қалыптасуы, Жұманғазы Айсара сөж 13 дәріс, 8 Демографиялық дамуды болжау


№9 тәжірибелік сабақ 
Тақырыбы: Папилломавирустар қоздыратың аурулардың 
диагностикасы 
 
Сабақтың мақсаты: 
папилломавирустар тудыратын ауруларды 
балау қағидаларын үйрену 
Сабақтың мазмұны. 
Тарихи деректер. 
Папилломавирустардың 
көптеген өкілдері онкогендік қасиетке ие.
Папилломалар (papillotna, popillos) – көпқабатты эпителимен 
қапталған дәнекер ұлпадан тұратын қатерлі емес ісік. Папилломалар 
бүршікше, емізікше, сүйел, жалпақ ісіктер немесе түрлі-түсті 
орамжапырақ сияқты конгломераттар түрінде баяу дамиды. Олар 
ұлпаның ішіне емес, терінің немесе кілегей қабықтың беткейіне, бос 
кеңістікке қарай өседі. Бұл олардың қатерлі ісіктерден 
айырмашылығы. Әдетте, теріде орналасқан кезде қандай да бір 
кедергі жасамайды. Ішкі ағзалардың (өңеш, қарын, ішек, жатыр 
мойны, жатыр, қуық т.б) кілегей қабығында орналасқан 
папилломалардың тіні жұмсақ болады да қансырауға және қатерлі 
түріне (карцинома, фибросаркома) айналуға бейім болады. Олар 
ағзаның қызметін бұза алады.
Папилломалар үй жануарларының барлық түрінде кездеседі. 
Әсіресе жас кезіндегі (2 жасқа дейін) ірі қара малда жиі кездеседі. 
Жылқыларда папилломаларды көбінесе аяқтарының дистальды 
бөлігінде (тілерсек және білек буындарының артқы бөлігінде) 
созылмалы веррукозды дерматит түрінде кездеседі, құлындарда 
ерін, мұрын және құлақ аумағында кездеседі. Ит пен мысықтарда 
папилломалардың көп шығатын жері – ауыз қуысының кілегейлі 
қабығында және ерін аумақтары.
Қоздырушысы.
Папилломавирустар (лат. Papillomaviridae) – 
ертеректе паповавирустар тұқымдастығының түрі болып табылады. 
Балтимор бойынша вирустар классификациясының 1 тобына 
жатады. Вирионының өлшемі 55 нм шамасында. Вирус иелерінің 
торшасының ядросында көбейеді. 


10-сурет.Папиломавирустар құрылымының схемалық бейнесі 
Вирустың 
морфологиясы 
және 
химиялық 
құрамы. 
Папилломавирустар 30 түрі бар, Papillomaviridaе тұқымдастығына 
жататын ұсақ вирустар болып табылады. Вирустың вириондары екі 
спиральды сақина тәрізді бұралған ДНҚ – дан тұрады және де 
сыртқы қабығынан айырылған.Капсид – диаметрі шамамен 55 нм, 72 
капсомерден тұратын икосаэдр ( 20 бұрышты). Вирус құрамында 
липидтер жоқ және май еріткіштерде ериді. Репликация сатысында 
вирус 8ден 10ға дейін ақуыздар бөледі, олардың түзілуін «ерте» 
және «ерте» гендер реттейді. «Ерте» гендер (Е6 және Е7) 
репликация, транскрипция және трансформация процесстерін 
реттейді. Олар вирустың онкогенды қасиеттеріне жауап береді, 
соған орай, эпителий торшаларында торшалық бөлінудің ақуыз – 
реттегіштерді p53 және Rbl05 байланыстырады, осылайша олардың 
супрессивті қасиеттерін инактивтейді. «Кеш» гендер L1 және L2 
вирионның құрылымдық ақуыздарын кодтайды. Е6 және Е7 гендері 
әрдайым ісіктік торшаларда кездеседі. Вирустық геномының басқа 
да фрагменттері байқалмайды, себебі олар созылмалы репликация 
сатысында жойылып кетуі мүмкін. Папилломавирустар түрлік 
спецификалық және типтік спецификалық антигендері бар. 
Торшалық жүйелерде өсіп – көбеймейді.
Індеттанулық 
мәліметтер.
Папилломавирустар 
тері 
зақымдалулары түрінде малдардың кейбір түрлерінде және 
адамдарда кездескен. Папилломавирустардың әрбір иесінде әртүрлі 
түрі бар, ол мысықтарға да қатысты. Бұл вирустарда спецификалық 
болу үрдісі бар, бірақ адамдардың және ірі қара малдың 
папилломавирустарына 
қатысты 
ДНҚ 
түзілуінің 
реттілігі 
мысықтарда да табылған. Бұл қиылысты трансмиссияны білдіреді. 


Папилломавирусты 
инфекция 
мысық 
тұқымдастардың 
басқаларында, флоридалық пантераны, пуманың түртұқымдасы, 
сары сілеусін, қар леопарды және сұр леопардта кездеседі. 
Мысықтардың папилломатозы
– бұл вирусты ауру. 
Папилломаның вирусы – ДНҚ құрамды вирустар.
Аурудың 
дамуы 
(патогенез)і.
Папилломавирустар 
эпителиотропты вирустар болып табылады; инфекция әдетте тері 
зақымдалғанда 
немесе 
көгергенде 
кездеседі. 
Бастапқыда 
герминативті қабаттың базальды торшалары зақымдалады, ол 
гиперплазияға және spinosum and granulosum қабаттарындағы 
торшалардың пісіп – жетілуінің тежелуіне әкеліп соқтырады. 
Базальды торшаларда тек қана гендердің ерте экспрессиясы 
байқалады, бұл уақытта spinosum қабатында және спецификалық 
түрде granulosum қабатындағы толықтай дифференцияланған 
торшаларында вирустың белок синтезі және вирионның құрылуы 
жүреді. Вирус дифференцияланған кератинделген торшаларда 
кездеседі және мүйізді қабатта түлеген торшалар арқылы таралады. 
Папилломавирустарды 
әртүрлі 
жануарлардың 
қалыпты 
терісінде, соның ішінде мысықтарды да қоса алғанда, табуға болады. 
Бұл жағдай тері зақымдалулары мен папилломавирусты ажыратуға 
қорытынды дәлел жасауды қиынға соқтырады . 
Ағымы және симптомдары.
Мысықтарда папилломавирустар 
әртүрлі тері зақымдалуларымен байланысты. 
Біріншіден, 
мысықтардың 
иммунодефицит 
вирусымен 
зақымдалған кәрі және иммуносупрессивті мысықтардың терісінде 
гиперкератиндік дақтардың болуы. Бірақ, дақтар мысықтарда 
ешқандай да иммунодефицит белгілерінсіз де пайда болуы мүмкін. 
Дақтар тегіс, терінің бетінен аздап көтеріліп тұратын қабыршақтар 
түрінде және әртүрлі деңгейде пигменттелген зақымдалулар түрінде 
болады. 
Екіншіден, вирусты дақтар Боувенның insitu карциномаларына 
(BISCs) асқынуы мүмкін, одан ары инвазивті тегіс клеткалық 
карциномаға (ISCCs) дамуы мүмкін. Мысықтардың BISCs көбінесе 
пигменттелген, түксізделген теріде жиі кездеседі және олар 
гиперпигменттелген, домалақ, зақымдалулар қабыршақтарымен 
көмкерілген түрде болады. ISCCs – дың дамуында күн сәулесі рөл 
атқарады, сондықтан зақымдалулар азтүкті жерлерде, қабақта, 
мұрында, 
және 
құлақ 
қуысында 
кездесу 
үрдісіне 
ие. 
Папилломавирустың ДНҚ-сы ( Felisdomesticus папилломавирус 2 - 


FdPV - 2) мен тегісклеткалы карциноманың арасында анық 
ассоциация табылған, бұл BISC пен балауланған барлық 20 
мысықтың түрінде және ІSCC пен балауланған мысықтардың 20-
сынын 17 нен табылған. Бірақ, FdPV – 2 ДНҚ –сы қалыпты тері 
мысалдарының 52 пайызында анықталуы мүмкін. Бір зерттеуде, 
папилломавирустың ДНҚ қалыптасуының 50 пайызы адамның 
папилломавирусының ДНҚ-сымен өте ұқсас болып келеді.
Үшіншіден, мысық терісінің фибропапилломалары неме мысық 
саркоидтары папилломавирусты инфекциямен қоздырылуы мүмкін. 
Олар өте сирек, терінің неоплазиясы ретінде баста, мойында, іштің 
вентральды жағында және аяқтарда кездеседі. Мысықтардың 
папилломавирусы 1 типті сиырдың папилломавирусына ұқсас, ал 
жоғары деңгейде таралушылық ірі қара малмен қарым – қатынаста 
болған мысықтарда ірі қара вирусының қауымдастығын болжайды. 
Бұл болжам ірі қара папилломавирусы мен жылқы саркоидының 
арасындағы қауымдастыққа кедергі келтірмейді.
Төртіншіден, 
папилломавирустар 
мысықтардың 
папилломаларымен қауымдасқан. 
Балау.
Мысықтың папилломатозына балау қою үшін 
гистопатологиялық зерттеуге терінің зақымдалған ошағынан 
биопсия алынуы мүмкін, топтық спецификалық папилломавирусты 
антигендерге иммуногистохимиялық бояу жасалуы мүмкін. 
Электронды микроскопия көмегімен кератинді торшаларда 
папилломавирустардың торшаішілік бөліктерін анықтауға болады. 
Сонымен қатар ПТР әдісі де ДНҚ паппиломавирусын бұзу үшін 
және әртүрлі вирустардың идентификациясын білуге қолданылады. 
Бірақ, папилломавирусты ДНҚ мысықтың қалыпты терісінде 
интерпретация жасайды, ПТР бұзылғантеріде оң нәтиже беруі қиын. 
Емі. 
Мысық папилломатозының арнайы алдын алу емі 
қарастырылмаған. Иттер сияқты иммуннокомпетентті мысықта 
спонтанды регрессия байқалуы мүмкін, бірақ бұл көп уақыт алуы 
мүмкін, бірнеше айға дейін. [EBMкласс IV] 
Алдын алу. 
Мысық папилломатозының алдын алу үшн вакцина 
жоқ. Папилломавирустық инфекциялардың арнайы алдын алу 
зерттелмеген. Вирустық капсидтердің белогына вакцинация ДНҚ 
рекомбинатты технологиясы негізінде алынған сенімдірек. Ең 
қиындығы вакцина көп түрлі вирустардан тұру керек, өйткені 
айқасқан қорғанышы жойылып кетеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет