Сабақтың мақсаты: Студенттер зерттеулер мен жетілдіру арқылы кәсіби дамудың қажеттілігі туралы қортынды жасайды. Тапсырмалар


Мектеп базасындағы жүзеге асырылатын іс-әрекеттегі педагогикалық зерттеу дегеніміз не?



бет7/11
Дата17.11.2023
өлшемі40,1 Kb.
#191851
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 семинар

Мектеп базасындағы жүзеге асырылатын іс-әрекеттегі педагогикалық зерттеу дегеніміз не?
Мектеп базасындағы жүзеге асырылатын іс-әрекеттегі педагогикалық зерттеу үдерісі арқылы практик-мамандар мектеп проблемаларын қарастырып, оларға жан-жақты жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Бұл – «мектептегі шара» немесе «мектеп туралы ақпарат» қана емес, ол, ең алдымен, «мектеп үшін» жүргізілетін зерттеу нысаны. Осыған қарап, оқытушының міндеті өзінің жеке тәжірибесін түсіну және жетілдірумен қатар, өзіндік рефлективтік зерттеу үдерісіне қызығушылықпен тартылуы, ұмтылуы деп айта аламыз. Іс-әрекеттегі педагогикалық зерттеуге қатысушылар оқу бағдарламасын өзгертуге, мектепте қолданылатын тәжірибеге қатысты дау айтуға және проблема қою, деректер жинау, талдау және әрекет ету жөніндегі үздіксіз үдерістермен айналысуға бағытталады, сол арқылы әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізу жұмыстарына ден қояды.
Мұғалімдер әдетте өз сабақтарында туындайтын проблемаларға көңіл бөліп, белсенді түрде оларды шешуге тырысады. Мұғалім өз тәжірибесін өзгерту үшін қызу жұмысқа кірісіп, сонымен қатар жүйелі түрде бұл өзгерістер ықпалының дәлелдемелерін жинаса, ол мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу үдерісіне тереңдей бастағаны. Бұл тәсіл білім беру және басқа да алуан түрлі салаларда қолданылатындықтаніс-әрекеттегі зерттеудің көптеген түсініктемелері бар. Бірақ барлық жағдайларда көңіл түбінде бір ықылас-ниет тұрады, ол – зерттеуші-практиктің ойына алған проблемаға жауап ретінде тәжірибені өзгертуі. Іс-әрекеттегі зерттеудің тағы бір маңызды ерекшелігі – оны іс-әрекетке қатысты оқытушылар немесе оқушыларды зерттейтін сырттан келген зерттеу тобы емес, сол ұйымдағы не қоғамдағы мүше немесе сол ұжымның өзге мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылатынында.
Мектеп базасындағы іс-әрекеттегі зерттеу адамдардың әрекет-қылықтары мен оқытушылардың тап болған әлеуметтік жағдайларын зерттеумен байланысты. Кей жағдайларда мүлде орынсыз өзгерістерге сезімтал немесе нақты әрекет етуді талап ететін жағдайлар зерттеуге түрткі бола алады. Осыған сәйкес, іс-әрекеттегі зерттеу оқытушылар күнделікті қызметте кездестіретін тәжірибелік проблемаларға арналған, сонымен қатар әдіснамасы зерттеу құралдары мен стратегияларының белгілі бір топтамасынан гөрі, зерттеуге нұсқаулық ретінде белгіленетін икемді зерттеу тәсілі болып табылады.
Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімдерге жүйелі түрде тәжірибе туралы ойланудың күшін көрсете алады. Бұның бәрі барлық мұғалімдердің оқытушы мамандығымен байланысты проблемаларға психологиялық тұрғыдан дайын болатындығымен түсіндіріледі. Оқытушы кәсібінің табыстылығының құпиясы – үздіксіз өсу және білім алуда. Оқытушылар үшін іс-әрекеттегі зерттеу практикалық тәжірибені пайдалана отырып, одан әрі өсу және оқуды жалғастыру тәсілі болып табылады. Іс-әрекеттегі зерттеу оқытушы қатысқан кез келген сәттен басталады және зерттеудің қажетті деңгейде алға жылжу жылдамдығы да оқытушының қалауына қатысты.

Сонымен, іс-әрекеттегі зерттеу:


• әрекеттер мен олардың салдарын жүйелі түрде зерттеумен қоса, оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында іс-әрекетті орындау үдерісі;
• негізінен өз тәжірибесін жетілдіру үшін өзінің жұмыс орнындағы деректерді талдайтын практик-мамандар әзірлейді және жүргізеді;
• бұл қолданбалы зерттеудің түрі, зерттеуге жүргізілу мақсатымен жақсы таныс зерттеуші де белсенділікпен қатысады;
• антропология, социология және этнография саласында қалыптасқан сапалы зерттеулердің бай дәстүрлері тұрғысынан қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет