Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру


Ауру себебінің екі негізгі сипатын таңдаңыз



бет7/51
Дата26.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#188314
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын
Документ (1), Шашубай Нурай.Шугыл, IdentityCard-060402651357-20230424102230

1. Ауру себебінің екі негізгі сипатын таңдаңыз


  1. аурудың ұзақтығына және ауырлығына ықпал ететін жайт

  2. аурудың пайда болуына септесетін жайт

  3. аурудың арнайы ерекшеліктерін анықтайтын жайт

  4. ауру пайда болуы үшін қажет жайт

  5. ауру пайда болуының жиілігіне ықпал ететін жайт

2. Ауру пайда болуының жағдайлары – бұл (3)

  1. онсыз ауру пайда болмайтын жайт

  2. аурудың жиілігіне, ауырлығына және ұзақтығына ықпал ететін жайттар

  3. аурудың пайда болуына кедергі келтіретін жайттар

  4. аурудың пайда болуына септесетін жайттар

3. Ятрогендік аурулар – бұл (1)

  1. науқастың мінез-құлқы теріс болуынан туындайтын аурулар

  2. медицина қызметкерлерінің қате әрекеттерінен туындайтын аурулар

4. Тұқым қуалаушылықтың этиологиядағы маңызы (1)

  1. тек ауру себебі бола алады

  2. тек ауру пайда болуының жағдайы бола алады

  3. ауру пайда болуының себебі де, жағдайы да бола алады

  4. этиологияда ешқандай маңызы жоқ

5. Сәйкестікті тап:
1) Сыртқы этиологиялық жайттар (4)
2) Ішкі этиологиялық жайттар (4)

  1. конституция

  2. жас

  3. шу

  4. тұқым қуалаушылық

  5. жыныс

  6. вирустар

  7. төмен температура

  8. ауыр металл тұздары

6. Жұқпалы ауруларды этиотроптық емдеуге қолдануды жатқызуға болады (1)

  1. витаминдерді

  2. ауыруды басатын дәрілерді

  3. бактерияларға қарсы дәрілерді

  4. сезімталдықты төмендететін дәрілерді

  5. антиоксиданттарды

7. Ауру патогенезін оқып білу мына сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді (1)

  1. ауру неге пайда болды?

  2. ауру пайда болуының себебі не?

  3. ауру дамуына не септеседі?

  4. ауру дамуына не кедергі келтіреді?

  5. ауру қалай, қайтіп дамиды?

8. Кез келген ауру патогенезі басталады (2)

    1. алғашқы бүліністен

    2. салдарлық зақымданудан

    3. қорғану-бейімделу әсерленістерінен

    4. «зақымданудан»

    5. «физиологиялық шарадан»

9. Патогенездің бастапқы тізбегі– бұл (1)

  1. алғашқы зақымдану

  2. салдарлық зақымдану

  3. кері айналып соғу шеңбері

Д) басты тізбек
10. Патогенездің негізгі тізбегі – бұл (1)

  1. патогенездің басқа барлық тізбектерін өрістететін тізбек

  2. патогенездің бастапқы тізбегі

  3. алғашқы зақымдану

  4. салдарлық зақымдану

  5. патогенездің жекелеген тізбектері арасында теріс кері байланыстың қалыптасуы

11. Аурулар патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері– бұл (1)

  1. аурудың өршу және ремиссия кезеңдері бар созылмалы түрге ауысуы

  2. аурудың үдеуіне септесетін, патогенездің жекелеген тізбектері арасында, оң кері байланыстың пайда болуы

  3. патогенездің жекелеген тізбектері арасында теріс кері байланыстың пайда болуы

12. Патогенездік емдеудің негізінде жатады (1)

  1. аурудың жекелеген көріністеріне әсер ету

  2. аурудың пайда болу себептеріне әсер ету

  3. ауру патогенезінің негізгі тізбектеріне әсер ету

  4. организмнің реактивтілігіне әсер ету

  5. аурудың пайда болу жағдайларына әсер ету



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет