Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет8/51
Дата26.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#188314
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын
Документ (1), Шашубай Нурай.Шугыл, IdentityCard-060402651357-20230424102230
13. Биіктік ауруының себептері (2)

  1. барометрлік қысымның төмендеуі

  2. атмосфералық ауада рО2 төмендеуі

  3. барометрлік қысымның жоғарылауы

  4. зат алмасудың бұзылуы

  5. гипоксемия

14. Биіктік ауруы патогенезінің негізгі тізбегі (1)

  1. зат алмасудың бұзылуы

  2. жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы

  3. гипоксемия

  4. гипоксия

  5. ацидоз

5. Биіктік ауруы патогенезіндегі себеп–салдарлық тәуелділік туралы дұрыс түсінік беретін жауапты көрсетіңіз (1)

  1. гипоксия →гипоксемия → зат алмасудың бұзылуы → орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) қызметінің бұзылуы

  2. ОЖЖ қызметінің бұзылуы → гипоксия → гипоксемия → ацидоз → зат алмасудың бұзылуы

  3. зат алмасудың бұзылуы → ацидоз → гипоксия → гипоксемия → ОЖЖ қызметінің бұзылуы

  4. гипоксемия → гипоксия → зат алмасудың бұзылуы → ацидоз → ОЖЖ қызметінің бұзылуы

  5. ацидоз – ОЖЖ қызметінің бұзылуы → гипоксия → гипоксемия → зат алмасудың бұзылуы

16. Биіктік ауруы патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері (1)

  1. гипоксемия → гипоксия → зат алмасудың бұзылуы → ОЖЖ қызметінің бұзылуы → гипоксемия

  2. гипоксемия → тыныс орталығының қозуы→ гиперпноэ → гипокапния → тыныс орталығының тежелуі → брадипноэ → гипоксемия

  3. гипоксемия → эритропоэтин өндірілуінің жоғарылауы → эритроцитоз → гипоксемия

  4. гипоксемия → ұан тамырларын қозғалтқыш орталықтың қозуы → тахикардия → гипоксемия

17. Биіктік ауруы кезінде гиперпноэ патогенезі тыныс орталығының, салдарынан, қозуына байланысты (1)

  1. қанда көмір қышқыл газының үлестік қысымының жоғарылауы

  2. қанда оттегінің үлестік қысымының жоғарылауы

  3. қанда көмір қышқыл газының үлестік қысымының төмендеуі

  4. қанда оттегінің үлестік қысымының төмендеуі

18. Биіктік ауруына тән организмдегі өзгерістер (4)

  1. гипоксемия

  2. гипоксия

  3. гипокапния

  4. газдық ацидоз

  5. газдық алкалоз

19. Сәйкестікті тап:
1) биіктік ауруы кезіндегі зақымдану көріністері (4)
2) биіктік ауруы кезіндегі қорғану көріністері (2)

  1. гиперпноэ

  2. брадипноэ

  3. тахикардия

  4. цианоз

  5. тоқмейілсу

  6. қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы

20. Биіктік ауруы кезінде көгеру патогенезі қанда артық болуына байланысты (1)

  1. оксигемоглобиннің

  2. карбгемоглобиннің

  3. карбоксигемоглобиннің

  4. дезоксигемоглобиннің (тотықсызданған гемоглобиннің)

  5. метгемоглобиннің




3 тақырып: «ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІ МЕН ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ ДЕРТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗЫ»


Сабақтың мақсаты:

  • Ауру туындауы мен дамуындағы организм реактивтілігінің, төзімділігі мен тұқым қуалаушылықтың маңызын меңгеру

  • Есептерді шешкенде теориялық білімін қолдану

  • Организм реактивтілігі мен төзімділігі сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

  • Гипоксияға төзімділікте жас ерекшелігінің, жыныстың, ОЖЖ қызметінің, сыртқы орта жайттарының ерекшеліктерін анықтау үшін тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу



Оқыту міндеттері:

  • Организм реактивтілігі мен төзімділігінің дерттанудағы маңызын зерттеу

  • Организм реактивтілігі мен төзімділігі сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру

  • Тәжірибедегі организм реактивтілігіне қарай тітіркендіргішке организмнің жауап қайтару түрлерін бағалау

  • Тәжірибелік жануарлармен жұмыс жасағанда ҚР ДСМ №№ 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдана білу

  • Алған теориялық білімді ситуациялық есептерді шешкенде қолдануды үйрену



Тақырыптың негізгі сұрақтар:

  1. Организм реактивтілігі мен төзімділігі туралы түсінік. Қоздырғышқа организмнің жауап қайтару түрлері

  2. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Реактивтілікті анықтайтын жайттар (тұқым қуалаушылық, дене бітімі, жас мөлшері, жыныс, жүйке, ішікі сөлденіс, иммундық т.б. жүйелердің ерекшелігі).

  3. Тұқым қуалайтын және туа пайда болған аурулар, себептері. Тұқым қуалайтын аурулардың жіктелуі.

  4. Тұқым қуалайтын аурулар туындауының жалпы механизмдері. Бидл-Татума және Жакоба-Мано-Львов тұқым қуалайтын аурулар патогенезінің теориялары.

  5. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеу ұстанымдары.

  6. Организм конституциясы туралы түсінік. Сиго, Кречмер Э., Павлов И.П., Черноруцкий А.А. бойынша конституцияның жіктелуі. Организм конституциясының реактивтіліктегі маңызы. Диатездер туралы түсінік. Диатездер түрлері және олардың сипаттамасы.

  7. Реактивтіліктегі адам жасының маңызы. Балалар мен қарттардың реактивтілігінің ерекшеліктері.

  8. Реактивтіліктегі адам жынысының маңызы. Ерлер мен әйелдер организмі реактивтілігінің ерекшеліктері.

  9. Организм реактивтілігін бағдарлы түрде өзгерту аурулардың алдын алу мен емдеудің маңызды жолы.



Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Дискуссия, тәжірибелер жасау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.


Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, тәжірибе хаттамаларының дұрыс толтырылуын және тәжірибе нәтижелері бойынша қорытындының, ситуациялық есептер жауаптарының дұрыстығын тексеру, тесттілеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет