Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет5/51
Дата26.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#188314
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын
Документ (1), Шашубай Нурай.Шугыл, IdentityCard-060402651357-20230424102230
Тәжірибелік жұмыс
№ 1 тапсырманы орындау немесе «Биіктік ауруын үлгілеу» бейнефильмін көру.
1 тапсырма. Биіктік ауруының үлгісін алу және негізгі көріністерін зерттеу.
Әдісі. Ақ тышқанды Комовский аппаратының астына отырғызады. Жануардың бастапқы жағдайын: тәртібі, тыныс алу сипаты, терісінің түсін байқап белгілеп алады. Комовский аппаратының насосы арқылы ауаны барометрлік қысымның көрсеткішін манометр арқылы байқай отырып, біртіндеп сорады. Барометрлік қысымның 0,2 атм., 0,4 атм., 0,6 атм., 0,8 атм-ға төмендегенде тышқандағы өзгерістердің сипаты мен бірізділігін белгілейді. Тышқанның өліп қалмауын қадағалап отыру керек, сол себепті құрысу-тырыспа басталғанда тез арада қалпақтың астына ауа жіберіледі. Алынған нәтижелер хаттамаға толтырылады, қорытынды жасалады.
Тәжірибе хаттамасы.

Барометрлік қысымның деңгейі

Негізгі көріністері

Бастапқы жағдайы




0,8 атм.




0,6 атм.




0,4 атм.




0,2 атм.




2 тапсырма. Пол Бер тәжірибесін сараптау


Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.
Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.

3 тапсырма. Биіктік ауруының құрылымдық кестесін зерттеу


№ 1. БИІКТІК АУРУЫ

Себептері
Патогенездің негізгі тізбегі

ОЖЖ

Жүрек- қан тамыр жүйесі
система

Тыныс алу жүйесі


Қан жүйесі





Барометрлік қысымның төмендеуі,
дем алатын ауада рО2 төмендеуі

гипоксемия

зат алмасудың бұзылуы

гликолиздің белсенділенуі

зат алмасудың шала тотыққан өнімдерінің жиналуы

негізгі көріністері
Тоқмейілсу, психикалық үрдістердің баяулауы, нәзік қимылдық нақтыланудың бұзылуы, қозғалыстар үйлесімділігінің бұзылуы, селкілдек.

Тахикардия, жүректің соғулық көлемінің, жүректің минөттік көлемінің ұлғаюы, қанайналымының орталықтануы.


Брадипноэ немесе үзілісті тынысқа ауысатын


гиперпноэ

Эритроцитоз



Газдар және сұй-ықтардың физии-калық қасиеттер-інің өзгеруі

Декомпрессиялық синдром, іш кебуі, құлақ және маңдай қуыстары ішіндегі шаншу, майда қантамырларыныңжыртылуы, тері астында ауа жиналуы, газдық эмболия

№ 2.
БИІКТІК АУРУЫНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІНДЕГІ КЕРІ АЙНАЛЫП СОҒУ ШЕҢБЕРІ

Дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымының (рО2) төмендеуі



г ипоксемия

Тыныс алу орталығының қозуы

гиперпноэ

Гипокапния, тыныстық алкалоз

Тыныс алу орталығының әлсіреуі

б радипноэ

4 тапсырма. Ситуациялық есептер щығару


1. Егеуқұйрықты барокамераға үш минут бойы отырғызып, барометрлік қысым 180 мм. с.б. деңгейіне дейін ауа сорылды. Төмен барометрлік жағдайда болғаннан кейін жануарда 4 минуттан соң тырыспа-селкілдек пайда болды. 5 минуттан соң ақтық тыныс (сирек дем алу) пайда болып, бір бүйіріне қисайып жатты. Кейін тыныс алуы мүлдем тоқтайды. Төменгі барометрлік жағдайда (барометрлік қысым 180 мм. с.б.) өмір сүру ұзақтығы 6минутты құрады.



  1. Аталған тәжірибеде жануар қандай жайттың әсеріне ұшырады?

  2. Көрсетілген жайттардың қайсысы дамыған дерттік үрдістің (гипобариялық гипоксияның) себебі болуы мүмкін?

  3. Айтылған болжамдарды тәжірибе жүзінде қалай көрсетуге болады?

  4. Аталған гипоксияда жануарда ҚСҮ мен қанның газдық құрамы қалай өзгереді?

2. 10 000 метр биіктікте жолаушылар авиалайнерінің тығыз жабылмағандығы анықталды. Бірнеше секөнттің ішінде ұшақтағы барометрлік қысым сол биіктіктегі атмосфералық қысымның көрсеткішімен бірдей (170 мм.с.б.) болды. Экипаж төмен түсе алмай, ұшақ сол биіктікте бірнеше минөт бойы ұшты.



  1. Осы апатқа сәйкес жолаушылар организмінде дамыған қандай дерттік үрдістер олардың денсаулығына қауіп төндіріп, өлімге әкелуі мүмкін?

  2. Бұл дерттік үрдістердің туындау себептері мен даму жолдары қандай?

  3. Аталған дерттік үрдістердің қайсысы жолаушылар организміне қауіпті және не себепті?

3. Екі жағдайды салыстырып сараптау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет