Сабақтың мақсаты:



Дата15.09.2017
өлшемі90,27 Kb.
#32280
түріСабақ
Әдептілік – әдемілік

Сабақтың мақсаты: 1. «Әдептілік» тарауы бойынша алған білімдерін тиянақтау, пысықтай отырып, бекіту. Өтілген сөздерді қаншалықты деңгейде қолдана білетіндігін және оларды сөйлеу әрекетінде дұрыс пайдалана білуін қадағалау.

2. Оқушылардың сөйлеу әрекетін, қазақша ойлауын, есте сақтауын, қабылдау қабілетін дамыту.

3. Үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, өнегелі болуға баулу, тілге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: бақылау сабағы

Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, натуралды әдіс, ойландыру, тыңдап түсіну, тест, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: төл дыбыстар, схемалық және өтілген сөздер жазылған плакаттар, сөзжұмбақ, қоржын.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Оқушылармен сәлемдесу

2) Кезекшімен сұхбаттасу

3) Сабақтың тақырыбын хабарлау. «Әдептілік» тарауынан алған білімдерімізді тексереміз. Бүгін нәтиже сабақ, бақылау, тексеру сабағы.



ІІ. Нәтиже сабақ. Ой қозғау.

1)Фонетикалық жұмыс.

Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуына көңіл бөлінеді.

Мысылы:әдепті,өнегелі, үлкен кісі.

Тіл дыбыстардың жуан, жіңішкелігін ажыратып айтқызу. Дыбыстардың ішінен «Қай дыбыс жоқ?»- деп оқушыларды ойландыру. «Ә» дыбысын тығып қою. Осы дыбыстан басталатын сөздерді айтқызу, тақтаға жазу.



...теш, ...ліппе, ...ңгіме, ...же, ...н, ...депті

- Өте жақсы, балалар. Осы сөздердің ішінен «вежливый» сөзін табайық.



2)Бақылау жұмысын жүгізу.

-Енді «әдептілік» сөзіне нелер жатады екен?

Кластер құрайық.

құрметтеу үлкенді сыйлау


сәлемдесу амандасу

орын беру жол беру


қоштасу

Қандай тақпақ айтуға болады?

Құрметтеймін атамды,

Ардақтаймын анамды.

Көкемді жақсы көремін,

Үнемі көмек беремін.

3) Тақтамен жұмыс

Тыныс белгілерімен сөйлем құралады. «Әдептілік» тақырыбына байланысты

Халің қалай (?)

Жақсы, рахмет (.)



Сау бол (!)

4) Ойландыру жұмыстары. Қызығушылығын ояту. Мағынаны тану. Мағынасы бірдей сөздерді біріктеу. «сыңарын тап» ойыны
Сәлеметсіз бе! тағам
Қонақ қоштасу
Үлкен кісі сыйлау
Көріскенше! төр
Дастарқан амандасу
Бала өнегелі
Әр тапсырмадан соң өлең шумағымен бекіту.

-Балалар, амандасуға байланысты қандай тақпақ білеміз? Бәріміз хормен айтайық.

Сәлеметсіз бе, ағай! – деп,

Сәлеметсіз бе, апай! – деп,

Есенсіз бе, әжей! – деп,

Амансыз ба, атай! – деп,

Ұл-қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.



ІІІ. Сергіту сәті:

Біз әдепті баламыз,

Бойды тіктеп аламыз.

Бір отырып, бір тұрып,



Біз шынығып аламыз.
-Балалар, келесі тапсырма «Баламасын тап» ойыны. Жазылған сөздердің орнына орысша баламасын ауыстырып табу.
Рахмет Молодец
Жолыңыз болсын! Уважать
Оқасы жоқ! Простите!
Жарайсың! Счастливого пути!
Құрметтеу Спасибо

Ғафу етіңіз! Ничего!


5) «Әдептілік» тақырыбына көрініс.

Автобуста. Оқушы отырады. Әжей автобусқа кіреді. Оқушы орын бермейді.

Театрда. Оқушы бас киіммен, екі аяғын бір-біріне салып шемішке шағып отырады.

Дүкенде. Адамдар өшіретте тұрады, бір бала өшіретсіз өткісі келеді.

-Балалар, осы көріністегі балалардың ісі дұрыс па?

-Дұрыс емес.

(екі оқушы лентамен «дұрыс емес» белгісін көрсетіп тұрады)

Келесі оқушылар қалай дұрыс істеу керек екенін көрсетеді.

6. Мәнерлеп оқу.

-Енді, осы көріністерден кейін «Мен бір жақсы баламын» өлеңін оқушылар жатқа айтып береді. (қимыл-қозғалыс арқылы)

1-оқушы Мен бір жақсы баламын,

Айтқан тілді аламын.

Өзім жуып бетімді,

Шашымды тарап аламын.

2-о0ушы Мен бір жақсы баламын,

Айтқан тілді аламын.

Қағып-сілкіп қоямын,

Шалбарымның балағын.

3-оқушы Мен бір жақсы баламын,

Айтқан тілді аламын.

Жетелетпей ешкімді,

Мектепке өзім барамын.

4-оқушы Мен бір жақсы баламын,

Айтқан тілді аламын.

Ішіп алам айтқызбай,

Әжем берген тамағын.



7. «Қоржында қанша сөз бар?» ойыны

-Қоржыннан әдемі сөздер таңдайық. Олардың жуан, жіңішкесін ажыратып, екі бағанға жазамыз.




А ж ө

е с ғ

ң й р

қ л ү



Жуан Жіңішке

Аға Үлкен

ай әже

жарайсың әкел

ата әдепті

ас төр


жақсы күн

ІҮ. Бекіту

1.Сөзжұмбақ шешу












Ә Ж Е

А Я Л Д А М А

С Ә Л Е М

К Ө П







Т Ө Р




К І С І

Бабушка

остановка

привет

много


почетное место

человек
-Қандай сөз шықты?

-«Әдепті» сөзі. Сөз тіркесін ойлаймыз.

-Әдепті бала

-Енді әдепті баланың портретін жасайық.

2.Әдепті бала – үлкенді сыйлайды, көлікте орын береді, үлкеннің жолын кеспейді, сөзін бұзбайды, ата-анасына көмектеседі.

3.Тест сұрақтары

1. Үлкенді сыйлайтын бала

А) Жаман бала

Ә) Әдепті бала

Б) Әдепсіз бала

В) Нашар бала

2.Амандасқанда айтатын сөз

А) Сәлеметсіз бе?

Ә) Рахмет!

Б) Сау болыңыз!

В) Кездескенше!

3. Қоштасқанда айтатын сөз

А) Қайырлы таң!

Ә) Қайырлы күн!

Б) Көріскенше!

В) Қайырлы кеш!

4. Дастарқанға не қояды?

А) Тағам


Ә) Көше

Б) Бала


В) Даңғыл

5. Қонақ ... отырады

А) Есікке

Ә) Төрге

Б) Терезеге

В) Көшеге

4. Кубизм. Тақырып бойынша мақал-мәтелдерді, тыйым сөздерді, нақыл сөздерді 1,2,3-қатар бойынша кезектестіріп сұрау.

М: 1-қатарға мақал-мәтелдер сөздер түседі.

Аға әдепті болса, іні әдепті.

Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.

2-қатарға нақыл сөздер түсуі мүмкін

3-қатарға тыйым сөздер

Бас киімінді теріс киме.

Қызға қол көтерме.



5. Не деу керек?

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенің, жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек? (Рақмет)


Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу-айқай.

Сен де шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек? (Кешіріңіз)
Әжең сенің түскі асқа

Қант-кәмпитті салды мол.

Жұрттан бұрын ыдысқа

Әй-шайы жоқ салдың қол.

Жөн еді не айтқаның? (Бола ма?)

Ү. Қорытындылау

-Жаңа біз әдепті баланың портретін жазған болатынбыз. Енді өзіміздің портретімізді өлең жолдарымен қонақтарға ән шырқап айтып берейік.



Біз әдепті баламыз

  1. Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Күнде оқып сабақты,

Мұғалімді қуанта аламыз.


  1. Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ата-ананы қуанып,

Үнемі бестік аламыз.



  1. Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Орыс, қазақ, ағылшын,

Сабақтарынан білім аламыз.
Ребята! Мы с вами живем в очень сложный век, когда по новому осмысливаются человеческие ценности. Когда вдруг люди обнаруживают дефицит культуры, недостаток культуры, недостаток культуры общения. Сейчас вы учитесь, быстро пролетит время и вы станете взрослыми людьми. Вы будете строителями, инженерами, учеными. Но прежде всего вы должны вырасти настоящими людьми, хорошими, отзывчивыми, вежливыми. А этому тоже нужно учиться.

Я, думаю, что за все эти уроки вы этому научились. Вы готовы дать клятву? Мы хотим всем классом произнети нашу клятву:

Клянемся вежливыми быть!

Никогда не курить!

Добрый день. Спасибо и До свидания!

На прощанье говорить.

Клянемся вежливыми быть!

ҮІ. Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап бағалау. Қосымша сұрақтар қою.



ҮІІ.Үйге тапсырма беру. Осы тарау бойынша сөздік сынақхатына әзірлік.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет