Сабақтың мақсаты: Құзіреттілік. Ақпараттық: Рентген сәулелері, жылулық сәулелену ұғымдарын беру



Дата07.02.2022
өлшемі26,33 Kb.
#91606
түріСабақ
Байланысты:
сабақ жоспары үлгі-1
Әлиев Ердәулет

Тақырыбы: Рентген сәулелері. Жылулық сәулелену.
Күні: 17.09.2020 13.00
Сабақтың мақсаты:
Құзіреттілік.
Ақпараттық: Рентген сәулелері, жылулық сәулелену ұғымдарын беру.
Коммуникативтік: Рентген тәжірибесін меңгеру.
Мәселелерді шешу: Электр өрісі жұмысын анықтау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Қолданылатын технология: Ақпараттық-коммуникативтік технология.
I.Ұйымдастыру бөлімі.
II. Студенттерді жаңа материалды игеруге бейімдеу.
III. Жаңа тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:

  1. Рентген тәжірибесі.

  2. Рентген сәулелесінің қолдануы.

  3. Жылулық сәулелену .

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.
V. Үй тапсырмасын белгілеу. Әдістемелік нұсқау: Электрон тежелгенде классикалық теория бойынша нөлден шексіздікке дейінгі барлық интервалдағы толқын ұзындықтары бар сәулелер шығу керек.
Рентген тәжірибесі. 1895 жылы неміс физигі Вильгельм Конрад Рентген катодтық сәулелердің көмегімен пайда болатын люминесценция құбылысын зерттеп, түрлі тәжірибелер өткізді. Әсерді көбейту үшін физик электронды сәулелі түтікшенің ішіне люминесценция тудырушы затты салып, күн сәулесі өтпейтіндей етіп зертханадағы барлық терезелерді жауып тастаған. Электронды сәулелі түтікшені қосқанда, Рентген қызық оқиғаны байқайды. Бөлменің бір бөлігінде жап-жарық сәуле пайда болады. Зейін қойып бәрін зерттей бастағанда, Рентген сәуленің барий платиноцианидпен, яғни люминесценттеуші затпен қапталған қағаздан шығып тұрғанын байқайды. Бұндайды күтпеген ғалым бірден шамды өшіруге асықты. Жарық сәуле өшті. Қайтадан қосқанда, жарық қайта пайда болды. Сонда, ғалым люминесценттеуші затпен қапталған қағазды басқа бөлмеге апарғанда, ол жарық болып, сәулеленіп тұрған. Сонда Рентген сәуленің тек қағаздан ғана емес, басқа да заттардан өте алатынын түсінді. Бұндай құбылысқа түсініктеме таба алмаған физик сәулелерді - Х сәулелері деп атап кеткен. Бұл бағытта Вильгельм Конрад бір жылға жуық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жүздеген теориялық мақалаларды жариялаған. Рентгеннің ізбасарлары да көптеген ғылыми мақалалардың авторлары атанғанымен, бұл жобаға айтарлықтай жаңалық енгізбеді. Кейін Рентгеннің х-сәулелеріне деген қызығушылығы жоғалып, ол бұл бағыттағы жұмыстарын тоқтатады. Кейін Рентгеннің шәкірті Абрама Фёдорович Иоффенің ұсынысымен Х-сәулелерді "Рентген" сәулелері деп атап кеткен.
Рентген сәуле. Қарастырылып отырған жағдайда электрон антикатодқа соғылып т ежеледі де, теріс үдеу алады, сондықтан ол сәулеленеді. Сәулеленудің қуаты электрон зарядының квадратына және оның үдеуінің квадратына пропорционал, яғни р ~ е2а2. Электрон тежелгенде классикалық теория бойынша нөлден шексіздікке дейінгі барлық интервалдағы толқын ұзындықтары бар сәулелер шығу керек. Сәулелену қуатының максимумына сәйкес келетін толқын ұзындығы электрондардың жылдамдығы артқан сайын азаюы тиіс, яғни ол үдетуші U кернеуді арттырғанда қысқа толқындар жағына жылжуы керек.
Электрондардың m энергетикалық деңгейден n энергетикалық деңгейге өтуі кезінде атом энергиясы ∆E=h𝛎mn болатын фотондар ағынын шығарады. Осы фотондар ағыны жиілігі үлкен рентгендік сәулелер болып табылады. Тежелу барысында жылдам электрондра біраз мөлшерде кинетикалық энергияларынан айырылады:
E=E1-E2 Бұл энергия рентгендік сәулелер фотонының энергиясына түрленеді: ∆E=h𝛎 Жылдам электрондардың тежелуі кезінде туындайтын сәулеленуді тежеулік рентгендік сәулелер деп атайды.


Р е нтген сәулелері өмірдің көптеген салаларында кеңінен қолданылып отыр. Солардың бірнешеуін атап өтейік. Рентген сәулелерінің өтімділігі жоғары, біздің денеміз бұл сәулелер үшін "мөлдір", осыны пайдаланып ішкі органдардың кескінің шығарып алып, ондағы ауытқушылықтарды зерттеуге болады. Міне, осылайша медицинада рентген сәулелері ауруды айқындап, диагноз қоюға мүмкіндік береді.[1]Вильгелм Рентген келіншегінің саусағына жасаған тәжірибесі.
Зарядталған бөлшекті бір нүктеден екінші нүктеге дейін қозғалту үшін электр өрісі жұмыс атқарады. Ол жұмыс өріс нүктелері арасындағы кернеу мен бөлшек зарядының көбейтіндісіне тең болады: A=qU1.2


Өрістің істейтін жұмысы есебінен электронның кинетикалық энергиясы өседі, яғни жылдамдығы артады:

Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуын жылулық сәулелену деп атайды. Жылулық сәулелердің барлық түрлері электромагниттік толқынға жатады. Сәулеленіп тұрған дене бетінің аудан бірлігінен барлық бағытта шығатын сәулелену қуатын энергетикалық жарқырауы деп атайды. Энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы немесе дененің сәулелену қабілеті: Дененің сәулелену қабілеті деп оның беттік аудан бірлігінен жиілік интервалының бірлік енінде шығатын сәулелік қуатын атайды. Спектрлік жұту қабілеті деп дененің жұтқан энергия ағынының оған түскен сәулелік энергия ағынына қатынасына тең шаманы айтады.
Спектрлік жұту қабілеті: Барлық жиілікте түскен сәуленің энергиясын түгел жұтып алатын дене абсолют қара дене деп аталады.

Бақылау сұрақтары:
1.Қандай сәулені Рентген сәулесі деп атайды?
2. Рентген тәжірибесінде нені қолданды?
3. Жылулық сәулелену дегеніміз не?
Үйге тапсырма: §6.7, §6.8.Рентген сәулелері. Жарықтың қысымы..№6.9.1, №6.9.2.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет