Сабақтың мақсаттары Барлығы: Сөйлем туралы жаңа білімді меңгереді


Ата-аналар неге дайын болулары қажет



бет15/32
Дата08.02.2022
өлшемі179,29 Kb.
#123603
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
тест анықтау
3 тоқсан бағ орындалуы
Ата-аналар неге дайын болулары қажет.
1. Баланың жазуы жаман.
Себебі баланың саусағы дұрыс дамымаған немесе қолының моторикасы ұсақ. Ұсақ моторика ұсақ жұмыс барысында дамиды. Баламен бірге сурет салыңыз, ермексазбен мүсін жасаңыз, құрастырыңыз, қыздармен тоқыңыз, кесте тігіңіз, бисермен тоқыңыз, аппликациялар, суреттер киыңыз. Баларды тұшпара, самса жасауға, жармаларды тазалауға қатыстырыңыз. Саусақтарға арналған гимнастика жасаңыз.
2. Бала сабақта отырып мұғалімді естімейді, сұрақтарды да естімейді, мұғалімнің тапсырмаларын орындамайды.
Себебі: бала айналадағы бөгде заттарға алаң болады. Бала өзінің ішкі әлеміне, өзіне беріледі.
Себебі ата-ана, үлкендер тарапынан қамқорлық, сүйіспеншілік, назардың жетіспеушілігі.
Эмоциялық қолдаумен балаға назар аудару қажет. Баланы бақылаңыз, бірге сурет салыңыз, құрастырыңыз. Сәттілікті қамтамасыз етіңіз.
3. Созылмалы сәтсіздік.
Себебі:

  • Баланың мектепке жеткіліксіз дайындығы (дамымаған моторика, ерікті назардың қалыптаспауы).

  • Қобалжушылық, өзіне сенбеушілік (мектеп алды жасында қалыптасқан отбасылық қақтығыстар мен отбасылық қарым-қатынастың әсері).

  • Ата-ана үмітінің аса көтеріп жіберуі (тек жақсы жетістіктерді күту, немесе мектеп алдында қорқыныш сезіну)

Көмек себептерін жоюдан тұрады.
5. Вербализм (көп сөйлеу) (Бала көп сөйлейді, себебі бала өзін-өзі өсіре бағалайды, үлкендер баланың қабілеттерін өсіре бағалайды, бейнелі ойлауда қиыншылықтар көреді, есептер шығаруға қабілеті жоқ)
Себебі: сөйлеу дамуы өте жоғары және ойлау дамуында кешігу бар.
Бейнелеу ойлауды дамытуға көмек көрсету (сурет салу, мозаика, құрастыру, аппликация), сөйлеу әрекетінде тарта сөйлеу, нәтижелі қызметін ынталандыру.
6. Психофизикалық инфантилизм. (Бала өзін мектеп жасына дейінгі баладай үстайды, мектептің талаптарын маңызды деп есептемейді, өзін-өзі бағалау дағдылары қалыптаспаған).
Себебі: мектеп деңгейіне жетілмегені.
Бұндай баланы тағы бір жыл мектеп жасына дейінгі мекемесіне жіберу дұрыс болады.
7.Бейімсіздік белгілері (түрлі қорқыныш сезімі; жылау; көңіл күйдің өзгеруі; басым, ішім ауырды деп шағыну; бала ұйықтап жатып сөйлеуі немесе айқайлауы)
Себебі: оқу балаға қиын беріледі, оған жайсыз.
Көмек көрсету үшін баламен әңгімелесу, баланы тыңдау және баланы бақылау қажет. Ұйқы алдында баламен серуендеп келіңіз, сырласыңыз. Бұл жағдайды байқап, сыныптастары мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас туралы әңгімелесіңіз, пікірлесіңіз.
8. Бала ата-ананың көмегінсіз үй тапсырмасын орындай алмайды. (Балалар өз беттерімен үй тапсырмасын орындай алады және міндетті)
Себебі: өз өзіне сенбеушілік, қобалжушылық, өз бетімен еңбек ету білмегендігі.

  • Баламен жұмыс істеу барысында баланың қабілеті мен өздігінен дамуына көмек көрсету.

  • Балаға ол өз бетімен барлығын орындай алатынын түсіндіру. Бірақ ескертіңіз: «Егер орындай алмасан меннен сұрауға болады»

  • Тапсырмаларды тексеріп тұруды ұсыныңыз: «Егер қарсы болмасан мен, сен шығарған есептерді кейін тексеріп берейін»

  • Баланы аралық нәтижелер үшін мақтап тұру. Бұл баланың сенімділігін күшейтеді.

  • Егер жұмыс тоқтап қалса, біріншіден неге бұлай болғанын анықтаңыз. Сұрақ қойыңыз: «Сен бұны қалай санадың?» немесе «Сен мына санды қайдан алдың?»

  • Егер бала түсіне алмаса, шешімнің басқа әдістерін ұсынбаңыз.

  • Бала қателессе, нақты кеңес беріңіз: «Сен шешімде 15 санды таптың, ал мүлде басқа сан жаздың» немесе есепті бірнеше кезеңнен шығарындар.

  • Бала өзі жалғыз сенімді шығара алса, балаға көмектеспеңі.

  • Мұғаліммен балаңыздың білімдегі олқылықтары туралы әңгімелесіп, ақылдасып тұрыңыз. Балаға есепті шығару жолдарын мектептегідей түсіндіріп тұрсаңыз, баланы шатыстырмайсыз.

  • Үй тапсырмасын орындауда көмек көрсетуде ерекше жағдайлармен шек қойып тұрыңыз: ұзақ ауру немесе өте күрделі тақырып

  • Баламен сабақ оқып отырсаңыз, балаға өз бетімен ойлауға, есептеуге, тұжырымдауға мүмкіндік беріңіз, араласпаңы.

9. Бала таңертең жаман оянады.
Себебі: динамикалық стереотип шынықтырылмаған.

  • Оятқыш сағатты пайдалануды үйретіңіз (балаға салтанатты түрде жеке оятқыш сағат сыйлаңыз)

  • Радио мен теледидардың даусын қаттырақ қойыңыз.

  • Баланы асықтырмаңыз (егер оны асықтырсаңыз, бала барлығын баяу істейтін болады). Дұрысы дәл уақытты белгілеген («10 минуттан соң үстелге отырамыз, 30 минуттан соң үйден шығамыз»)

  • Жалқау деп мазақтамаңыз, дауласпаңыз, 5 минут ұйқы үшін айтыспаңыз, сағаттың тілін 5 минутқа ертерек қойыңызда балаға 5 минут жатуға уақыт беріңіз.

  • Бастауыш сынып оқушыларын мектеп жасына дейінгі балалардай өзіңіз ұйықтауға жатқызыңыз. Ұйқы алдында баламен әңгімелесіңіз, мұқият баланы тыңдаңыз, жұбатыңыз, баланы түсінетіңізді көрсетіңіз (бала сізбен ашық сырласып сөйлеседі және қорқыныш сезімінен арылып, тынышталып ұйықтап қалады)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет