Сабақтың мақсаттары: Білімділік


Өте жақсы жақсы қанағаттанарлық



бет3/3
Дата29.03.2017
өлшемі319,37 Kb.
#12718
түріСабақ
1   2   3

Өте жақсы жақсы қанағаттанарлық

Сабақтың тақырыбы: Аралдар мен түбектер.

Мақсаты:

Білімділік – құрлықтың бөліктерімен таныса отырып, олардың пайда болуы түрлері туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық- оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, ой-өрісін, зейінін шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік - оқушыларды ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Әдіс –тәсілдері: Тірек сызба, топтастыру, картамен, кестемен жұмыс, саяхат.

Көрнекілігі: Жарты шарлар физикалық картасы, атлас, слайдтар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

І Дайындық кезеңі.

Саяхатқа шығатын кемемізді дайындап алу.



ІІ кезең «Бастау»

Саяхатқа шықпас бұрын біз қай бағытта, қай мұхитқа баратын маршрутымыз жазылған карта алуымыз керек, оның өз бағасы бар. Картаны біз өз білімімізбен алуымыз қажет.

1 тапсырма: Қазақстан аумағынан Дүниежүзілік мұхитқа шығуға бола ма? Дәлелдеңдер.

2 тапсырма: Сендер тұратын елді мекен ең жақын теңізден қандай қашықтықта орналасқан. Карта бойынша қашықтықты өлшеңдер.



ІІІ. «Сәтті сапар» кезеңі

Қара теңізден Жерорта теңізіне өту үшін тапсырма берілген.

1 тапсырма: Теңіз дегеніміз не? Түрлері, картадан көрсет.

2 тапсырма: Жерорта теңізінен қандай бұғаз арқылы өттік. Бұғаз дегеніміз не? Ірі бұғаздарды картадан көрсетіңдер.



ІҮ кезең «Сыннан сүрінбей өт»

Атлант мұхитына шықтық. Ұзақ жол тапсырмалары:

1 тапсырма: Дүниежүзілік мұхиттарды атап, картадан көрсет. Саяхатымызды Оңтүстік Американың оңтүстігімен жүре отырып Дрейка бұғазына жеттік.

2 тапсырма : Мұхиттарға байланысты кестені толтыру.



Мұхиттар

Жағалауындағы материктер

Ең терең жері


Тынық мұхиты

Атлант мұхиты

Үнді мұхиты

Солтүстік мұзды мұхит






Мариана 11022м

Пуэрто-Рико 8742м

Зонд 7729м

Ақ теңіз 1225 м



Ү кезең «Жаңа жер»

Белгісіз жердің жергілікті тұрғындары папуастар бізге кіру үшін мынадай тапсырма берді.

Сұрақ: Қандай бұғаз екі теңіз бен мұхитты қосып, екі материкті және екі мемлекетті бөліп тұр?

Бұл белгісіз жер Жаңа Гвинея аралы болатын. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбын дәптерге жазамыз.

Ақпанның 20-сы

Ξ28 Аралдар мен түбектер.



Жоспары:

1. Құрлық бөліктері

2. Аралдар және пайда болуы

3. Түбектер.

Құрлық бөліктеріне аралдар, түбектер, архипелагтар жатады.

Аралдар


Материктік Жанартаулық Маржан аралдары

Гренландия Курил аралдары Үлкен Тосқауыл Рифі

Жаңа Жер Гавай аралдары

Ұлыбритания




Бұрын материктермен бірге болып, даму барысында олардан бөлініп қалыптасқан

Мұхиттармен теңіздер түбінен жанартаулардың атқылауынан пайда болған

Маржан полиптерінің жинақталып жоғары қарай өсуінен рифтер түрінде пайда болады

Түбектер – құрлықтың суға сұғына еніп жатқан бөлігі. Аравия, Үндістан, Үндіқытай, Пиреней, Скандинавия т.б

Картамен жұмыс: Картадан ірі арал, түбектерді көрсету және кескін картаға белгілеу.

Дәптермен жұмыс: Географиялық сөздік. Арал, түбек, атол, архипелаг анықтамаларын жазу.

Жалықтырмайтын жұмбақтар суреті


  1. Дүние жүзіндегі ең кіші маймылдар – Мадагаскар аралында мекендейтін қортық лемурлар

  2. Аустралиядағы арал - Рождество аралы.

  3. Англия мен Франция арасындағы бұғаз –Ла-Манш бұғазы.

  4. Мемлекет, канал және бас киім атауы - Панама.

  5. Етікке ұқсайтын түбек – Пиреней

Жағалауға шықтық сол жерде хат салынған шөлмек тауып алдық.



Жұмбақ хат.

  1. Сіз теңізден хат салынған шөлмек тауып алдыңыз. Хатта біреудің көмек сұрап жазған хаты бар. Бірақ хаттың соңғы бөлігіне су тигендіктен сиясы өшкен. Сізге белгілісі тек Ж.........анд.... деген жазу ғана сақталған.

Тапсырма: Аралдың атын анықтап, карта арқылы координатасын табыңдар.

Бекіту. Семантикалық карта

Нысандар

Арал

Түбек

Шығанақ


Бұғаз

Ішкі теңіз

Шеткі теңіз

Жерорта



















Гренландия



















Бискай



















Лабрадор



















Баренц



















Үндіқытай



















Гибралтар



















Апеннин



















Мозамбик



















Мексика



















Чукот



















Мадагаскар



















Қорытынды: Салыстыру


Арал

Түбек



Ұқсастық

Арал мен түбек арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау.



Үйге тапсырма: ξ28 оқу. Кескін картаға ірі арал, түбектерді белгілеу

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.

Білімдік мақсаты: Оқушыларға дүниежүзілік мұхит,оның бөліктері және дүниежүзілік

мұхиттың біртұтастығы туралы білім беру.



Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және картамен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзі оқи отырып, өзгені оқыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту, түсіндіру, картамен жұмыс.

Көрнекілігі: Жарты шарлардың физикалық картасы, слаидтар, семантикалық карта.

Сабақтың барысы: ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру.

I деңгейлік сұрақтар:

1. Су қабығы (гидросфера)

1. Табиғатта су неше күйде болады(3)

II деңгейлік сұрақтар:

Судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін не деп атайды?( Дүниежүзілік су айналымы)

III деңгейлік сұрақтар:

1.Мұхит суы мен құрлық суының арақатынасын көрсететін шеңберлі диаграмма сызу.

Су туралы тиым сөздер айту.

Су туралы мақал-мәтелдер айту.

Актуалдау

Топтастыру стратегиясы

Гидросфера

Жаңа сабақ: Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері

Ой қозғау: Қай саяхатшы тұңғыш Жер шарын айналып шығып, дүниежүзілік мұхиттың біртұтас екендігін дәлелдеді?

Ф.Магелланның саяхат жолын карта бойынша қарап отырып, оқушылар мұхиттар бір-бірімен байланысып жатыр деген қорытындыға келеді.

Жер бетінің көлемі 510 млн.км2 болса, оның 361 млн.км2 мұхиттар, ал 149 млн.км2 –і материктер.

Дүниежүзілік мұхит

Тынық мұхиты Атлант Үнді Солтүстік мұзды

мұхиты мұхиты мұхиты мұхиты

180 млн.км2 92 млн.км2 75 млн.км2 14 млн.км2

Мариан Пуэрто-Рико Зонд Гренланд

шұңғымасы шұңғымасы шұңғымасы шұңғымасы

11022 м 8742 м 7729 м 5527 м

Мұхиттарды бір -бірінен құрлықтың ірі бөліктері материктер бөліп тұрады. 6 материкті тауып, картадан көрсету.

1.Еуразия

2.Африка


3.Солтүстік Америка

4.Оңтүстік Америка

5.Антарктида

6.Аустралия

Мұхит бөліктері

Теңіз шығанақ бұғаздар

Ішкі шеткі Гудзон Парсы Дрейк

Мексика Магеллан

Қара т Баренц Парсы Мозамбик

Жерорта Жапон

Охота

Дәптермен жұмыс. Термин сөздермен жұмыс.



Арал- құрлықтың жан -жағын су қоршаған шағын бөлігі.

Теңіз-мұхит суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі.

Шығанақ- мұхит, теңіздің құрлыққа тереңдей еніп тұрған бөлігі.

Бұғаз-материк пен мұхиттарды жалғастырып тұратын енсіз су айдыны.

Картамен жұмыс. 1. Материк, арал, мұхит, теңіз, шығанақ , бұғаздарды кескін картаға түсіру.

2. Қазақстан шекарасына жақын жатқан арақашықтығын есептеп шығару.

3. Еуразия материгінің жағаларындағы шеткі және ішкі теңіздерді атап көрсету.

Қосымша материал. Тынық мұхит, әлде тыныш мұхит?

Бекіту. Семантикалық карта толтыру.

Д.Ж.мұхит

бөліктері



мұхит

Теңіз

шығанақ

бұғаз

арал

Қара

Мексика


Тынық

Беринг


Мадагаскар

Гудзон


Атлант

Гренландия

Мозамбик

Баренц


+

+


+

+


+

+


+

+



+

+


Қорытындылау. «Керісінше ойлау» стратегиясы.

1.Егер мұхит сулары болмаса нендей жағдай болар еді?

2. Егер дүниежүзілік мұхит сулары тұщы суға айналса қандай жағдай болар еді?

(Оқушылар ойын тыңдау)



Үйге тапсырма: 36 оқу. «Мұхиттар» кестесін толтыру.

Материк, мұхит, теңіз, арал, шығанақ, бұғаздарды кескін картаға түсіру.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет