Сабақтың міндеттері: 1 Тақырыптың мазмұнын ашу, 2 оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту



бет2/3
Дата06.07.2018
өлшемі86,66 Kb.
#47292
түріСабақ
1   2   3

Орталық Қазақстан өңірі өзінің табиғи географиялық жағдайы мен орналасуына байланысты ежелгі қазақ тарихында ерекше орын алады. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде бұл аймақты ежелден алғашқы адамдардың мекендегені анықталған. Бұл уакыт тарихи дәуірлеу бойынша б.з.б. 5-3 ғ-лар аралығы. Олар негізінентерімшілікпен, аңшылықпен, сонымен қатар балықшылықпен де косымша айналысқан. 15-25 адамнан тұратын алғашқы адамдар қауымдық тобырларды құрады,Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар патекантроптың замандастары еді. Олар отты пайдалануды, мамонт сүйегінен, мал терісінен карапайым үй салуды үйренді.

Обалысай I, Жаман Айбат, Семізбұғы ежелгі елді мекендерінен тас құралдар: шапқышар, қырғыш, кескіш, тілгіштер, жебелердің ұштары, жұмыр тастар және т.б. табылған. Ағаштан және сүйектен жасалған еңбек құралдары сакталмаған. Алғашқы адамдар қоныстарының ішіндегі ең белгілісі Батпақ-8, 12, Мұзбел-1, Сарыарқа, Оғызтау-1, 2 тұрақтары.

Орта ғасыр[өңдеу]

Б.з. 6 ғасырында Орталық Қазақстан Түрік қағанатының кұрамына енді. 603 жылы Түрік қағанаты екіге бөлініп, Батыс Түрік қағанаты Жетісу мен Орталық Қазақстан аумағын қамтиды. Тарихи деректер бойынша 7 ғ-дың екінші жартысында Батыс Түрік қағанатының ішіндегі ең күшті тайпалық одақ — қимақтар Ертіс өзенінен Сыр, Шубойына дейінгі аралықты мекендейді. 9 ғ-да Қимақ қағанаты жеті тайпадан тұрды, оларға: қимақ, ланиказ, аджлад, эймур, баяндур, татар, қыпшақтар жатады. Ал 10 ғ-даосы тайпалардан қыпшақтар алдыңғы қатарға шығып, Қыпшақ хандығын кұрды. 10 ғ-дың аяғында қыпшақтар Сыр бойындағы оғыздарды ығыстырды, Қазақстаннын түгелге жуык жеріне билігін жүргізіп, Дешті-Қыпшақ деп аталды. 11-12 ғғ-да қыпшақтар екіге бөлінді, он қанаты Торғай даласын, Жем, Жайық, Еділ бойын жайласа, сол қанаты Орталық және Шығыс Қазақстанды мекендеді. Қыпшақ хандығының алғашқы орталығы Ертіс өзенінің орта ағысыңда болса, кейіннен Сыр бойындағы Сығанаққаласына ауысты. Қыпшақ мемлекетін хан баскарды, олардан баска билеушілер катарына тархандар, бектер, басқақтар жатады. Орталық Қазақстан шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Мал жаз айларында Сарыарқаның кең даласын жайласа, қыста тау шатқалдарына, ықтасын жерлерге оралып отырды. Орта ғасырда Сарыарқа аркылы Ұлы Жібек жолының бір тармағы өтті, ол Қарқаралы, Ұлытау, Жезқазғанды басып өтіп, батысқа беттейді. Осы өңірде мыс, темір рудасы балқытылып, олардан еңбек кұралдары, қару-жарақтар жасалған. Оған дәлел Қарқаралы маңындағы Кент, Суықбұлақ мекендері, Темірші, Кентөбе кен орыңдары,Жезқазғандағы Милықұдық қонысы мен осы өңірдегі мыс және темір өндірген ежелгі кен орындары. Қытай өзені Хуанхэден Дунайға дейін созылған Ұлы Еуразия даласы адамзат тарихы бойында тек Батыс пен Шығыс арасындағы жалғаушы ғана емес, көптеген халықтардың ұлы бесігі болды.



Табиғат жағдайы[өңдеу]

Наурызым қорығы



Ауданның құрамы:

  • Қарағанды облысы

  • Ауданы 428 мың км²

  • Халқы 1339 мың адам

  • Орташа тығыздығы:3,1 адам/км²

Орталық Қазақстан - республикамыздағы су жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден қашық жатуымен бірге ірі езендері де жоктың қасы. Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың бірі.Сарыарқа жері пайдалы казбалардың көмбесі десе де болады. Мұнда- көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс, мұнай жөне т.б. пайдалы қазбалар кездеседі. Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлылығы орталықта орналасуында, яғни барлық экономикалык аудандармен шектеседі. Пайдалы казба кен орындарына жақын орналасқан, аумағы транзит жолының үстінде және көлік қатынасы жақсы дамыған. Аудан шекарасының басқа республикалармен шектеспеуі ауданның сыртқы байланысының дамуына, ал климатының куаң болуы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайсыз әсер етеді. Климаты шұғыл континенталды, қысы суық, боранды желдер жиі болып тұрады. Жылдық түсетін жауын-шашын мөлшері шамамен 250 мм Вегетациялық кезеңніңұзақтығы 160 күн. Осындай агроклиматтық жағдай ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға кері әсерін тигізуде.[1]

Табиғат ресурстары[өңдеу]

Орталық Қазақстанды минералды ресурстардың қазынасы десек те болады. Бұл ауданда пайдалы казбалардың алуан түрі және үлкен қоры шоғырланған. Жер койнауындағы көмірдің мол қоры Қарағанды көмір алабында орналасқан. Сонымен бірге 100% кокстелетін көмір де осында. Мыс кен орындары Балқаш маңы менЖезказғанда, марганецтің 100%-ы Атасу және Жезді кен орындарында шоғырланған. Сонымен бірге мұнда сирек металдар да кездеседі. Вольфрам мен молибденнің негізгі кен орындары Жоғары Қайрақты, Көктенкөл, Солтүстік Қатпар,Қараоба және Оңтүстік Жауырда орналасқан. Оңтүстік Торғай мұнай газ алабында мұнай мен газдың 3 кен орны анықталып, барлау жұмыстары жүргізілді. Соныменбірге кенсіз пайдалы қазбалардың қоры анықталып, әсіресе құрылыс материалдары көптеп шоғырланған. Аудан жеріндегі пайдалы қазбалардың ерекшелігі - олардың бір-біріне жақын орналасуында.

Су ресурсы[өңдеу]

Орталық Қазақстанның оңтүстік шығысында Балқаш көлі орналасса, қалған аумағында (Қарасор, Қыпшақ және т.б.) ұсақ көлдер кездеседі. Олардың дені ащы көлдер.Судың жетіспеуі өнеркәсіп жөне ауыл шаруашылык салаларын дамытуға кедергі болуда. Сумен камтамасыз ету үшін Ертіс - Қарағанды - Жезқазған су қоймалары және канал салынды.



Орман ресурсы[өңдеу]

Орталық аудан орман ресурсына тапшы аудандардың бірі, негізгі ормандары суды қорғауда және рекреациялық мақсатта маңызды рөл атқарады. Негізгі ағаш түрлері -қарағай,қайың жөне көктерек. Табиғаттың әсем жерлерін сақтау максатында Қарқаралы ұлттық паркі ашылған.



Қызықты жағдайлар[өңдеу]

  • 1. П.И. Шангин (Алтай таулы округінің маркшейдері) Сарыарқаның табиғатына сипаттама бере отырып, аймактың қорғасын мен мыс кендеріне бай екендігін және оларды өндірген ежелгі ошақтарын, 1816 жылғы зерттеу барысында жазып кеткен.

  • 2. XIX ғасырдың ортасында байлық іздеген кәсіпкерлер бірінен соң бірі келіп 85 кен орнын игерген. 1895 жылы бір ғана Қаркаралы уезінде 311 кеніш игерілген.

  • 3. 1940 жылға дейін Қарағанды кемір алабында 22 шахта жөне 1 көмір кесіндісі (Федоров) салынды. Бұл өндіріс орындары тек ауданның ғана емес, бүкіл Қазақстанның индустриалды дамуына септігін тигізді. Қарағанды Ресейдің Еділ маңы жөне Орал экономикалык аудандарын, Башқұртстан республикасы менОрынбор облысын көмірмен қамтамасыз еткен. Ұлы Отан соғысы жылдары Қарағанды көмірі бүкіл елімізді отынмен камтамасыз етті.

  • 4. Орталық Қазақстан марганец (жез) кенінің барланған қоры бойынша дүние жүзінде 3-орында, ал ТМД елдері арасында Украинадан кейін 2-орында. Кеннің негізгі коры Атасу кенді ауданында (батыс Қаражал, Үшқатын III, Үшқатын I, Шығыс Қамыс, Жомарт және т.б.) және Сарысу-Теңіз кенді ауданында («Түр», «Богач») шоғырланған.[1]

Халқы[өңдеу]

Орталық Қазақстанның халқы ұзақ уақытқа дейін аз қоныстанған аудан ретінде белгілі болатын. Ұлы Отан соғысына дейін және тың жерді игеру кезінде Кеңес өкіметініңбатыс аймақтарынан славян ұлт өкілдері келіп коныстана бастады. Соның нөтижесінде славян халықтарынын, саны көбейді. Қазіргі танда Орталык Қазақстанда 115 ұлт өкілінен 1,3 млн адам тұрады.Ауданның 11 каласында 1 134 мың адам тұрады, оның 453 мыңы Қарағанды қаласында (жалпы аудан халқының 34%). Екінші орындаТеміртау қаласы (170 мың), республикамыздағы ең жоғары урбандалған экономикалық аудан (85%).Ауыл халкы біркелкі орналаспаған. Халықтың тығыз орналасқан аймақтарына - ауданның солтүстігі, өзен алаптары, ірі темір жол тораптары жөне су қоймаларының маңы жатады. Жұмыссыздық санының мөлшері қазір 6,9%-ды құрайды. Экономикалық, белсенді халықтың үлесі — 70%.Соңғы кездерде білім және денсаулық саласына бөлінетін қаржы көлемі 1,5 есеге көбейді.[1]

Өнеркәсібі[өңдеу]

Орталық Қазақстан - республикамыздағы ірі индустриалды аудандардың бірі. Жалпы ауданның аймақтық өнім шығарудағы үлесі 9%-дан астам. Кен орындарының барланған қоры - отын, электр куаты, металлургия өнеркәсібін дамытуға мүмкіншілік береді.Ауданда ірі тау-кен металлургия кешені калыптасқан. Оның құрамына тау-кен өндірісі салалары мен кара және түсті металлургия кәсіпорындары, көмір өнеркәсібі кіреді. Аудан экономикасында отын өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Мемлекетіміздің маңызды көмір базасына Қарағанды тас көмір алабы жатады. Онда республикада өндіретін тас көмірдің 32%-ы ендіріледі.Қара металлургия өнеркәсібінің дамуы Теміртау каласындағы толық циклді комбинатқа байланысты. Комбинатта шойынның 100%-ын, болаттың 97%-ын шығарады. Қуаттылығы жөнінен ТМД көлеміндегі металлургия кәсіпорындарының арасында 7-ші орында.Түсті металлургияда карқынды дамығаны мыс ендіру саласы,бірақ басқа да түсті металдардың коры аз емес. Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазғанда (Қазакстандағы ірі комбинат) және Балқашта салынған. Бұл жерде өндіру, байыту және шақпақталған мысты алу кешенді түрде дамыған. Мыстың мұндай түрі тек Орталық Қазақстанда шығады Орталық Қазақстан аумағында Қарағанды-Теміртау АӨК және Балқаш-Жезқазган өнеркәсіп тораптары орналасқан. Бір-бірімен жоғарғы электр желісі арқылы және темір жолмен байланысады.Қарағанды- Теміртау АӨК (ең қуаттысы) көмір өнеркәсібінің негізінде қалыптаскан. Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты. АӨК-нің құрамына өнеркөсібі дамыған Абай, Саран, Шахтинсккалалары, қала типтес Долинка, Шахан, Топар жөне т.б. кенттер кіреді.Бұл кешенде металды көп кажет ететін машина жасау және негізгі химияның салалары дамыған.АӨК-ні сумен Ертіс - Қарағанды каналы жөне Нұра су қоймасы камтамасыз етеді.Балқаш және Жезқазган өнеркәсіп тораптары, толық циклді мыс өнеркәсібінің дамуына байланысты қалыптасқан тау-кен байыту комбинаты (оның құрамына кен орны, карьер, байыту фабрикалары, мыс балқыту зауыттары) жұмыс істейді.Орталык Қазакстанның өндіріс салалары көбінесе қоршаған ортаға қолайсыз әсер етеді. Зиянды калдықтарды азайту үшін кәсіпорындар өнімдерінің калдығын химия өнеркәсібінде пайдаланады. Жезқазған және Балқаш қалаларында күкірт кышқылы өндірілсе, Теміртау қаласында азот тыңайткышы, тас көмір шайыры,бензолшығарылады.Қожды құрылыс материалы ретінде және цементке қосуға пайдаланады.Күкірт қышқылын өндіруден Орталык Қазақстан Шығыс Қазақстаннан кейін 2-ші орында.



Электр қуаты саласы[

Электр қуаты саласында жылу электр стансалары негізгі рөлді атқарады. Қарағанды МАЭС-і жәнө Теміртау, Балқаш ЖЭО-ы орталық ауданның көсіпорындарын, сонымен бірге оңтүстік экономикалық ауданының кейбір кәсіпорындарын электр куатымен қамтамасыз етеді



Машина жасау саласы[

Машина жасау өндірісі көмекші салалардың рөлін атқарады . Қарағанды тау-кен жабдығы машина зауыты - металлургия кәсіпорындарына арналған тау-кен шахта құрал-жабдықтарын шығарады. Сондықтан да ауыр өнеркәсіп Орталық Қазақстанда жетекші орынға ие.Ауыр өнеркәсіп салаларының кешенін толықтырушы кәсіпорындарға жеңіл жөне тамақ өнеркәсібі жатады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тігін, токыма, аяқ киім бұйымдарын шығарады. Көлік түрлеріне келетін болсақ, негізгі рөлді темір жол атқарады. 1930 жылдары салынған Астана - Қарағанды - Мойынты - Шу темір жолы тек орталықтың емес, солтүстік ауданның да отын өнеркәсібін және басқа салаларын дамытты. Осы темір жол магистралінен бөлініп кен орындарына тартылған (Жезказған, Қаражал, Теміртау,Балқаш, Саяқ) жолдар түсті және қара металлургияның дамуына түрткі болды.Темір жолмен катар автомобиль жолдары да жақсы дамыған. Автомагистральдар аудан ішіндегі және көршілес аудандардың ірі өнеркәсіп орындарын (Қарағанды - Теміртау,Қарағанды - Балқаш - Алматы) байланыстырады.[1]

Ауыл шаруашылығы[өңдеу]

Ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға ауданның солтүстік бөлігі қолайлы. Негізінен астық тұқымдастардан жаздық бидай, арпа, тары, техникалық дақылдардан күнбағыс және бау-бақша мен картоп егіледі. Сонымен бірге ірі қара, жылқы, кой, шошқа өсіріледі.Ауданның оңтүстігіндегі жерлер тек кана мал жайылымына жарамды. Әсіресе қой бағылады. Орталық Қазақстан ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз ете алмағандықтан сырттан әкеледі.Ауыл шаруашылығына, әсіресе солтүстігіндегі тыңайған жерлерге жел эрозиясы үлкен зиян келтіріп отыр.[1]

Экологиялық проблемалары[өңдеу]

Республика аймағында бірнеше ірі экологиялық қолайсыз аймақ болса, соның бірі - Қарағанды облысы (орталық аудан). Экологиялық тепе-тенсіздіктің негізгі көзі: ауаның, судың және топырақтың ластануы өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен және аумағының Семей полигонына жақын орналасуынан. Көптеген пайдалы қазбалардың кен орындарында тиісті экологиялық талаптарды орындамай пайдаланғаннан кейін ашық күйінде тастап кеткен немесе істен шығарылған. Бұл да қазіргі кезде қоршаған ортаға өз зиянын тигізуде.[1]. "Байқоныр " ғарыш айлығынан ұшырылған "Протон" зымырантасығышы 1999 жылы екі рет құлап, Қарқаралы, Жаңаарқа аудандарының жері мен ауасын гептил отыны мен улады.

Қалалары[өңдеу]

Аудандағы қалалардың дені өткен ғасырдың 1930-1940 жылдары салынған. Қалалар пайдалы казбалардың игерілуіне байланысты пайда болды. Кейіннен зауыт-фабрикалар салынды.



  • Қарағанды (453 мың адам). Мемлекетіміздегі жас калалардың бірі, ол экономикалық өлуеті жағынан республикамыздағы жетекші қалалардың қатарында. Халық арасында Қарағанды «Кеншілер (шахтерлер) қаласы» деп аталады. Тарих тұрғысынан қарасақ алғашқы елді мекен 1,5 ғасыр бұрын көмір кенін игеруге байланысты пайда болған екен.

  • Теміртау (170 мың адам) - Қарағандының серіктес қаласы. Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Нүра өзенінің сол жағалауында алғашқы көшіп келгендер орналаса бастады.

  • Балқаш (74 мың адам) — Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы өнеркәсіпті кала. Қалада республикамыздағы ең ірі кәсіпорындардың бірі - Балқаш мыс комбинаты бар. Қала 1937 жылы мыс балқыту зауытының салынуына байланысты іргесі қаланған маңызды түсті металлургияның орталығы. Комбинат мыс және күкірт қышқылын шығарады.

  • Жезқазған - мемлекетіміздің негізгі мыс балкыту орталығы болып есептеледі. Мұндағы кен байыту фабрикасы мен мыс балқыту зауыты мыстан басқа республикамыз бен ТМД елдерінің зауыттарына қажет корғасын концентратын шығарады.Мыс балқыту өнеркәсібінен баска к􀀅рылыс кәсіпорындары,

тоқыма, тігін фабрикасы жөне ет комбинаттары жұмыс істейді.1. Ұлы Отан соғысы жылдарында ер адамдардың дені әскер қатарына шақырылғандықтан, шахталарда әйел-қыздардың саны 20 000-ға жетіп, 29 өйелдер бригадасы жұмыс істеді.

  • 2. Өткен ғасырдың 30-жылдарына дейін Орталық Қазақстанда балалармен темір жол катынасы болған жок. Аумактың негізгі бөлігінде мал шаруашылығы дамыды. Аудан даму қарқыныи бірінші бес-жылдықта Орал-Кузнецк комбинатын кокстелген кемірмен камтамасыз ету кезінде алды.

  • 3. 1930 жылдары Қ.И. Сәтбаев Қаражал ауданынан ірі темір кен орнын тапқан кезде Қарағанды маңынан қазақ металлургия зауытын салу идеясын айтқан болатын. Тек 1944 жылдың желтоқсанында алғащқы Қазақстан болаты алынды. Ал 1978 жылдын,қаңтарында жалпы өндірілген көмірдің келемі 1 млрд тоннаға жетті.[1]








Тексерілді:________ Пәні: Қазақстан тарихы Күні:18.03 Сыныбы:6

Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстан Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Сарыарқа ұлы дала екенді жайлы, оның тұрғындары мен шаруашылығы жайлы түсіну. Сабақтың міндеттері: 1) Тақырыптың мазмұнын ашу,

2) оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

3) Оқушыларды топпен жүмыс кезінде, сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ, түсіну.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбері , жемістер арқылы топқа бөлу , постер құрастыру , сұрақ-жауап , картамен жұмыс , АКТ .

Көрнекілігі:АКТ, маркер, плакат, стикер, карта.

Табыс критерлері: Орталық Қазақстан туралы сипаттайды . 2 ) Картадан Орталық Қазақстанды тауып көрсетеді.

3) Өмірмен байланыстырады.

уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



Білу.

Ұйымдастыру кезеңі.


Үй тапсырмасын сұрау.


Жаңа сабақ


Түсіну


Кіріспе бөлімі.

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

Психологиялық ахуал.

1.Қызығушылықты ояту. Үй тапсырмасын сұрау.


Жаңа сабақ. Жаңа сабақ бойынша мәтін бөліктерін бөліп беремін. Берілген мәтін бойынша түсінгендерін тұжырымдамалық карта құрастыру.



Шаттық шеңбері

Оқушыларды жемістер арқылы топқа бөлу.


Оқушылар өткен тақырып бойынша жазған эсселерін оқиды, түсінік айтады.

Берілген мәтін бойынша оқиды.Оқыған мәтіндерін тұжырымдамалық картаға түсіреді және әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.





Қолдану

Топтар арасында бір-біріне бөліп берілген тапсырмалар бойынша сұрақ қою.

Берілген мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

10м

Талдау

Оқушылар картадан Орталық Қазақстанды тауып, облыстарын қалаларын анықтайды.

Картамен жұмыс жасайды.



Жинақтау

АКТ


Қазіргі Орталық Қазақстан халқын,шаруашылығын,пай

далы қазбаларын ұялы телефоннан тауып баяндайды.





Бағалау

Формативті бағалау.

Күндер және бағдаршам арқылы бағалау.



Үйге тапсырмасы

Орталық Қазақстан тақырыбын оқу, қосымша мәлімет жинақтау.




Сарматтар туралы деректер өте аз. “Сармат” тайпасының аты көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.д. ІІІ ғасырдан бастап кездеседі. Бұдан сарматтар осы кезде ғана пайда болды деген түсінік тумауы керек. Бұл кез сарматтардың күшейген, кемеліне келген, яғни тарих сахнасында кеңінен белгілі бола бастаған кезі еді. Сарматтар ғұндармен бірге Қазақстанның ба- тыс өңірін мекендеген. Сондықтан сарматтардың тілі иран тілі- нен түркі тіліне ауысқан. Сарматтардың құрамында роксоландар, аландар, аорстар, си- рактар тағы басқа тайпалар болған. Сарматтарда елдің ішкі- сыртқы мәселелерін ру ақсақалдары мен тайпа көсемдері қауым мүшелерін қатыстыра отырып шешкен. Әскери демократия заманында ішкі, сыртқы мәселелерді әскербасылары, қолбас- шылар шешетін болды. Олар қауым мүшелерімен ақылдасып, тек әскери жасақ қатарындағы адамдармен ғана санасты. Сарматтар қоғамында әскери демократия ерлерге де, әйел- дерге де бірдей қатысты болды. Сарматтарда әйелдердің қоғам- дағы ролі мен орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Сарматтардың мәдениеті мен шаруашылығы. Сарматтардың ескерткіштері Батыс Қазақстан аймағында кездеседі. Олардың кейінгі кезеңдегі ескерткіштері қазіргі Ук- раина жеріне дейін жеткен. Батыс Қазақстан жеріндегі ескерткіштері Жайық, Елек, Жем, Сағыз өзендерінің бойына тақау орналасқан. Тарих ғылымында ерте сармат ескерткіштерін савромат ес- керткіштері деп атайды. Жалпы сармат ескерткіштері үш дәуір- 17 ге бөлінеді. Олар: ерте, орта және соңғы сармат дәуірі ескерт- кіштері. Савроматтардың кейініректегі ұрпағы, олардың мәдениетін жалғастырушы тайпа - сарматтар. Кейбір зерттеушілер бұларды бір-бірінен бөлмей сарматтар деген бір-ақ атпен атау керек дейді. Бірақ олардың өмір сүрген уақытындағы айырмашы- лықтар, мәдениетіндегі кейбір өзгешеліктер оларды кейде бөліп, кейде савромат-сармат деп қосарлап атауға негіз болды. Жалпы, сармат обалары әр түрлі заттарға өте бай. Ерлердің де, әйел- дердің де қабірлерінде қару-жарақ міндетті түрде қойылады. Сондай-ақ алтын, күміс заттар да қойылатын болған. Ал шаруашылығы болса олар негізінен көшпелі мал ша- руашылығымен айналысты. Басты түліктері қой мен жылқы болды. Түйе мен сиыр аз болған, оларды негізінен күш көлік ретінде пайдаланған. Сарматтар жартылай көшпелі, тіпті оты- рықшылықпен айналысқан. Сарматтар өмірінде аңшылық қосымша роль атқарды. Сондай-а0 олардың шаруашылығында те- мір, алтын, күміс, мыстан әртүрлі зергерлік тұрмыстық заттар жасау кең тараған.

Сыныбы:________

Аты-жөні:_____________________

1.Қазақтың даласын шығыстан батысқа қарай бөліп жатқан аласа таулар желісі .........................

2.Сарыарқа тұрғындары туралы жазған тарихшы .....................

3. Сарыарқаның орталығын мекендегендер ........................

4. Сарыарқаның солтүстік батысын мекендегендер .........................

5. Тасмола мәдениетіне тән ерекшелік ..................................

6. Мұртты обалардың қанша түрі бар ..............................

7. Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа .....................

8. Тасмола мәдениеті алғаш қай жерде табылған ...............................

9. Мұртты обалар көп тараған аймақ .............................

10. Темір дәуірінде кең тараған салт-дәстүр .............................

Сыныбы:________

Аты-жөні:_____________________

1.Қазақтың даласын шығыстан батысқа қарай бөліп жатқан аласа таулар желісі .........................

2.Сарыарқа тұрғындары туралы жазған тарихшы .....................

3. Сарыарқаның орталығын мекендегендер ........................

4. Сарыарқаның солтүстік батысын мекендегендер .........................

5. Тасмола мәдениетіне тән ерекшелік ..................................

6. Мұртты обалардың қанша түрі бар ..............................

7. Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа .....................

8. Тасмола мәдениеті алғаш қай жерде табылған ...............................

9. Мұртты обалар көп тараған аймақ .............................

10. Темір дәуірінде кең тараған салт-дәстүр .............................

1.Сарыарқа атауы қандай мағына береді?

2.Орталық Қазақстанның тайпаларының шаруашылығы қандай болды?

3.Орталық Қазақстан тұрғындарын ата.

4.Қыстауға көшу қай кезде басталады?

5.Қандай жұмыстар ұжымдасып атқарылды?

6.Жайлауға қандай жер таңдап алынды?

7.Сарыарқадан бастау алатын өзендер?

8.Сарыарқаның ең биік нүкесін ата, оны картадан көрсет.

9.Орталық Қазақстан қалаларын картадан көрсет.

Тексерілді:________ Пәні: Қазақстан тарихы Күні:19.03 Сыныбы:6

Сабақтың тақырыбы: Мұртты қорғандар Сабақтың мақсаты: Орталық Қазақстан Тасмола мәдениеті, мұртты обаларының ерекшелігін түсінуі. Сабақтың міндеттері: 1) Оқушылар Орталық Қазақстанда ерте темір дәуіріндегі ескерткіштері Тасмола мәдениеті туралы , мұртты обалар туралы ұғымын анықтайды.

2) Сөздік қорлары,өз ойларын еркін жеткізе білуге үйренеді.

3) Ұйымда , шағын топта жұмыс жасауды және бір-бірін сыйлауға үйренеді.

4) Өз білімдерін шыңдайды , белсенділігі артады.

5) Ұқыпты тиянақты , ынталы және дербес болуға үйренеді.

Сабақтың типі: Аралас.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: шаттық шеңбері , «Аялдама» , Б.Б.Б, тест , жеке жұмыс , топтық жұмыс.

Көрнекілігі: АКТ,маркер, плакат,стикер,карта.

Табыс критерлері: 1) Орталық Қазақстан Тасмола мәдениеті , мұртты обаларының ерекшелігін түсінеді. 2 ) Ерте темір дәуірі кезеңі туралы білімдерін кеңейтеді.

3) Орталық Қазақстандағы қорғандарды сақ қорғандарымен салыстырады



уақыты

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Білу.

Ұйымдастыру кезеңі.


Үй тапсырмасын сұрау.

Түсіну.
Жаңа сабақ.

Қолдану


Талдау

Жинақтау


1.Қызығушыығын ояту кезеңі:1 әрекет. Сәлемдесемін. Ынтымақтастық атмосферасын құру .

2 әрекет. Оқушыларды түрлі-түсті стикерлер түстері арқылы 2 топқа бөлемін.

2 қорапқа деңгейлік сұрақтар салып қоямын.

4 әрекет Оқушыларға кері байланыс парағын таратамын. Б.Б.Б.

2. Мағынаны ажырату кезеңі.

оқулықтағы мәтінді топтарға бөліп беремін.

Берілген мәтінді плакатқа түсіреді.
Топтан бір оқушы шығып жұмыстарын қорғайды

Венн диаграммасы

5 -әрекет «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың жаңа сабақты түсіну дәрежесін анықтау.

3. Ой толғаныс.


«Шаттық шеңбері» Оқушылар қол ұстасып бір-біріне жақсы тілек айтудан бастайды.

Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады

Оқушылар қалаған қораптан сұрақтар алып жауап береді.

Берілген бөлімдерді талқылайды. Плакатқа түсіреді. Топтан бір оқушы шығып жұмыстарын қорғайды, дәлелдейд, жариялайды.

Тест








Бағалау

Б.Б.Б.







Үйге тапсырма

Мұртты қорғандар оқу, қосымша мәліметтер жинау.

.

«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша есеп.

Заман талабына сай азамат қалыптастыру үшін сол заманға сай білім алушыға білім беру, білім бере отырып, жан-жақты қалыптастыру, Отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Салт-дәстүрлерді сақтайтын, ана тілін құрметтейтін, салауатты өмір салтын ұстанатын азамат тәрбиелеу үшін қазіргі кезең ұстаздары қазіргі кезге дейін ұстанған қалыпты көзқарастарын күрт өзгертіп, жаңашылдыққа жол ашулары керек. Сол себепті де қазіргі кезде оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдері жасалынып, мектепке жаңалық түрінде енгізілуде. Сол әдіс-тәсілдердің бірі - сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінен кейін, бағдарламадағы тапсырмаларға сәйкес жоспар құрып, мектепке келдім. Мен жұмыс істейтін мектепте 40 -тан астам ұстаз қызмет етеді. Мектеп ұжымы үлкен болғанымен мектебімізден осы Бағдарлама бойынша білім алған бір ұстаз бар. Бірақ ол мұғалім бірінші деңгейді бітірген . Мен осы Бағдарламаны игеріп жатқан екінші ұстазбын және менімен бірге екі бастауыш пәнінің мұғалімі оқып жатыр. Ал жоғарғы сыныптар арасында осы Бағдарлама бойынша білім алып жатқан алғашқы ұстазбын. Мектеп басшыларының маған жасаған көмегі мультимедиялық құралдармен қамтамасыз етті. Мектепте білікті мұғалімдер дәстүрлі сабақтарын СТО стратегиясының элементтері, модульдік оқыту технологиясы, интерактивті оқыту әдістері бойынша сабақ өткізеді. Біздің мектептің ұжымының басым көпшілігі СТО стратегиясының элементтерін көп қолданады. География жне биология пәнінің мұғалімі жоғарғы санатты ұстаз Имашова Роза апайымнан көп кеңес алып отырдым. Сондай-ақ, Атамбаева Роза, Абдукаримова Жанар сияқты ұстаздар курстың мазмұны мен мақсатына қызығушылығын танытты және басқа мұғалімдер де қызуғышылық танытты. Бағдарламаның жеті модулі жайында түсінгенімді баяндадым. Олар курсқа деген қызығушылықтарын жасыра алмады. Екінші «Бетпе-бет» кезеңіне дейін, мектептегі тәжірибе кезеңінде орындалуға тиісті тапсырмалар жиынтығы төмендегідей:

1.Әріптестермен кеңесу.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

3.Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.

4.Түсіну дәрежесін бағалау.

5.Сыни тұрғыдан ойлауға дамытуға арналған жұптық әңгіме.

6. Өзін-өзі реттеу.

7. Талантты және дарынды оқушыларды оқыту.

8. Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау (Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар, 21-бет).

Осы тапсырмаларға сәйкес жоспар құрып, тәжірибемді бастап кеттім.

Бағдарламаны басшылыққа ала отырып, сабағымды жеті модульді ықпалдастыра отырып өткізуді ойладым. Курстың екінші кезеңінде мектепте, өзімнің оқытып жүрген 6 «А» сыныбымда тізбектелген 4 сабақ өткізуді жоспарладым.

Әріптестермен кеңес. Мектепке келген күні мектеп директоры және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына алдағы жоспарым жайлы таныстырдым.Содан кейін әріптестеріммен өзімнің жасаған орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларымды талқыладық.

Бұл бaғдaрлaмaның дәстүрлі оқыту технологиясынaн ерекшеліктері:

- оқушының интеллектуaлды дaмуынa;

- оқушы мен мұғaлім белсенділігі бірдей деңгейде болуынa;

- мұғaлім мен шәкірттің өзaрa қaрым-қaтынaсындa жaуaпкершілік пен сенімділіктің болуынa оң ықпaл етеді деуге болaды.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Бағдарламаның негізіне сүйене отырып, әлемдегі оқытудың әдіс-тәсілдерін үйрене келе білім деңгейімді көтеріп, өз сабағымда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануды жоспарладым.

Сабақтың әр кезеңін жаңаша әдіс-тәсілмен құрдым. Әр сабағымды ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін, оқушылардың сабаққа деген көңіл күйлерін көтеру мақсатында шаттық шеңберін құрып бір-біріне тілек айтқыза отырып бастадым. Сабақ нәтижелі болуы үшін мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы болып бірлесіп жұмыс жасауы керек.

Өзімнің сабақ беретін сыныбымда тарих пәнінен топтарға бөліп жұмыс жасадым. Топқа бөліну, тілектер айту, жұмбақтар шешу оқушылардың белсенді жұмыс жасауына ықпал тигізді. Әр сабақта әр-түрлі тәсілдер кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» т.б. тәсілдерді қолдана білдім , оқушылардың ойын стикерлерге жазылған парақшалар арқылы біліп отырдым.

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады. Оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта алады және қеңейте алады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 41-бет). Оқушылардың түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер сұрақтың екі түрін қолданатынын бағдарламадан оқи отырып, оқушыларға төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар қоюды мақсат еттім.

«Сарматтар. Сарматтардың қоныстануы» тақырыбында өткізген сабағымда оқушыларға «Ребус »шешкізе отырып сабақтың тақырыбын анықтадық. Бұл ребусты іліп жатып оқушылардан жасырын сөзді табуды сұрадым.Бұлсұрағыма Мадина жылдамдық көрсетіп жауап берді.

Оқушылардың түсіну дәрежесін бағалау. Оқушының түсіну дәрежесін бағалауды анықтау үшін тәжирбие кезінде оқушының жоғарғы деңгейде ойлауын дамыту мақсатымен жаңа сабақ бойынша мәтінді бөліп беріп постер құраттырдым,бұл кезде оқушылар мәтінді талқылай отырып диалогқа түсті.Содан соң берілген мәтін дерінен бір-біріне сұрақтар қойды.Берген жауаптары арқылы сабақты қаншалықты меңгергенін,түсінгендерін бақылап отырдым,және әр оқушының сұрақтарына жауап беруіне сабаққа қатысуына байланысты формативті бағалау пікірлер айтады. Менің байқағаным бағалау кезінде 6 «А» сынып оқушылары бір-бірін жоғары бағалайды екен. Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін әр сабақ сайын оқушылармен бірлесе отырып бағалау критерийлерін құрып алуды жоспарлап отырмын.

Сыни тұрғыдан ойлауға дамытуға арналған жұптық әңгіме. Оқушының сыни тұрғыдан ойлау әрекетін дамытуға бағыттаған жұптық әңгімені тізбектелген сабақтар топтамасында төрт сабағымда да қолдандым. Менің тарих пәнінен өткізген сабағым «Сарматтар.Ссарматтардың қоныстануы.», «Сарматтардың тұрмысы мен шаруашылығы.» «Орталық Қазақстан», «Мұртты қорғандар» тақырыптарында жұппен жұмыс істеуде диологтық әңгімені қолдандым. Жұптық әңгіме жүргізу мақсатында дарынды оқушы мен қабілеті орта, төмен оқушылар жауаптарын бақыладым. Оларды бақылағанда дарынды бала көмегімен сұрақтарға жауап бергендерін байқауға болады. Жұптық жұмыс жүргізуде қабілеті орта оқушылардың сабаққа қызығушылықтары артып өз білімдерін кеңейтуге мүмкіндіктерінің бар екенін байқадым.

Өзін-өзі реттеу. «Қалай оқу керектігін үйрету» модулінің атауы «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірбиесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. Өзін-өзі реттеу мен метатанудың дағдыларын дамыту бұл оқушылардың саналы оқушы болып шығуының кілті»(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 44-бет).

Мектептегі тәжірибе кезінде алтыншы сынып оқушыларының өзін-өзі реттей алатынын байқадым. Мен Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде парта қоюдан шаршайтын шығармын деп ойлаушы едім. Олай ойлауым дұрыс емес екеніне көзім жетті. Сонымен қатар оқушылар топта отырғанда өз-өздерін реттеп, топ ережесіне бағынатынын байқадым.

Талантты және дарынды балаларды оқыту. Сыныптағы оқушылар бойынан әр түрлі деңгейдегі балаларды көруге болады. Менің өз сыныбымда дарынды және талантты оқушылардан бастап, орташа деңгейлі оқуға деген қызығушылығы төмен оқушылар кездеседі. Сыныптағы дарынды және талантты оқушылар берілген барлық тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап отырды. Әр сабақта өздерінің жинаған мәліметтерін мән-мағынасын ашып, дәлелдер мен деректер арқылы нақтылап жауап берді. Тапсырмалар орындау барысында, топтық, жұптық, жұмыстарда өздерін көрсете білді.

Екінші "Бетпе-бет" кезеңіне келгенімде әріптестеріммен осы көзқарасыммен, олардың тәжірибе кезеңінде кездескен қиындықтары мен жетістіктері туралы ойларымен бөлісіп, талқыладық. Менің топ әріптесім Қалдыбаева Замира өз тәжірибесін ортаға салды. Замира өз жұмысын «Ынтымақтастыру атмосферасын» қалыптастыру кезеңінде әріптестерінен құралған топтарға «Талантты және дарынды балаларды анықтау» тақырыбына сауалнама сұрақтар қойды. Мұғалімдерге «Гауһар тасты қалай аламыз?» деген сұрақ қою арқылы сыни тұрғыдан ойландыра отырып тапсырманы орындатты. Әріптестер гауһар тасты алу үшін көп өңдеу керек екенін айтты, олай болса таланты және дарынды оқушы шығару үшін мұғалім де, оқушы да тынбай жұмыс істеу керек екеніне көздерін жеткізді. Мен де өз тәжірибемде қолдансам деген ой түйдім. Әріптестерімен семинар өткізу арқылы әріптестерінің көңіл-күйлерін көтеріп, осы Бағдарламаны оқуға қызығушылықтарын арттыра білген.

Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау әдісін сабағымда қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс негізін басшылыққа ала отырып жоспарлап өттім. СТО бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірде пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады. Топпен жұмыстың нәтижесінде оқушылар ойын ашық айтып, нақты дәлелдер келтірді. Постермен жұмыс жасағанда мағынаны аша білді. Деңгейлік тапсырмалар орындауда дарынды оқушылар ерекше көзге түсті. Басқа кезде онша көп сөйлемейтін оқушыларым қызығушылық танытты. Үнемі орташа баға алатын оқушым Мадина сабақтарда өзін өте жақсы көрсете біліп өте жақсы деген баға алды. Оқушылар өзін-өзі бағалап отырды. Соңынан жиынтық бағаладым. Өзін-өзі бағалау ең тиімді әдіс. Өйткені оқушыда жауапкершілік пайда болады және өз білімін реттейді. Соған лайық баға алады. Жүргізген жұмыстарымызды ортаға салып топ болып, жұмыс жасап өткізген сабақтарымыз бойынша есеп жаздық. Бір сабақта жеті модульді қалай пайдаланғанымыз соған дәлел. Жұмыстарыма есеп жазу арқылы ойымды жүйелеп, не үйреніп, не білгенімді, жүзеге асыруым керектігін түсіндім. Осы алған білімімді шәкірт тәрбиелеуде тиімді пайдаланып, білім сапасын арттыруға аз да болса өз үлесімді қосу. Ол үшін оқыту мен білім берудегі жаңалықтарды игеріп, оларды өз тәжірибемде іске асыруды міндетім деп ойлаймын. Аталған әдіс-тәсілдердің бәрі де баланың ойын, сөздік қорын, сөйлеу мәнерін, ішкі мәдениетін, ой еркіндігін дамытары сөзсіз. Практика барысында кедергі жасаған тағы бір қиындық – өзімнің мазасыздығым. Тәжірибемнің бас кезінде оқушыларға ой салатын кейбір сұрақтардың жауаптарын айтып қойған кездерім де болды. Өз бейнетаспамды қарап отырып осы кемшіліктерімді байқадым. Әрқашан балалардың еркіндігін сыйлауға тырыстым, өздерін-өздеріне бағалату, бір-біріне бағалату арқылы өздерін құрметтеуге, өзгенің ой-пікірімен санасуға, тең дәрежелі әріптес болуға үйренуге алғашқы қадамдар жасаттым десем де болады. Болашақта бағдарламаның 7 модулінің әдіс-тәсілдерін өзім сабақ беретін жоғарғы сыныптарды оқыту барысында үздіксіз қолданамын және балалармен бірге өзім де оқимын, үнемі шығармашылық ізденісте жүремін деген ойдамын.

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі»

ДББҰ. Астана, 2012 ж.

  1. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.

«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ. Астана, 2012 ж.

Каталог: uploads -> doc -> 07d5
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07d5 -> Бастауыш сыныпта шығарма жазудың әдістемесі Шығарма жазу сабақтарына қойылатын негізгі талаптар
07d5 -> Сабақ жоспары. Сабақтың тақырыбы : Ахмеn Байтұрсынұлы, «Аққу, шортан, Һәм шаян» мысалы
07d5 -> Сабақ тақырыбы: «Шымбұлақ» шатқалы Сабақ мақсаты: Мәтіндер негізінде Шымбұлақ шатқалы оның аспалы жолдары туралы мәлімет алу
07d5 -> Сабақтың атауы Есептерді шешуде координаталарды қолдану Сілтеме
07d5 -> Ақсу негізгі мектебі Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі
07d5 -> Сабақтың тақырыбы: Кәсіби сөздер Сабақтың мақсаты: Білімділік
07d5 -> Қазақтың ұлттық ойындары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет