Сабақты өткізу күні: 15. 11. 2016 Топ: бірінші курс ис -16 Сабақтың мақсаты



Дата18.03.2017
өлшемі83,04 Kb.
түріСабақ
Ашық сабақтың тақырыбы: Ішкі энергия.Дененің ішкі энергиясының өзгеруі.

Сабақты өткізу күні: 15.11.2016

Топ: бірінші курс ИС -16
Сабақтың мақсаты:


  1. Дененің ішкі энергиясы, оның температурамен байланысы, ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері туралы түсінік алуға жағдай жасау.

  2. Пәнаралық байланыс физика,химия, биология пәндері тұрғысынан энергияның сақталуы және ішкі энергияның өзгерісі бірдей болатындығын түсіндіру

Сабақтың міндеттері:

1.Ішкі энергиясының өзгерісін есептей алуға жағдай жасау.


2. Оқушыларды нақты жауап беруге, өз ойын еркін жеткізуге, сыни ойлауға қалыптастыру.
3. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Сабақта тақырыпты өздері аша отырып түсінеді, ойларын еркін жеткізуге дағдыланады.
Кіріктірілген модульдер: АКТ, сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту, критерийлік бағалау, оқытудың жаңа тәсілдері, көшбасшылық.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, жаңа білімді меңгерту
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд көрсетілімдері,оқулық физика 10 сынып, есептер жинағы

  1. Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу


2. Түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ – жауап әдісі, тестік жұмыс
1.Мыс сымды отта қыздырды.Сымның ішкі құрылысында қандай өзгеріс болды?

а) молекулалардың арақашықтығы артты;

б) молекулалардың арақашықтығы кеміді;

в) молекулалардың өлшемі өзгерді;

г) молекулалардың құрамы өзгерді;

д) ешқандай өзгеріс болмады.



2. Мұз кесегі алақанда еріп кетті.Дұрыс ұйғарымды көрсет.

а) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері артты;

б) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері өзгермеді;

в) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері азайды;

г) мұзды құрайтын молекулалардың орналасуы өзгерді;

д) дұрыс жауап жоқ.



3. Қатты күйдегі заттың молекулаларының (немесе атомдарының) қандай қозғалысы жылулық деп аталады?

а) әртүрлі жылдамдықтағы молекулалар (немесе атомдардың) барлық бағыттағы ретсіз қозғалысы;

б) бірдей температурада бірдей жылдамдықпен барлық бағыттағы молекулалар (немесе атомдардың) ретсіз қозғалысы;

в) белгілі бір тепе-теңдік маңайындағы бөлшектердің тербелмелі қозғалысы;

г) қатты күйде заттың молекулалары (немесе атомдары жылулық қозғалыста болмайды;

д) дұрыс жауап жоқ.



4.Спиртті термометрдің жұмыс істеуі қандай физикалық құбылысқа негізделген?

а) қыздыру кезінде сұйықтың булануы;

б) қыздыру кезінде сұйықтың ұлғаюы;

в) қыздыру кезінде қатты дененің балқуы;

г) қыздыру кезінде сәуле шығару;

д) қыздырған кездегі сұйықтағы конвекция .

9. Бірдей пішіндегі мыстан, ағаштан және шыныдан жасалған стакандарға толтыра ыстық су құйылды.Қай стакан тез қызады?

а) ағаш; б) мыс; в) шыны; г) үшеуі де бірдей; д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.



5.Массасы 3кг зат 2ºC-қа суыну кезінде 2340 Дж жылу бөліп шығарса, онда заттың меншікті жылу сыйымдылығы...

а) 347 ; б) 390 ; в) 293 ; г) 3510 ; д) 1560 .

нұсқа

1

2

3

4

5

А1

а

г

в

б

б


ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту
:

Суреттен не байқадық?


Ішкі энергия өзгереді ма?

  1. Ішкі энергия дегеніміз не?
    2. Оны қалай анықтаймыз?
    3. Идеал газдың ішкі энергиясын қалай анықтаймыз?
    4. Көп атомды газдың ішкі энергиясы дегеніміз не?

Ішкі энергия деп денені құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің өзара әрекеттесуінің потенциалық энергиясының қосындысын айтамыз. Дененің температурасы жоғары болған сайын оның ішкі энергиясы артады.

Химиялық реакция деп нәтижесінде бір заттың құрамы мен құрылысы жағынан өзгеше болатын басқа затқа түрленуін айтады. Химиялық реакциялар өзара әрекеттесуші денелердің ішкі энергиясының өзгерісін тудырады.

Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өзгергенде, демек дененің тепмпературасы өзгергенде оның ішкі энергиясы өзгереді.

Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жылу алмасу және жұмыс жасау. Жылу алмасу деп бір денеден энергия температурасы төмен келесі денеге берілуін айтады.

Денемен не дененің өзімен жұмыс жасамай жылу алмасу арқылы ішкі энергияны өзгерту тәсілі жылу беру деп атайды.



Бір атомды идеал газдың ішкіэнергиясын анықтайтын формула.




Екі атомды идеал газдың ішкі энергиясы молеклалардың ілгерілмелі қозғалысының кинетикалық энергиясы  мен айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясының қосындысына тең.


Үш атомды идеал газдың ішкі энергиясы:



Бір күйден екінші күйге өткен кезде термодинамикалық жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі сыртқы күштердің жұмыс мен жүйеге берілген жылу мөлшерінің қосындысына тең және ол осы өтудің қалай іске асатынына тәуелсіз.

U=Q-А немесе Q=∆U +А – термодинамиканың І заңы.

Ішкі энергия термодинамикалық жүйенің  күйін сипаттайтын функция да, ал жұмыс пен жылу мөлшері қандай да бір процестің нәтижесінде жүйенің ішкі энергиясының өзгерісін сипаттайтын шамалар болып табылады.


Ой толғаныс: Ендеше, ішкі энергияның өзгерісін дәлелдеу үшін тәжірибе жасайық.
І топ: Тәжірибе – 1: Шаммен темір сымды қыздырамыз. Не байқадық?
Қорытынды: Жылу беру арқылы ішкі энергияны өзгертуге болады. Температура артқан сайын, кинетикалық энергияда артады.
ІІ топ: Тәжірибе – 2: Қантты үгітеміз
Қорытынды: Үгіту үшін жұмыс істейміз, сонда қанттың молекулаларының ара қашықтығы алшақтайды. Сонда потенциалдық энергия артады, яғни ішкі энергияда артады.
ІІІ топ: Тәжірибе – 3: Қаламсапты екі алақанның ортасына қойын уқалаңдар, беттеріңе тигізіңдер. Не байқадыңдар?
Қорытынды; Жұмыс істеу арқылы температура арттырамыз, сонда ішкі энергияда өзгереді, артады.
ІV топ: Тәжірибе – 4: Тиынды партаға үйкелегенде не байқалады?
Ендеше, дененің ішкі энергиясын өзгертудің екі тәсілі бар: жұмыс істеу арқылы; жылу берілу арқылы.
Сонда ΔU=Q+A’
Егер A’=-A ΔU=Q-A
Q=ΔU+A Термодинамиканың бірінші заңы
Q=0 A=-ΔU


ІҮ. Сабақты пысықтау.
№205 Газ 300 Дж жылу мөлшерін алды да, оның ішкі энергиясы 200 Дж-ға көбейді. Газдың істеген жұмысы неге тең? Жауабы: 100 Дж

206 Термодинамикалық жүйеге 200 Дж жылу мөлшері берілді. Егер жүйе осы кезде 400 Дж жұмыс атқаратын болса, онда ішкі энергиясы қалай өзгереді?



Мотивация:

ББҮ

1.Ішкі энергия мен оның өзгеру тәсілдері туралы толық білеміз бе?

Білемін (қызыл) Білмеймін (жасыл) Үйренгім келеді(сары)

Осы тор көздерге стикерлерді жабыстырамыз.




Білемін

Білгім келеді

Үйрендім











ІV. Қорытындылау
Ү. Үйге тапсырма
1. §§5.1- 5.3.

Рымкевич есептер жинағынан№615, №316, № 617, №618.

ІХ. Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет