Сабақтың тақырыбы : 1945-2009 жж. АҚш сабақтың мақсаты



Дата09.12.2016
өлшемі210,03 Kb.
#3501
түріСабақ
Пән: Дүние жүзі тарихы

Топ : 9 ю-12

Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: 1945-2009 жж. АҚШ

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Студенттерге АҚШ -тың ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуын , сыртқы, ішкі саяси бағыттарын айқындап айту.

  2. Дамытушылық: Тақырып бойынша студенттердің белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру, жүйелі ойлау мен талдай білу, бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып, оқушының жан- жақты іздене білуін қалыптастыру.

  3. Тәрбиелік: Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ;

Сабақтың әдісі:баяндау, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі:Қанатты сөздер, карта, тірек схемалар, интерактивті тақта (Слайд)

Пән аралық байланыс: Саясаттану,қазақ әдебиеті.

Алғашқы әскери дайындық



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. ( 2 мин)

  2. Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру (23 мин)

  3. Жаңа тақырыптың мазмұнымен жүйесі. (25 мин)

  4. Жаңа материалды бекіту ( 25 мин)

  5. Сабақтың қорытындысы ( 5 мин)

  6. Бағалау ( 5 мин)

  7. Үйге тапсырма. (5 мин)



І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Студенттермен амандасу.

2. Топтың құрамын тексеру

3.Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1) Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру.Топты екіге бөліп, әрбір топқа үй тапсырмасы ретінде берілген альбомдарын қорғату.

2) «Жолаушы аялдамасы» ойыны арқылы сабақты бекітеміз. Шарты: Бір топтан 1 оқушы шығып келесі топтарға аялдама жасап, топтың берген сұрақтарына жауап беру қажет.

3) «Білім биржасы» ойыны. Шарты екі топқа сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға қай топ көп жауап берсе сол топқа ұпай саны көбірек беріледі.
І топқа қойылатын сұрақтар:


  1. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ ең ірі капиталистік мемлекетке айналып, өз ықпалын шексіз жүргізуге жол ашылды. Бірақ бұл саясатын жүзеге асыруға кедергі жасай алатын бірден бір ел? (КСРО)

  2. Соғыстан кейін әлемде бір –біріне қарама –қарсы 2 плюсті саясат қалыптасты. Бұл халықаралық қатынастар тарихында қалай аталды? («Қырғиқабақ соғыс»)

  3. «Қырғи қабақ» соғыс саясатының мәні? (Антикоммунистік және антисоциалистік)

  4. 1946 жылы науырызда АҚШ-қа сапары кезінде Миссуридің Фултон қаласында сөйлеген сөзінде КСРО-ның Еуропаны екіге бөліп, «Темір қақпа » саясатын орнатқанын, «коммунизмге» қарсы күреске шығу қажет екенін ескерткен кім? (У.Черчилль)

  5. «Маршалл жоспары» қай жылдарға арналды? (1948-1952 жж)

  6. «Маршалл жоспары» бойынша АҚШ Батыс Еуропалықтарға қанша көлемде қаржылай көмек көрсетуге тиіс еді? (13 миллиард доллар)

  7. 1949 жылы сәуір айында Вашингтонда АҚШ үкіметі Батыс Еуропа елдерімен бірігіп, қандай ұйым құрды? (НАТО Солтүстік Атлантикалық альянс ұйымы)

  8. НАТО құрылған кезде алғаш қанша ел мүше болды? (12 ел)

  9. АҚШ-тың қару – жарақты жалға беру заңы қалай аталады? (Ленд-Лиз)

  10. «Жаңа бағыт » саясатының авторы кім? (Ф. Рузвельт )


ІІ топқа қойылатын сұрақтар:

  1. ІІ дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен, майданның негізгі ауыртпалығын көрген ел? (КСРО)

  2. Батыс Еуропа елдеріне АҚШ-тың экономикалық-ақша көмегін көрсету бағытында қабылдаған жоспары? («Маршалл жоспары»)

  3. НАТО қашан құрылды? (1949 жылы сәуір айында)

  4. НАТО ұйымының мақсаты? ( «Демократиялық әлемді» КСРО ықпалынан құтқару)

  5. Соғыстан кейін Кеңестер Одағына қайтарылып берілген аймақ? ( Оңтүстік Сахалин және 1855 жылға дейін Ресейге тиісті болған Куриль аралдары)

  6. КСРО тұңғыш рет қашан атом бомбасын сынады? (1949 жылы 30 тамыз)

  7. «Қырғиқабақ» соғысы саясатында алғаш рет КСРО мен АҚШ бетпе-бет қай соғыста қарсы келді? (Корей –американ соғысы)

  8. Никита Сергеевич Хрущевтің АҚШ-қа маңызды ең бірінші іс-сапары қашан болды? (1959 жылы қыркүйекте)

  9. Міндеттері: халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, халықтар мен мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылатын, ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған ұйым?(БҰҰ)

  10. «АҚШ дүние жүзіне әрі қарай басшылық жасауға жауапты» деп ашық мәлімдеген АҚШ президенті? (Гарри Трумән)

«ІІІ. Жаңа сабақ. 1) Кіріспе (жалпылама мағлұмат беру)



  1. «Күн сәулесі» топтастыру.

Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. X ғ. Колумб Американы ашқаннан кейін (1492-1503) 16 ғ-да Англия, Испания, Нидерланды, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 1-дүние жүзілік соғыста АҚШ Антанта жағында болды. Соғыстан кейінгі Париж бітім конференциясында (1919) АҚШ президенті В.Вильсон халықаралық қатынастардың жаңа жүйесін жасаудың жобасын ұсынды («Вильсонның 14 пункті»). Екі дүние жүзілік соғыс аралығындағы Ф.Рузвельт әкімшілігінін реформалары АҚШ тарихында ерекше орын алды. «Жаңа бағыт» деп аталған осы реформалар елді ауыр экономикалық дағдарыстан шығарды және қоғамның демократиялануы үлгісін қалыптастырды. Рузвельт сыртқы саясатта да өзгеріс жасады. Латын Америкасында «тату көршілік», Еуропада «оқшаулану», Азияда «ашық есіктер» саясатын жүргізді. 1933 ж. АҚШ пен КСРО арасында дипломатиялық қатынастар орнады.

2-дүние жүзілік соғыс кезінде АҚШ фашизмге қарсы мемлекеттер одағын құруға белсене қатысып, Тынық мұхитта, Еуропада, Африкада соғыс қимылдарын жүргізді. Соғысқа 1941 ж. 7 желтоқсанда кірісіп, 1945 ж. 2 қыркүйекте аяқтады. Соғыстан кейін АҚШ пен КСРО бөлек-бөлек әскери-саяси одақтар құрып, дүние жүзін екі лагерьге бөлуді іске асырды. Осы «қырғи-қабақ соғыс» 80-жылдардың ортасына дейін созылды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан капиталистік мемлекеттер арасында экономикалық және әскери жағынан ең көп күш жинаған қауқарлы мемлекет жағдайында шықты. Оның жері де, халқы да соғыстың зардабын тарта қойған жоқ.

Капиталистік елдердің өнеркәсіптік өндірісінің жартысынан көбі осында шоғырланды. Соғыс жылдарында өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2 есеге дейін өсті, америка монополияларының табысы 87 млрд долларға теңелді, АҚШ қазынасында әлемдегі алтын қорының 73%-ы сақталған.

АҚШ армиясы Германияда, Жапонияда, Италияда және басқа да мемлекеттерде орналасты. Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде АҚШ-тың 500-ден астам соғыс базалары жайғастырылды. Америка мұхиттар мен теңізді билеп-төстеді. АҚШ атомдық қару шығаруда монополияға ие болды. 1945 жылы 12 сәуірде Ф.Рузвельттің қайтыс болуына байланысты жаңадан сайланған АҚШ президенті Гарри Трумэн: «АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады», - деп мәлімдеді. 1930 жылдардағы «бейтараптық» және «оқшауланушылық» келмеске кетті. АҚШ дүниежүзілік саясаттың орталығына айналды.

Реконверсия деп аталатын бейбіт өмірге көшу мемлекеттік саясатта және ондаған миллион америкалықтардың өмірінде шұғыл бетбұрыс жасады. Миллиондаған солдаттар өздерінің отбасына, қоғамдық өмірге қайтып оралды. 1947 жылы 12 млн солдаттан армия қатарында 1 млн адам ғана қалды. Қайтып оралған солдаттар мен офицерлерді орналастыру соғыстан кейінгі қайта құрудың аса маңызды мәселелеріне айналды.

Ішкі саясатта Г.Трумэн бағыты өзінің қарама-қайшылығымен ерекшеленді. 1946 жылы конгресте республикашылдар бағыты күшейе түсті. Олар демократтардың реформалық саясатына және Рузвельт кезіндегі реформалық әрекеттерге құлықсыздық танытты. 1947 жылы 23 маусымда кәсіподақ қызметін шектеу және ереуілдер ұйымдастыруда кәсіподақтардың құқығын реттеу туралы Тафт-Хартли заңы қабылданды. Кәсіподақ мемлекет бақылауына алынды. Бұл АҚШ-тың саяси өміріндегі оң өзгерістердің жалпы көрінісі болатын. 1948 жылғы президент сайлауында Г.Трумэн «әділетті бағыт» бағдарламасымен шықты. Бағдарламаның бірқатар тармақтарын сайлауда жеңіске жеткен Трумэн әкімшілігі орындады. Алайда Тафт-Хартли заңы, президенттің қарсы болуына қарамастан, конгресте мақұлданды. Қара нәсілді америкалықтардың азаматтық құқығы, медициналық сақтандыруды енгізу, оқу орындарына мемлекеттік көмек беру туралы және басқа да заңдар қабылданбады.

Сыртқы саяси бағыт. Соғыс бітісімен екі ірі мемлекет – КСРО мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық қатынастар бұзылып, қарсыласу бағыты өрши түсті. КСРО-ға қарсы тұру, коммунизмді шектеу және ауыздықтау саясаты АҚШ-тың сыртқы саяси бағытының негізіне айналды. «Атомдық дипломатия», «орыстардың әлемді өзіне қаратуға ұмтылысын ауыздықтау» ресми саясатқа айналды. Мәскеудің озбырлық қимылдары мен теке-тіреске баруы көпке созылған «қырғи қабақ соғысты» туғызды.
Ү.Жаңа сабақты бекіту: 1. «Тұлғаны тану» . Бұл американдықтар қандай салада, қандай істерімен белгілі болды?

А) Д.Эйзенхауэр

Б) Джон Кеннеди

В) Ричард Никсон

Г) Джимми Картер

Д) Рональд Рейган

Е) Дж Буш
2. «Мені түсін» ойыны. Берілген ұғымдардың мағынасын түсіндіріңдер.
1) «Қайырымды мемлекет»- Еуропада дамыған экономиканың табыстары нәтижесінде пайда болған,нарықтық шаруашылықтың дамуына барынша сүйенген, өз халқына әлеумттік қамсыздандыру мен молшылық жағдай жасаған ел.

2) «Қырғиқабақ соғыс» - 1945 — 1991 ж. аралығында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясат.

3) «Реконверсия» - (лат. re — жаңадан, қайтадан, кері, conversіo — айналдыру, өзгерту, түрлендіру) — халық шаруашылығын соғыс аяқталғаннан кейін бейбіт уақыттағы өнім өндіруге көшіру.

4) «Нәсілдік кемсітушілік» - .................

5) «Стратегиялық шабуыл қаруы» (ОСВ 1,ОСВ 2) - 1972-1974 жылдары болып өткен жоғары дәрежедегі кеңес-американ келіссөздерінің нәтижесінде «КСРО мен АҚШ арасындағы өзара қарым-қатынастардың негіздері», «Ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін шектеу туралы» екі жақты келісімге және «Стратегиялық шабуыл қаруларын (ОСВ-1) шектеу туралы» келісімге қол қойылды. Ал 1979 жылы КСРО мен АҚШ Стратегиялық шабуыл қаруларын (ОСВ-2) шектеу туралы келісімге қол қойып, екі жақтың тепе-теңдігіне және бірдей қауіпсіздігіне негізделген шарт жасалды.

6) «Альянс» - мемлекеттер арасындағы одақ немесе қандайда болсын бір ұйымның халықаралық бірлестігі.
3. «Сандар сөйлейді»

1) 1947 ж. 5 маусым - Джордж Кэтлетт Маршалл алғаш рет Маршалл жоспарының бағдарламалық идеясын ұсынды.

2) 1947 жылғы 2 қыркүйек - америка елдерінің конференциясы өзара қауіпсіздік шартын қабылдады (Рио-де Жанейро пактісі)

3) 1948 жылы – Батыс Еуропалық Одақ құрылды.

4) 1949 жылы- Солтүстік Атлантикалық Одақ (НАТО) құрылды.

5) 1963 жылы - Мәскеуде АҚШ, Англия, КСРО мемлекеттері ядролық қаруларды ауада, ғарышта және су астында сынауды тоқтату туралы шартқа отырды.




  1. «Менің білім деңгейім» Тарихи диктант.

  1. «Қайырымды мемлекеттердің» қалыптасу мерзімі ХХ ғ. 40-50 жылдарына келсе, гүлдену мерзімі .......... ұласты. (ХХ ғ. 60-70 жж.)

  2. ............. ерекшелігі – еңбек қатынастарын реттеу мемлекттің қамқорлығында болды. («Қайырымды мемлекеттердің»)

  3. ............... Еуропадағы соңғы авторитарлық режимдер жойылды. ( 1970 жылдың соңында )

  4. «Қайырымды мемлекеттердің» тәртібін жоюды талап еткен саяси ағымдар пайда болды. Бұл ағымдар ............. деп аталды.Оның өкілдері 1980 жылы батыс елдеріндегі үкімет билігіне келіп ...... деп аталды.(«Консерваторлық толқын қозғалысы » «Неконсерваторлар»)

  5. АҚШ конгресі .......... заңын қабылдады. Бұл заң бойынша әскерден қайтарылған азаматтар жоғары оқу орнына түсу үшін жеңілдіктер алды, үй сатып алуға, өз бизнесін ашуға жеңілдік несиелер берілді.(«Құқықтар туралы солдаттар биллі»)


5.« Дұрысын тап» Кестедегі деректерді сәйкестендір.


  1. 1957 жылы қазан

КСРО тұңғыш рет жер серігін ұшырды

  1. 1959 жылы қыркүйек

Н.С. Хрущевтің АҚШ-қа алғаш рет ресми сапары

  1. 1964 жылы

Азаматтық құқық туралы заңға қол қойылды.

  1. Тафта –Хартли заңы

Қырғи қабақ соғысы шеңберінде коммунистер мен КСРО-ны қолдайтын адамдарды қудалау

  1. Джонн Кеннеди

Негр халқының азаматтық құқықтарын қалпына келтіруде елеулі еңбек сіңірген


6.Ти кестесі: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі және екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың жағдайын салыстыру.


І дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың әлеуметтік-экономикалық жағдайы

ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың әлеуметтік-экономикалық жағдайы








7.«Ой талқы » Видео фильмнен үзінді.
ҮІ. Қорытынды. Сабақты қорытындылау: Инсерт әдісі арқылы.


Не білем?

Не білдім?

Не білгім келеді?










Оқытушы: Дюсенгалиева М.Б.



Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу-әдістемелік

ісі жөніндегі орынбасары

________ Г.А.Нуржанова

«_____»_______ 2014 жыл




Ашық сабақ.
Тақырыбы: «1945-2009 жылдардағы АҚШ»


Өткізген: Әлеуметтік және гуманитарлық

пәндер оқытушысы М.Б.Дюсенгалиева

Орал, 2014
Каталог: uploads -> doc -> 0565
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0565 -> Пән мұғалімі: бекітемін
0565 -> Көрнекілігі: кітаптар, слайдтар көрсету, үнтаспа Барысы: Қазақстан Республикасының Гимні орындалады. Кітапханашы
0565 -> Сабақтың атауы Ы. Алтынсарин. Салақтық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет