Сабақтың тақырыбы : §3 Жасушаның ашылу тарихы.Ұлғайтқыш құралдар



бет2/4
Дата29.03.2017
өлшемі0,85 Mb.
#12479
түріСабақ
1   2   3   4

Негізгі ұлпа сіңіру  фотосинтездеуші  қорға жинаушы     газ алмасу қызметін атқарады.

 

 



4. Тірек ұлпасы жасушаларының қабығы қалың, қатты, өсімдіктің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде болады (7-сурет).

Сабаққа, жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет беріп, тірек қызметін атқарады. Нәзік сабақтар қатты дауыл соқса да сынбайды. Тақтасы үлкен жапырақтардың қатты желге жыртылмай, керіліп, сабақтан үзіліп кетпеуі тірек ұлпасына байланысты. Алмұрт, шетен, беже (айва) жемістерінің жұмсақ етіндегі қатты қиыршық жасушалар – тірек ұлпа. Жаңғақ, шие, өрік, алхоры, шабдалы жемістеріндегі қатты сүйегі тірек ұлпасына жатады. Су өсімдігін судан шығарып алса тез солып қалады, себебі тірек ұлпасы жетілмеген.

 

Жаңа өсіп келе жатқан жас мүшелерде тірек ұлпасы бірден жетілмейді. Жас, тірі жасушалардың сыртындағы қабықшасы тығыз, әр түрлі кедергілерге төтеп бере алады. Мүшелердің дамуына байланысты тірек ұлпалары да жетіледі. Әлі піспеген көк өрік, шие және т. б. сүйекті жемістерді жарып көрген боларсыңдар. Олардың ішіндегі тұқымының сыртындағы сүйегі өте жұмсақ, ақ түсті. Өрік пісуге таяғанда сүйегі қатайып, қоңыр түске айналады. Тұқымды зақымданудан қорғау үшін алғашында тірек ұлпаларындағы жасушалар тірі болады. Кейін әбден қалыптасқанда, қабығы қалыңдап, цитоплазмасы кеуіп, өлі жасушаға айналады. Атқаратын қызметіне байланысты бұл жасушалардың қабықшалары сүректеніп, өсімдікке тірек болады да, тін талшығына айналады. Мұндай тін талшықтары әр түрлі ұзындықта кездеседі. Зығырдың тін талшығының ұзындығы 4-60 мм, қарасорада (конопля) 8-40 мм, қалақайдікі 5-55 мм-ге дейін жетеді. Бұлар өте мықты болғандықтан себет, бас киім, т. б. тоқу үшін пайдаланылады. Жануарлар денесінде сүйектерден түзілген қаңқасы тірек болса, өсімдіктерде тірек ұлпасы «қаңқасы» болып саналады.



Өсімдік мүшелеріндегі тірек ұлпаларының орналасуында белгілі заңдылық бар. Осы заңдылықты зерттеп, құрылыста пайдаланады. Зәулім үйлерді, биік мұнараларды, шағын бағаналарды, көпірлерді, аспалы жолдарды тірек ұлпа орналасуы тәртібін қайталап отырып, жасайды. Мұндай құрылыстар бірнеше жүздеген жыл өтсе де бұзылмай, сақталып тұра береді.

 

 



Ұлпаның анықтамасы. Түзуші ұлпа. Жабын ұлпа. Негізгі ұлпа. Тірек ұлпасы.

 

Ескерту: Зертханалық жұмыста түзуші ұлпамен танысу үшін сабақтан 10-12 күн бұрын бидай өскінін өсіруді ұмытпаңдар.

 

А 1. Ұлпаға анықтама беріп, өсімдік ұлпаларын атаңдар. 2. Түзуші ұлпа өсімдіктің қай жерінде болады және қандай қызмет атқарады? 3. Жабын ұлпа нешеге бөлінеді, әрқайсысын жеке сипаттаңдар.



В 1. Неліктен қор жинаушы ұлпа дейді, өсімдіктің қандай мүшелерінде кездеседі?

2. Су жинаушы жасушалар қандай ұлпаға жатады, олар қандай өсімдіктерде болады, атқаратын қызметін түсіндіріңдер. 3. Тоз бен қыртыс қандай ұлпаға жатады, айырмашылықтарын жеке талдап беріңдер?

С 1. Негізгі ұлпалар қаншаға бөлінеді, әрқайсысына толық тоқталып сипаттаңдар. Кестеге сызып көрсетуге болады. 2. Түзуші ұлпаның басқа ұлпалардан ерекшелігі қандай? 3. Оқулықта «біліміңді тексер» айдарымен берілген тапсырмаға жауап қайтарыңдар. Оқулықты пайдаланыңдар.

 

Біліміңді тексер.



Ұлпадан түсінгендеріңді берілген сұрақтың тұсына қай ұлпаға жататынын ұлпаның бас әрпін қою арқылы жауап қайтарыңдар.

«Т» – түзуші; «Ж» – жабын; негізгі ұлпадан «Қ» – қоректік; «Ф» – фотосинтездеуші; «ТК» – тірек ұлпасы.

1. Жасушалар арасындағы ауа кеңістіктері

2. Өрік, шие, шабдалы, жаңғақ сүйектері

3. Сабақ пен тамыр ұшында орналасады

4. Жарақаттанған жердің қалпына келуі

5. Хлоропластары бар тірі жасушалар тобы

6. Судың артық булануынан сақтайды

7. Тін талшықтары

8. Бүршіктің жарылуы

9. Жапырақ тақталарының керіліп, дауыл соқса да төтеп беруі

10. Көмірсулар, нәруыздардың қорға жиналуы

 

Күні 03.10.2014
Сабақтың тақырыбы:Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар.

Сабақтың мақсаты:.Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалардың құрылысы, қызметі , маңызы жайлы түсіндіру.

2. Оқушылардың шапшаңдығын, тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау, талдау, салытыру.

Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру. 2. үй тапсырмасын тексеру

3Жаңа сабақты түсіндіру. 



5. Өткізгіш ұлпа – қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді (6-сурет). Тамырдың сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді. Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесі тамырға өткізеді. Атқаратын қызметіне байланысты өткізгіш ұлпа жасушаларының пішіндері де түрліше болып өзгерген. Ұзынша жасушасының қабырғасы ағаштанған (сүректенген) қалың. Жұқарған жерлері (саңылауы) арқылы қоректік ерітінді сүзіліп екінші жасушаға өтеді.

Жапырақта түзілген органикалық заттарды барлық мүшелеріне жеткізетін тірі жасушалар сүзгілі түтіктер деп аталады. Бұл жасушалардың қабырғаларында өте көп сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулар болады. Сүзгілі түтік жасушалары ағаштар мен бұталарда 3-4 жылдан кейін бітеліп, өлі жасушаға айналады. Өсімдікте өткізгіш ұлпа, тірек ұлпасы, қоректік ұлпа бірлесіп, өткізгіш шоқ немесе түтікшелі-талшықты шоқ түзеді. Өткізгіш шоқтардың екі ұшы сүйірленген ұзынша жасушалары сүректе орналасады. Сүзгілі түтік жасушаларының топтасқан бөлімі қабықта болады. Сондықтан органикалық заттар қабықтағы өткізгіш ұлпалармен қозғалады. Минералды тұздардың судағы ерітіндісі сүректегі өткізгіш ұлпаларымен қозғалып, өсімдік мүшелеріне жеткізіледі. Күзде сүзгілі түтік жасушаларының саңылаулары уыз тәрізді затпен бітеліп, органикалық заттардың өтуі (қозғалуы) тоқталады. Өсімдік тыныштық күйге көшеді. Көктемде уыз тәрізді заттар еріп, жолдар ашылып, органикалық заттар қозғалысы қайта басталады.



6. Бөліп шығарушы ұлпа. Өсімдіктің жануарлар сияқты керексіз заттарды бөліп шығаратын арнаулы мүшелері болмайды. Өсімдікте орналасуына байланысты бөліп шығарушы ұлпа жасушаларының пішіндері әр түрлі. Жасуша қабықшасы қажетсіз заттарды бөліп шығару үшін жұқа күйінде ұзақ сақталады. Керексіз заттар жасушада шектен тыс артық жиналғанда цитоплазмасы жойылып, қабықшасы қатайып, қалыңдап тозданады. Керексіз заттар өсімдіктің зақымданған жерінен шайыр түрінде бөлінсе, жапырақтан артық тұздар тамшы (сұйық ерітінді) күйінде бөлінеді. Керексіз қалдық заттар өсімдік жапырақтарын түсіргенде, қабықтары сылынған кезде түгелімен сыртқа шығарылады. Сондықтан бөліп шығарушы ұлпа дейді.

Бөліп шығарушы ұлпалар өсімдік мүшелерінің әр жерінде шашыранды орналасқан Өсімдікте зат алмасудың нәтижесінде бөлінетін қатты және сұйық заттардың бөліп шығарылуы ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады. Бөлінген заттар өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайды.

 

Бөлінетін заттардың біразы өсімдіктің ішінде қалса, біразы сыртқа шығарылады. Сондықтан олар ішке бөлетін және сыртқа шығаратын ұлпалар деп екіге бөлінеді.



Заттарды ішке бөліп шығарушы ұлпалар – шайыр жолы, эфир майы өзегі, сүт жолдары. Сүт жолы өсімдіктің барлық мүшесінде орналасқан. Сүтті шырын – ақ және сары түсті қоймалжың сұйықтық. Оның құрамында көмірсулар, майлар, нәруыздар бар.

Заттарды сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар: домалақ басты түктер, жабысқақ (безді) түктер, жабысқақ (безді) қабыршақтар, шірнеліктер.

Домалақ басты түктер жабын ұлпаның өңінен пайда болады, эфир майын бөледі. Сондықтан өсімдік хош иісті. Мысалы, қазтамақ (пеларгония) өсімдігінің жапырақтары мен сабақтарындағы түктер эфир майын көп бөледі. Мәдени түрде өсіріледі. Эфир майын иіссудың, сабынның, бетке жағатын майдың, шаш жуатын сұйық сабындардың құрамына қосады.

Жабысқақ (безді) түктер мен безді қабыршақтар – көп жасушалы. Бөлінетін заттар жасуша қабықшасы арқылы сыртқа шығарылады. Безді жасушаларда тез ұшқыш эфир майы жиналады. Мысалы, мандарин, апельсин, лимон қабықтарын қолмен қысып қалса, эфир майы шашырап шығады. Осы жиналған эфир майына сіріңке шақса, дереу жалын пайда болады. Безді жасушалар шайқурай, эвкалипт, дәмжапырақ (лавр), магнолия жапырақтарында, шүйіншөптің (валерьяна) тамырларында, қабықта көп.

Шірнеліктер гүл тостағаншасы, күлтесінің түбіне, аналық жатынының қабырғасына, гүл табанына орналасқан. Пішіні мен құрылысы әр түрлі (түтік, шырынды өсінді, күлте тәрізді жалпақ және т. б.). Шірнеліктерден бөлінетін шірненің құрамындағы қант, витамин, минералды заттардың ерітіндісі, хош иістері бунақденелілерді еліктіреді.

 

 Қорытынды.



 

А 1. Өткізгіш ұлпа деп неліктен аталады және қандай қызмет атқарады?

2. Бөліп шығарушы ұлпа дегенді қалай түсінесіңдер?

В 1. Бөліп шығарушы ұлпалар өсімдіктің қай жерінде (мүшесінде) кездеседі? 2. Өткізгіш ұлпа жасушаларының қандай ерекшеліктері бар?

С 1. Бөліп шығарушы ұлпа қандай заттарды бөледі, ол заттарды қайдан алады? 2. Бөлінген керексіз заттар өсімдіктен сыртқа қалай шығарылады?

 

І. Берілген сипаттамалардың тұсындағы әріпті дәл келетін ұлпа бағанына жазыңдар:

1. а) өсімдіктерді әр түрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайды; ә) жасушалары жас, ұдайы бөлінеді; б) өсімдікте органикалық зат түзуге қатысады; в) жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға жинайды; г) өсімдікті жуандатып өсіреді; ғ) жапырақтың жұмсақ бөлігіне күн сәулесін еркін өткізеді; д) өсімдіктің зақымданған жерін қайта калпына келтіреді; е) сыртқы ортамен қатынас жасап, газ алмасу, су булануды реттейді; ж) құрғақшылық жерде өсетін өсімдіктердің жасушаларында су жинаушы.


Түзуші

Жабын

Негізгі

 

 

 

 

2. а) өсімдікті мал жеуден қорғайды; ә) жапырақ тақтасын керіп тұрады; б) сүт жолы мен шайыр жолы болады; в) хош иіс, тәтті шырын бөледі; г) қоректік заттар қозғалысын қамтамасыз етеді; ғ) жасушалары қатты, қиыршықты; д) тін талшығы жақсы жетілген; е) жасуша қабырғасы сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулы; ж) тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізеді.



Тірек

Өткізгіш

Бөліп шығарушы

 

 

 


Күні: 26.09.2014
Сабақтың тақырыбы: №4-зертханалық жұмыстар

Сабақтың мақсаты:.Ұлпалар бойынша алған білімдерін тиянақтау.

2. Практикалық икем дағдыларын дамыту.

3.Ұқыптылыққа ,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау, талдау, салытыру.

Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру. 2. үй тапсырмасын тексеру

3Жаңа сабақты түсіндіру. 

 

Өсімдік ұлпалары.

Көрнекілігі: бидайдың 10 күндік жас өскіні, қарағаш, қарағай, терек қабықтары, өрік, жаңғақ сүйектері, алмұрт жемісі, сәбіз, қызылша жемтамырлары, асқабақ немесе жүгері сабағы, бақбақ кеппешөбі (гербарий), бөлме өсімдігі – фикус, қарағай шайыры.

 

Орындалатын тапсырмалар:

1. Бидайдың 10 күндік жас өскінінің тамыр ұшынан препарат жасап микроскоп пен қарап түзуші ұлпамен танысу, жасуша ерекшеліктеріне көңіл аудару.

2. Бөлме өсімдігі жапырағының астыңғы мөлдір өңін сылып алып, препарат жасап, микроскоппен қарап өң жасушалары – жабын ұлпамен танысу. Қарағай, қарағаш, терек қабықтарын қарау.

3. Өрік сүйегі, грек жаңғағының сүйегін жай көзбен қарау. Алмұрт жемісінің жұмсақ етіндегі қатты түйірін әбден езіп, микроскопта тірек ұлпасы жасушаларымен танысу.

4. Сәбіз, қызылша жемтамырлары, пиязшық пен кактустың (немесе басқа да шырынды өсімдіктер) сабағын жай көзбен қарап, қор жинаушы ұлпамен танысу.

5. Жүгері, асқабақ сабақтарының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап өткізгіш ұлпамен танысу (бар болса дайын микропрепаратты пайдалануға болады).

6. Сүтті шырын ағатын, шайыры бар өсімдіктердің (сүттіген, бақбақ, таусағыз, бөлмедегі фикус, т. б.) кеппешөптерін, қарағай шайырын қарап, бөліп шығарушы ұлпалармен танысу.

Күні : 10.10.2014
Сабақтың тақырыбы: Тамыр және тамыр жүйесі

Сабақтың мақсаты:.өсімдікдің вегетативті мүшелері жайлы түсінік бері, тамыр типтері және тамыр жүйесі жайлы түсіндіру.

2. Оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту.

3.Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау

Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру. 2. үй тапсырмасын тексеру

3Жаңа сабақты түсіндіру.


Тамыр – өсімдіктің жер асты мүшесі Қызметі: а) тамыр – топырақтан сіңірілген суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді; ә) өсімдікті топыраққа берік орнықтырады; б) қоректік заттарды қорға жинайды (сәбіз, қызылша, шалқан, шомыр және т. б.); в) көбеюге қатысады.

Тамырлар шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы деп бөлінеді. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды. Ол төмен қарай бағытталып, топыраққа тереңдей береді. Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар таралады. Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады.




 1. Негізгі тамыр. 2. Жанама тамыр. 3. Қосалқы тамыр. 4. Сабақ.


Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады. Өсімдіктің топыраққа берік орнығып, қоректенуін күшейтеді.

Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады. Тамыр жүйесі кіндік және шашақ тамыр болып екіге бөлінеді (9-сурет).



Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан-жағына жанама тамырлар тарайды (мысалы: асбұршақ, асқабақ, қауын, күнбағыс, жоңышқа және т. б.).

Дамуының алғашқы сатысында тамыр сабаққа қарағанда тез ұзарады. Себебі суды топырақтың терең қабатынан соруға тура келеді.



Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ және т. б. Тамыр жүйесіндегі тамырлардың бірі – тірек, екіншісі – өсу, үшіншісі сору сияқты әр түрлі қызмет атқарады. Ол сабақ сияқты ұшынан шектеусіз өсе береді.

 

 Сабақты қорытындылау.



А 1. Мүше дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай мүшелер болады? 2. Неліктен вегетативті мүшелер дейді? Вегетативті мүшелерді атаңдар. 3. Вегетативті мүшелер өсімдікке не үшін қажет?

В 1. Тамырдың қызметін атаңдар. 2. Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді, олар қайдан пайда болады? 3. Негізгі, жанама, қосалқы тамырлардың жиынтығы нені құрайды? Олардың айырмашылығы және қандай өсімдіктерде болады?

С 1. Қоректік заттарды қорға жинайтын тамырларды атаңдар. Жанама тамырлардың қызметі. 2. Тамыр жүйесі дегенге қалай түсінесіңдер, анықтамасын айтыңдар. 3. Шашақ тамыр жүйесі деп неліктен аталған, шашақ тамырлы өсімдіктер мен кіндік тамырлы өсімдіктерге мысал келтіріп, кестеге толтырыңдар.

 

 №5-зертханалық жұмыс.



Тамыр типтерін кіндік және шашақ тамыр жүйелерін талдау.

Көрнекілігі: кіндік тамыр жүйесі бар қауын, қарбыз, сәбіз, бақбақ, жоңышқа және т.б. өсімдіктерінің кеппешөптері (егер кеппешөптер болмаса алдын ала тұқымнан өсіруге болады (күнбағыс, үрмебұршақ, асбұршақ). Сабақтан 10-15 күн бұрын тамыр жүйесі шыққанға дейін ыдыстағы суға пиязды орналастырады. 10 күн бұрын сәбіздің де жемтамырын топыраққа көмсе, жіңішкерген жерінен дамыған жанама тамырлары шығады.

 Орындалатын тапсырмалар:

1. Алдарыңа берілген асбұршақ немесе қауын, қарбыз, т. б. өсімдіктің кеппешөбінен тамырын мұқият қарап тамыр типтерін ажыратып (негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамыр), суретін салып аттарын жазыңдар.

2. Қосалқы тамырды әрі шашақ тамыр жүйесін (сабақ өтерден 10-15 күн бұрын) қарау үшін суға салынған пиязшықтың жаңа өсіп шыққан тамырларын талдаңдар.

3. Шашақ тамыр жүйесін – бидай, жүгері кеппешөптерінен қарап анықтаңдар.

4. Алдын ала (10 күн) бұрын топыраққа көмілген сәбізден кіндік тамыр жүйесін қарап, жанама тамырларын ажыратыңдар.

5. Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне көңіл аударып, оқулықтың суретімен салыстырыңдар.

 

Күні :17.10.2014


Сабақтың тақырыбы: Тамыр бөлімдері

Сабақтың мақсаты:.Тамыр бөлімдерімен олардың әрбірінің атқаратын қызметі және құрылысы жайлы түсіндіру.

2. Оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту.

3.Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау

Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру. 2. үй тапсырмасын тексеру

3Жаңа сабақты түсіндіру.



Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне қарай: тамыр оймақшасы, бөліну, созылу (өсу), сору, өткізгіш деп бөлінеді .

Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабатындағы жасушалары топырақтағы кедергілерге үйкеліп зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды жарақаттанудан қорғайды. Тамырдың топырақтағы қозғалысын жеңілдетеді. Тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап қорғап тұрады.

Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып 3 қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы жасушалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады.

Өсу бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзынынан созылып ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіле бастайды.

Сору бөлімі – өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. Ол алғаш жай өсінді түрінде 1-3 күнде бұртиып шығады. Қабықшасы тез созылып, түк ұшынан ұзарып өсе бастайды. 10-20 күннен соң қурап түсіп, орнына жаңа түктер шығып, жаңарып отырады. Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды сорады. Жас тамырға тірек қызметін атқарады.

Өткізу бөлімі – су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды.

Тамырдың өсуі. Тамырлар ағаш түрлеріне байланысты жылдың әр мезгілінде әрқалай өседі. Көктемде тамыр қарқынды (жылдам) өссе, жапырақтар мен өркендер де тез өседі.


Тамыр оймақшасы

 


. Тамыр бөлімдері.

1. Бөліну. 2. Өсу. 3. Сору. 4. Өткізу.


Өсуі аяқталған кезде тамырлардың біраз бөлігі қурайды. Тамырлар қарқынды өсу кезінде қоректік заттар қоры мен суды бірқалыпты толық пайдаланады. Тамыр ұшынан өседі, себебі түзуші ұлпалардан тұратын өсу нүктесі бар. Оны дәлелдеу үшін қарапайым тәжірибе жасап көруге болады. Асбұршақ, үрмебұршақ, жүгері және т. б. тұқымдардың өскіндерін аламыз. Өскінді өсіру үшін жайпақ ыдыстың түбіне ағаш ұнтағы немесе мақта төсеп, ылғалдайды. Үстіне тұқымдарды орналастырып, бетін әйнекпен жауып қою керек. Бір аптада, әрі кеткенде 10 күнде өскін тәжірибе жасауға дайын болады. Тамырына ең ұшынан бастап ара қашықтығын бірдей етіп, қаламмен белгі салынады. Шағын ғана шыны ыдыс (150, 200 мл көлеміндегі құтылар өте ыңғайлы) алып, ішкі қабырғасына айнала сорғыш қағаз жапсырады. Қағаздың төменгі жағы суға батып тұратындай етіп, ыдыстың түбіне су құйылады. Мақтадан немесе шүберектен, ыдыстың аузына лайықты тығын жасалады. Тығынның ортасынан өскін сыятындай тесік қалдырылады. Өскінді тығындағы тесікке орналастырады. Тамыры ыдыстың ішінде. Өскінді суға тигізбеу керек. Өсімдік ылғалды сорғыш қағаз арқылы сіңіреді. 3-4 күн өткен соң, өскіннің тамырына салынған белгілердің арасы тамыр ұшынан алшақтайды. Жоғарылаған сайын өзгеріссіз қалғанын көруге болады.

Каталог: uploads -> doc -> 0d73
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d73 -> Сабақ Тақырыбы: Архимед күші Мұғалім : Темирова А. А
0d73 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Мектеп туралы мәлімет беру, сыныптағы заттардың атауларын меңгерту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет