Сабақтың тақырыбы : §3 Жасушаның ашылу тарихы.Ұлғайтқыш құралдар



бет3/4
Дата29.03.2017
өлшемі0,85 Mb.
#12479
түріСабақ
1   2   3   4

Қорытындылау:
А 1. Тамыр бөлімдерін ретімен атаңдар. 2. Тамыр түктері бар аймақты неліктен сору аймағы деп атайды? 3. Тамыр оймақшасының тамыр бөліміне кірмейтінін 10а-суретте жеке берілген тамыр оймақшасын талдау арқылы түсіндіріңдер.

В 1. Тамырдың ұшынан өсетінін дәлелдейтін тәжірибені түсіндіріңдер. 2. Бөліну аймағында неше қабат болады? Әр қабаттың ерекшелігін түсіндіріп, қай ұлпаға жататынын көрсетіңдер. 3. Тамыр оймақшасының қызметі.

С 1. Тамыр бөлімдерінің орналасуын сызбанұсқа арқылы көрсетіңдер. 2. Жанама тамырлар қай бөлімнен дамиды? 3. Жас жасушалары бөлінбейтін аймақты атаңдар, себебін түсіңдіріңдер.

Мына кестені кеңірек етіп, бөлек қағазға сызып толтырыңдар:

 


Тамырдың бөлімдері

Атқаратын қызметі

 

 

 

 

Біліміңді тексер.



Берілген өсімдіктердің тұсындағы санын дәл келетін тамыр жүйесінің бағанына жазыңдар.

1. Пияз

3. Сәбіз

5. Асқабақ

7. Ермен

9. Асбұршақ

2. Қауын

4. Жүгері

6. Күріш

8. Қамыс

10. Сұлы




Кіндік тамыр жүйесі

Шашақ тамыр жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-зертханалық жұмыс.



Тамыр бөлімдерін жай көзбен және ұлғайтқыш әйнекпен қарау.

Көрнекілігі: сабақтан 10-15 күн бұрын өсірілген асбұршақ пен бидай өскіндері, микроскоп, оған керекті жабдықтары, ұлғайтқыш қол әйнегі және т. б.

 

Орындалатын тапсырмалар:

1. Сабақ өтерден 10-15 күн бұрын тұқымынан өндірілген асбұршақ пен бидайдың өскіндерінің жас тамырларын салыстырып, қандай тамыр жүйесіне жататынын ажырату.

2. Бидайдың жас өскінінің тамырын ұлғайтқыш әйнекпен қарап, тамыр бөлімдерін (аймақтарын) анықтау.

3. Тамыр түкшелері бар аймақты тауып, алып жатқан аумағын қарау.

4. Тамыр ұшынан препарат жасап, микроскоппен қарау, тамыр оймақшасы жасушаларының ерекшеліктеріне көңіл аудару, суретін салу, оқулықтың суретімен салыстыру.

 

Ескерту: Препарат жасау үшін жас тамырдың ең ұшынан 5 мм-дей кесіп, сол күйінде су тамызып, жабын шынымен жауып қарауға болады.
Үйге тапсырма

Күні: 24.10.2014
Сабақтың тақырыбы: Тамыр – өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар

Сабақтың мақсаты:.1Тыңайтытқыштардың түлері, олардың өсімдіктің өсуіндегі атқаратын ролін түсіндіру.

2. Оқушылардың шапшаңдығын, тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау, талдау, салытыру.

Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру. 2. үй тапсырмасын тексеру

3Жаңа сабақты түсіндіру. 

Өсімдіктерде қорек жасушаның қабықшасы арқылы сіңіріледі. Қоректік заттар қозғалып, сабақта, тамырда, жемісінде және т. б. мүшелерінде сақталады. Оны өсімдіктер түнде және қыста пайдаланады. Қоректік заттарды ерітінді күйінде тамыры арқылы сорады. Керексіз заттар сыртқа шығарылмай вакуольде және қабықшасына жиналады. Күзде керексіз заттар, қабық, сарғайып түскен жапырақтармен бірге кетеді. Өсімдіктердің топырақтан қоректенуін минералды қоректену дейді.

Минералды қоректену – өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді топырақтан сіңіруі. Қоректік заттар өсімдіктің жер үсті мүшелеріне минералды тұздардың ерітіндісі ретінде жеткізіледі. Қоректік заттар тамырға өткен соң ұлпаларға таралады, онымен барлық тірі ағзалар қоректенеді. Өсімдіктердің жақсы өсіп, дамуы үшін топырақта азот, фосфор, калий болуы өте қажет.

Топырақтан қоректенуде азоттың алатын орны ерекше. Егер өсімдікте азот жетіспесе, өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтары дамымай қалады. Бидайдың түптенуі баяулап, төменгі жапырақтары сарғайып, қызарады да, ақырында қурап түседі.



Фосфор жасуша қабықшасын түзеді. Өсімдікке фосфор жетіспесе, жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді.

Калий жеткіліксіз болса өсімдік өте аласа болып өседі. Жапырақтары мен сабақтары нашар дамып, тірек ұлпасы жетілмейді. Өсімдіктің сабақтары әлсіз болып, жатып қалады. Калий тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттардың қорға жиналуы үшін керек. Өсімдіктер қоректену үшін өте қарапайым заттарды пайдаланады. Қорек заттары біртіндеп жылжып, басқа мүшелеріне өтеді. Топырақтан қоректену кезінде қатысатын ұлпаларға жабын, өткізгіш, қоректік, ал мүшелерге тамыр жатады.

Топырақта өсімдікке қажетті минералды тұздар ылғи бірқалыпты жеткілікті мөлшерде сақталмайды. Оның бірнеше себептері бар. Олар: 1. Орманда өсетін ағаштарды жыл сайын кесіп, азайту өте зиян. Өйткені жылда ағаштардан сынып түсетін бұтақтар, жапырақтар, жемістердің қалдықтары, топырақты минералды тұздармен байытады; 2. Орып жинау кезінде өсімдіктердің сабақтары, дәндерімен топырақтан сіңіріп алған қоректік заттары бірге кетеді. Топыраққа керекті элементтердің мөлшері азайғандықтан өсімдіктерге тыңайтқыштар беріп, үстеп қоректендіреді.

 

 

Тыңайтқыштар



 

Табиғатта әр түрлі жағдайлардың әсерінен топырақтың құрамы ұдайы өзгеріп отырады. Өсімдіктердің тіршілігі үшін су, минералды тұздар және ауа қажет. Сондықтан топырақты құнарландыру үшін тыңайтқыштар шашады.

Тыңайтқыштар органикалық және минералды болып 2 топқа бөлінеді.

1. Органикалық тыңайтқыштарға қи, шымтезек, қарашірік, құс саңғырығы жатады. Микроорганизмдер қиды әбден шіріткен соң ғана өсімдіктер оңай сіңіреді. Қиды топыраққа күзде шашса, келесі көктемге дейін шіріп үлгереді. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары шіріп, қарашірік түзеді. Қарашірік топырақтың үстіңгі қабатында болады. Қарашірігі мол топырақта өсімдіктер жақсы өседі.

2. Минералды тыңайтқыштарға азот, фосфор, калий (күл) жатады. Тыңайтқыштарды белгілі мерзімде, өсімдіктердің өсуі мен дамуының әр кезеңінде шашады.

 

Тамыр – топырақтан қоректену мүшесі. Минералды қоректену. Азот. Фосфор. Калий. Органикалық тыңайтқыштар. Минералды тыңайтқыштар.



 

Тыңайтқыштардың құрамындағы азот, фосфор, калий тұздарының өсімдікке әсерін 2-кестеден талдаңдар.

 

2-кесте

 


Өсімдік аттары

Тыңайтқыш

Қай мүшесіне қажет

Шашу мерзімі

Қандай күйде

Қырыққабат

азот

жапырағы мен

сабағына

жаздың

алғашқы

айы

сұйық

ерітінді

Қызанақ

фосфор,

калий

жемісіне

жаздың

екінші

жартысы

құрғақ

және

ерітінді

Картоп

фосфор,

калий

түйнегіне

жаздың

екінші

жартысы

ерітінді

және

құрғақ

Күздік

Дақылдар

калий

барлық мүшесін

суыққа төзімді

етуге

күзде,

тұқым себер

алдында

құрғақ

 

Ескерту: Тыңайтқыштарды дақылдарды себер алдында, себу кезінде, өсу, даму кезінде, жаңбырдан соң немесе суарған соң шашады.

 

 



Қорытынды

А 1. Өсімдік қалай қоректенеді? Неліктен топырақ арқылы қоректену дейді? 2. Топырақта қандай элементтер өсімдікке қажет? 3. Азот өсімдікке не үшін керек?

В 1. Фосфор, калий өсімдіктің қай мүшесіне әсер етеді? 2. Тыңайтқыштардың қандай түрлерін білесіңдер? 3. Ормандағы ағаштарды неліктен жыл сайын кесуге болмайды?

С 1. Өсімдіктер қоректік заттарды қай кезде пайдаланады? 2. Органикалық және минералды тыңайтқыштардың түрлерін сызбанұсқа арқылы көрсетіңдер.

3. Өсімдіктің тіршілігі үшін қажетті заттарды атаңдар.

 
Күні : 24.10.2014


Сабақтың тақырыбы: Тамырдың түрөзгерістері
Сабақтың мақсаты:.Тіршілік ету сипатына қарай өзгеріске ұшыраған тамыр түрлеріне сипаттама беру

2. Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілеттерін дамыту.

3.Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау, талдау, салытыру.

Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру. 2. үй тапсырмасын тексеру

3Жаңа сабақты түсіндіру. 

Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.

Жемтамырлар. Органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін өзгертеді. Мысалы: сәбіз, қызылша, шомыр, шалқан және т. б. Жемтамырлар дағы қорға жиналған қоректік заттарды өсімдіктер көктемде пайдаланады.

Жемтамырлар асханалық (қызылша, сәбіз, шомыр, тарна (брюква), ақжелкек және техникалық (қант қызылшасы, шашыратқы) деп бөлінеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады. Жемтамырлы өсімдіктер екі жылдық өсімдіктерге жатады, шалғамнан (редиска) басқасы. Бірінші жылы жемтамыр дамыса, екінші жылы сол жемтамырдан сабақ, гүл шығып, жеміс береді

 

Емізік тамырлар – паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлардың пішіні, түсі басқа өсімдіктердің тамырларына мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы немесе тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Емізік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамырға айналады. Паразитті тіршілік ететін өсімдіктерде хлорофилл болмайды. Сондықтан емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сорады (сұңғыла, арамсояу). Емізік тамырдың өсуі паразит өсімдіктердің ерекше органикалық қышқыл бөліп шығаруынан басталады. Қышқыл – жанасқан өсімдіктің қабығын ерітеді. Паразит өсімдіктер қабығынан еніп емізік дамиды. Емізік тамырлар топырақта болмайды, екінші өсімдікке инеше қадалып тұрады. Бұл – паразит өсімдіктердің тіршілік ету жағдайына бейімделгендігінің айғағы.

 

Тіреу тамырлар – тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр. Мысалы, үнді фикусы басқа ағаштың діңіне жабысып өседі. Дами келе қосалқы тамырлар шығып ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейіп, жуандайды.

Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлбасы үлкен болады. Yлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.

Тынысалу қызметін атқаратын тамырлары бар өсімдіктер оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өседі. Ауа тамырлары деп те атайды, ол сабақтан дамиды. Ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады (мангр ағашы, айұрық (плюш), монстера, сауыр (кипарис) және т. б.) қосалқы тамырларға жатады. Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің ауа тамырлары қосалқы тамырларға жатады. Ағаш қабығынан сырғып аққан жаңбыр суын сіңіреді.

Түйнекті тамырлар. Нарғызгүл (георгин), батат, шырыш, таушымылдық өсімдіктерінің тарамдалған тамырлары қоректік заттарды қорға жинайды. Сондықтан жуандап, шырынды түйнекті тамырға айналады.

Жемтамырдан түйнектамырдың айырмашылығы жемтамырдың тек негізгі тамырына ғана қоректік заттар жиналады. Жанама тамырлары өзгеріссіз қалады. Түйнектамырда тарамдалған тамырлардың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамырлар түйнектамырға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнектамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.

 

 



ҚОРЫТЫНДЫ 

А 1. Түрөзгеріс деген не және оның қандай маңызы бар? 2. Түрін өзгерткен тамырлардың түрлерін атаңдар, өсімдік тіршілігінде қандай маңызы бар?

В 1. Түйнектамырдың жемтамырдан айырмашылығы қандай? 2. Емізік тамырлардың нағыз тамырлардан айырмашылығы неде?

С 1. Жемтамырлар қандай өсімдіктерде болады? 2. Тіреу тамырлар мен ауа тамырлары өсімдікке не үшін қажет?

 

Күні: 31.10.2014
Сабақтың тақырыбы:. Өркендер мен бүршіктер

Сабақтың мақсаты:.Тіршілік ету сипатына қарай өзгеріске ұшыраған тамыр түрлеріне сипаттама беру

2. Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілеттерін дамыту.

3.Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар.

Сабақтың әдісі: көрнекі баяндау, талдау, салытыру.

Сабақтың барысы:1 ұйымдастыру. 2. үй тапсырмасын тексеру

3Жаңа сабақты түсіндіру. 

Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі – сабақ. Оның тамырдан айырмашылығы жапырақ шығарады, буын және буынаралығы болады. Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жерін буын, ал бір буын мен екінші буынның арасын буынаралығы дейді. Буынаралығы ұзын болса, ұзарған өркен, қысқа болса, қысқарған өркен деп аталады Жапырақтың сабаққа орналасқан жерін жапырақ қолтығы дейді.

Бүршіктің түрлері. Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және қолтық бүршік деп бөлінеді. Төбе бүршік ұрықта қалыптасады, одан болашақта өркеннің барлық мүшелері түзіледі. Төбе бүршіктен өсімдік ұзарып өседі

Қолтық бүршік (жанама бүршік деп те атайды) жапырақ қолтығында орналасады. Өсімдік түріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) болады. Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады. Бүршіктің және бір түрі қосалқы бүршік деп аталады. Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамиды. Мысалы, қалуеннің (осот) тамырынан жер бетіне қаулап өсетін атпалар (тамыр атпасы), кескен ағаштың томарының айналасына өсетін шыбықтар және т.б. Көптеген өсімдіктердің жапырақтарында дамитын қосалқы бүршіктер әсіресе бөлме өсімдіктерде анық байқалады. Мысалы, бриофиллюм (каланхое) жапырақ тақталарының жиегінде қаз-қатар тізіліп қосалқы бүршіктер шығады. Ол бүршіктердің әрқайсысы жапырақтан ажырап түсіп, өзінше жас өркендердің бастамасын береді. Көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер мен қосалқы бүршіктер ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол бұйыққан бүршік делінеді. Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап, өте баяу өседі. Бұйыққан бүршіктер гүлшетен, үшқат, сары қараған, ырғай, тобылғы бұталарынан басқа көп жылдық шөптесін өсімдіктерде де болады. Әсіресе бұталардың түптенуі осы бүршікке байланысты. Ағаштардың зақымдануы, басқа бүршіктердің өсуі баяулаған кезде бұйыққан бүршіктер дереу белсенді өсе бастайды. Оған ағаш дінінің кесілген бұтақтары мен кесілген ағаш түбінен өскен өркендер мысал болады.



Бүршіктің ішкі құрылысы. Көктемде кез келген ағаштың бүршігін дәл ортасынан ұзынынан теңдей 2-ге бөліп, ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қараймыз. Бүршіктің сыртын қалың, тығыз қабыршақтар қаптайды. Қабыршақтың саны өсімдік түріне қарай 1, 2, 3 және одан да көп болады. Қабыршақ – түрі өзгерген сыртқы жапырақтар.

 Қабыршақтар құрғақ, жабысқақ, шырышты, түкті, қоңыр, қызғылт, сарғылт түсті болады. Қабыршақтарының түкті, жабысқақ болуы су булануын азайтып, үсуден, құстардың шоқып, зақымдауынан қорғайды. Әдетте бүршіктердің пішіндері мен қабыршақтарының ерекшеліктеріне қарап, өсімдік түрлерін оңай ажыратуға болады.



Бальзамды теректің бүршік қабыршақтары өзінен бальзам бөлетіндіктен жылтыр, өткір иісті. Қолмен ұстағанда саусаққа желім сияқты жабысады. Сыртында қабыршағы болмайтын ашық бүршікті өсімдіктерге морт сынғыш итшомырт жатады.

Ашық (қабыршағы жоқ) бүршіктердің сыртын бөбешік жапырақтар, жапырақ қынабы жауып тұрады.

 

Бүршік көктемде өсімдіктің тамырында, сабағында жиналған қоректік заттар қорымен қоректеніп, ісінеді. Сыртындағы қалың қабыршақтары түсіп, ашылады. Қабыршақтың үзіліп түскен жерінде сақина тәрізді дөңгелек із қалады. Сол ізден бастап өлшегенде өркеннің бір жылда қанша мөлшерде өскені анықталады. Әдетте ең ірі төбе бүршіктері мен жанама бүршіктер ғана ашылып, өркен дамиды.Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай 2 түрлі бүршік болады: өсу бүршігі және гүл бүршігі. Өсу бүршігі тек ұзарған өркенде ғана орналасады. Одан ұзарған өркен мен жапырақ өсіп шығады. Гүл бүршігі тек қысқарған өркенге орналасады. Ұзынынан жарып қарағанда бастама сабақтың жан-жағына гүлшанақтар (ашылмаған гүлдер) бекиді. Гүлшанақ гүл шығарып, жеміс береді. Бірі – өсу, екіншісі – көбею бүршігі. Бүршік бастама сабақтан, бастама жапырақтан тұратындықтан, өркен дамиды.



ҚОРЫТЫНДЫ

А 1. Бүршік неліктен бастапқы өркен деп аталады, ішкі құрылысы бойынша дәлелдеп беріңдер. 2. Буын, буынаралық дегенді қалай түсінесіңдер?

В 1. Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы неде, олар қандай қызмет атқарады? 2. Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің айырмашылықтарын талдаңдар.

С 1. Қосалқы бүршіктер қайдан дамиды, қызметі қандай? 2. Бүршіктер нешеге бөлінеді?

 

Үйге тап §


. Сабақтың түрлері, құрылысы

Сабақтың қызметі мен түрлері

Сабақ – өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек. Қызметі: 1) сабаққа – бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді; 2) қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады; 3) органикалық заттар қорға жиналады; 4) көбеюге қатысады.

Өсімдік сабақтары шөптекті, ағаштекті немесе сүректі болып бөлінеді.



Сабақтың түрлері өсу бағытына байланысты тік, жатаған, шырмалғыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған сабақ деп бөлінеді 

Тік сабақты өсімдіктерге жүгері, бидай, терек, емен, қайың және т.б. жатады.

Жатаған сабақтар (желі сабақ) өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып өседі. Мұртша да желі сабақ тобына жатады. Мұртшаның желі сабаққа қарағанда буынаралықтары ұзын және топыраққа жанасқан жерінен қосалқы тамыр шығады (құлпынай). Желі сабақтың буынаралықтары қысқа. Топыраққа жанасқан жерінен тамыр шықпайды (асқабақ, қияр, қауын, қарбыз).

Шырмалғыш сабақтар нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі (шырмауық, құлмақ), мұртшалары болмайды.

Өрмелегіш және жабысқақ сабақтар. Өрмелегіш сабақтар – мұртшасы арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі (асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім және т. б.). Бұлардың сабақтары сүйенетін өсімдікке тығыз жанаспайды. Жабысқақ сабақты өсімдіктер ілмешегі, емізікше өсінділері, жабысқақ түктері арқылы сүйенетін өсімдігіне тығыз жанасады. Сүйенетін өсімдіктен ажырату қиын. Мысалы, плющ, жабысқақ қызылбояу (подмаренник цепкий) және т.б. жатады. Сабақтары жеңіл әрі жіңішке, ұзын болғандықтан шырмалғыш, өрмелегіш сабақты, өсімдіктерді лианалар дейді.

Қысқарған сабақты өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Мысалы, (бақбақ, жолжелкен, пияз, ақ қауданды қырыққабат және т. б.).

 

Сабақтың ішкі құрылысы



 Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз. Ішкі құрылысы 4 қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек

1. Қабық – сабақтың ең сыртқы қабаты. Қабық – өң, тоз, тін қабатынан тұрады. Өң – түссіз (мөлдір), жас сабақтардың сыртын қаптайды. Үлкен ағаштардағы өң түлеп түсіп, орнын тоз алмастырады. Тоз қалың болса да ішкі жасушалардың тыныс алуына оттегін өткізеді. Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке ұқсаған жасушаларды жасымықша дейді. Жасымықшалар өркендердің сыртынан бұртиып айқын білінеді. Тоздың ішкі жағында қабыққа беріктік (мықтылық) қасиет беретін тін қабаты орналасқан. Кендір, зығыр, мақта өсімдіктерінде қабықтың тін талшықтары жақсы дамыған. Тін талшықтарынан өндірісте түрлі маталар, бұйымдар тоқылады.

 

 

Қабық өсімдікті сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.



2. Камбий – қабықтан кейінгі орналасатын қабат. Жас бұтақтың қабығын сылып тастаса камбий жасушаларының қабықшасы жыртылады (бұзылады). Қабықшасы жыртылған жасуша ішіндегі цитоплазма мен шырыны ағып кетеді. Сылынған жерді саусақпен сипаса, шырышты дымқыл байқалады. Камбий ағаштардың бір жылдық өркенінде (17-суретте, а) қабықтан кейінгі сары түсті қабат) пайда болады. Камбий жасушалары ұшы сүйірленген ұзынша пішінді. Бірнеше қабат жасушалардан түзіліп, камбий аймағын құрайды. Барлық жасушалары бөлінуге қабілетті. Камбий жасушалары қыста бөлінбейді. Көктем шығысымен қарқынды бөліне бастайды. Камбий жасушаларының бөлінуінен ағаштар жыл сайын жуандай береді. Камбийден жылдық қабаттар (шеңберлер) түзіледі. Шеңбер саны арқылы ағаштардың жасын ажыратуға болады.

3. Сүрек – сабақтың едәуір бөлігін алып жататын камбийден кейін орналасатын қабат. Жасушаларының пішіндері мен мөлшері біркелкі емес. Ұзын, жіңішке жасушалары қосылып, түтікше құрайды. Түтікшенің айналасын беріктік қасиет беретін қалың қабықшалы сүрек талшықтары қоршайды. Камбий жасушалары дамылсыз бөлінетіндіктен, ағаш діңі жуандап өседі.



4. Өзек – сабақтың орталық бөлімі. Жас өркенде жасушалары тірі болғандықтан, органикалық заттар қорға жиналады. Өзек жасушалары өзек сәулелерін құрайды. Өзек сәулелерінің жасушалары сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. Қоректік заттар өзек сәулелері арқылы сабақтың басқа қабаттарына жеткізіледі. Өзек сәулелері де камбийден түзіледі.

 



Сабақты қорытындылау 

А 1. Сабақ қандай қызмет атқарады? 2. Сабақтың түрлерін атаңдар.

В 1. Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды сипаттаңдар. 2. Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?

С 1. Өзек қандай қызмет атқарады? 2. Қабық бөлімдерін, атқаратын қызметін талдаңдар.

 

1. Биология кабинетінде өсіп тұрған бөлме өсімдіктерінің сабақ түрлерін ажыратып, өсімдіктің атын жазыңдар. 2. Оқу-тәжірибе үлескісінде немесе бақшаларыңда өскен өсімдіктердің сабақтарына көңіл аударып талдаңдар.



 Біліміңді тексер.

Берілген өсімдік тізімінен сабақтың қай түріне жататынын анықтап тұсындағы санын тиісті бағанына жазыңдар.

Тік

Жатаған

Өрмелегіш

Шырмалғыш

Қысқарған

 

 

 

 

 

 

1. Қияр.                                  6. Бақбақ.

2. Жабайы бұршақ.            7. Үрмебұршақ.

3. Құлмақ.                             8. Күріш.

4. Пияз.                                  9. Шырмауық.

5. Қайың.                              10. Асқабақ.

 

7-зертханалық жұмыс.



Сабақтың ішкі құрылысымен танысу.

Көрнекілігі: қарағаш, емен, терек ағаштарының 20 см ұзындықтағы жас өркендері, ұлғайтқыш қол әйнегі, ағаштың жуандау (2-3 жылдық) діңінің көлденең кесіндісі (қалыңдығы 5-8 см).

 Орындалатын тапсырмалар:

1. Әр түрлі ағаштардың (қарағаш, емен, қайың, терек, тал, т. б.) жас бұтақтарынан (ұзындығы 20 см) сыртқы қабығының түсіне, қабығын жарып бұртиып шыққан (шұбарланған) жасымықшаларына, оның пішініне көңіл аударып, лупамен қарап суретін салыңдар.

2. Кез келген ағаштың көлденең кесіндісінен сабақтың ішкі құрылысының қабаттарын ажырату. Әр қабаты қанша көлемді алып жатқандығын (калыңдығын) ажыратып, түсіне көңіл аудару. Өзек жасушаларының ерекшеліктерін бақылап көру.




Сабақтың бойлап және жуандап өсуі 

Сабақтың бойлап өсуі ең ұшынан басталады. Сабақ пен бұтақтары ұшынан ұзарып өседі. Өсімдіктің ұзарып өсуі – төбе бүршігіне, жан-жағына жайылып, өсуі жанама бүршіктеріне байланысты.



Тәжірибені өздерің жасаңдар: 1) тақырыпты өтпестен 10-15 күн бұрын үрмебұршақ немесе күнбағыс тұқымын ыдыстағы топыраққа өсіру; 2) дайын болған өскіннің ең ұшынан бастап ара қашықтығын 3-5 мм етіп тушпен бірнеше белгі салып жарыққа қою (дәл тамырдың өсуіне жасалған тәжірибедей); 3) бір апта өткенде өскіндегі өзгерістен қорытынды шағару.

Өсу – тіршіліктің белгісі. Өсу жылдамдығы барлық өсімдіктерде бірдей емес. Мысалы, ағаштар баяу өссе, бамбук (ол ағаш емес) өте тез өседі. Сабан сабақтың әрбір буынаралықтарының түбінде түзуші ұлпа болады. Өсуі күндіз де, түнде де қарқынды жүреді.

Өсімдіктердің ішінде ең ұзын сабақ ротанг пальмасынікі, биіктігі 200-300 м; шырша 60 м; қайың 30-35 м; үйеңкі 25 м; бамбук 20-25 м; банан 3-3,5 м; ең аласа сабақты өсімдіктерге австралия орхидеясы (1-2 мм) мен вольфия (1-2 мм) жатады.

Егер сабақтың ұшын кесіп тастаса (өсу нүктесі алынса), ұзарып өсуі тоқталады. Қолтық бүршіктерден бұтақтар (жанама өркендер) дамиды. Үлкен қалаларда, демалыс орындарындағы ағаштар мен бұталардың ұштарын шырпып белгілі пішінге келтіреді. Жеміс ағаштарын гүлдейтін өркендері көбірек дамып, мол өнім беру үшін көктемде шырпиды. Бөлме өсімдіктерін шырпу арқылы гүлдейтін өркендерін көбейтуге болады.

Сабақтың жуандап өсуі. Камбий түзуші ұлпаға жатады. Камбийдің бір маусым ішінде бөлінген жас жасушалары қабық пен сүрекке қарай ығысады. Сүрек бөліміне ығысқан жасушалар тобы көбірек болғандықтан сүрек қабаты қалыңдау болады. Бұл құбылыс жыл сайын қайталанатындықтан сабақ жуандай береді.

Ағаштағы бүршіктер мен жапырақтар зақымданбаса, камбий жасушалары да тез бөлінеді. Камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе жыл сайын сүрек қабаты пайда болады. Оны жылдық шеңбер немесе жылдық қабат деп атайды (17-суретті қараңдар).

Ағаш діңінің көлденең кесіндісіндегі жылдық шеңберден тіршілік жағдайының қолайлы немесе қолайсыз болғандығын аңғаруға болады: 1) жылына бір шеңбер түзілетіндіктен, жылдық шеңберге қарап, өсімдіктің жасын анықтайды; 2) жылдық шеңбердің өсу қарқыны мен еніне жауын-шашын мөлшері, температура, жарық қатты әсер етеді. Егер жылдық шеңбердің ені жуан болса ауа райы қолайлы, жіңішке болса қолайсыз болғандығын көрсетеді; 3) кейде бір жылда түзілген жылдық шеңбердің жартысы жуан, жартысы жіңішке болады. Жылдық шеңберінің ені жарық мол түскен жағында жуан, аз түскен жағында жіңішке; 4) жылдық шеңберге қарап, оңтүстік пен солтүстікті анықтайды. Оңтүстікке қараған жағының шеңбері – жуан, солтүстік жағы жіңішке болып келеді.

Ағаштарда сабақ қалыптаса бастағанда-ақ тұтасқан камбийлі шеңбер түзіледі. Ағаш діңінің жуандауы камбий жасушаларының бөлінуіне байланысты.



Сабақтың бойлап өсуі. Сабақтың жуандап өсуі. Камбийдің қызметі. Жылдық шеңбер.

А 1. Өсу нүктесі қайда болады, қай ұлпаға жатады, қандай қызмет атқарады? 2. Сабақтың ұшынан өсуін дәлелдейтін тәжірибені түсіндіріңдер. 3. Сабақтың бойлап өсуін тоқтатуға бола ма, болса қандай шаралар қолданылады?

В 1. Шырпуды қай кезде, қандай мақсатта жүргізеді? 2. Ағаш діңінің сүрек қабаты басқа қабатына қарағанда қалың болу себебі неліктен? 3. Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты?

С 1. Жылдық шеңбер қалай түзіледі? 2. Жылдық шеңберден қандай құбылыстарды байқауға болады? 3. Бұтақтарға жылу, жарық, ылғал жетіспейтін себебі неліктен?

 

1. Сабақтың ішкі құрылысын көрсететін көрнекі құрал дайындап әкеліңдер. Ол үшін жуандығы әр түрлі ағаштардан қалыңдығын 10 см көлденең кесіндісін алыңдар. 2. Үйлеріңнің, мектептің айналасында өскен бұталарды қалаған пішінге келтіріп шырпуға әдеттеніңдер. 3. Жеміс ағаштарды шырпу тәсіліне көңіл аударып (ретсіз өскен бір-біріне кедергі жасайтын бұтақтар мен қураған, зақымданған бұтақтарды), кесу әдісін үйреніңдер. 4. Кез келген ағаштардың (терек, тал, үйеңкі, т. б.) жапырағы бар жас өркенін кесіп алып (ұзындығы 20 см), ыдыстағы боялған суға салып қойыңдар. Бөлме өсімдігінің өркенін алуға да болады, нәтижесін келесі сабақта көресіңдер


8-зертханалық жұмыс.



Ағаш діңінің кесіндісіндегі жылдық шеңбермен жұмыс.

Көрнекілігі: әр түрлі ағаштардың (жуандығы да әр түрлі болуы керек) қалыңдығы 10 см көлденең кесінділері, ұлғайтқыш әйнектер (лупа), сабақтың ұзарып өсуін көрсететін тәжірибе.

 

Орындалатын тапсырмалар:

1. Алдарыңда берілген әр түрлі жуандықтағы ағаш діңінің кесінділерін ұлғайтқыш әйнекпен қарап, жылдық шеңберлерін табыңдар. Сабақтың қай қабатында түзілетінін анықтаңдар. Әрқайсысындағы шеңберлерін санап, жасын айырыңдар.

2. Әр шеңбердің еніне (қалың, жұқалығына) қарап, климат жағдайының қандай болғандығын түсіндіріңдер.

3. Көрген кесінділеріңді оқулықтың суретімен салыстырып талдаңдар.


Сабақ бойымен қоректік заттардың қозғалуы

 

Су мен минералды тұздардың қозғалуы

 

Тамырдың топырақтан сорған минералды заттары тамырда қалып қоймай сабақ бойымен көтеріліп жер үсті мүшелеріне барады. Су мен минералды заттар сабақтың қай қабаты арқылы қозғалатынымен танысалық. Өткен сабақта берілген төртінші тапсырмадағы тәжірибені талдайық Тәжірибеден боялған суға салынған өркеннің жапырағымен, гүлінің боялғандығын көреміз. Сабағын ұстарамен көлденеңінен және ұзынынан теңдей екіге қақ жарып қараңдар (ұлғайтқыш әйнекті пайдаланыңдар). Қабық пен өзек қабаты боялмай, тек сүрек қабатының боялғаны байқалады. Бұл тәжірибеден су мен минералды тұздар сабақтың сүрек қабатымен қозғалатынын білеміз.



Судың сабақ бойымен көтерілу жылдамдығы әрқалай, кейде сағатына 20-30 см көтеріледі. Су мен минералды заттардың сүрекпен қозғалуын тағы да мынадай қарапайым тәжірибеден көруге болады: кез келген ағаштың екі бұтағын алып, бірінің 5 см-дей етіп қабығын ғана сыдырады (суға салатын жағынан). Екінші бұтақ қабығының астындағы сүрегін (қабығы мен ортасындағы өзегін қалдырады) алып тастайды. Екеуін де ыдыстағы суға салып қояды. Көп ұзамай сүрегі жоқ бұтақтың қурап қалғаны байқалады. Сүрегі бар бұтақ көпке дейін қурамай, тұра береді.

 

Органикалық заттардың қозғалуы. Жарықта жапырақтағы крахмал суда ерімейтіндіктен, крахмал күйінде сабақ бойымен қозғалмайды. Крахмал қантқа айналуы керек. Қант суда жақсы еритіндіктен қабықтағы сүзгілі түтіктер арқылы өсімдіктің барлық мүшелеріне барады. Органикалық заттар қабықтағы тін талшықтары (сүзгілі түтік) арқылы қозғалады.

Органикалық заттардың қозғалысын бақылауға арналған тәжірибеге 1 ай уақыт керек. Ұзындығы 15 см-дей 2 бұтақ алынады. Біріншісін төменгі ұшынан (суға салынатын жағы) 5 см жоғарырақ жерінен қабығын (енін 3 см-дей) сақиналап кеседі. Екінші бұтақты сақиналап кеспей сол күйінде ыдыстағы суға салып қояды. Қабығы кесілген бұтақта қосалқы тамырлар кесілген жерінің жоғарғы жағынан шығады. Кесілген жердің төменгі жағында тамырлар пайда болмайды. Қоректік зат кесілген жерден төмен қарай өте алмайды. Ал қабығы кесілмей салынған бұтақта қосалқы тамырлар бұтақтың ұшынан дамиды. Бұл органикалық заттар тек қабықпен қозғалатынын дәлелдейді.

Органикалық заттар өсімдіктің өсе бастаған жас мүшелерінің қорегіне жұмсалады. Қорекке ортақ етпей, күнбағыс, жүгері, қызанақ сияқты өсімдіктердің түбінен қаулап шыққан артық өркендерін жұлады. Жапырақ қолтығынан шыққан өркендерді де жұлып тастайды. Мұндай жағдайда жүгерінің собығы, күнбағыстың себеті өте ірі болады.

 

Су мен минералды тұздардың қозғалуы. Сабақ бойымен органикалық заттардың қозғалуы. Сабақ бойымен судың көтерілуі.



 ҚОРЫТЫНДЫ

А 1. Өсімдік су мен онда еріген минералды заттарды қайдан алады және ол сабақтың қай қабатымен қозғалады? 2. Крахмалдың сабақ бойымен қозғалмай тын себебі және органикалық заттар сабақтың қай қабатымен қозғалады?

В 1. Минералды заттардың қозғалуын дәлелдейтін тәжірибені талдап беріңдер. 2. Органикалық заттардың қозғалуын қандай тәжірибемен дәлелдейсіңдер?

С 1. Судың сабақ бойымен көтерілуін түсіндіріңдер. 2. «Біліміңді тексер» айдарымен берілген тапсырманы толтырыңдар.

 

 

Біліміңді тексер.



Берілген сөйлемдерді зер салып оқып сабақтың қай қабатына тән екендігін анықтап, тұсындағы санын дәл келетін қабаттың астындағы бағанына жазыңдар.

 


Қабық

Камбий

Сүрек

Өзек

 

 

 

 

 

1. Сабақты жуандатып өсіреді.

2. Жылдық шеңбер (сақина) түзіледі.

3. Органикалық заттар қорға жиналады.

4. Су мен минералды заттар қозғалады.

5. Тін талшықтары орналасқан.

6. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады.

7. Қабық пен сүректің арасында орналасады.

8. Сабақ тыныс алатын жасымықша жасушалары орналасады.

 



Каталог: uploads -> doc -> 0d73
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d73 -> Сабақ Тақырыбы: Архимед күші Мұғалім : Темирова А. А
0d73 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Мектеп туралы мәлімет беру, сыныптағы заттардың атауларын меңгерту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет