Сабақтың тақырыбы : 7- сабақ Қазақстанның қазба байлықтары Жаңаөзен қаласы №23 орта мектеп



бет4/7
Дата06.02.2022
өлшемі86,2 Kb.
#79701
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ Microsoft Word (18)

Сабақтың ортасы
30 минут



Тыңдалым
«Қазақстанның қазба байлықтары» атты мәтін тыңдатылады.
«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы оқушылар тақырып бойынша пікірлерін білдіреді.
1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлерін бір сөйлеммен айтады.
2. Дәлел. Пікірлерді бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірлерін өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіреді.
4. Қорытынды. Мәтін мазмұны бойынша қорытынды шығарады.


Дескриптор:
- Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра біледі.
- Пікір білдіреді, дәлел, мысал келтіріп, қорытынды жасай алады


Қалыптастырушы бағалау: ауызша
(жақсы ойластырылған, мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білдің, дәлелдер келтіре алдың, іздену жұмыстарын жалғастыр, т.б.)


Оқылым


Мәтін
Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші, мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші, қалайы мен никель — сегізінші, көмір мен табиғи газ — тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында. Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастүз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік-Балқаш) және Орал-Каспий (Жайың-Жем) жатады.
Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі больш табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газды конденсат — 15-ші, мұнай өндіру — 23-орында. Қазақстанның үлесіне барланған мұнай қорының 2%-на дейін (Каспий шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен кен орындарының өндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат — шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна.
Қазақстанның жер қыртысы мұнаймен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50—100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды.
Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры, табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұнай мен газга қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан—Алакөл ировинцияларының болашағы зор. Қазақстанда металл кен орындары барланған.
Тапсырма. Мәтін бойынша көтерілген мәселеге байланысты талқылау сұрақтарын құрастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет