Сабақтың тақырыбы : 7- сабақ Қазақстанның қазба байлықтары Жаңаөзен қаласы №23 орта мектеп



бет6/7
Дата06.02.2022
өлшемі86,2 Kb.
#79701
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Документ Microsoft Word (18)

Сабақтың соңы


5 мин

Рефлексия.



Үйге тапсырма. Оқулықта берілген 163-беттегі 5-тапсырма.






Қосымша ақпарат

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс- денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

Оқу мақсатын нақтылаймын. Оқу мақсатын сабақ мақсатымен нақтыладым. Оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды саралап аламын. Сараланған тапсырмаларды орындауда «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы тапсырма беріледі. Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырады. Қабілеті жоғары оқушылар ақпарат бойынша өмірлік мәселелерді анықтап, пікір айтып, дәлел келтіріп, мысалмен айтып, қорытынды жасай алады. Оларға әлі де ізденуге бағыт беремін. Қабілеті орташа оқушылар пікірін айтады, дәлел келтіреді. Мысалдар келтіре отырып, қорытынды ойын айтуға сұрақтар беру арқылы жетелеймін. Қолдауды қажет ететін оқушыларға мәтін бойынша ойландыратын сұрақтар беріп, пікір айтуға жұмыстандырамын.

Сабақ кезінде оқушыларға кері байланыс беріледі . Оқушыларды үнемі ынталандырып, қолдау көрсету мақсатында қалыптастырушы бағалау ауызша жүргізіледі.
1-тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалау: жақсы ойластырылған, мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білдің, дәлелдер келтіре алдың, іздену жұмыстарын жалғастыр, т.б.
2-тапсырма бойынша қалыптастырушы бағалау:жақсы орындалған, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарастарыңызды білдірдіңдер, нақты сұрақтар келтіре алдыңдар, тағы қандай сұрақтар келтірер едіңдер, т.б.

Оқуды жақсарту үшін сабақта география пәнімен пәнаралық байланыс жасалады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланылады. Оқушыларға білім беру бағдарламасы аясында экономикалық өрлеудің, қазба байлықтың маңыздылығы туралы ақпаратты түсіндіре отырып, «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтары негізінде тәрбиелеу көзделеді.





Рефлексия.
Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақ және оқу мақсаттары оқушыларға берілген тапсырмаларды дұрыс және жинақы орындауы арқылы орындалды.


Оқушылар сабақтың тақырыбы « Қазақстанның қазба байлықтары» бойынша қазақ жерінде кездесетін ресурстар туралы білді. Тыңдаған мәтіндегі ақпараттарды өмірлік мәселелермен байланыстырды. Талқылау сұрақтарын ортаға салып, өз ой-пікірлерін ашық жеткізді.
Тапсырмалар оқу мақсаттарына сай алынғандықтан сабақ жоғары деңгейде өтті.
Оқушылардың жас ерешеліктеріне сәйкес тапсырмалар берілді, жоспар бойынша саралау жұмыстары жақсы орындалды.
Тапсырмаларды орындауда уақытты тиімді пайдалана алдым.

Жоспарыма өзгеріс енгізбедім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет