Сабақтың тақырыбы : Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты



бет2/10
Дата15.09.2017
өлшемі1,63 Mb.
#32498
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сабақтың түрі : білімді жүйелеу,жинақтау

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,жартылай ізденгіштік

Сабақтың көрнекілігі : суреттер, кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу.

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Өткен сабақты еске түсіру мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ана тілінің қызметі дегеніміз не? 2.Әдеби тіл дегеніміз не?3.Әдеби тілдің түрлерін ата? 4.Мәтін дегеніміз не? 5.Лексика дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады.Тура мағына әр заттың өзіне ғана тән жеке мағынасы болып табылады,сол арқылы біз заттарды бір-бірінен айыра аламыз.Мысалы: аспан,жер,жел,бұлт,орман дегендер затты атаса,биік,жылы,жақсы дегендер сапаны,ал бару,салу,оқу дегендер қимылды атайды.

Сөздер әрқашан тура мағынада айтыла бермейді.Сөздің тура мағынасының негізінде туып,өрбіген,жалпы көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады.Лексикалық мағынаның бұл түрін туынды мағына деп атайды.Мысалы, көз – адамның немесе жан-жануардың көру мүшесін білдіретін оның бастапқы турамағынасы да,күннің көзі,бұлақтың көзі дегендегі көз – оның ауыспалы,туынды мағыналары.Тіл сөзінің бастапқы тура мағынасы – адамның баста орналасқан дене мүшесі,ауыспалы мағынасы – ана тілі,орыс тілі дегендердегі мағынасы.Аяқ деген сөз тура мағынасында дене мүшесін білдіреді.Ал жұмыстың аяғы,жиналыстың аяғы және т.б. осы тәріздес тіркестердегі «аяқ» - туынды мағына, «соңы» деген мағынаны білдіреді.Күту деген сөздің тура мағынасы – «тосу,аялдау». Сонымен бірге бұл сөздің «сыйлау,құрметтеу» деген ауыспалы мағынасы бар.ысалы: қонақ күту.

Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші затқа атау етіп ауыстырып қолданудан барып туады.

Кітаппен жұмыс : 43-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқу.Шешен сөзін таратып,өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.

Мәтіндегі сөз қандай мағынаны білдіріп тұр?



Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға сұрақтар қоямын.

1.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не? 2.Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?

3.Сөздің ауыспалы мағынасы қалай туындайды?

Білімді бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 44-жаттығу. Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны

білдіруіне қарай бөліа жазыңдар.Әр тіркестің мағынасын ауызша айтыңдар.


5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Көп мағыналы сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,кітап.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Өткен сабақты еске түсіру үшін сұрақтар қоямын.

1.Ана тілінің қызметі дегеніміз не? 2.Әдеби тіл дегеніміз не?

3.Әдеби тілдің түрлерін ата? 4.Мәтін дегеніміз не?

5.Лексика дегеніміз не? 6.сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

7.Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?8.Сөздіңауыспалы мағынасы қалай туындайды?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Тіліміздегі ұзақ уақыт қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз,жаңа мағыналар жасауға ұйытқы (негіз) болады.Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне бір не бірнеше қосымша,яғни туынды мағыналарға ие болып жатады.Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да,сапа жағынан да, дамып,жетіліп тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да,бір сөз табына қатысты болады.

Мысалы:

Бас (зат есім) – 1) адамның,айуанның,жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің,ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті,төбесі; 4) өзеннің,бұлақтың басталған жері;5)таяқтың ұшы;6) балтаның,шоттың жүзі бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.

Ата (зат есім) – 1) үлкен әке,әкенің әкесі; 2) ата жолы- ескіден қалған жөн-жоба,әдет-ғұрып; 3)ата жұрт – ежелгі мекен; 4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық.

Сонымен,сөздің қолданылу аясының өзгеруі,яғни бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді.



Топпен жұмыс: 58-жаттығу.Алтын,маржан, шырын сөздерін ауыспалы мағынада қолданып,сөз тіркесін құраңдар.

Үлгі: ақ алтын,маржан сөз т.б.

Жаттығумен жұмыс: 60-жаттығу. Салмақты,әрекет,қарулы сөздерінің ішінен біреуін таңдап,сол бойынша шағын мәтін құраңдар.Мәтінде көп мағыналы сөздердің болуын ескеріңдер.

Білімді бекіту : Оқушылардыңтүсінбеген сұратарына жауап беремін.Оқушыларға сұрақтар қоямын. 1.көп мағыналы сөз дегеніміз не? 2.Көп мағыналысөздер қанша негізден таралады?

3.Көп мағыналы сөз қанша сөз табына қатыстыболады?



Білімді бағалау: Оқушылардың сұраққа жауап бергендеріне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 53-жатығу. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар.Мәтіннен көп мағыналы сөздерді табыңдар.Мәтінде айтылған оқиғаны өз сөздеріңмен баяндап жазыңдар.

5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден

айырмашылығы

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,баяндау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

1.Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не? 2.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

3.Сөздің көп мағыналылығы дегеніміз не? 4. Мәтін дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын,бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын білдіреді.Сыртқы формасы жағынан,яғни біркелкі дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас болып келеді.

Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы оларды білдіретін мағынасынан көрінеді.көп мағыналы сөздер бір негізден тұрғандықтан,мағыналары жағынан өзара жақын ұқсас болып олар бір ғана сөз табына жатады. Ал омонимдер мағыналары жағынан бір бірінен соншалықты алшақ болады да,кейде бір сөз тобына,әр басқа сөз табына да қатысты болып,дараланып тұрады. Мысалы : Қара : 1) қара шаш – заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз ; 2) тақтаға қара – қимыл-әрекетті білдіретін етістік.

Айт : 1) айт болды – діни мейрам ; 2) ән айт – қимыл мағынасындағы сөйлеу ; 3) айт-итті бір нәрсеге айтақтап қосу үшін айтылатын одағай сөз..

Тілімізде көптеген омонтмдер сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған.Түбір сөзге жұрнақтар қосылу арқылы нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер делінеді.

Мысалы : Арық : 1) зат-су ағызу үшін арнайы қазылған шағын су жолы. Ол егінін арықтан суарады екен;



  1. сын – семіз емес,еті қашқан,жүдеу.Арық құп-қу балалардың беттерінде аштық табы бар.

Жаң сабақты түсіндіргеннен кейін,жаттығумен жұмыс жүргіземін.


Білімді бекіту : 1.Омонимдер дегеніміз не? 2.Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден қандай айырмашылығы бар: 3.Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 70 – жаттығудағы айт,жөн,ен,бөле сөздерді омоним болатындай бірнеше сөйлем құрап жазуға беремін.


5 - с ын ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Синонимдер

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1. Омонимдер дегеніміз не? 2.көп мағыналы сөздерден омонимдердің қандай айырмашылығы бар?

3.Мәтін дегеніміз не? 4.Ауызша тіл дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты тсіндіру :

Мағыналары бір-біріне жақын,бірақ әртүрлі дыысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады.



  1. Сөздердің дыбысталуында өзгешелік болу керек ;

  2. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек ;

  3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы керек.

Бұған қосымша синонимдер мәтінде бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің (не толықтауыштың,не анықтауыштың,не пысықтауыштың,не баяндауыштың,не бастауыштың қызметін атқарады. Мысалы : ас,тамақ,дәм,тағам,ауқат дегендер бір-біріне синонимдес сөздер.Бұлар дыбысталуы ,жазылуы жағынан әр түрлі.Бірақ бәрінің беретін ұғымы-адамбаласының жейтін қоректік заты.Бесеуі де сөз табы жағынан зат есім болады.Қонақтарға арналған ас өте дәмді болды деген сөйлемдегі ас сөзінің орнына қайсысын қойсақ та,бұлер бір ғана не? деген сұраққа жауап беріп,сөйлемде бастауыш қызметін атқарады.
Жаңа сабақтан кейін жаттығумен жұмыс жүргіземін
Білімді бекіту : 1.Синоним дегеніміз не? 2.Сөздің тура мағынасы дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Омоним сөздер дегеніміз не? 4.ажар,жылдам сөздерінің синонимдерін табыңдар.


Үйге тапсырма : 72 – жаттығуды жазып,оның ішіндегі ғажап,уәде,шық,айла сөздерінің синонимдерін тауып жазып келуге беремін.
Бағалау :Сұрақ қою арқылы оқушылардың білімдерін бағалаймын.


5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Синонимдер

Сабақтың мақсаты :

а) білімділік - оқушыарды сөз мағынасына мән беруге,сөздерді лексикалық жолмен талдай білуге үйрету;

ә) тәрбиелік – туған тіл әрбірелдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып,келтірілген мысалдар арқылы елін,жерін,туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу ;

б) дамытушылық – ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту,сөйлеу шеберлігіне,ой ұшқырлығына баулу.



Сабақтың түрі : жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі : проблемалық ой тастау,баяндау,сұрақ-жауап,ізденушілік,зерттеушілік

Іс-әрекеттері,ойын түрлері.



Сабақтың көрнекілігі : жаңа сабақты меңгертуге байланысты жазылған плакат беттер,ВЕНН диаграммасы,әр түрлі тақырыптарға салынған суреттер,үнтаспа.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,бейнелеу өнері,орыс тілі.

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларменамандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сабаққа назар аударту.

2.Үй тапсырмасын сұрау.Өткен тақырыпта өтілген «Омонимдер» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап әдісімен түсінгендерін,сабақты қалай меңгергендерін сұрап білемін. «Лексика» бөлімінде өткен тақырыптарға қосымша шолу жасау.

68-жаттығудың шығармашылық деңгей тапсырмалары бойынша дайындап келген жұмыстары тексеріледі.Оқушы жауаптары төмендегідей болды

Жоғалса да атың, /зат есім/

Жоғалмасың атың, /зат есім/

Айыбымды кеш, /етістік/

Келсем де үйге кеш, /мезгіл мағ.үстеу/

Жағам дейсің қара, /зат есім/

Әліңе бірақ қара. /етістік/

Күйе,күйе,күйе ме? /зат есім/

Күйеге қолым күйе ме? /етістік/

Самат ванды бөле ме? /етістік/

Сара мен Сана бөле ме? /зат есім/

Дәл осы орында. /зат есім/

Сабағыңды орында. /етістік/

Келсең дағы жай /мез.мағ.үстеу/

Киіздерді жай. /етістік/, т.б.

Осы мысалдардың нәтижесінде омоним сөздер бір сөз табынан да жасала беретінін түсіндіріп,қорытынды жасауға болады.

Жаңа сабақ : Жаңа сабақты меңгерту алдын ала плакат бетке жазылған мысалдарды оқи отырып түсіндіруден басталады.
1. Зат есімдер 2. Сын есімдер 3. Етістіктер 4. Үстеулер

Кім? Қандай? Не істеу? Қашан?

Мұғалім қадірлі күту тез арада

Ұстаз қастерлі тоқтау жуықта

Педагог құдіретті кідіру таяуда

Оқытушы құрметті аялдау жуырда

Тәрбиеші қадірменді тосу жақында


Әр бағанға сөздерге сұрақ қойып,бір-бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстыра отырып,синонимдердің ережесін оқушылармен бірлесе отырып шығарып,кітаптағы ережемен салыстырамыз.

Енді сол айтылған қорытындыны плакат бетке жазылған сөйлемдер арқылы дәлелдеу.

1.Абырой да,бақ та,атақ та,даңқ та – бәрі осы егістікте.

2. «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала - өжет,тапқыр,шешен әрі ақылды кейіпкер.

3. Ата – анамыз бізді жан аямай бағады,өсіреді,тәрбиелейді.

4. Айшылық,алыс жерлерден,



Көзіңді ашып – жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Келтірілген мысалдар арқылы синонимдердің бір сөз табынан болатынын түсіндіріп,бір ғана сөйлем мүшесі қызметін атқаратынына көз жеткізу.

Демек,қазақ тілі – синонимге өте бай тіл. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі екен деген тұжырым жасаймыз.

Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейтінін,кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болатынын төмендегі мысалдар арқылы түсіндіру.


Қарт Кәрі Биік Бойшаң
адам адам мал тау адам
71-жаттығууды орындау (ойын түрінде орындалады )

Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып,әр синоним сыңарларын бір вагон деп есептеп,синоним қатарларынан пойыз жасау.Бұл тапсырманы орындау үшін төрт қатарға бір синоним сыңарын беріп,синонимдік қатарлармен толықтыру тасырылады.

1 –қатарға «Туысқан» сөзі /Туыс,тума,ағайын,туған-туыс,жекжат-жұрағат,жамағайын т.б./

2 – қатарңға «Данышпан» сөзі /ұлы, дана,ғұлама,ойшыл,білмдар,оқымысты,данагөй,т.б./

3 – қатарға «Қаймығу» сөзі /Қорқу,жасқану,сескену,айбыну,т.б./

4 – қатарға «Әрең» сөзі /әзер,азар дегенде,әзер-пәзер,өліп-талып,әрең дегенде,т.б./

Тіліміздегі бір сөздің мағыналық өрісін анықтау үшін оның басқа сөздермен жүйелі қатынасын анықтаған жаөн.Оны сызба арқылы оқушыларға түсіндіре кетудің артықшылығы жоқ.

Жомарт сөзінің мағыналық байланысы

Лексика – семантикалық қатынасы – Азамат, ер көңіл адам.



Жомарттық түбірлестік

Жомарт

Жомарттау қатынасы
Сараң – антонимдік қатынасы

Сахи


Мәрт синонимдік қатынасы

Береген


Сөздердің бұлайша ара-қатынасын анықтву оның мағынасын толық аша түсуге,еркін қолдануға,оқушылардың өз ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға мүмкіншілігін арттыра түседі.

Суретпен жұмыс

1. Қой бағып тұрған кіснің суреті көрсетіледі де,оның кім екені сұралады. Оқушылар қойшы,бақташы, шопан,малшы,сақпаншы деп жауап береді де,ол сөздердің өзара синонимдес екенін түсінеді.

Келесі сұрақ : - Қойлар қайда жайылып жүр?

Жауап : - Өрісте,жайылымда немесе тауда, беткейде,қырда, жотада, белде, тегісте, далада деп жауап береді.

2. Дәрігердің суреті көрсетіледі.

- Бұл кім? Жауап : - Дәрігер,емдеуші,ақ халатты абзал жан,медицина қызметкері т.б.

- Ол кімді емдейді? Жауап : - Ол ауру адамды,дімкәс адамды,науқастарды,сырқат,дертті адамдарды емдейді деп жауап береді.Дәл осындай жұмыс оқушылардың ойлануына,білгенін есте сақтауына көмектеседі.

ВЕНН диаграммасы


Омонимдер

Өзіне тән белгілері

1) айтылуы бірдей,

Мағыналары бөлек сөздер.

2) әр сөз табынан болады,

соған орай атқаратын

қызметтері де бөлек

болады


Ортақ

қасиеттері

1) тіліміздегі сөздердің қолданылу аясының кең екенін көрсетеді.

2) сөз байлығын көрсетеді

3) көркем әдебиетте,ұмбақ,жаңылтпаш,өлең жолдарында көркемдік әдіс ретінде жұмсалады.



Синонимдер

Өзіне тән белгілері

1) айтылуы бөлек,мағыналары жақын сөздер

2) бір сөз табына қатысты болып,бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.


Орыс тіліндегі ережелер ұқсастығы мен айырмашылықтарына тоқталу.

Үнтаспасы Абай атамыздың «Ғылым таппай,мақтанба» өлеңі таңдалады да,ондағы синоним сөздерді табу жұмысы орындалады,талданады.
Үйге тапсырма : 72 – жаттығуды ауызша, 73 – жаттығуды жазбаша орындап келу тапсырылады.
Оқушы білімін бағалау : Сыныпта белсенділік танытып,тапсырманы орындау ерекшелігіне қарай оқушы біліміне тиісті баға қойылады.

5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Синонимдер

Сабақтың мақсаты :

а)Мағыналары бір-біріне жақын сөздер,яғни синонимсөздер туралы толық мәлімет беру ;

ә) Оқушылардың өз бетінше іздніспен топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту,басқаларды тыңдау,өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу қабілетін,сонымен бірге қазақ тілінің лексика тарауынан алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білу дағдыларын арттыру;

б) Сұхбаттасыу мәдениетін қалыптастыру,тиянақты тұжырым жасауға баулу,оқушыларды адамгершілік,қайрымдылық,бірлік,достық,бауырластық рухында тәрбиелеу.



Мазмұнға байланысты міндеттері : синоним сөздердің мол әрі орынды қолданылуы сөйлеушінің тіл байлығы мол екендігін ғана емес,сонымен бірге оның қолданылуындағы талғампаздығын да танытатындығының сырын ашу.

СТО – ға байланысты міндеттері : болжау жасау,мәтінді талау,салыстыру арқылы оқушы қиялын дамыту.

Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеттері : бірлесе жұмыс істеу,өз пікірін білдіруге,дәлелдеуге үйрету.

Сабақтың көркемділігі : синоним сөздерге арналған сызба,кеспе қағаз,буклет,бағалау парағы,синонимдер сөздігі.

Сабақтың түрі :танымдық әрі жарыс сабақ.

Сабақтың өту әдісі : сұрақ-жауап,жарыс, «Топтастыру» стратегиялары, «Идеялар тақтасы», «Жиг СО-1».

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын ұйымдастырып,сабаққа бейімдеу.

Негізгі кезең.

Қызығушылықты ояту сатысы.Ой қозғау.

Мағыналары мәндес,яғни бір-біріне жақын сөздерді білесіңдер ме?

Оқушылардың келтірген мысалдарын «Идеялар тақтасына» жазамыз.

Мағынаны ажырату.

Әр топтың оқушыларына тапсырма беріледі.



1-тапсырма. Мағыналары бір-біріне жақын,бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.Синонимдер мынадай блгілеріне қарай топтастырылады : 1) сөздің дыбысталуында өзгешелік болу керек ; 2) сөздер бір ғана ұғымды білдіреді ; 3) сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс.

2-тапсырма. Бұған қосымша синонимдер мәтінді бірін- бірі алмастырған жағдайда ғана сөйлем мүшесінің ( не толықтауыштың,не анықтауыштың,не пысықтауыштың,не баяндауыштың,не бастауыштың ) қызметін атқарады.

Мысалы : ас,тамақ,дәм,тағам,ауқат дегендер бір-біріне синонимдес сөздер.Бұлар дыбысталуы,жазылуы жағынан әр түрлі.Бірақ бәрінің беретін ұғымы – адам баласының жейтін қоректік заты.Бесеуі де сөз табы жағынан зат есім болады.Қонақтарға арналған ас өте дәмді болды деген сөйлемдегі ас сөзінің орнына қайсысын қойсақ та,бұлар бір ғана не деген сұраққа жауап беріп,сөйлемде бастауыш қызметін атқарады.



3-тапсырма. Қазақ тілі – синонимге бай тіл.Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі.Зат есімдерден болған синонимдер : өң,түр,түс, келбет,пішін,ажар,көрік,әлпет,кескін,рең,дидар,шырай. Сын есімдерден болған синонимдер : салмақты,сабырлы,байыпты,ұстамды. Етістіктерден болған синонимдер : амандасу,сәлемдесу,есендесу. Үстеулерден болған синонимдер : тез,жылдам,шапшаң,лезде.

4-тапсырма синоним сөздердің мол әрі орынды қолданылуы сөйлеушінің тіл байлығы мол екендігін ғана емес,сонымен бірге оның сөз қолдануындағы талғампаздығын да танытады.Синонимдерді көп білу бір сөзді қайталай беруден де арылтады.

5-тапсырма Синонимдік қатарға енетін сөздердің бәрі бірдей бірінің орнына бірі жұмсала бермейді.Өйткені кейбіреулерінің басқа сөздермен тіркесу қабілеті шектеулі болады. Мысалы,биік пен бойшаң өзара синоним сөздер болғанымен,тау сөзімен тіркескенде бірінің орнына бірі қолданылмайды :биік тау деп айтылғанымен,бойшаң тау деп айтылмайды Кәрі,қарт деген синонимдердің кәрі сөзі адамға да,малға да қатысты сөздермен тіркесе береді де, ал қарт сөзі адамға қатысты сөздермен ғана байланысқа түседі : қарт адам деп айтуға болса,қарт жылқы деп ешқащан да айтылмайды.

«Отбасы» тобында осы тақырыпта оқып талдайды.

«Жұмысшы» тобына топтасады.Мұнда мәтін рет-ретімен түсіндіріледі,талданады.Қайтадан «Отбасы» тобына топтасып,мәтінді тағы талдайды.Сосын жалпы ортақ ойды параққа түсіреді.Жасалған жобаны тақта алдында қорғайды.

Міне,осы «ЖИГ СО - 1» тәсілі арқылы оқушылар жаңа сабақты меңгереді.



Жаттығумен жұмыс.

Зат есімнен болған

синонимдер



Етістіктен болған

синонимдер



Каталог: uploads -> doc -> 090a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
090a -> Білімділік: “Лұқман Хакім” әңгімесін окыту арқылы
090a -> Сабақ Тақырыбы: Сөйлемге жаттығу жұмысы Сыныбы: 2
090a -> Сабақ типі: жаңа сабақ Сабақ түрі: лекция, ішінара ізденіс сабағы. Әдіс-тәсілдер : әңгіме, иллюстрациялау, сызу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет