Сабақтың тақырыбы : Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты



бет9/10
Дата15.09.2017
өлшемі1,63 Mb.
#32498
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Білімді бағалау : Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Мына сөйлемдердегі сөздердің орнын ауыстыруға келе ме,жоқ па, байқаңдар. Себебін айтып көріңдер. Компьютер сабағы ұзақ жүріп жатыр.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Тіркес екпіні

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу ;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу, халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,кітап.

Халықтық педагогика Нақыл сөздер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Орфография дегеніміз не?

2.Орфоэпия дегеніміз не?

3.Екпін дегеніміз не?

4.Сөз екпіні дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Кейде тілімізде бірнеше сөз тізбектеліп барып түгелімен бір ғана екпінге ие болады.Екпіннің мұндай түрі тіркес екпін деп аталады. Мысалы: тәлім-тәрбие’,ата-ана’,оқу үші’н,сен ғой’,қырық шақты’,ән са’л,көк ала’,қыпша бе’л,Абай көшесі’,ат үсті’,қас пен көздің арасында’,құлақ са’л,көп сөйледі’,тез жазды’,т.б.

Айтылуда тіркес құрамына енген сөздердің ара жігі үзілмей,бірігіп айтылады.


Жаттығумен жұмыс :345-жаттығу.Үлгі-сызбада көрсетілген бір тіркес екпініне бағынатын сөздердің тұсына соған тұлғалас бірнеше сөз жазыңдар.


Жүн-жұрқа




үйге дейін




еңбек ет




ну орман




биік шың




ұзақ сөйлесті




жүрек жұтқан





Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Бірнеше сөйлемдер жазып екпін қай тіркеске түсіп тұрғанын анықта.

5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Дыбыс екпіні

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә) Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту ;

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.



Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Өкініш біреу,ой тоқсан.

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Буын үндестігі дегеніміз не? 2.Үндестік заңы дегеніміз не?

3.Орфография дегеніміз не? 4.Сөз екпіні дегеніміз не?

5.Тіркес екпіні дегеніміз не? 6.Ой екпіні дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөйлеушінің көтеріңкі көңіл күйін,абыржыған ішкі сезімін тыңдаушыға жеке бір дыбыс арқылы жеткізетін сәттер болады.Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп не созып айту тәсілі дыбыс екпіні деп аталады.Қуанышты көңіл күйді дауысты дыбыстарға түскен екпін білдіреді: тама-ша-аә-ә-рекелді,жара-а-йсың, т.б. Реніш,кею,қынжылу сезімдерін дауыссыз дыбысқа түскен екпін білдіреді: т-тарт қолыңды,тыныш отыр-р-р,ж-жап есікті,т.б.


Жаттығумен жұмыс : 347-жаттығу. Төмендегі сөздерде екпін қай дыбысқа түскенін анықтап,қандай көңіл күйді білдіретінін айырыңдар.Өздерің сондай көңіл күймен бірнеше сөз айтып көріңдер.

Ғажа-а-ап,кірі-і-ңздер,о-ойпырыма-ай,ә-ә-демі,с-сұмдық,кет-т,ж-жоғал,былай тұр-р,қысқарт-т,не-е де-е-ген жан.


Суретпен жұмыс : Суреттер топтамасындағы 2-суретке қарап,түлкінің,қоянның,үйректің мінез-қылығына лайық диалогтар құрап,әңгіме жазыңдар.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға сұрақтар қоямын.

1.Дыбыс екпіні дегеніміз не?

2.Дыбыс екпіні бір сөзге түскенде ол сөз қандай сезімдерді білдіреді?
Білімді бағалау : оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 352-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.Екпін ерекше түсетін сөздерді анықтаңдар.Ойларыңды дәлелдеңдер.

5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Сөзжасам

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә) Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеумашықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту ;

б) Мақал – мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу,тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,адамгершілік қасиеттерге,ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту әдістері

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Өткен сабақты еске түсіру үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Екпін дегеніміз не? 2.Сөз екпіні дегеніміз не?

3.Ой екпіні дегеніміз не? 4.Тіркес екпіні дегеніміз не?

5.Дыбыс екпіні дегеніміз не?

б) Жаңа сабақтытүсіндіру :

«Сөзжасам» дегеніміз – жаңа сөздердің жасалуы.Ойла дегенде ой деген сөзге –ла қосымшасы жалғану арқылы ойлау іс-әрекетін білдіретін жаңа сөз ( ойла ) жасалған.Мал деген сөзге –шы қосымшасы жалғану арқылы малды бағатын адам жөніндегі жаңа мағыналы сөз ( малшы ) жасалған.Бес және атар деген екі сөздің бірігуінен жаңа мағыналы бесатар сөзі жасалған,ол – мылтықтың бір түрі.



Кәрі және жас деген сөздердің қосарлануы арқылы (кәрі-жас) бүкіл жұртшылық дегенді білдіретін жаңа мағыналы сөз жасалған.

Тілімізде қол деген сөз бар: бастапқы мағынасы – дене мүшесінің атауы,кейінгі мағынасы - әскер (қол).



Айғыр және жуа сөздерінің тіркесуінен (айғыр жуа) өсімдіктің атын білдіретін жаңа мағыналы сөз туған.

Жаңа сөздер тудырудың бірнеше тәсілі бар:жұрнақ арқылы,екі сөзді біріктіру арқылы,екі сөзді қосарлау арқылы,екі сөзді тіркестіру арқылы жасалады.

Қазақ тіліндегі сөздер түбір сөздер туынды сөздер болып бөлінеді.Жоғарыдағы келтірілген мысалдар – туынды сөздер.Ал түбір сөзге сөздің бастапқы мағынасы жатады:

Ой,мал,бес,ат,кәрі,жас,бала,айғыр, т.б.

Жаттығумен жұмыс: 357-жаттығу. Мәтінді оқып,түсінгендеріңді ауызша әңгімелеңдер.Мәтіндегі туынды сөздерді табыңдар.Олардың қалай жасалғанын аңғарыңдар.

Білімді бекіту : Өткен сабақты еске түсіру үшін сұрақ қоямын.

1.Сөзжасам дегеніміз қандай сөздердің жасалуы арқылы жасалады?

2.Жаңа сөз тудырудың тәсілдерін ата?

Білімді бағалау :Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 355-жаттығу.Мына сөздердің қайсысы түбір,қайсысы жаңа мағынаға ие болған туынды сөз екенін айтыңдар.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер
Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,баяндау

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Отбасы толған жансың,

элементтерін қолдану : Бір-біріңе мейман жансың

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Өткен сабақты еске түсіру үшін оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.дыбыс екпіні дегеніміз не? 2.ой екпіні дегеніміз не?

3.Сөзжасам дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Туынды сөздердің лексикалық жолмен жасалуы дегеніміз – сөздің сыртқы түрі өзгермей-ақ,жаңа мағыналарға ие болуы.Мысалы,Ақ: 1) ақ (ағу – бастапқы мағына); 2) ақ (ақ жіп,ақ сүт – түсті білдіретін бастарқы мағына); 3) ақ – жаңа мағына (сүттен жасалатын тағамның атауы). Айдар: 1) ерекшелікті көрсету үшін әскери бас киімнің үстіне жасалатын бөлігі (бастапқы мағына); 2) баланың шашын алғанда,көз тимесін деп маңдай шашын әдейі алмай қалдырған оның шоқ шашы (бастапқы мағына)басөзде, телерадиохабарларда берілетін жаңа тақырыптар (жаңа мағына).

Қазақ тілінде осындай жолмен жасалған сөздерге көп мағыналы және омоним сөздер жатады.
Тақтамен жұмыс : Мына сөздердің қанша мағынада жұмсалатынын табыңдар.

Жол,қырық,тоқсан,тамаша,ашық,тәтті,жаз,бас.



Жаттығумен жұмыс : қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздер мен тіркестіріп айтқанда,мағыналарында қандай өзгеріс болатынын түсіндіріңдер.

Үлгі: Арам (шөп,тамақ,тер,ойлы,ас) Арам шөп,арам тамақ, арам тер т.б.


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремінОқушыларға сұрақ қоямын.

1.Туынды сөздер қандай жолмен жасалады?

2.Сөздің сыртқы түрі өзгермей-ақ,жаңа мағынаға ие болуын не деп атаймыз?

3.Көп мағыналы және омоним сөздер қандай жолмен жасалған сөздерге жатады?


Білімді бағалау: Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 364-жаттығу. Берілген сөздердің әрқайсысы бірнеше мағынада жұмсалатындай етіп сөйлем құраңдар.
Ер,асау,қорық,жақ,жарық,қал,шаш,түс.

5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу ;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Орфография дегеніміз не? 4.Сөз екпіні дегеніміз не?

2.Орфоэпия дегеніміз не? 5.Сөз жасам дегеніміз не?

3.Екпін дегеніміз не? 6.Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

б) Жаң сабақты түсіндіру :

Түбір сөздерге сөз тудырушы жұрнақтар жалғанғанда,жаңа мағыналы сөздер жасалады.мысалы: кес+пе,сүз+бе,көр+ме,қаш+қын,тас+қын,өр+мек,ек+ін (егін),жең+іс,біл+ім,қуан+ыш,ал+ғыр,тоң+ғақ,қол+да

ақ+та,көк+те.

Тақтамен жұмыс :1. Бір түбірге әр түрлі жұрнақ жалғау арқылы бірнеше туынды түбір жасаңдар.

2. Көп нүктенің орнына – хана жұрнағы арқылы жасалатын сөздерді тауып қойыңдар.

1.Үлгі: 2. Үлгі

Сіз . . .

ік

ті . . .



көр ме

гіш . . . хана

іс

ін . . .



сіз

ген . . .

ді

Көр,сез,біл,жаз,әдеп,айт,бол,жас,сана,оқы,көз.



Жаттығумен жұмыс:371-жаттығу Мәтінді оқып,ондағы қосымшалы сөздерді табыңдар.

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға сұрақ қоямын.

1.Жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

2.Түбір сөздерге қандай жұрнақтар жалғанғанда,жаңа мағыналы сөздер жасалады?

Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 372-жаттығу. Мәнерлеп оқыңдар.Мәтіннен туынды сөздерді табыңдар.Құс аттарын теріп жазыңдар.Сол құстар туралы білетіндеріңді әңгімелеңдер.

373-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.Мәтіннен туынды сөздерді тауып жазыңдар да,олардың қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.

5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә) Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеумашықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту ;

б) Мақал – мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу,тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,адамгершілік қасиеттерге,ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту әдістері

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика мақал-мәтелдер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сөзжасам дегеніміз не?

2.Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

3.Жұрнақтар жалғану жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Екі я одан да көп сөзден бірігіп,жаңа лексикалық мағына беретін сөздер жасалады.Мысалы:Ақтөбе,көкқұтан,өнеркәсіп,үштөбе,Сырдария,болатбек,тасбақа,т.б.

Бұларды тіл білімінде біріккен сөздер деп атайды.
Тақтамен жұмыс : 374-жаттығу.төмендегі сөздердің қандай сөздерден бірігіп жаслғанын айтыңдар. Демалыс,көкжиек,еңбекақы,Ұлтуған,Қайыпқожа,Әзімхан,жалақы,Жезқазған,Алшағыр,Бұланбай,әркім,ашудас.
Жаттығумен жұмыс: 375-жаттығу. Мына біріккен сөздерді қатыстырып,бірнеше сөйлем құраңдар.

Шекара,аққұтан,жолбарыс,қалжыңбас,меймандос,алабота,алабұға,әнеугүні,жазғытұрым, тайталасу.



Топпен жұмыс : Бірігу тәсілімен жасалған қандай құс,аң,өсімдік,жер атауларын білесіңдер? Өз білімдеріңді тексеріп көріңдер.

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.өздеріне сұрақтар қоямын.

1.Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

2.Жаңа лексикалық мағына беретін сөздер қанша сөздің бірігуі арқылы жасалады? т.б.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауап бергендеріне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 379-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар.Мәтіннен біріккен сөздерді тауып жазыңдар.


5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә) адамгершілік қасиеттерге баулу,үлгі - өнеге ету ;

б) шығармашылық ізденіске бағыттау,ой бөлісу,өз ойын көркемдеп еркін айтуға баулу,мәнерлеп оқуға дағдыландыру,ізденімпаздыққа төселу.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Орфография дегеніміз не? 2.Орфоэпия дегеніміз не ?

3.Екпін дегеніміз не? 4. Ой екпіні дегеніміз не?

5.Сөзжасам дегеніміз не? 6.Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

7.Жұрнақтар жалғану арқылы жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

8.Бірігу жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Кейде екі сөз қосарланып,бір лексикалық мағына береді.Мұндай сөздерді қос сөздер деп атайды.қос сөздің сыңарлары мағыналық жағынан байланысы бар,бір тектес заттардың аттарынан,синоним сөздерден,кейде антоним сөздерден жасалады.Мысалы: сауыт-сайман,көрпе-жастық,ыдыс-аяқ,үлкен-кіші,жақсы-жаман,алыс-жақын,туған-туысқан,ығы-жығы.


Тақтамен жұмыс: Мына сөздерден қос сөз жасап жазыңдар.

Дәрі киім құрбы

мал ойын зорлық

жора ине ата


Топпен жұмыс : Төмендегі қос сөздердің қайсысында жаңа лексикалық мағына бар екенін,қайсысында жоқ екенін анықтаңдар.

Азды-көпті,қызыл-жасыл,құрт-құмырсқа,көре-көре,оқтын-оқтын,сөйлей-сөйлей,дүркін-дүркін,кәрі-жас,зәбір-жапа,азық-түлік,қазы-қарта,жетім-жесір,ауыл-аймақ,абысын-ажын,қайта-қайта,қора-қора.



Жаттығумен жұмыс: 383-жаттығу. Оқып шығыңдар.Қосарлану арқылы жасалып тұрған сөздердің мағынасын ашып түсіндіріңдер.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға сұрақтар қоямын.

1.екі сөздің қосарланып бір лексикалық мағына беруін не деп атаймыз?

2.Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер қандай сөздер арқылы жасалады?
Білімді бағалау: Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 384-жаттығу. Мәтіндегі қос сөздерді теріп жазып,олардың жасалу жолдарын айтыңдар.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Жақсы болсаң жақын көп.

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Екпін дегеніміз не? 2.бірігу жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?

3.Ой екпіні дегеніміз не? 4.Қосарлану жолымен жасалған туынды сөздер дегеніміз не?


б) Жаңа сабақты тсіндіру :

Тіркесу жолымен жасалған сөздер екі не одан да көп сөзден құралып,бір екпінмен айтылып,бір ғана лексикалық мағынаны білдіреді.Мысалы: он алты,қызыл ала,қол созым жер,көз ілмеді,темір жол,ғарыш кемесі,келіп кет,көк ала,жер жүзі,күн сәулесі, т.б. Мұндай күрделі сөздердің әрбір сыңары бөлек жазылады.


Тақтамен жұмыс: Төмендегі күрделі сөздер нелердің атауы болып тұрғанын түсіндіріңдер.

Кәрі жілік,сары шымшық,қара құс,асық жілік,тоқ ішек,ауыз омыртқа,бас бұзар,сүмбіл шаш,бесікке салу.


Кітаппен жұмыс: 389-жаттығу. Қарамен жазылған сөздер тіркесу жолымен жасалған туынды сөздерге жататын,жатпайтынын табыңдар.
Жаттығумен жұмыс: 387-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар.Біріккен сөздерді табыңдар.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау : Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 388-жаттығу. Мәтіндегі туынды сөздерді теріп жазып,олардың қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Тіл мәдениеті

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә) Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;

б) Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.



Каталог: uploads -> doc -> 090a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
090a -> Білімділік: “Лұқман Хакім” әңгімесін окыту арқылы
090a -> Сабақ Тақырыбы: Сөйлемге жаттығу жұмысы Сыныбы: 2
090a -> Сабақ типі: жаңа сабақ Сабақ түрі: лекция, ішінара ізденіс сабағы. Әдіс-тәсілдер : әңгіме, иллюстрациялау, сызу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет