Сабақтың тақырыбы : Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты



бет8/10
Дата15.09.2017
өлшемі1,63 Mb.
#32498
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Буын дегеніміз не? 2.Буын нешеге бөлінеді?

3.Ашық буын дегеніміз не? 4.Тұйық буын дегеніміз не?

5.Бітеу буын дегеніміз не? 6.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

7.Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?

8.Ұяң,ашық дауысты,дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға тасымалдауға болады

Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау буын жігінен жасалады.Мысалы : са-бақ,мек-теп.

Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға болмайды.

1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды. Мысалы : от,кел,ет,қарт.

2. Сөздердің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға немесе жолдың соңынап қалдыруға болмайды. Сондай – ақ ата,аң,кең,еш,қия сөздеріндегі и,а,я,ю әріптерін тасымалдауға болмайды.

3. А.Құнанбаев,М.Жұмабаев деген сияқты қысқартылып жазылған кісі атын оның фамилясынан бөліп тасымалдауға болмайды.

4.Қысқартылып жазылған өлшем атауларын ( км,кг,м,см,мм ) алдындағы санынан бөліп тасымалдауға болмайды : 10кг,25см

5.Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды.АҚШ.ТМД,ҚАЗ МУ.
Жаттығумен жұмыс : Сөздерді әуелі буынға бөліп және жолға тасымалдап жазыңдар.
Білімді бекіту : 1.Тасымал дегеніміз не? 2.Қандай сөздер тасымалданбайды ?

3. Буын нешеге бөлінеді? 4. Бітеу буын дегеніміз не?


Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 309 – жаттығу. Боябаев жазған төмендегі сурет жазуды қазіргі әріп жазумен жазып шығыңдар.


5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Үндестік заңы

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә) Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеумашықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту ;

б) Мақал – мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу,тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,адамгершілік қасиеттерге,ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Фонетика нені зерттейді? 2.дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.Дауысты дыбыстар дегеніміз не? 4.Тіл дыбыстары қалай жасалады?

5.Буын дегеніміз не? 6.Буын нешеге бөлінеді?

7.Ашық буын дегеніміз не? 8.Тұйық буын дегеніміз не?

9.Бітеу буын дегеніміз не? 10.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

11.Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не? 12.Үнді дауыссыздарды атап бер.



б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Қазақ тлінің дыбстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның,сөз бен сөздің арсында бірімен-бірі үйлесіп,ыңғайласып келіп отырады.Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтлып тұрады. Мысалы : балалар (балалар емес ), үйлер (үлер емес ),ауылға (ауылға емес ) т.б.

Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады мектепке (мектепке емес ),үйге (үйге емес ),жазда (жазда емес ) Сөйтіп сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп айтамыз.

Үндестік заңы екі түрлі а) буын үндестігі,ә) дыбыс үндестігі



Жаттығумен жұмыс : 310 – жаттығу Жуан сөздерді бір бағанға,жіңішке сөздерді екінші бағанға,аралас сөздерді үшінші бағанға жазыңдар.

Шығармашылық жұмыс : Оңнан солға қарай оқылса да,солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін 5 әріптен тұртын 7 сөз ойлап жазу. Мысалы : қызық қазақ кебек қалақ қырық кесек надан.

Топпен жұмыс : Сөз жұмбақты шешу және жұмбақ шешуінен жаңа сөз табу.

Табылады құлақтан Буын орнын өзгертсек

Әйел заты құмартқан Жүз жылға уақыт недеген

( сырға ) Жаңылмайтын жауаптан

(ғасыр )

Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарынажауап беремін.Сабақты «Шығамын білім шыңына» ойыны арқылы қорытындылаймын.

Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білідері бағаланады.

Үйге тапсырма : 311 – жаттығу

5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Буын үндестігі

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә) Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;

б) Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға кеспе қағаздар үлестіріп жауап талап етемін.Тақтаға сөйлемдер жазып фонетикалық талдау жүргіземін.

К - дауыссыз,қатаң

ү - дауысты,жіңішке,қысаң,еріндік

н - дауыссыз,үнді

д - дауыссыз,ұяң

і - дауысты,жіңішке,қысаң,езулік

з - дауыссыз,ұяң

Күн – діз көр – ін – е – тін жұл – дыз қа – лай а – та – ла – ды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан,сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан,не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингормонизм ) деп атаймыз ).

Үндестік заңынасай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғайжуан,не бірыңғай жіңішке болады.Мысалы : ата,ана,бақыт,ьаға,сана,намыс,егіз,өріс,төсек,кереге,кілем т.б.

Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар мынадай сөздерде араласып келеді.



  1. басқа тілдерден енген сөздерде : кітап,кино,қазір,зағип,математика

  2. біріккен сөздер мен қос сөздерде араласып келеді : шекара,баспасөз,аман-есен,алай-түлей,асты-үсті.

Буын үндестігі бойынша қосымша сөздің соңғы бкынының жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп жалғасады : соңғы буын,жуан болса- жуан қосымша,жіңішке болса,жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы : өнер-лі,жет-ер

Жаттығумен жұмыс : 311 – жаттығу.Кірме сөздерге қосымшалардың жалғауындағы үндестік заңының ерекшелігін айтыңдар.

Білімді бекіту : 1.Үндестік заңы дегеніміз не ? 2.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

3. Буын үндестігі дегеніміз не?



Білімді бағалау : Оқушылардың ынтасына,берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 312 – жаттығу.Мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазыңдар.

5 – с ы н ы п Қ а з а қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә) Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту ;

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,іздендіру

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Үндестік заңы дегеніміз не? 6.Буын нешеге бөлінді?

2.Үндестік заңы нешеге бөлінеді? 7.Ашық буын дегеніміз не?

3.Буын үндестігі дегеніміз не? 8.Тұйық буын дегеніміз не?

4.Дыбыстар нешеге бөлінеді? 9.Қандай сөздер тасымалданбайды?

5.Буын дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Қазақ тіліндегі қосымшалар негізінен буын үндестігіне бағынып жалғанғанымен біраз қосымшалар бұл заңдылыққа бағынбайды.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар :

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар : 1.көмектес септік жалғауы.Мысалы : баламен,қонақпен,күрекпен 2. –нілі (-ділі,-тілі ) –тай,-тал,-дар,-еке,-тар Мысалы : даланікі,әкетай,діндар,ағаеке,өсімтал ; 3. –бей,-би,-кер,-гер,-қор,-паз,-қой,-пеш,-хана Мысалы: бейшара,балгер,жемқор,әсемпаз,сәнқой,емхана,жұмыскер,зиянкес. 4. –ов,-ова,-ев,-ева,-ин,-ина.мысалы: Әуезов,Жұмабаев,Сейфуллин,Жұмағазина т.б.



Жаттығумен жұмыс : 314 – жаттығу. Төмендегі әр сөз мына сызбалық үлгіге қарап қанша сөзбен байланысқа түсу мүмкіндігі барын анықтаңдар.

Жас бала екен


Жаңа мектеп болған
Жақсы емхана қаланікі деді
Киген киімі шығар
Көрінген жарық сияқты


Екеуара жұмыс : Мына сөздерге қосымша жалғап жазыңдар :чех,тарих,полюс,заряд,кінә,факт,ансамбль.

Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тпсырма : 317 – жаттығу. Мәтіннен буын үндестігі байқалатын сөздерді теріп жазыңдар. Мәтіннен кәсіби сөздерді табыңдар.

5 – с ы н ы п қ а з қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Дыбыс үндестігі

Сабақтың мақсаты :

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін артыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу. ;

ә) Оқушылардың туған жер тарихына деген патриоттық сезімін ояту,адамгершілікке баулу,,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру ;

б) Ой еркіндігіне,ізденімпаздыққа баулу,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Үндестік заңы дегеніміз не? 2.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

3.Буын үндестігі дегеніміз не? 4.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

5.Буын үндестігіне бағынбайтын қандай қосымшаларды білесіңдер?

6.Фонетика нені зерттейді? 7.Буын дегеніміз не?

8.Буынның түрлерін ата?

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауысыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы : қаздар (қазтар емес ), есептер ( есепдер емес ).

Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді : ілгерінді ықпал,кейінді ықпал.

Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейміз : тас-тан,жаз-ға,адам-нан.

Ілгерінді ықпал бойынша сөздің соңғы дыбысы қатаң болса,оған жалғанатынқосымша қатаңнан басталады.Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса,қосымша ұяңнан,ал соңғы дыбыс дауысты немесе үнді дауыссыз болса,қосымша ұяң не үнді дауыссыздан басталады. Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз.Мысалы :теп – теуіп.
Жаттығумен жұмыс : 324 – жаттығу.Төмендегі сөздерге көптік жалғауын жалғап,олардың неге түрліше жалғанатынын қандай дауыссыз дыбыстардан кейін көптік жалғауның бір түлі дыбыстың вариянты қолданылатынын түсіндіріңдер.

Ана,әйел,әшекей,мерген,көрме,сөз,бұрым,көркемөнер,қзақ,қолғап,көзілдірік,жігіт.


Білімді бекіту : 1.Дыбыс ундестігі дегеніміз не ? 2.Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?

3.Ілгерінді ықпал дегеніміз не? 4.Кейінді ықпал дегеніміз не?



Бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма . 325 – жаттығу.

5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Орфография

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру ;

ә) Болашақ ұрпақты имандылыққа,салауаттыққа тәрбиелей отырып,халықтық дәстүрді жүрегіне ұялату,танымдық деңгейін көтеру,ауызекі сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету,сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру ;

б) Қазақ халқының өнерімен таныстыру,халық өнерін бағалай білуге тәрбиелеу,отансүйгіштікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Үндестік заңы дегеніміз не? 2:Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

3.Дыбыс үндестігі дегеніміз не? 4.Буын үндестігі дегеніміз не?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

«Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді.Орфография-сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.Орфография дыбыстарды қандай әріппен беруді,сөздерді,оның бөлшектерін бірге,бөлек немесе дефис арқылы жазуды,бас әріптің қолданылуын,тасымал тәртібін белгілейді.


Жаттығумен жұмыс : 339-жаттығу. Төмендегі сөздердің тұсына олардың орфографиялық нормасын сақтап жазыңдар.

Жылан гөз - жыланғұрт –

қайқаяқ – қайран ғалу –

қайрақ тас – қайыр ғош –

қақ пөлу – қағ алды –

саптаяқ – сарауыз –

сегіз ғанат –
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау : Оқушылардың ынтасына,берген жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 340-жаттығу. Мәтіндегі қате жазылған сөздерді тауып,оларды дұрыс жазып шығыңдар.Хатты қалпына келтіріңдер,ол үшін көп нүктенің орнына тиісті сөзді,сөз бөлшегін немесе қосымшаны қойып жазыңдар.

5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Орфоэпия

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

ә) Өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін етілдіру,сөйлеумашықтарын,шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту ;

б) Мақал – мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу,тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру,адамгершілік қасиеттерге,ұлттық құндылықтарды сүйе білуге дағдыландыру.


Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар

Халықтық педагогика нақыл сөздер

элементтерін қолдану :

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.Үндестік заңы дегеніміз не?

2.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата?

3.Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

4.Орфография дегеніміз не?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:
«Орфоэпия» - «дұрыс айтамын» деген сөз. Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы.Әдетте сөздің бірізді дыбысталуы тілдесуді жеңілдетеді.

Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.

Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі,сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір-біріне үндесіп айтылуы керек.Мысалы:
Ілгерінді ықпал



Кейінді ықпал


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Білімді бағалау :Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 341-жаттығу.Мәтіндегі жазылуы мен айтылуында айырмашылық байқалатын сөзді тап.

5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Екпін.Сөз екпіні

Сабақтың мақсаты :
а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу ;

ә) Әр оқушының өзіндік ой – қиялына ерік беріп,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу,шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным – түсініктерін дамыту ;

б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі : үлестірмелі кеспе қағаздар,кітап

Халықтық педагогика Еріншек егіншіден

элементтерін қолдану : елгезек масақшы озыпты

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Буын үндестігі дегеніміз не?

2.Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

3.Орфография дегеніміз не?

4.Орфоэпия дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру :
Тілдің сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық құбылыс – екпін.Сөйлеп тұрғанда,бір сөз басқа сөздерге,бір буын басқа буындарға,бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті,көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.

Екпін сөз екпіні,ой екпіні,тіркес екпіні,дыбыс екпіні болып бөлінеді.


Екі немесе одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тиянақты болады: екпін сөздің ең соңғы бөлігіне түседі.Мысалы: Үзді’к оқушыларға’ бағалы’ сыйлықта’р беріледі’.
Жеке оқушылармен жұмыс : Төмендегі сөздерде екпін қай буынға түсіп тұрғанын анықтаңдар.

Кәмшәт бөрік тек оның өзіне ғана арналып тігілгендей екен.


Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау : Оқушылардың сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 343-жаттығу.шеңбердегі сөздерде екпін қай буынға түскен?Екпін түспей тұрған ұқсас қосымшаларды табыңдар
5 – с ы н ы п Қа за қ т і л і

Сабақтың тақырыбы : Ой екпіні

Сабақтың мақсаты :

а) Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін арттыру

ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу

б) Сөйлеу тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем,ұқыпты жаза білуге дағдыландыру.



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Халықтық педагогика Еріншек егіншіден

элементтерін қолдану : елгезек масақшы озыпты.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Орфоэпия дегеніміз не? 2.Диалект сөздер дегеніміз не?

3.Екпін дегеніміз не? 4.Сөз екпіні дегеніміз не?

5.Тіркес екпіні дегеніміз не?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөйлем ішінде ерекше көңіл аударуға тиісті болған бір сөзді оқшаулап,бөліп айту ой екпіні деп аталады.Ой екпіні тұрақты болмайды.Өйткені бір сөйлемдегі кез келген сөзге ерекше көңіл аударыла беруі мүмкін.

Мысалы: Атасы бүгін ауылға келді.

Атасы ауылға бүгін келді.

Ауылға бүгін атасы келді.

Осындағы бірінші сөйлем атасы ауылға келгенін,екінші сөйлемде атасы бүгін келгенін,үшінші сөйлемде ауылға басқа емес,атасы келгенін нақтылап хабарлау мақсаты көзделген.Сондықтан тыңдаушының назарын ой екпіні түскен сөзге аудару үшін ол сөздің қалыпты орны басқа орынға (баяндауыштың алдына ) ауыстырып қолданылған. Назар аударылатын сөз сөйлемнің басында не соңында,көбінесе баяндауыштың алдында тұрады.


Жаттығумен жұмыс : 344-жаттығу. Ой екпінін түсіру мақсатында мына сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып көріңдер.
Олар ертең ауылға бармақшы.
Білімді бекіту : Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға сұрақ қоямын.

1.Ой екпіні дегеніміз не?

2.Ой екпіні көбінесе қай сөйлем мүшесінің алдында тұрады?


Каталог: uploads -> doc -> 090a
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
090a -> Білімділік: “Лұқман Хакім” әңгімесін окыту арқылы
090a -> Сабақ Тақырыбы: Сөйлемге жаттығу жұмысы Сыныбы: 2
090a -> Сабақ типі: жаңа сабақ Сабақ түрі: лекция, ішінара ізденіс сабағы. Әдіс-тәсілдер : әңгіме, иллюстрациялау, сызу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет