Сабақтың тақырыбы : Ақтамберді жырау. «Күлдір-күлдір кісінетіп»



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі24,27 Kb.
#98648
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
0002cea7-aab75454

4. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Әз Тәуке ханның тұсында өмір сүрген. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында-ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады. 


Ол 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болған. 1738-1752 жылдары қазақ-қалмақ арасында болған қанды қақтығыстардың барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау болған. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған. 

Ақтамберді жырау шығармалары:


«Жағалбай деген ел болар», «Жағаға қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер» толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелері жырланса, 
«Балпаң балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады. 
Күлдір,күлдір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» және тағы да басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы. «Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап-мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады. 
Аудио кітаптан «Күлдір-күлдір кісінетіп» өлеңін тыңдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет