Сабақтың тақырыбы : Біржасушалы қарапайымдылар Өткізілу күні: Пәні: Биология Сынып-7 Мақсаты



бет3/4
Дата10.03.2017
өлшемі1,67 Mb.
#11340
түріСабақ
1   2   3   4

Фораминифера отряды

Құрылысы басқа тамыраяқтыларға қарағанда күрделірек. Тек теңізде тіршілік етеді. Қабыршақтары көбінесе көп камералы. Қарапайым қабыршақ тығыз органикалық зат псевдохитиннен тұрады. Қабыршақтарының формалары әр түрлі: созылған қапшық, түтікше, спираль тәрізді. Қабыршақты сыртқы дүниемен байланыстырып тұратын псевдоподияларды сыртқа шығаратын тесікті саңылау(устье) деп атайды. Осы тесіктердің болуына байланысты (“foramen”-тесік) тасымалдау отрядтың аты берілген







фораминифера сәулелілер

Ерекшелігі: минералды ішкі қаңқасының болуына байланысты формаларының геометриялы дұрыс болуы.Сәулелілердің денесінің эктоплазма мен эндоплазмасы хитинді капсуланың ішінде орналасады, капсула сыртындағы плазмада пигменттер көп болады.

Теңіздің барлық тереңдіктерінде кездеседі
Талшықтылар класс

Ерекшелігі дене тұрқы тұрақты- жасунықты – өсімдіктектестерде, пелликула-жануартектес талшықтыларда.



Қозғалыс, қоректенуі талшықтар арқылы іске асады.Көп талшықтыларда ұзын-кинетопласт (базальды денесінің қасындағы ірі митохондрия) бар. Талшық сұйық ортаға бұранда тәрізді оратылып, секундына 10-40 айналым жасап енеді. Талшықтың ультрақұрылымы өте күрделі. Әр талшық екі бөлімнен құралады. Жасушаның сыртқы қабаты талшықты қозғалысқа келтіреді, екіншісі эктоплазмаға батып тұратын базаль денешігі –кинетосома. Талшықтың сырты 3 қабат жарғақпен қапталған, ал талшықтың ішінде 11 фибрилла орналасқан, талшықтың өн бойына аксиальді түйіршіктен басталатын 2 орталық фибрилла өтеді.шеткі жағында қабыққа таяу тағы 9 фибрилла болады.Шеткі фибриллалар талшықты қозғалысқа келтірсе, орталықтағылары тірек қызметін атқарады. Талшықтар тек қана қозғалыс үшін емес, сол сияқты асты ұстау қызметін де атқарады. Талшық қозғалысының нітижесінде қоршаған ортада су иірімі пайда болып, судағы ұсақ бөлшектер талшықтың түбіне қарай тартылады. Талшықтыларда қорек алдымен-жасушалық ауыз цистастомға кейін оған жалғасқан цитофарингсқа жалғанады.цитофарингс эндоплазмаға өтіп ол жерде ас қорыту вакуолі пайда болады.Қорытылмаған ас жиырылғыш вакуолі арқылы сыртқы ортаға шығарылады.

Талшықтылардың көбеюі жыныссыз, кейбір колония түзетін түрлерінде -жынысты. Бұлардың жасушалары қалыпты жағдайда гаплоидты, зиготасы ғана диплоидты сондықтан әр жасушасы гаметаға айнала алады..Жыныссыз көбеюі -жасушаның екіге бөлініуі арқылы, жынысты көбеюі – изогамия (гаметалар көлемі, пішіні жағынан бірдей), анизогамия- (немесе гетерогамия гаметалар пішіні , көлемі жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар,оогамия- (үлкен қозғалмайтын аналық жасуша мен қозғалатын ұсақ аталық жасушаның қосылуы)

Зигота алғашында 2 рет мейозбен кейін митозбен көбейе алады.

Талшықтылардың маңызы

Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы аралық форма екендігінде


Жасыл эвглена құрылысы

Кесте түрінде толтырылады.



Басты ерекшелігі қоректену типі миксотрофты, яғни күндіз күн сәулесі жеткілікті болған жағдайда өсімдіктерше автотрофты қоректенсе түнде жанурлар сияқты гетеротрофты қоректенеді.




Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет